Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

БАҚ

Аудандық «Тайынша таңы» қоғамдық-саяси газетi

Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша аудандық «Тайынша таңы» қоғамдық-саяси газетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт Министрлiгiнде 2005 жылғы 14 желтоқсанда тiркелдi. «Тайынша таңы» газетi қазақ тiлiнде мемлекеттiк және ақпараттық саясатты жүргiзедi, сондай-ақ тұрғындарға жарнамалық та қызмет көрсетедi. «Тайынша таңы» аудан көлемiнде мемлекеттiк тiлде шығатын жалғыз газет болып табылады. 2006 жылдан бастап «Тайынша таңы» газетiн Нұралина Гүл Жамашқызы басқарып келдi. 2014 жылдың 1 сәуiрiнен бастап газеттiң Бас редакторы болып Ташетова Айгүл Даулыбайқызы тағайындалды. Таралымы 1300 дананы құрайды. Көлемi 4 баспа табақ. Газет аптасына бiр рет — жұма күнi шығарылып, Тайынша ауданының барлық елдi-мекендерiне таратылады. «Тайынша таңы» газетi Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкiмiнiң тапсырысы бойынша шығып, мемлекеттiк-ақпараттық саясатты жүргiзу жөнiндегi ресми басылым болып саналады. Басылым жоғары шапшаңдылығымен ерекшеленедi, сондай-ақ жұмыс барысында тек сенiмдi ақпаратты ғана пайдаланады. Газет беттерiнде «Билiк пен iс», «Мереке мезетi», «Абаттандыру», «Тағзым», «Аудандық әкiмдiкте», «Хат жаздым, қалам алып…» айдарларымен өңiрдiң сан-қырлы өмiрi жан-жақты жазылып, ауданның билiк органдарының маңызды құжаттары жарияланады. Негiзгi тақырыптар: саясат және экономика, мәдениет және өнер, спорт, денсаулық сақтау саласы, бiлiм және ғылым. Газет оқырмандары — ауданның iскер және белсендi халқы. Газет А3 форматта офсеттi әдiспен басылады. «Тайынша таңы» газетiнiң толық электрондық нұсқасы Инетернет желiсiнде http://www.taynshatany.kz жеке веб-сайтында орналасқан. «Тайынша таңы» газетi «Қазпошта» АҚ-ның Тайынша аудандық пошта байланыс торабымен таратылатын мерзiмдi басылымдар тiзiмiнде.

Редакцияның мекен-жайы: 151000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Пролетар көшесi, 210

Индекс: 65710

Байланыс телефоны/факс: 8 (71536) 22-9-64

E-mail: tainsha_tan@list.ru

«Тайыншинские вести» газеті

Меншiк иесi: «Тайынша-Информ» ЖШС
ЖШС Директоры: Нұрсейiтова Айгүл Елемесқызы
Газеттiң редакторы: Мұхамедьярова Дана Зарлықханқызы
Aпта сайын басылып шығарылады: әр жұма сайын
01.01.2014 ж. таралымы — 6300 дана
Мекен-жайы: 151000, Тайынша ауданы, Тайынша қ., Астана к.,167.
Тел.: 8 (71536) 21-8-60, факс: 8 (71536) 23-2-00.
E-mail: T-vesti@mail.kz
Интернеттегi сайты: www.tv.ivest.kz
1932 жылдың 5 мамырынан бастап шығарылады

Тарихқа шолу

Аудандық газеттiң алғашқы нөмiрi 1932 жылдың 5 мамырында шықты. Ол кезде «Красная знамя» деп аталды.

Бiрiншi он жылдықта газет екi бет болып, бiр данададан бiр жарым мың данаға дейiн басылып шығарылатын. Ең алғашында екi жұмада бiр рет, бертiн келе апта сайын, ал 50-шi жылдары аптасына екi реттен де шығатын. 1959 жылдан бастап аудандық газеттiң көлемi жағынан ұлғайды — 4 жолақты болды, бiрақ та бұрынғыдай аптасына 2 рет шығарылды. Газет атауы бiрнеше рет ауыстырылды. Ең алғашқы атауы — «Красная знамя», «Красная звезда», «Сельские вести», ал қазiр ол «Тайыншинские вести» деп аталады. Бүгiнгi күнi « Тайыншинские вести» үш бұрынғы аудандық басылымның — «Заветы Ильича» Келлер, «Красная звезда» Красноармейск, «Сельские вести» Чкалов аудандарының мұрагерi болып табылады.

Қазiрi уақытта газет аптаның жұма күнi 16 беттiк көлемде шығады. Түрлi түстi бояуда шығарылады және басылымдарға қойылатын барлық стандарттарға сәйкес келедi. Ауданда да, облыста да абыройлы және танымал басылым болып табылатындықтан, аудандық газетiнiң активiнде 6000 астам жазылушы бар.

Басылымның меншiк иесi «Тайынша-Информ» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi болып табылады.

«Тайыншинские вести» газетi мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүзеге асыратын аудан әкiмiнiң ресми басылымы болып табылады.

Бұл газеттiң бiрiншi редакторы Ф.С. Машовец болған. Одан кейiн аудандық газеттi И. Дубровин, Н. Казаренко, Н. Походун, В. Сахаров, А. Дмитриенко, Н. Николаенко, А. Гаврилов, А. Бочуля басқарған.

2000 жылдан бастап газеттi Р.И. Досмағамбетова басқарды. Ол ауданның басты ақпараттық басылымының дамуына зор үлес қосқан болатын. Бұдан әрi А.В. Несветеев, Т.П. Годня басқарды.

2012 жылдан бастап Д.З .Мұхамедьярова газеттiң редакторы болып тағайындалды.

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 17:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.05.2018 09:11

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+