Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Халықты әлеуметтік қорғау

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментi төмендегiнi хабарлайды:

2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (әрi қарай — жоба) сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi қолға алатын мөлшерден 8%-ға арттырылады;
  • еңбек ету қабiлетiнен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан жүргiзiлетiн әлеуметтiк төлемдер 16 %-ға арттырылады;
  • 2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған «бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар, яғни кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн олар оқу орнын бiтiретiн уақытқа (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн) оқитын балалары бар көп балалы отбасылар» (әрi қарай — көп балалы отбасылар) жәрдемақының бүл түрiн оны алуға құқығын жоғалтқанға дейiн «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңының 7-бабының 17-тармақшасымен белгiленген мөлшерiнде алатын болады, яғни балалары кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн).

Осыған байланысты, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны ресiмдемеген көп балалы отбасылар ағымдағы жылдың аяғына дейiн жәрдемақыны ресiмдеулерi қажет, себебi 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының бұл түрi тағайындалмайды;

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылдан 2027 жылды қоса алғандағы кезеңде әйелдердiң зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен арттыруды қарастыратын норма өз күшiне енедi. Зейнеткерлiк жасты арттыру 10 жыл iшiнде бiртiндеп жыл сайын 6 айдан арттырылады.

№1 мысал:

2018 жылдың бiрiншi жартысында 58 жасқа толатын әйелдердiң зейнеткерлiк жасы 6 айға артады. Егер ол 1960 жылы 5 қаңтарда туса, зейнетке 2018 жылғы 5 шiлдеден бастап шығады.

№2 мысал:

Егер әйел адам 1959 жылы 5 желтоқсанда туса, онда 2017 жылғы 5 желтоқсан күнi ол 58 жасқа толады, бiрақ егер ол кiсi жасы бойынша зейнетақы тағайындауға өтiнiшпен 2018 жылғы 1 қаңтардан кейiн жүгiнсе, онда тек 58,5 жасқа толғанда ғана, яғни 2018 жылғы 5 маусымда ғана зейнетке шығу құқығына ие бола алады.

Осылайша зейнетке шығу құқығын уақытында пайдалану қажет.

жыл зейнеткерлік ЖАС туған күн датасы
2018 жылғы 1 қаңтардан 58 жас 6 ай 1960 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1960 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2019 жылғы 1 қаңтардан 59 жас 1960 жылғы шілденің 1-нен бастап 1960 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2020 жылғы 1 қаңтардан 59 жас 6 ай 1961 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1961 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2021 жылғы 1 қаңтардан 60 жас 1961 жылғы шілденің 1-нен бастап 1961 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2022 жылғы 1 қаңтардан 60 жас 6 ай 1962 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1962 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2023 жылғы 1 қаңтардан 61 жас 1962 жылғы шілденің 1-нен бастап 1962 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2024 жылғы 1 қаңтардан 61 жас 6 ай 1963 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1963 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2025 жылғы 1 қаңтардан 62 жас 1963 жылғы шілденің 1-нен бастап 1963 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2026 жылғы 1 қаңтардан 62 жас 6 ай 1964 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1964 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2027 жылғы 1 қаңтардан 63 жас 1964 жылғы шілденің 1-нен бастап 1964 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта

Зейнетке шығу жасын арттырудың кiмдерге қатысы жоқ:

Қазақстанда зейнетке шығу жасының артуы қазiргi уақытта зейнеткерлiкке ерте шығу бойынша жеңiлдiктерге құқығы бар төмендегi әйелдерге қатысы жоқ:

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер, олардың 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу құқығы бар;

1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1936 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 5 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған әйелдер 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн ресiмдеуге құқығы бар.

Базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбiнiң өзгеруi.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық төлемдi тағайындау әдiсiн өзгерту қарастырылып жатыр, ол зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты тағайындалатын болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгiленген зейнетке шығу жасына жеткенде ғана тағайындалады: ерлер үшiн 63 жас, әйелдер үшiн 58 жас 6 айда. Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс iстеп, БЖЗҚ-ға аударымдар жасаса немесе мүлде жұмыс iстемесе, онда оған базалық зейнетақы күнкөрiс минимумынан 54% мөлшерде тағайындалады, ал бұл мөлшер бүгiнгi базалық зейнетақы мөлшерiмен тең. Бұдан артық жұмыс iстеген әрбiр 10 жыл үшiн базалық зейнетақы 2%-ға көтерiледi.

