Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2016 жылғы 10 қазанда күшiне енген «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы» Заңының негiзгi қағидалары туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар

Тұрғын үй секторы

Аудан аумағында 49 көп қабатты тұрғын үй нысандары бар. Тайынша қ. 23 көп қабатты үйлер «ТайыншаЖылуСервис» ЖШС, «ТайыншаКоммунСервис» ЖШС — 18 қызмет көрсету зонасында орналасқан. Тұрғын үйлердiң алаңы 26 357 кв. м. құрайды.

Автожолдар саласы

Тайынша ауданында автокөлiк жолдары басым, ал көптеген елдi мекендер үшiн жүк және жолаушылар тасымалы жалғыз байланыс құралы болып жүзеге асырылады. Тайыншы ауданындағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1132 км. құрайды, оның iшiнде 144 км. — республикалық маңызы бар жолдар, 280 км. — облыстық маңызы бар жолдар, 708 км. — жергiлiктi маңызы бар жолдар.

2017 жыл iшiнде облыстық маңызы бар жолдарға ұзындығы 49 км. болатын жолдарға жөндеу және қайта құру жүргiзiлдi, соның iшiнде:

  • ұзындығы — 29 км. қиыршықтас қаптамасымен ағымдағы жөндеу «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» КТ-68 автожолының Летовое-Талап-Мәдениет учаскесi;
  • ұзындығы 14 км. болатын «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалово» КТ-68 автожолын қайта құру;
  • ұзындығы 6 км. болатын «Астраханка-Қиялы-Тайынша-Алексеевка» КТТ-44 тас жолының Тайынша-Большой-Изюм суық өңдеулерi әдiсiмен орташа жөндеу.

2017 жылы аудандық маңызы бар жолдарда жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер қаражаты есебiнен жалпы ұзындығы 37,64 шақырымдық учаскелерде шұңқырларға құю, жалпы профильдеу жұмыстары жүргiзiлдi: Ясная поляна ауылынан Дашка-Николаевка ауылына дейiн, Киров ауылынан Ясная Поляна ауылына дейiн, Леонидовка ауылынан Многоцветное ауылына дейiн.

Тайынша қ. 2 көшелерiне ағымдағы жөндеулер бойынша iс-шаралар жүргiзiлдi (50 лет Октября көш.) Қазақстан Конституциясы көшесi бойынша ұзындығы 1,5 км. болатын тротуарларға ағымдағы жөндеулер жүргiзiлдi.

2018 жылға ұзындығы 37 км. болатын аудан аумағында орналасқан облыстық жолдарға жөндеулер жүргiзу жоспарланып отыр, соның iшiнде:

  • ұзындығы 15 км. болатын «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» КТ-26 тас жолының суық өңдеулерi әдiсiмен орташа жөндеу, мердiгерi «Петропавловск Жолдары» ЖШС;
  • ұзындығы 15 км. болатын «Астраханка-Қиялы-Тайынша-Алексеевка» КТТ-26 тас жолының суық өңдеулерi әдiсiмен орташа жөндеу, мердiгерi «Көкшетау Жолдары» ЖШС;
  • Ұзындығы 7,0 км. «Лавровка-Келлеровка-Тайынша-Чкалов» КТ-68 қайта құру, мердiгерi «Қостанай Жолдары» ЖШС;

Облыстық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеу және ұстау үшiн 77 588,0 мың теңге қарастырылған.

2018 жылы облыстық маңызы бар жолдар бойынша жоспарланып отыр:

  • ұзындығы 29,2 км. болатын Келлер ауылынан Озерный ауылына дейiн бағыт бойынша орташа жол жөндеу;
  • ұзындығы 6,9 км. болатын КТТА-69 «Келлеровка-Южное» (асфальт-бетон жамылғысы) автомобиль жолына орташа жөндеу;
  • ұзындығы 12,7 км. болатын КТТА-69 «Келлеровка-Южное» (қиыршық тас) автомобиль жолына орташа жөндеу;
  • ұзындығы 9,6 км. КТТА-283 «Озерное ауылына кiру» автокөлiгiнiң орташа жөндеу (қиыршық тас).

Автокөлiк транспорты

Тайынша ауданының көлiктiк-коммуникациялық кешенi темiржол, автокөлiк тарнспорттары, байланыс және пошта байланысы ұсынылған.

Автомобиль транспорты — тұтынушыларға ең сұранысқа ие және ауданда жүк және жолаушылардың негiзгi тасымалдаушысы болып табылады. Аудандағы жолаушылардың жүйелi түрде автокөлiгi жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелерiне сәйкес ұйымдастырылады. Жолаушылар ағынын талдау негiзiнде және азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, маршруттар тiзiмi жасалды.

Аудан аумағында 5 халықаралық бағыт, 14 қалааралық және аймақаралық, 3 аймақтық және 2 ауданаралық бағыттар бар.

Аудандық iшкi бағыттар:

  • ұзындығы 60 км. жолды, «Чкалово-Тайынша», Паз 32051 автокөлiгiмен «Флячинский В.Ф.» ЖК қызмет көрсетедi. Бағыт елдi мекендердi қамтиды: Чкалово, Петровка, Новоберезовка, Краснокиевка, Донецк, Подольск, Виноградовка, Мироновка, Тайынша;
  • Ильич-Тайынша, «Габдуллин Ж.Ж.» ЖК қызмет көрсетедi, маршруттың ұзындығы — 90 км., Газель автокөлiгi. Елдi мекендердi қамтиды: Агроном, Ильич, Киров, Мирное, Трудовое, Ясная Поляна, Вишневка, Виноградовка, Мироновка, Тайынша.

