Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Рухани Жаңғыру

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша Тайынша ауданында түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы ақпарат

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бойынша Тайынша ауданында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу туралы ақпарат

Әлемде болып жатқан оқиғалар аясында Мемлекет басшысының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласы қазақстандықтар үшiн маңызды идеологиялық бағыттарға айналды. Онда мәдениетке, бiлiм мен ғылымға ерекше көңiл бөлiнген.

«Рухани Жанғыру» бағдарламасына «Тәрбие және бiлiм», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» 4 кiшi бағдарламасы кiредi, оның шеңберiнде 6 арнайы жоба жүзеге асырылады: «Ммлекеттiк тiлдiң латын әлiпбиiне көшуi», «Туған жер», «Қазақстанның рухани қасиеттi жерлерi», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғалары», 100 жаңа оқулық, «Жаһандық әлемдегi қазiргi заманғы қазақстандық мәдениет».

Қазiргi уақытта бағдарламаларды түсiндiру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде, барлық қажеттi материалдар слайдтар барлық ауылдық округтер мен бөлiмдер бойынша таратылды.

Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани Жанғыру» бағдарламалық мақаласы ресми жарияланғаннан кейiн ағымдағы жылдың 12 сәуiрiнде «Тайынша таңы», «Тайыншинские вести» аудандық газеттерiнде осы мақала жарияланды, сондай-ақ аудан тұрғындарының-халықтың әртүрлi тобы өкiлдерiнiң пiкiрлерi жарияланды.

14 сәуiр күнi осы бағдарламалық мақаланы талқылау бойынша мәдениет Үйiнде аудандық актив өттi. Аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң ғимаратында жобалық кеңсе кабинетi құрылып, көрнекi материалдармен және баннермен безендiрiлдi.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын iске асыру жөнiнде жобалық кеңсе мүшелерiнiң құрамы бекiтiлдi, оған iшкi саясат бөлiмiнiң, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшылары, кәсiпкерлiк бөлiмiнiң басшысы, Жастар ресурстық орталығының директоры, АББ басшысының орынбасары, Тайынша таңы газетiнiң редакторы кiрдi.

«Рухани Жанғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларына жауапты тұлғаларды көрсетумен желiлiк жоспар-кестесi бекiтiлдi.

Аудандық желiлiк кестенiң барлық iс-шаралары өткiзiлiп, «Тайынша ауданы SQO» Фейсбукiнiң ресми бетiнде жарыққа шығады, бұл 2017 жылдың 25 қазанында облыс әкiмдiгiнiң телефонхатына сәйкес, облыс әкiмi аппаратының басшысы Қ. Сәрсембаевтың қолы қойылып тiркелген, осы беттiң жауапты әкiмшiсi Жастар ресурстық орталығының директоры Денис Трофимов болып табылады.

«Тайынша ауданы SQO» — да бүгiнгi күнi 3873 адам тiркелген, түрлi сипаттағы бейнеден, 500-ден астам материалдар орналастырылды.

Сондай-ақ ауданда «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қатысушылары үшiн дауыс беруге адамдарды тарту бойынша үлкен жұмыс жүргiзiлдi. Қала аумағында осы тақырыпқа баннер орналастырылған. 10 қарашада жоба қатысушыларына 3063 Тайынша дауыс бердi.

Аудан аумағында осы тақырыпқа 32 баннерлер орналастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын алға жылжыту бойынша Жастар ресурстық орталығымен үлкен жұмыстар атқарылды.

15-22 қыркүйек аралығында Тайынша ауданында «Рухани жаңғыру» акциясы өттi. Акция ауданның барлық ауылдық округтерiнiң қатысуымен өттi. Акцияның мақсаты жастарды қоғамдық сананы жаңғырту принциптерiн алға жылжыту үдерiсiне белсендi тарту болып табылады. Аталған акция төрт бағыт бойынша өткiзiлдi: «Бiлiм» — «Рухани жаңғыру» мақаласын, ұлттық салт-дәстүрлердi, Қазақстан тарихы мен туған өлкенiң тарихын бiлуге арналған жаппай викторина; «Асар» — мұқтаж зейнеткерлерге, жалғыз тұратын адамдарға, балалар үйлерiне көмек көрсету, балалар алаңдарын жөндеу; «Тағзым» — қасиеттi орындарды жинау және абаттандыру және ағаш отырғызу; «Өнер» — ауданда түрлi субмәдениет өкiлдерiнiң қатысуымен жастар фестивалi.Әр бағыт бойынша ауылдық округтерде iс-шаралар өткiзiлдi:

  • «Бiлiм» бағыты бойынша викториналар, конкурстар, дөңгелек үстелдер, әңгiмелесулер және талқылаулар өткiзiлдi. Iс-шара барысында жастар өзектi сұрақтар қойып, өз пiкiрлерiн бiлдiрдi, тақырыптарды талқылауға белсендi қатысты.
  • «Асар» бағыты бойынша ҰОС және тыл ардагерлерiне, зейнеткерлерге, еңбек ардагерлерiне және жалғыз басты қарт адамдарға атаулы көмек көрсетiлдi. Қала және ауылдық округтердiң барлық Тимуршылар командалары жиналып, аулалар мен бақшаларды тазалауға, көмiр мен отын дайындауға көмектестi. Қыздар бөлме жинауға қатысты.
  • «Тағзым» бағыты бойынша саябақтарды, мемориалдар мен ескерткiштердi, ескi зираттарды тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргiзiлдi. Акцияға аудан мектептерiнiң жоғары сынып оқушылары қатысты. Оқушылар мен мұғалiмдер алаңдарды және аумақтарды күзгi қураған жапырақтардан, қоқыстардан тазартты. Iс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақты еңбекке баулу, патриоттық сезiмге тәрбиелеу және ауданның қасиеттi орындарына құрмет көрсету.
  • «Өнер» бағыты бойынша аудан бойынша спорттық iс-шаралар, фестивальдар, конкурстар өткiзiлдi. Қатысушылар арасында «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» логотипi бар брошюралар ойнатылды.

24 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аудан жастарының қатысуымен Көңiлдi тапқырлар клубы (КВН) өткiзу жоспарлануда.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

БАҚ бойынша жұмыстар

БАҚ-тағы жарияланымдар саны  Әлеуметтік желілердегі посттар  Жарнамалар саны Ресми сайттардағы материалдар саны 
Баннерлер Тартпалар басқалар
51 1358 Барлығы 32 (білім мекемелерін қосқанда)     96
№  Жобалар  Қаржыландыру мөлшері Инвестицияларды тарту
2018 ж. 2019 ж. 2018 ж. 2019 ж.
1. «Туған жер»m - «Атамекен» 32 млн.300 мың тг      

Мақаланың шыққан күні: 14.02.2019 10:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.02.2019 10:26

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+