Еңбек өтілі күнкөріс минимумынан үлес
10 54%
11 56%
12 58%
13 60%
14 62%
15 64%
16 66%
17 68%
18 70%
19 72%
20 74%
21 76%
22 78%
23 80%
24 82%
25 84%
26 86%
27 88%
28 90%
29 92%
30 94%
31 96%
32 98%
33 100%

Мысал:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн адамның еңбек кiтапшасымен расталатын 20 жыл еңбек өтiлi бар және 1998 жылдан кейiн 13 жыл Мемлекеттiк корпорацияның бiрыңғай есептiк орталығымен (бұрынғы ЗТМО) расталатын жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударған. Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшiн жиынтық еңбек өтiлi 33 жылды құрайды (20 жыл еңбек өтiлi +13 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуы). Базалық зейнетақы мөлшерi 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап күнкөрiс минмумы мөлшерiнен 100%-ды құрайды.

Егер сұрақтарыңыз туындаған жағдайда келесi мекенжай бойынша жүгiнуiңiзге болады: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Астана к., 166-үй, немесе телефон арқылы: 8-715-36-79-9-48.

2017 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi бойынша Тайынша ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiнде ақпарат

Халықты жұмыспен қамту

Ауылдық округтер мен Тайынша қаласының шұғыл мәлiметтерiне қарағанада халық саны — 45 022 адамды құрайды (01.01.2016 ж. — 45834 адам).

Экономикалық белсендi халықтың саны — 27 493 адамды құрайды (01.01.2016 ж. — 28757 адам).

Экономикалық белсендi халықтың санына қарсы-жұмыспен қамту органдарында тiркелген жұмыссыздардың саны — 132 адамды немесе 0,4% құрайды (01.01.2016 ж. — 134 адам немесе 0,4%).

Жылдың басынан жұмысқа орналастырылды — 1 245 жұмыссыз азамат, оның iшiнде 32 мүгедек (01.01.2016 ж. — 1320 адам).

Тұрақты жұмыс орындарына — 892 жұмыссыз, оның iшiнде 21 мүгедек (01.01.2016 ж. — 914 адам).

Жаңа жұмыс орындары құрылды — 764 (01.01.2016 г. — 715 адам), оның iшiнде:

Өнеркәсiпте — 20; («Тайынша-Май» ЖШС; «Классик Агро» ЖШС, «Баракат» ЖК; «Воробъёв» ЖК).

Құрылыста — 30; («Овънян» ЖК; «Исмаилов» ЖК; «ДЭО Автожол» АҚ).

Ауыл шаруашылықта — 158; («Алиби-Астық» ЖШС; «Тайынша Астық» ЖШС; «Племзавод Алабота» ЖШС; «Агро Хлеб» ЖШС).

Жеке кәсiпкерлiкте — 240;

Басқа да салаларда — 243 («Агро Мир» ЖШС; «Көкше-Табыз ЖШС; «Ереметова» ЖК; «Садвоқасов»ЖШС).

Жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша жүгiндер саны — 673 адам (01.01.2016 ж. — 655 адам).

Аз қамтылған отбасылардың азаюы

Аз қамтылған азаматтардың дерекқоры — 46 отбасы немесе 187 адам, кедейшiлiк деңгейi — 0,4% құрайды (01.01.2016 ж. — 64 отбасы немесе 306 адам. Кедейшiлiк деңгейi 0,5%).

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (МАӘК)

МАӘК тағайындалды және төлендi — 2 698,1 мың теңге сомасында құрамында 131 адам бар 30 отбасыға. Қосымша ақының орташа мөлшерi 1 716, 35 теңге (01.01.2016 ж. — 41 отбасы немесе 164 адам).

131 мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушыдан:

  • еңбекке қабiлеттi жастағы — 24 адам, немесе 18,3%;
  • студенттер — 14 немесе 10,7%;
  • мүгедектер — 3 немесе 2,3%;
  • балалар — 90 немесе 68,7%.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушылардың қатарынан 12 адам немесе 50,0% жұмысқа ораналастырылды, оның iшiнде:

тұрақты жұмыс орындарына — 5 немесе 20,8%;

қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi — 5 немесе 20,8%;

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» iске асыру шеңберiнде:

  • 1 бағыты бойынша — 1 немесе 4,2 %;
  • 3 бағыты бойынша — 1 немесе 4,2%.

