Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Зейнетақы жүйесін жаңғырту

05.06.2020 ж.

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары қазiр қалай жұмыс iстеуде?

Қазақстанда соңғы аптада осыған дейiн енгiзiлген карантиндiк шектеулердi кезең-кезеңмен алып тастау басталды. Бұл ретте коронавирустық инфекция (COVID-19) таралуының ағымдағы жағдайын және республикамыздың кейбiр қалаларында сақталып отырған карантиндi ескерудiң маңызы зор. Осыған байланысты Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бес өңiрлiк филиалы (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Солтүстiк Қазақстан облыстары) мен Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалда Қордың салымшылары мен алушыларына күндiзгi қызмет көрсету нысанына бiртiндеп көшудiң басталғанын хабарлайды.

БЖЗҚ осы филиалдарда бiрқатар шектеу iс-шараларын енгiзбек, атап айтсақ, азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша жүзеге асырылады. Жазылуды enpf.kz корпоративтiк сайтында екi-үш әрекетпен-ақ оп-оңай iске асыруға болады. «Электрондық сервистер» қосымша бетiне өтiп, «Қызмет алу кезегiн брондау» баннерiн басып, әрi қарай Сiз бiздiң филиалымызға келуге болатын ыңғайлы уақытты өз бетiңiзше таңдай аласыз. Филиалдардың жұмыс тәртiбi 9:00-ден 18: 00-ге дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.

Түскi үзiлiс кезiнде, яғни 13:00-ден 14:00-ге дейiн операциялық зал желдетуге, ылғалды шүберекпен сүртiп алуға және дезинфекциялауға/кварцтауға жабылады. Сонымен қатар жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында жұмыс үстелiнiң үстiн, орындықтарды, есiк тұтқаларын және т.б. дезинфекциялауға арналған 15 минуттан екi техникалық үзiлiс қарастырылған.

Қалған өңiрлерде 15 маусымға дейiн «БЖЗҚ» АҚ бiрқатар шектеу шараларын күшiнде қалдырды. Осылайша азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлiмшелерi кеңседе жұмыс iстеуге филиал бөлiмшесiнiң штаттық санынан 50%-дан аспайтын мамандарды тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады.

Филиалдардың байланыссыз қызмет көрсету бойынша жұмыс тәртiбi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00-ге дейiн, түскi үзiлiс 13:00-ден бастап 14:00-ге дейiн созылады. Байланыссыз қызмет көрсететiн филиалдардың мекенжайлары enpf.kz сайтына орналастырылған.

Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

  • салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);
  • салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);
  • зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.

БЖЗҚ қызметiнiң өзге де түрлерiн, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, деректемелердi өзгерту, ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасау және т.б. Сiз үйден шықпай-ақ, ENPF ұялы қосымшасы және Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтында орналастырылған Жеке кабинет арқылы онлайн режимiнде ала аласыз (электрондық қызметтердi алу тәртiбi бойынша нұсқаулықтар тиiстi бөлiмдерде қоса берiледi).

Сонымен қатар Қор қызметкерлерi салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша кеңес беруге және Қордың электрондық қызметтерiн алу үшiн қашықтықтан көрсетiлетiн қызметтердi төмендегi тәсiлдер арқылы қамтамасыз етуге әрқашан дайын:

  1. өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);
  2. 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;
  3. +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber, Facebook, ВКонтакте чат-боттары;
  4. Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;
  5. өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;
  6. Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

20.05.2020 ж.

ЕАЭО елдерiнде еңбек ету кезiнде ҚР азаматтарына ненi бiлу керек?

2019 жылдың 20 желтоқсанында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерiнiң басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше- мемлекеттердiң еңбеккерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы келiсiмге қол қойды. Ол ЕАЭО елдерiнiң еңбеккерлерiн және олардың отбасы мүшелерiн зейнетақымен қамсыздандыру мәселесiн реттейдi.

Келiсiмге қол қойылды. Бiрақ ол ЕАЭО-ның барлық елдерiнiң парламенттерi бекiткеннен кейiн ғана өз күшiне енедi.

Дегенмен ЕАЭО елдерiнiң азаматтарына, соның iшiнде ЕАЭО елдерiнде еңбек ететiн Қазақстан Республикасының азаматтарына мыналарды бiлу қажет:

  1. ЕАЭО елдерiне: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей жатады;
  2. Келiсiмде басқа мүше-мемлекеттiң аумағында еңбек немесе өзге де қызметiн жүзеге асыру арқылы зейнетақы құқықтарын қалыптастырған не қалыптастырып жүрген ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттiң азаматы еңбеккер болып есептелетiнi айқындалған;
  3. Еңбекшiлердiң зейнетақы құқықтарын қалыптастыру жұмысқа орналасқан мемлекеттiң азаматтарының зейнетақы құқықтары қалыптастырылатын тәртiп пен жағдайларда зейнетақы жарналары есебiнен жүзеге асырылады.

