Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы құқық бұзудың алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның 2019 жылға арналған жұмыс жоспары (ZIP 21 Kb)

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның құрамы (ZIP 15 Kb)

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2019 жылғы 27 наурызда аудан әкiмi Турков Иван Ивановичтың төрағалық етуiмен Тайынша ауданының әкiмдiгi жанында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсi өткiзiлдi.

Мәжiлiс барысында келесi мәселелер қаралды:

  1. Азаматтардың құқықтық санасын жоғарылату және қоғамдық тәртiп талаптарын сақтау бойынша полиция бөлiмiнiң жүргiзетiн жұмысы туралы;
  2. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқық бұзушылықтар мен құқықтық тәрбиелеу мәселелерi бойынша құқықтық насихаттауды өткiзу бойынша жұмыс туралы;
  3. Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ауылдық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарының қабылдайтын шаралары туралы.

Қарау нәтижелерi бойынша сәйкесiнше тапсырмалар берiлдi.

Қазақстан Республикасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Құқық бұзушылықтардың алдын алудың бекiтiлген кешендi жоспарын орындау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасындағы 2017-2019 жылдарға арналған Құқық бұзушылықтардың алдын алудың бекiтiлген кешендi жоспарына сәйкес 12 ауылдық округ пен Тайынша қаласында өз құралдары есебiнен кометикалық жөндеу жұмыстары өткiзiлдi. Қоғамдық тәртiптi сақтауды жүйелiк бақылауды қамтамасыз ету мақсатында, ауылдық округтер мен Тайынша қаласында 125 бейне камера орнатылды.

IIБ ЖПҚ ювенальдi полиция қызметкерлерiмен «Назар аударыңыз балалар» ЖПIШ шегiнде бiлiм бөлiмдерiмен және өзге де мүдде танытқан органдармен балалардың жол-көлiк жарақаттануын ескерту бойынша iс-шаралар өткiзiлдi.

Балалармен мектепке барудың, мектептен келудiң қауiпсiз маршрутын қамтамасыз ету мақсатында бiлiм беру ұйымдары мен ата-аналар жұртшылығымен бiрлесiп балалардың жиi баратын орындарында мектепке бару және мектептен келудiң қауiпсiз маршруттары дайындалды. IIБ ЖПҚ ювенальдi полиция қызметкерлерiмен «Назар аударыңыз балалар» ЖПIШ шегiнде ата-аналар арасында әлеуметтiк сұрау өткiзiлдi, оның тақырыбы балалардың жол үстiнде өзiн-өзi ұстау тәртiбi жөннiдегi қоғамдық пiкiрдi щерделеу, сонымен қатар ата-аналар мен балалар жол жүру ережелерiн қалай сақтайтындығын анықтау болып табылады. Осы сауалнама бiлiм бөлiмдерiнде жаңа оқу жылына арналған бөлу мен жиындарда, сонымен қатар аудан тұрғындары арасында өткiзiлдi.

«Назар аударыңыз балалар» ЖПIШ негiзгi кезеңiн өткiзу шегiнде жаңа оқу жылының басында бiлiм беру ұйымдарында оқушылар арасында тест түрiнде ЖҚЕ бойынша тексерiс өткiзiлдi, сонымен қатар ювенальдi полиция қызметкерлерiмен жол көлiк жарақаттанушылықтың алдын алу бойынша дәрiстер мен оқулар өткiзiлдi.

Жол қауiпсiздiгi бойынша сабақтар ұйымдастырылды, тақырыптық iс-шаралар өткiзiлдi. ЖПҚ ювенальдi полиция қызметкерлерiмен 2017-2018 оқу жылында бiлiм беру ұйымдарының оқушылары, мектепке дейiнгi мекемелер мен қосымша бiлiм беру мекемелерi арасында жол-көлiк жарақаттанушылығының алдын алу бойынша тұрақты негiзде iс-шаралар, дәрiстер, конкурстар өткiзiледi, осы iс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.

«Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы»

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi N590 Заңын iске асыру мақсатында жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп Заңның iске асырылуы, сонымен қатар құқық бұзушылық бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметiн ұйымдастыру қамтамасыз етiледi. Ауданның iшкi iстер бөлiмiнiң учаскелiк инспекторларымен қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге, тәжiрибелiк көмек көрсетуге полицияның қоғамдық көмекшiлерi белсене араласады, олар полицияның учаскелiк иеспекторларымен әкiмшiлiк аумақтарды патрульдейдi, сондай ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алуға барынша көмек көрсетедi.