Тұрғын үй көмегi

Тұрғын үй көмегi тағайындалды және төлендi — 1 400,0 мың теңге сомасында 74 отбасыға немесе 105 азаматқа. Бiр отбасыға қосымша ақының орташа мөлешерi 1 576,58 теңге (01.01.2016 ж. — 94 отбасы немесе 123 адам).

Үйде оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру

Материалдық көмек тағайындалды және төлендi — 1 390,4 мың теңге сомасында үйде оқытылатын 35 мүмкiндiгi шектеулi балаға. 1 балаға тоқсандағы төлем 13 787 теңгенi құрайды (01.01.2016 ж. — 35 бала).

18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы (БМЖ)

МБЖ тағайындалды және төлендi — 2 319,9 сомасында 158 бала бар 57 отбасыға. Бiр айдағы бiр балаға жәрдемақы 2 228 теңгенi құрады (01.01.2016 ж. — құрамында 225 бала бар 81 отбасы).

234 адам бар 57 отбасыға, оның iшiнде:

  • еңбекке қабiлеттi жастағы — 72 немесе 30,8%;
  • мүгедектер — 3 немесе 1,3%;
  • балалар — 158 немесе 67,5%.

«Өрлеу» шартты ақшалай көмек бағдарламасы

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша құрамында 119 отбасы мүшелерi бар 23 әлеуметтiк келiсiмшарт жасалды (01.01.2016 ж. — 37 адам бар 9 отбасы).

РБ есебiнен тағайындалды және төлендi — 2 302,6 мың теңге және ЖБ — 1 230,4 мың теңге.

Шартты ақшалай көмек алушылардың құрылымы келесi санаттардан тұрады:

  • МБЖ алушылар қатарынан — 8 адам немесе 6,8%;
  • 18 жасқа дейiнгi МБЖ алушылар қатарынан — 16 адам немесе 13,4%;
  • алғаш рет жүгiнгендер — 95 адам немесе 79,8% .

119 шартты ақшалай көмек алушыдан:

  • еңбекке қабiлеттi жастағы — 41 немесе 34,5%;
  • студенттер — 1 немесе 0,8%
  • балалар — 76 немесе 63,9%;
  • зейнеткерлер — 1 немесе 0,8%.

Тегiн қызмет көрсетудiң 8 келiсiмшарты жасалды, оның iшiнде:

  • 1 — әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесшi;
  • 7 — ассистент.

Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету

Мерекелiк және атаулы күндерге бiржолғы әлеуметтiк көмек 24 310,7 мың теңге сомасында 253 азаматқа көрсетiлдi:

  • өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек 929,8 мың теңге сомасында 41 туберкулездiң белсендi түрiмен ауруға шалдыққан мұқтаж азаматтарға көрсетiлдi;
  • өрт шығу салдарынан зардап шеккен 3 отбасыға 381,8 мың теңге сомасында бiржолғы әлеуметтiк көмек көрсетiлдi;
  • пробация қызметiнде есепте тұрған 4 азаматқа 42,4 мың теңге сомасында әлеуметтiк көмек көрсетiлдi;
  • аз қамтылған отбасылардың 2 студентiнiң оқуын төлеу үшiн 678,7 мың теңге (160 айлық есептiк көрсеткiш (әрқайсысына 339360,0 теңге).

Мүгедектердi оңалту

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда барлық санатттардың 1 922 мүгедегi (1 және 2 топ — 804 адам, 3 топ — 804 адам, бала кезiнен мүгедектер — 150), олардан 469 мүгедек психоневрологиялық үй-интернатында және 11 мүгедек «Надежда» үй-интернатында тұрады.

Гигиеналық құралдармен 210 мүгедек қамтамасыз етiлдi, оның iшiнде: 54 бала. Осы мақсатта 26 380,1 мың теңге жұмсалды (РБ — 13 984,1 мың теңге; ЖБ — 12 396,0 мың теңге. РБ есебiнен әлеуметтiк көмек толық қамтамасыз етiлдi, ЖБ-тегi жартылай ақша тапшылығы — 3 300,0 мың теңгенi құрайды.

