Экстремизм үндеуi бiзге жат
Жалған терроризм жазасыз қалмайды
Радикалды идеялардың таралу қаупi туралы
Терроризмге қарсы объектiлердi қорғау
Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының аумағында террористiк тұрғыдан осал (ТТО) 45 объектi бар.
Оларға аса маңызды мемлекеттiк, стратегиялық объекетiлер және стратегиялық маңызды экономика саласындағы объектiлер, өндiрiстiк қауiпi бар, сондай-ақ халық көп шоғырланған объектiлер жатады.
ТТО объектiлерге нақты талаптар орнатылды, басшылар оларды сақтауға мiндеттi. Маңызды талаптардың бiрi — сәйкестi өткiзу тәртiбiн және объектiлердi заманауи инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен ТТО басшылары және объектiлердiң қызметкерлерiне арнайы терроризмге қарсы қорғау мәселесiн ұйымдастыру бойынша әдiстемелiк ұсыныстар дайындалды.
Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 149 бабымен, терроризмге қарсы қорғау және ТТО объектiлерiн қорғау бойынша мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау үшiн жауапкершiлiк қарастырылған.
Осылай ҚР ӘҚБтК 149-б. 1 т. сәйкес, террористiк тұрғыдан осал объектiнiң меншiк иесiнiң, иеленушiсiнiң не басшысының не террористiк тұрғыдан осал объект бойынша күзет қызметтерiн көрсету туралы шарт жасасқан күзет қызметi субъектiсiнiң өзiне сенiп тапсырылған объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы — жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға — бiр жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — екi жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР ӘҚБтК 149-б. 2 т. сәйкес, ҚР ӘҚБтК 149-б. 1 т. көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) — үш айға дейiнгi мерзiмге қызметтi немесе жекелеген қызмет түрлерiн тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға немесе лауазымды адамдарға — екi жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Баяндалған негiзiнде, ТТО объктiлерi басшыларына осы талаптарға қатаң сәйкестiкте басқарып отырған объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалуының сәйкестi деңгейiн қамтамасыз етуге бағытталған түбегейлi шара қолдану, сондай-ақ персоналдың ықтимал терроризм актiсiн жасау қаупi және терроризмге қарсы операция жасау кезiндегi iс әрекет етуге оқыту қажеттiгiн ескертемiз.
Тайынша ауданы әкiмнiң кенесшiсi
Қ.Т. Ищанов
Мақаланың шыққан күні: 11.10.2017 16:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2019 15:17