Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Электрондық үкіметті-жүзеге асыру

«Жастардың кадрлік резерві» жобасына құжаттарды қабылдаудың басы туралы хабарландыру

«Нұр Отан» Халықтық-демократиялық пратиясының «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық стипендиясының стипендианттар Ассоциациясымен бірлесе отырып 15 наурыздан бастап «Жастардың кадрлік резерві» жобасына қатысуға құжаттарды қабылдауды жариялайды. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының креативті түрде ойлайтын 29 жасқа дейінгі, құжаттарды беру кезінде жоғарғы оқу мекемесін бітірген азаматтар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды ұсынады:

  •   резюме (ТЕӘа, мекенжайы, байланыс телефоны (үй, жұмыс, ұялы), оқу/жұмыс орны, e-mail көрсетілсін);
  •   құжаттар көшірмелері (жеке куәлік, білімі туралы сертификаттар, дипломдар, грамоталар);
  •   қатысушыға жұмыс берушілерден, партияның беделді мүшелерінен, жоғарғы оқу орындарының басшылықтарынан, ұйымдардан ұсынымдар. 
  • фотография (jpg, 800*600, іскер стилде).
  • Қосымша, ақпарат.

Көрсетілген тізбеге сәйкес келмейтін, сондай-ақ құжаттарды қабылдау мерзімінен кейін келіп түскен конкурстық құжаттама ұйымдастыру комитетімен қабылданбайды.

Толығырақ ақпаратты www.rezerv.kz. сайтынан ала аласыз.

ҚҚП

  • Қоғамдық қол жетімділік пунктін ұйымдастыру үшін негіз (ҚҚП) «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 Қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында „электрондық үкіметті“ қалыптастырудың 2005–2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы;
  • «Қазақстан Республикасында „электрондық үкіметті“ қалыптастырудың 2005–2007 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 Қаулысы. 

МАҚСАТ

Мемлекеттік және басқа да, ақпараттық ресурстарға тең құқықты қол жетімділікті қамтамасыз ету;
Селолық аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары мен мегаполистары арасындағы, ақпараттық теңсіздікті жою үшін жағдайлар жасау;
Интернет-технологияларды пайдалану арқылы компьютерлік және жалпы сауаттылықты арттыру. 

АРНАЛУ

  1. анықтамалық ақпарат беру;
  2. азаматтар мен үкіметтік органдардың өзара әрекетін қамтамасыз ету;
  3. құжаттар мен анықтамаларды басу;
  4. дербес мәліметтерді, байланыс және басқа да, ақпараттарды енгізу;
  5. Интернет желісіне кіру, электрондық пштамен жұмыс.

БАСЫМДЫЛЫҚ

1. эргономдық және жинақылық;
2. сенсорлық экран;
3. принтер (формат A4);
4. өндіріс компьютер.

Қоғамдық қол жетімділік пунктары арқылы көрсетілетін электрондық қызмет көрсетулердің базалық көздері мыналар болып табылады:

  •   «е-правительства» веб-порталы;
  •   әкімдіктердің веб-порталдары;
  •  басқа да, ақпараттық жүйелер мен веб-ресурстар.

Қоғамдық қол жетімділік пунктін пайдалану бойынша нұсқаулық
Ақпарат алу үшін сенсорлық экранның сол жақ жоғарғы экранында бейнеленген қосалқы графикалық элементтерді (кнопкалар) пайдалану қажет: 1-ші кнопка — «вперед», 2-ші кнопка — «назад», 3-ші кнопка- «стоп», 4-ші — «закончить сеанс».
Жұмысты бастау үшін оң жақ жоғарғы бұрышта орналасқан «адресной строке» сөзіне курсорды қою қажет.
Төмендегі менюді таңдау немесе оң жақтағы төменгі бұрышта орналасқан, ақпараттық ресурстың мекенжайын «экрандық клавиатура», көмегімен теру қажет.

Қол жетімді, ақпараттық ресурстарға Қазақстан Республикасының сайттары мен порталдары жатады.
Ресурстардың беттерін жылжыту және экрандағы беттерді басқару үшін кнопкаларды пайдалану қажет.
Таңдалған форманы басып шығару үшін сол жақтағы төменгі бұрышта орналасқан «печать» кнопкасын басу қажет.
Конфигурациясына байланысты ҚҚП -ның екі түрі болады: 1-ші үлгідегі ҚҚП және 2-ші үлгідегі ҚҚП.

1-ші үлгідегі ҚҚП — бұл USB-портымен жабдықталған, қоғамдық орынға орналастырылған, компьютерлік техникамен жұмыс істей алатын, өз бетінше қажетті, ақпарат ала алатын қабілеті бар кез-келген азаматқа қол жетімді, ақпараттық дүңгіршек. Қызметті алу уақыты минималды түрде.

2-ші үлгідегі ҚҚП персоналдық компьютерден, принтерден және сканерден тұрады. Бұл конфигурация азаматтар ұзақ уақыт бойы, ақпарат ала алатын орындарға арнайы орнатылған. Сонымен қатар электрондық ақпаратты алу кезінде құжаттардың көшірмесін жасау және консультация алу қажеттілігі туындауы мүмкін.

Қоғамдық қол жетімділік пунктері Қазақстан халқы арасындағы Интернеттің қазақстандық сегментін дамыту, мемлекеттік және басқа да, ақпараттық ресурстарға құқығы тең қол жетімділікті қамтамасыз ету, азаматтар мен билік органдарының өзара әрекетін қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Сонымен қатар мегаполистер мен ауылдық аудандар және шағын қалалар тұрғындары арасындағы, ақпараттық теңсіздікті жою үшін, сондай-ақ интернет-технологияларды пайдалану арқылы халықтың жалпы сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар туғызуға бағытталған.