Естуi бойынша 8 мүгедекке ымдау тiлi маманының қызметi ұсынылды;

20 мұқтаж мүгедекке жеке көмекшiнiң қызметi ұсынылды.

Оңалту құралдарымен қамтамасыз етiлдi:

  • сурдоқұралмен — 6 мүгедек, 12 — құралмен;
  • санаторлы-курорттық жолдамамен 46 мүгедек, оның iшiнде 1 бала;
  • 15 мүгедек 28 кресло-коляскамен, оның iшiнде 7 балаларға арналған;
  • протездi-ортопедиялық құралдармен — 55 мүгедек, 75 — бұйыммен.

Тiрек-қимыл аппараты бұзылған 27 мүгедек Бескөл кентiндегi оңалту орталығында оңалту шараларын қабылдады.

14 адам жалпы үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемеге ресiмделдi.

3 мүгедек психоневрологиялық медициналық-әлеуметтiк мекемеге ресiмделдi.

Әлеуметтiк инфрақұрылымның 253 объектiсi паспорталды, оның iшiнде:

  • 90 объектi қолжетiмдi;
  • 131 объектi жартылай;
  • 32 қолжетiмдi емес.

253 объектiден 77 объектi шығарылды, оның iшiнде:

32 жалға алынған және қызметiн тоқтатқан объектi.

45 мүгедектер қатынаспайтын объектi.

2016 жылы 55 объектi бейiмделдi.

Аумақты дамыту бағдарламасының көрсетiкiштерi (АДБ)

Жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша жүгiнгендер қатарынан жұмысқа орналастырылғандар — Жоспардағы 95%-дан — 83,7%; айырмашылық — 11,3%.

Қол жеткiзбеудiң себебi: бос жұмыс орындарының жоғы.

1. Нысаналы топтағы жүгiнгендер қатарынан тұрақты жұмысқа орналастырылғандардың саны Жоспардағы 78,9%-дан — 81,7%, айырмашылық +2,8%.

2. Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау және қайта даярлауға жiберу — 100% (35 адам).

3. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жiберу 84,8%, айырмашылық — 15,2%; (жоспарда — 330 адам, фактi — 280 адам).

Қол жеткiзбеудiң себептерi: жергiлiктi бюджетте ақша қаражатының болмауы.

4. Халықтың нысаналы топтары үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын құру — 100% (50 адам).

5. Жаңа жұмыс орындарын құру — 107%; (жоспарда — 715 адам, фактi — 764 адам).

6. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге жүгiнген, еңбекке қабiлеттi жастағы мүгедектердiң саны — 103% (жоспарда — 32 адам, фактi — 33 адам).

7. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (МАӘК) алушылардың қатарынан еңбекке қабiлеттiлердiң үлесi — Жоспардағы 19%-дан — 18,3%.

8. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек (МАӘК) алушылардың жалпы санынан, МАӘК алушы жұмыссыз азаматтардың үлес салмағы Жоспардағы 4,3%-дан — 3,8%.

9.  Алдағы жылға 18 жасқа дейiнгi балаларға арналған мемлекеттiк жәрдемақы (МБЖ) алушылардың үлес салмағы — Жоспардағы 94,7%-дан — 70,2%.

10. Азық-түлiк себетiнiң төмен кiрiстi халық үлесi — Жоспардағы 0,5%-0,4%.

11. Үйдегi жағдайда арнаулы әлеуметтiк көмек көрсету қызметiмен қамтылған тұлғалар — Жоспардағы 375 адамнан — 378 адам.

12. Осы құралдарға (қызметке) мұқтаж мүгедектердiң жалпы санынан ОЖБ сәйкес оңалту техникалық құралдарымен қамтамасыз етiлген мүгедектерге ОЖБ сәйкес ұсынулар-Жоспардағы 283 адамнан — 357 адам.

13. Паспортталған әлеуметтiк, көлiк инфрақұрылымобъектiлерiнiң жалпы санынан мүгедектерге қолжетiмдiкпен қамтамасыз етiлген әлеуметтiк инфрақұрылымдардың үлесi — Жоспардағы 50%-дан —51%.

Мұрағат 2015 ж.

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 17:40

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 14:31

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+