Балаларды жұмыспен қамту мен бос уақыты мақсатында сабақтан тыс уақытта мектептерде 136 үйiрменiң жұмысы жоспарланған, оларда 2374 оқушы қамтылды, 133 спорттық секциялар, оларға 2330 бала кiрiстiрiлдi. «Қосымша бiлiм беру орталығы» КММ балаларды қамту (6-18 жас) — 195 оқушыны құрайды. Балалар үйiрмелер мен секцияларға барып тұрады (3 үйiрме, 195 спорттық секция). «Өнер мектебi» КММ-да 2017-2018 оқу жылында оқушылар контингентi 350 баланы құрайды, 6-дан 17 жас аралығында. Мектепте балалар үш бағыт бойынша оқиды: музыкалық, шығармашылық-қолданбалы өнер және хореография (Ясная Поляна а. филиал — 10 бала), (Келлеровка а., филиал — 10 бала). Сонымен қатар балалар «Тайынша ауданының балалар — жас өспiрiмiмдер спорт мектебi» КММ-нiң спорттық секцияларына барады, қамту (6-дан 18 жас аралығында) — 485 бала. Үйiрмелерге қатысады (баскетбол, футбол, волейбол, үстел теннисi, еркiн күрес, қазақша күрес, жеңiл атлетика, шаңғы, пауэрлифтинг, полиатлон, ауыр атлетика, доппен хоккей).

Тайынша ауданының 49 мектебiнде мектеп ортасында рухани — өнегелiк тәрбие мен азаматтық-патриоттық тәрбиенi қалыптастыру бойынша «Адал Ұрпақ» ерiктi клубтары құрылды. 1-ден 11 сыныпқа дейiн қамту 1830 баланы құрайды.

Тұрақты негiзде мектептердiң әлеуметтiк-психологиялық қызметi оқушылардың эмоционалды жағдайларын, интернет тәуелдiлiгiн, девиантты мiнез-құлық нысандары бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық тексеру, психологиялық паспорттарды құрастыру, МIШ-ке қою, тұлға дамуының жеке карточкаларын жүргiзу.

2018 жылдың есептi кезеңiнде тоқсан сайын Iшкi саясат бөлiмiмен, Жастар ресурстық орталығымен аудан жастарын қатыстыра отырып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған iс-шаралар өткiздi. Барлығы 4 iс-шара өткiзiлдi: 5 ақпанда Тайынша қаласының №4 орта мектебiнде «Бiздiң қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өттi 36 адам қамтылды. 18 мамырда Тайынша агробизнес колледжi студенттерi арасында «Бiз құқық бұзушылыққа қарсымыз» тақырыбында 43 адамның қатысуымен ақпараттық сағат өткiзiлдi. 20 маусымда Тайынша қаласының №2 Орта мектебiнде «Сiз құқық бұзушылықтар туралы не бiлесiз?» тақырыбында 35 адамның қатысуымен әңгiме өткiздi. 12 желтоқсанда Тайынша қаласының №1 Орта мектебiнде 38 адамның қатысуымен «Құқық бұзушылықтың түрлерi. Әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк» тақырыбында семинар өттi.

Тайынша ауданының әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсi

Тайынша ауданының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия мәжілісі

Ағымдағы жылғы 29 наурызда аудан әкiмi Дудов Владимир Сергеевичтiң төрағалық етуiмен Тайынша ауданының әкiмдiгi жанында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия мәжiлiсi өткiзiлдi.

Мәжiлiс барысында келесi мәселелер қаралды:

  1. Жергiлiктi полиция қызметiмен азаматтардың құқықтық санасын жоғарылату және қоғамдық тәртiп талаптарын сақтау бойынша өткiзген жұмысы туралы;
  2. Аудандағы өзiне өзi-қол салудың профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасында өзiне өзi қол салушылықтың алдын алу;
  3. Ауылдық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қабылдайтын шаралары туралы.

Тайынша ауданы әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспары (ZIP 18 Kb)

Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 31 қаңтардағы №27
қаулысына қосымша

Тайынша ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы 17 қазандағы №347
қаулысына 1 қосымша

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамы

Дудов Владимир Сергеевич Тайынша ауданының әкімі, комиссия төрағасы
Ақтанов Нұрлыжан Жақсылықұлы Тайынша ауданы ІІБ бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Готфрид Валентина Геннадьевна Консультативтік-кеңестік органдардын жұмысын ұйымдастыру жөніндегі бас маман, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:  
Сәрсембаев Тілек Әкімбайұлы Тайынша ауданының мәслихат депутаты (келісім бойынша)
Алданазарова Жанар Ермекқызы Тайынша ауданы әкімінің орынбасары
Ілиясов Досымжан Сұлтанбекұлы Тайынша қаласы әкімінің міндетін атқарушы
Сабырова Гүлмира Сатыбалдықызы Ішкі саясат бөлімінің басшысы
Оразов Еркін Жаргөлбайұлы Білім бөлімінің басшысы
Есетов Ербол Талғатұлы Тайынша ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Попова Нина Владимировна «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Тайынша аудандық бірлестігінің төрайымы(келісім бойынша)

Тайынша ауданы әкiмдiгi жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөнiндегi Ведомствоаралық комиссияны құру туралы ереже

«Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 сәуiрдегi № 271-IV Заңы

«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi № 591 Заңы

Мұрағат 2016

Мұрағат 2015

Мұрағат 2014

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 17:24

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2019 20:37

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+