Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мемлекеттік қызметшілердің беделі (имиджі)

Қазiргi уақытта мемлекеттiк қызметшiлердiң беделiн арттыру қажеттiлiгiне қатысты мәселелерге мемлекет айтарлықтай көңiл бөлуде.

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк алған жылдардан берi өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық, мәдени және саяси дамуында асы маңызды табыстарға қол жеткiздi. Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам — ұлт жоспарында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсiби аппаратты қалыптастыруды басымдықтардың бiрi ретiнде атап өттi. Жоғары кәсiби мемлекеттiк қызмет пен мемлекетiмiздiң алдында тұрған басқарудың тиiмдi құрылымын құру iсiндегi мiндеттердi жүзеге асыру көбiнесе мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiбилiгiне байланысты. Осы мәселедегi маңызды қадамдардың бiрi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiсiнiң жағымды беделiн қалыптастыру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiнiң беделiн қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектiлердi қарастырады. Әлбетте, мемлекеттiк қызметшiнiң жағымды бейнесiн қалыптастыру — күрделi және ұзақ процесс. Мемлекеттiк қызметшiнiң жағымды бейнесiне қойылатын негiзгi қағидалар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексiнде айқындалған, онда былай делiнген: «мемлекеттiк қызметтi өткеру — қоғам мен мемлекет тарапынан айтарлықтай сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiнiң адамгершiлiгi мен моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды». Мемлекет осы бағытта мақсат қойып жұмыс жасайды.

Бүкiл әлемде мемлекеттiк сектор үнемi назарда, қоғам өмiрiнiң ортасында. Бiрақ та негiзгi тұлғалардың бiрi — мемлекеттiк қызметшi қоғам алдында кәсiбисiздiк, төрешiлдiк, сыбайластық сияқты жағымсыз қылықтармен көрiнсе, мемлекеттiк қызмет саласындағы реформалар, басқару құрылымдарын нығайту, жетiлдiру сәттi iске асырылмайды. Өзiнiң бiр сұхбатында Қазақстан Президентi «Мемлекеттi тиiмдi басқару үшiн мемлекеттiк қызметшi қандай қасиеттерге ие болу керек?» деген сұраққа былай деп жауап берген: «Ең алдымен, жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiби бiлiмдi, оларды тәжiрибеде қолдана алуы, адалдық, шынайылық, өмiрге деген белсендi көзқарас. Осының барлығын бiр сөзбен патриотизм сезiмi деп атауға болады. Нақты мемлекеттiк қызметшi патриот болуы керек — осындай пiкiр қалыптасқан». Мемлекеттiк қызметтегi әрбiр адам қызметтегi өзiнiң жұмысының маңыздылығын сезiнуi керек және өз елiнiң патриоты болуға тиiстi.

Адамдарға деген қатынас басқару стилiнiң маңызды компонентi болып табылады. Басшылар мен қоластындағылардың қызметтiк қарым-қатынастары құқықтың көмегiмен реттеледi. Құқық нормалары мемлекеттiк органның тәртiпке салынған және айқындалған жұмысын қамтамасыз ету мақсатымен негiзгi ресми қатынастарды реттейдi. Алайда, басқару процесiнде туындаған алуан түрлi барлық қатынастар айрықша құқықтық реттеуге ұшырай алмайды. Олар басқа да әлеуметтiк, ең алдымен моральдық нормалармен қамтамасыз етiледi. Сондықтан қызметтiк этика мәселелерi басшылар мен қоластындағылардың, мемлекеттiк органдардың (ұйымдар) қызметкерлерi мен азаматтардың ара-қатынастарында барынша маңызға ие.

Көрсетiлген талаптар тұрғысында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi қабылданды. Басқарушылық кадрлардың жүрiс-тұрысын нормативтiк реттеудiң ерекшелiгi оның құқық нормалары мен қызмет этикасының тығыз өзара әрекетi нәтижесiнде iске асырылуы болып табылады.

Қызметтiк этика дегенiмiз мемлекеттiк қызметшiлердiң адамгершiлiк мiнез-құлық нормаларының (ережелерiнiң) жиынтығы. Бұл нормалар мемлекеттiк қызметшiлердiң қоғамға, мемлекетке, өз ұжымына, азаматтарға деген және басқа қатынасын реттейдi.

Қызметтiк этика нормалары мен құқықтар өздерiнiң әлеуметтiк мазмұны бойынша жақын, олар тығыз байланысты және мемлекеттiк қызметшiнi тәрбиелеудiң мықты факторы болып табылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалармен қарым-қатынас жасағанда мемлекеттiк қызметшiлер олардың ар-намысын құрметтеуге, олар бойынша заңмен белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қабылдауға; азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциямен кепiлдендiрiлген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

Азаматтарға деген дұрыс және жақсы қатынас қоғамның мемлекеттiк институттарға, билiк органдарына деген сенiмiн арттыруға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң беделiн арттыруға мүмкiндiк туғызады.

Ауданымызда медальдармен, мемлекеттiк наградалармен, құрметтi атақтармен марапатталған мемлекеттiк қызметшiлер бар екендiгiн атап өткен жөн:

Иманслям Ержан Иманслямұлы — «Қазақстан Республикасының Тәуiлсiздiгiне 20 жыл» мерекелiк медалi, «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 20 жыл»мерекелiк медалi, «Ақсу қаласының 50 жылдығы» мерекелiк медалi, «Ақсу қаласына сiңiрген еңбегi үшiн» төс белгiсi», «Ауғанстаннан Кеңес әскерiнiң шығарылғанына 25 жыл» мерекелiк медалi», «Павлодар облысына 75 жыл» мерекелiк медалi, «Қазақстан Республикасының Тәуiлсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi:

Алданазарова Жанар Ермекқызы — «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi

Бәкiров Ерлан Михашұлы — «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi

Молдиярова Асыл Нұрмағамбетқызы — «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi

Бәтенова Гүлбаршын Каһарманқызы — «Ерен еңбегi үшiн» медалi

Қалиақпаров Ертай Өтепұлы — «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалi, «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл» мерекелiк медалi

Абулғазинова Бақыт Бегайқызы — «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк медалi

Жәкенова Айнагүл Сағатқызы — «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк белгiсi

Сағандықова Гүлмира Бәкiбайқызы — «Мәдениет қайраткерi» атағы, «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелiк белгiсi

Михайличенко Валентина Антоновна — «Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 10 жыл» мерекелiк медалi

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2017 17:43

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.09.2017 17:43

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+