Тайынша қ. аумағында 3 қалалық бағыттар жұмыс iстейдi:

  • №1 бағыт «Агробизнес Колледжi-Целинная көш.» «Журавский В.К.» ЖК қызмет көрсетедi;
  • №2 бағыт «Агробизнес Колледжi-Рабочий кентi» «Гофман А.Г.» ЖК қызмет көрсетедi;
  • №3 бағыт «Баско-Автостанция», «Гетц М.И.» ЖК қызмет көрсетедi;

Екi автостанциясы бар:

  • Тайынша қ. автостанциясы өз қызметiн 2008 жылдан бастап жүзеге асырып келедi. Жекеменшiк түрi: жеке, иесi «Экспресс Тревел СК» ЖШС, басшысы Гром Сергей Николаевич;
  • Келлер а. автостанция ғимараты 1975 жылы пайдалануға енгiзiлген. Жекеменшiк түрi: жеке. Автостанция иесi: Тебоев Башир Михайлович.

Тайынша қ. 5 таксилердiң автотұрағы бар. Жолаушыларды тасымалдау «Рахат» ЖК мен «Удача» ЖК, «Мега» ЖК жүзеге асырады.

Ауданның аумағында аудандық, облыстық және халықаралық маңызы бар аудандық автобустардың және темiр жол көлiгiнiң қозғалысын ескере отырып, ауданның елдi мекендерi 100%-ы жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етiлген.

Сумен қамтамасыз ету

Аудандағы елдi мекендердiң жалпы саны — 84. Ауданның 12 елдi мекенiнде сумен қамтамасыз ету «Булаевский» топтық сумен жабдықтау жүйесiнен жүзеге асырылады, 72 ауылдық елдi мекенде ұңғымалардан және қоғамдық құдықтардан жүзеге асырылады.

Тарату желiлерi ауданның 5 елдi мекендерiнде орналасқан: Тайынша қ., Теңдiк а., Ақ-құдық а, Чермошнянка а, Тихоокеанск а.

Сумен қамтамасыз ету желiлерiнiң ұзындығы 203, 651 км. құрайды, соның iшiнде: Тайынша қ. — 172,991 км., Теңдiк а. — 2,96 км., Ақ-құдық а. — 1,2 км., Чермошнянка а. — 16,3 км., Тихоокеанск а. — 10,2 км.

Ауданның 4 елдi мекендерiнде сумен қамтамасыз ету жергiлiктi сумен қамтамасыз ету көздерiнен жүзеге асырылады:

  • Ясная Поляна ауылы (тұзсыздандыру қондырғысымен) сумен жабдықтау көзi 2008 жылы пайдалануға берiлдi, қызмет көрсетушi ұйымы «ТайыншаАстык» ЖШС;
  • Драгомировка ауылы, жергiлiктi су көзi 2007 жылы пайдалануға берiлдi, «Жаркөл» ЖШС-нiң сенiмдi басқаруында;
  • Амандық ауылында (тұзсыздандыру қондырғысымен) 2008 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргiзiлдi, қызмет көрсету ұйымы «Тайынша КоммунСервис» ЖШС;
  • Келлер ауылы (тұзсыздандыру қондырғысымен), 2011 жылы жоба бойынша жұмысын аяқтады, қызмет көрсету ұйымы «ТайиншаКоммунСервис» ЖШС;

Ауданда барлығы 84 елдi мекендер толық мөлшерде ауыз суымен қамтамасыз етiлген.

Электр және жылумен жабдықтау

Тайыншы ауданы бойынша елдi мекендердi электрмен жабдықтауды және электр желiлерiн жөндеудi «Көкшетау Энерго» ЖШС филиалы «Тайыншы Энерго» ЖШС жүзеге асырады.

Аудан бойынша электр жүйелерiнiң ұзындығы ВЛ-10 кВ. 1 109,36 км. құрайды, ВЛ-0,4 кВ. 1085 км. құрайды. Трансформаторлық қосалқы станциялар мен трансформаторлық қосалқы станциялардың саны — 528 дана. Электр қуатымен қамтамасыз етiлген елдi мекендердiң үлесi 100% құрайды.

Ауданда жылумен қамту 38 нысандар жұмыс iстейдi (орталық, жергiлiктi, автономды қазандықтар), олар әлеуметтiк және өндiрiстiк секторларға жылу бередi (мектептер, ауруханалар, кiтапханалар, тұрғын үй, бюджеттiк ұйымдар және т.б.) Бюджеттiк салалар үшiн көмiрмен тұтынушылық 14 897, 38 тонна, халық үшiн 60 215 тонна, орталық қазандықтар үшiн қатты отынға деген сұраныс 13 740 тоннаны құрайды.

«ТайыншаКоммунСервис» ЖШС 18 көпқабатты тұрғын үйге, 10 жеке үйге, 4 әлеуметтiк нысанға, 19 коммерциялық ұйымға жылу энергиясымен қамтамасыз етедi. Жылытылатын нысандардың жалпы алаңы 26847,0 шаршы метрдi құрайды. Қатты отынға нормативтiк қажеттiлiгi 4740 тоннаны құрайды.

«ТайыншаКоммунСервис» ЖШС 23 көпқабатты тұрғын үйлердi, 32 жеке үйлердi, 7 оқу орнына, 35 әлеуметтiк нысанына, 68 коммерциялық нысанына, 7 денсаулық сақтау нысаны үшiн жылу энергиясымен қамтамасыз етедi. Жылыту ғимараттарының жалпы ауданы 79358,29 ш.м. Қатты отынның нормативтiк қажеттiлiгi 9000 тоннаны құрайды.

Мақаланың шыққан күні: 28.09.2017 16:18

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.08.2018 12:07

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+