2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсi
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi — 24 635,4 млн. теңге НКИ 114,2% (СҚО — 102%), 2018 жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда абсолюттiк сандарда 6 416,5 млн. теңгеге (немесе 1,4 есе) өстi, бұл облыс бойынша 2 орынға сәйкес келедi (Петропавл — 100,1%).
Тау-кен өнеркәсiбiнде НКИ 128,4% (1687,6 млн. теңге), электрмен жабдықтау — 839,7 млн. теңге НКИ 107,4%, сумен жабдықтауда — 89,4 млн. теңге НКИ 106,8% құрады.
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңдеу өнеркәсiбiнде 22 018,8 млн. теңгенiң өнiмi шығарылды, НКИ 2018 жылғы деңгейге 113,7%-ды құрады (1,3 есе, абсолюттiк сандар 5 267,2 млн. теңге), азық-түлiк өнiмдерi — 18 778,6 млн. теңге (НКИ 153,6 есе).
Өңдеушi өнеркәсiптiң 4 саласы бойынша аудан НКИ өсiмiне қол жеткiздi:
- ұн тарту өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiруде НКИ — 173,7 есе (7 693,2 млн. теңге);
- өсiмдiк майы мен майлар өндiрiсiнде — НКИ 179,9 есе (6 870,4 млн. теңге));
- резеңке және пластмасса бұйымдарын өндiруде НКИ — 101% (2 437,7 млн. теңге);
- ет өнiмдерiн өндiру — НКИ 246,5% (772,1 млн. теңге).
2019 жылғы қаңтар-желтоқсанда негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi 21 879,7 млн. теңгенi құрады, НКИ 126,1 (2018 жылғы тиiстi кезеңмен салыстырғанда 4 712,3 млн. теңгеге немесе 1,3 есе өстi).
Облыс инвестицияларының жалпы көлемдегi үлес салмағы — 9,3%.
Аудан өнеркәсiбi (ZIP 9505 Kb)
Мақаланың шыққан күні: 26.10.2017 16:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.02.2020 11:22