Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

2011 жыл

Елбасының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен есепті кездесулер өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 және «Әкімдердің мәслихаттар алдындағы есепті кездесулерін өткізу туралы» 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлықтарын жүзеге асыру мақсатында 2011–2012 жылдың желтоқсан-қаңтарында облысымызда барлық деңгейдегі Әкімдердің келесі тәртіпте есепті кездесулері өткізіліп жатыр:

Селолық округтардың әкімдері:

  • 2011 жылдың 20–30 желтоқсаны аралығында округтің барлық елді мекендерінде халықпен есепті кездесулер өткізеді.

Тайынша қаласының әкімі:

  • 2011 жылдың 20–30 желтоқсаны аралығында мөлтек аудандар тұрғындарымен есепті кездесулер өткізеді.

Барлық деңгейдегі Әкімдердің есепті кездесулерінің аяғында (өткізген күннен бастап 10 күннен кешіктірмей) кездесулер барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленеді және бекітіледі.

Қабылданған іс-шаралар жоспарының орындалу барысына жүйелік бақылау орнатылады, және аудандық БАҚ-та оны орындаудың барысы туралы тоқсансайын, ақпарат жарияланатын

  1. Тайынша ауданының әкімі А. П. Маковскийдің, Тайынша қ. мен селолық округтар әкімдерінің есепті баяндамасы бойынша халықтан пікірлер, ескертулер, ұсыныстар үшін арнайы жәшіктер орнатылған елді-мекендердің  тізімі
  2. Ауданның 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындылары бойынша Тайынша ауданы әкімінің есепті баяндамасы
  3. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімі есепті кездесулерінің кестесі 
  4. «Аудан әкімінің және Тайынша қаласы мен селолық округтар әкімдерінің 2011 жылдың желтоқсанында халықпен есепті кездесулеріндегі айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы» Тайынша ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 445 қаулысы
  5. Аудан әкімінің 2011 жылдың желтоқсанында халықпен есепті кездесулеріндегі айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы 
  6. Тайынша ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 445 Аудан әкімінің 2011 жылдың желтоқсанында халықпен есепті кездесулеріндегі айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы

Елбасының 2005 жылғы 6 сәуірдегі «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен есепті кездесулерін өткізу туралы» № 1546 және 2006 жылғы 18 қаңтардағы «Әкімдердің мәслихаттар алдындағы есеп берулерін өткізу туралы» № 19 Жарлықтарын жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдың қаңтар-ақпанында облыста келесі тәртіпке сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің есепті кездесулері өткізіледі:
Селолық округтардың әкімдері:

  • 2011 жылдың 10 қаңтарынан 20 қаңтары аралығында округтің барлық елдімекендерінде тұрғындар жиынында есепті кездесулер өткізеді.
  • Бірлік с. (Теңдік селолық округі) халқы есепті кездесуге Теңдік селосына жеткізіледі,
  • Кеңес с. (Большеизюм селолық округі) халқы есепті кездесуге Терновка селосына жеткізіледі,
  • Мирное с. (Киров селолық округі) есепті кездесуге Кирово селосына жеткізіледі.

Тайынша қаласының әкімі:

  • 2011 жылдың 10-20 қаңтар аралығында мөлтек аудандар халқы жинында есепті кездесулер өткізеді.
    Тайынша ауданының әкімі:
  • 2011 жылдың 20 қаңтарынан 10 қаңтары аралығында селолық округтардың орталық елдімекендерінде осы округқа енетін елдімекендердің азамат-өкілдерінің қатысуымен есепті кездесулер өткізеді.

Аудан әкімінің қорытынды есептік кездесуі аудандық мәслихаттың кеңейтілген сессиясында халықтың барлық бөлігінің өкілдері, аудан қоғамы, саяси партиялар мен қозғалыстар, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері шақырылып өткізіледі.

Есепті кездесулер кестесі аудандық газетте және Тайынша ауданы Әкімінің www.tsh.sko.kz. ресми сайтында жарияланады.
Азаматтардың көкейкесті мәселелерді талқылауға белсенді қатысуын қамтамасыз ету үшін аудан әкімі мен селолық округтар әкімдерінің есеп беру баяндамасы аудандық газеттерде және Тайынша ауданы Әкімінің ресми сайтында жарияланатын болады, сондай-ақ кітапша түрінде шығарылатын болады.

Әкімнің жұмысы туралы және елдімекендердегі проблемалар туралы халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауды қамтамасыз ету үшін арнайы жәшіктердің орналасқан жерлері жарияланады.
Барлық жиналған хаттар бойынша ақпарат міндетті түрде әкімдердің есеп беруі кезінде жеке қаралады.