ҚҚП-ның көмегімен анықтамалық ақпарат алуға, құжаттар мен анықтамаларды басып шығаруға, виртуалдық қабылдауға өтініш жазуға, үкіметпен сұхбатқа қатысуға, электрондық поштамен жұмыс істеуге болады. ҚҚП-лардың тек қана қазақстандық сегментке кіретін сайттарға ғана шығу мүмкіндігі бар.

Біздің ауданымызда 1-ші үлгідегі 3 ҚҚП және 2-ші үлгідегі 1 ҚҚП жұмыс істейді, олар келесі мекенжайларда орналасқан:

  1. Тайынша қ. Қазақстан Конституциясы көшесі, 197 (аудан әкімі аппаратының ғимаратында),
  2. Тайынша қ., Қазақстан Конституциясы көшесі, 208 (Халыққа қызмет көрсету Орталығының ғимаратында),
  3. Тайынша қ., Пролетар көшесі, 210 (пошта байланысының аудандық торабы ғимаратында),
  4. Тайынша қ., Центральный бұрылысы, 3 (Қала әкімі аппаратының ғимаратында).

Электрондық санды қол қою (ЭСҚ)

Электрондық санды қол қою дегеніміз не?

Электрондық санды қол қою (одан әрі текст бойынша — ЭСҚ) — бұл өз қолымен қойылған қолға ұқсайды. ЭСҚ электрондық құжаттарға заңды күштерін енгізу үшін қолданылады, қағаз түріндегі құжаттарға қол қоюға құқылы тұлғаның өзінің қойған қолы және мөрмен расталған заңды күшіне тең.

ЭСҚ — бұл электронды санды қол қою арқылы және электронды құжаттардың, оның мазмұнының тиістілігі және өзгермейтіндігінің дұрыстығын растайтын, электронды санды белгілердің жиынтығы.

Электрондық санды қол (ЭСҚ — кілт) қоюды қолданудың негізгі мақсаты құжаттардың қағаз түрінен электронды түрге ауысуы. Бұл құжаттардың бастапқы кезеңінен электронды түрде рәсімделетінің және қағаз түріне аударылмайтындығын (басылып шығарылмайтындығын) білдіреді.

Сондай-ақ «кілтті» электронды хат алмасу құралы арқылы хат жіберу кезінде қолдануға болады, яғни адресат хатты сіздің жіберген түрінде алатындығына сенімділік пайда болады. Е-үкімет порталы арқылы кез келген билік органына жүгінуіңізге және электронды жәшігіңізге жауап алуға мүмкіндігіңіз бар.

Әрі қарай салық деклорациясын толтыру үшін кілтті қолдану мүмкіндігі қаралады.

Сіздің кілтіңізді өзіңіздің ғана қолданатындығыңызға үлкен сенім арту үшін оны жинап тасушыға экспорттауға болады. Егер нұсқауды дұрыс және дәл орындайтын болса, бұл көп қиындық туғызбайды.

Кілт барлық жүгінушілер үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХККО) тегін беріледі.

ЭСҚ кім үшін қажет?

  • жеке тұлғалар үшін (жеке кәсіпкерлер)
  • заңды тұлғалар үшін.

ЭСҚ-ны қайда қолдануға болады?

  • «электронды үкімет» порталында азаматтардың өтініштерін қабылдау қызметін көрсету;
  • электронды банкинг;
  • мемлекеттік органдардың өзара, ақпараттық жүйесінде;
  • электронды сауда кезінде;
  • электронды мемлекеттік сатып алуда;
  • қорғалатын электронды почта;

«Электронды үкімет» www.e.gov.kz порталы құралымен ЭСҚ-ны қолдану арқылы ұсынылатын қызметтер тізімі:

  • Жеке тұлғаның қозғалмайтын мүлігінің жоқ болуы (бар болуы) туралы анықтама ұсыну;
  • Жеке тұлғалар үшін жер учаскесінің жоқ болуы туралы, ақпараттық анықтама ұсыну;
  • Жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісінің түпнұсқасын жеке тұлғалардың алуына;
  • Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға) құқығына актілердің түпнұсқасын жеке тұлғалардың алуына;
  • Жер қатынастары бойынша өкілетті органдар (ЖҚӨ) арқылы жеке тұлғалар үшін жер учаскесінің жоқ болуы туралы, ақпаратты анықтама ұсыну;
  • Салымшы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы, ақпарат ұсыну (ЗТМО);
  • Әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) берілуі туралы куәлігін алу;
  • Әлеуметтік жеке кодын алу туралы куәліктің түпнұсқасын алу;
  • Некенің бұзылуы туралы анықтама ұсыну;
  • Қайтыс болуы туралы анықтама ұсыну;
  • Некенің қиылуы туралы анықтама ұсыну;

ЭСҚ-ны қалай алуға болады?

Ол үшін ұлттық куәландыру орталығының (ҚР ҰКО) www.pki.gov.kz порталынан кілтті дайындауға өтінімдер ұсынылатын компьютерге бағдарламалық қамсыздандыруды тағайындау қажет. Одан әрі бағдарламалық қамсыздандыру тағайындалғанын электрондық почтаның мекенжайын көрсете отырып, порталдағы on-line тәртібімен өтінім беріледі. Өтінімнің нөмірін алған соң тіркелім куәлігінің (бланкілер және өтініштердің үлгілері www.pki.gov.kz сайтында орналасқан) шығуына Өтініш толтырылады. Толтырылған өтініш және құжаттар пакетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Куәландыру Орталығының тіркелім Орталығына ұсыну қажет.

Толтырылған өтініштердің және ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеріп болғаннан кейін, сіз көрсетілген мекенжайыңызға кілтті тегін аласыз.

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 16:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.09.2017 17:11

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+