Есепті кездесулердің материалдары аудандық газеттерде жарияланады.

Әкімдердің есепті кездесулерінің аяғында кездесулер барысында халық тарапынан айтылған ұсыныстар мен ескертулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленетін және бекітілетін болады.
Қабылданған іс-шаралар жоспарының барысына жүйелі бақылау жасалатын болады, аудандық газеттерде және Тайынша ауданы Әкімінің ресми сайтында тоқсансайын оларды орындаудың барысы туралы ақпарат жарияланатын болады.

Тайынша ауданы әкімдігінің 08.02.2011 жылғы № 54 қаулысы

Аудан әкімінің және Тайынша қаласы мен селолық округтар әкімдерінің халықпен 2011 жылдың қаңтар-ақпанындағы есепті кездесуінде айтылған ұсыныстар мен ескертеулерді жүзеге асыру бойынша іс-шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен есепті кездесулерін өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 1546 Жарлығына сәйкес ауданда 2011 жылдың 10 қаңтарынан 4, ақпаны аралығында аудан әкімінің және Тайынша қаласы мен селолық округтар әкімдерінің аудан халқы алдындағы есепті кездесулері өтті.

Барлығы селолық округтар мен аудан орталығында 110 есепті кездесу өтті. Кездесулерге барлығы 18286 адам қатысып, 186 адам сөз сөйледі.

Есепті кездесулер барысында бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды, оларды жүзеге асыру үшін қойылған сұрақты зерделеу, қосымша қаржыландыру, ұйымдастыру іс-шараларын өткізу қажет.

Жоғарыда айтылғандар негізінде аудан әкімдігі қаулы етеді:

  1. Аудан әкімінің және Тайынша қаласы мен селолық округтар әкімдерінің халықпен 2011 жылдың қаңтар-ақпанындағы есепті кездесуінде айтылған ұсыныстар мен ескертеулерді жүзеге асыру бойынша қоса беріліп отырған іс-шаралар 1, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Аудан әкімі аппаратының басшысы аудан әкімінің және Тайынша қаласы мен селолық округтар әкімдерінің есепті кездесулері барысында айтылған ұсыныстар мен ескертулерді орындаушылардың мағлұматына жеткізсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іс-шараларды орындаудың барысы туралы уақтылы, ақпараттандырсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы У.Бейсембаевқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Аудан әкімі А. Маковский

  1. Аудан әкімінің халықпен 2011 жылдың қаңтар-ақпанындағы есепті кездесулерінің жүйелік кестесі
  2. Аудан әкімінің, Тайынша қ. мен селолық округтар әкімдерінің 2011 жылдың қаңтар-ақпанындағы есепті кездесулерін өткізу кезеңіндегі медиа-жоспар
  3. Аудан әкімдігінің өкілдерін Аудан әкімінің халықпен 2011 жылдың қаңтар-ақпанындағы есепті кездесулерін дайындауға және өтізуге селолық округтарға жауаптыларды бекіту
  4. Селолық округ әкімдерінің кездесулер 2011 жыл
  5. Тайынша ауданының әкімі А. П. Маковскийдің, Тайынша қ. мен селолық округтар әкімдерінің есепті баяндамасы бойынша халықтан пікірлер, ескертулер, ұсыныстар үшін арнайы жәшіктер орнатылған елді-мекендердің тізімі
  6. Тайынша ауданының әкімі А. П. Маковскийдің халықпен 2011 жылдың қаңтар-ақпанындағы есепті кездесулерінде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар
  7. Тайынша ауданы селолық округтары әкімдерінің халықпен 2011 жылдың қаңтарындағы есепті кездесулерінде келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шаралар
  8. 2011 жылдың қазанында халықпен сапарлық кездесулерді/қабылдауларды өткізудің кестесі Тайынша ауданы
  9. Тайынша ауданының әкіміне 2011 жылдың қаңтар-ақпанында халықпен есепті кездесуінде келіп түскен сұрақтар ұсыныстарды жүзеге асыру бойыншаіс-шаралар жоспарын  үстіміздегі жылдың 13 қыркүегіне жүзеге асырудың барысын бақылау және мониторинг жүргізу
  10. Тайынша ауданының әкіміне 2011 жылдың қаңтар-ақпанында халықпен есепті кездесуінде келіп түскен сұрақтар ұсыныстарды жүзеге асыру бойыншаіс-шаралар жоспарын үстіміздегі жылдың 2 қарашасына жүзеге асырудың барысын бақылау және мониторинг жүргізу
  11. 2011 жылдың қаңтарында халықпен есепті кездесулерде Тайынша ауданы селолық округтарының әкімдеріне келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс-шара 15.11.2011 ж.

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2017 15:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.09.2017 15:29

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+