Зейнетақы жарналарына:

Арменияда — зейнетақы алуға құқық беретiн салықтар және (немесе) өзге де жарналар;

Беларусьте — мiндеттi зейнетақы сақтандырылуына аударылған сақтандыру жарналары;

Қазақстанда — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған зейнетақы жарналары;

Қырғызстанда — Зейнетақы қорына және Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған сақтандыру жарналары;

Ресейде — мiндеттi зейнетақы сақтандырылуына аударылған сақтандыру жарналары жатады.

ЕАЭО-ға мүше әр елде зейнетақы жарналары ресми түрде жұмысқа орналасқан, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс iстеп жүрген еңбеккерлер үшiн аударылады, тиiсiнше, егер азамат көлеңкелi секторда еңбек етiп жүрген болса, онда ол үшiн зейнетақы жарналары аударылмайды және оған қатысты бұл Келiсiм қолданылмайды.

Осыған байланысты еңбеккерлерге, соның iшiнде ЕАЭО елдерiнде еңбек қызметiн жүзеге асыратын немесе болашақта жүзеге асыруды жоспарлап жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына зейнетақы құқықтарын қалыптастыру және оларды кейiннен Келiсiм аясында iске асыру мақсатында (Келiсiм күшiне енгеннен кейiн ЕАЭО елдерiнде жинақтаған еңбек өтiлi үшiн зейнетақы алу) жұмыс берушiлермен мiндеттi түрде еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарын жасау қажет.

17.04.2020 ж.

Жыл басынан берi салымшылардың шоттарына 661,7 млрд аса теңге аударылды

БЖЗҚ салымшыларының шоттарында жинақталған зейнетақы активтерi 2020 жылдың 1 сәуiрiне 11,7 трлн теңгеден асты. Бұл ретте БЖЗҚ активтерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқарып келе жатқан 2013 жылдың қыркүйек айынан1 бергi уақыт iшiнде азаматтардың зейнетақы жинақтары құрылымындағы есептелген инвестициялық кiрiс оның 30%-дан астамын (немесе 3,9 трлн теңге) құрады.

Шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан болған инвестициялық қызмет нәтижесiнде есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi өзгеруi мүмкiн және оны ұзақ мерзiмдi перспективада қарау қажет.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 641,8 млрд теңге, яғни табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. 2018 жылы салымшылардың таза инвестициялық кiрiсi 977,2 млрд теңгеге жетiп, 5,3% инфляция кезiнде табыстылық 11,27% көрсеттi. Осылайша кiрiстiлiк көрсеткiштерi жылына қарай ерекшеленуi мүмкiн, алайда инфляция деңгейiнен әрдайым жоғары болып, зейнетақы активтерiнiң таза кiрiстiлiгi оң нәтиже бердi.

2020 жылдың басынан бастап 1 сәуiрдегi жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен (96,9 млрд. теңге) салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық. Тұтастай алғанда инвестициялық кiрiс — қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi белгiленбеген шама. Жекелеген қаржы құралдары есебiнен инвестициялық кiрiс шамасының уақытша төмендеуi зейнетақы активтерiнiң барлық инвестициялық портфелiн неғұрлым ұзақ кезең iшiнде әртараптандыру есебiнен өтеледi.

Зейнетақы ақшаларын инвестициялаудың басты қағидаты — олардың сақталуын қамтамасыз ету, яғни қандай да болмасын бiр себептерге байланысты шығынға ұшырату тәуекелдерiн азайту. Сондықтан зейнетақы активтерi отандық және шетелдiк қор нарықтары ұсына алатын алуан түрлi, оның iшiнде ең сенiмдi қаржы құралдарына салынады. Кiрiстiлiк неғұрлым көп болса — салымдарды жоғалту тәуекелдерi соғұрлым жоғары, салымдарды жоғалту тәуекелдерi неғұрлым төмен болса — кiрiстiлiк те соғұрлым аз болады. Зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн қаржы құралдарын таңдау кезiнде ҚР Ұлттық Банкi тәуекел-кiрiстiлiк қатынасында барынша ақылға қонымды теңгерiмдi қамтамасыз етуге ұмтылады.

Бұған қоса зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк көзделген, ол зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған сәттегi инфляция деңгейi ескерiлген барлық зейнетақы жарналарына таралады.

зейнетақы жинақтарын төлеу және аудару кезiнде төленген инвестициялық табысты ескере отырып

17.04.2020 ж.

Назар аударыңыз, мессенджерлерде жалған ақпарат тарады!

Мессенджерлерде таралған 42 500 теңге мөлшерiндегi төлемдер азаматтарға олардың Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жеке зейнетақы жинақтарынан жүзеге асырылады деген ақпарат шындыққа сәйкеспейдi!

Төтенше жағдайдың енгiзiлуiне байланысты табысынан айрылған азаматтарға ең төменгi еңбекақы мөлшерiндегi әлеуметтiк төлем Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жүзеге асырылады.

Тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесi жұмысының қағидаттарын ажыратып алған жөн. Азаматтардың жеке жинақ қорлары және бюджеттен тыс сақтандыру қорлары — бұл әртүрлi әлеуметтiк мәселелердi шешуге арналған жүйелер.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi — бұл салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншiктi ақшасы (зейнетақы жарналары және инвестициялық кiрiс), олар «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға арналған.

МӘСҚ активтерi — ҚР «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» заңда көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары туындаған кезде әлеуметтiк аударымдардан жинақталатын және әлеуметтiк төлемдерге арналған қаражат.

Әлеуметтiк тәуекел жағдайларына жұмысынан, еңбекке жарамдылық қабылетiнен, асыраушысынан айрылған, жүктiлiк және босануына, жаңа туған нәрестенi (сәбидi) асырап алуына, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты демалыста болуына орай табысынан айрылу жағдайлары жатады.

Жеке зейнетақы жинақтарыңызды БЖЗҚ сайтындағы (www.egov.kz) жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында, сондай-ақ электрондық үкiмет сайтында (www.egov.kz) тексерiп, олардың сақтығына көз жеткiзуге болады.

Төтенше жағдай кезеңiнде табысынан айрылуына байланысты МӘСҚ-дан әлеуметтiк төлемдi алу тәртiбi туралы ақпарат электрондық үкiмет порталында (egov.kz) немесе 42500.enbek.kz сайтында қолжетiмдi.

Азаматтардан тек ресми көздерден алынған сенiмдi ақпаратты ғана пайдалануды сұраймыз!

28.02.2020 ж.

Шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын қалай алуға болады?

Қазақстаннан басқа елдерге тұрақты тұруға кеткен бұрынғы отандастарымыздың көпшiлiгiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын қалай алуға болатындығы мазалайтыны белгiлi.

Айта кету керек, жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) есепке алынатын жинақ ақша салымшының меншiгi болып табылады және салымшы келiп алғанша, тiптi ол шетелге көшiп кетсе де Қорда мерзiмсiз сақтала бередi.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Сонымен Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтық жоқ адамдар Қорға өздерi келiп өтiнiш бергенде мына төмендегi құжаттарды ұсынады:

1) БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген нысан бойынша толтырылған өтiнiш;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк паспорттың көшiрмесi және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы;

3) алушының банк шоты туралы мәлiмет.

БЖЗҚ жоғарыда көрсетiлген құжаттарды алған соң, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының ақпараттық жүйелерiнен өтiнiш жасаған шетелдiкте немесе азаматтығы жоқ адамда Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң бар-жоғы және оның жарамдылығы туралы мәлiметтердi сұратады.

Егер өтiнiш жасаған шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты

Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органы берген шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң не болмаса Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң жарамсыздығы туралы мәлiметтер алынса, сондай-ақ шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсатының күшi жойылған жағдайда БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе құжаттар келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударады. Егер алушының шоты Қазақстан аумағында жұмыс iстейтiн екiншi деңгейдегi банкте/жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымда ашылса, зейнетақы төлемдерi ұлттық валюта — теңгемен аударылады. Ал егер алушының шоты Қазақстан аумағынан тыс жердегi шетелдiк банктерде ашылған болса, АҚШ долларымен, евро, фунт стерлинг немесе ресейлiк рубльмен аударылады.

Егер өтiнiш жасаған шетелдiктiң немесе азамат­тығы жоқ адамның Қазақстан Респуб­ликасының уәкiлеттi органы берген Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiнiң немесе шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатының не болмаса азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң бар екендiгi және жарамдылығы туралы мәлiметтер алынса, сондай-ақ өтiнiш жасаған шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Респуб­ли­касынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенi жайында мәлiметтер болмаса, БЖЗҚ өтiнiш жасалған күнi құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты бере отырып, өтiнiштi қабылдаудан немесе құжаттарды алған кезден бастап 10 жұмыс күнi iшiнде хабарлама жолдау арқылы бас тарту себебiн көрсете отырып, өтiнiштi орындаудан бас тартады. Сондықтан Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетпей тұрып, елден кетуге арналған құжаттарды белгiленген тәртiпте рәсiмдеу қажет.

Егер шетелдiк және азаматтығы жоқ адам бұлай iстемесе, Қордан зейнетақы жинақтарын алу үшiн Қазақстанға қайта келiп, елде тұруға ықтиярхат алып, ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң көшi-қон органдарында елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеуiне тура келедi. Айта кетелiк, бұл шара шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтың Қазақстанда орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

ҚР Iшкi iстер министрлiгi Қазақстаннан кетудi рәсiмдеуге қатысты ақпараттардың барлығын ҚР Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына жiберiп отырады. Ал БЖЗҚ құжаттарды тексеруге алған кезде өтiнiш берушiнiң шетелге көшетiндiгiн растау үшiн осы Мемлекеттiк дерекқорға сауал жiбередi.

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы 
  2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы  
  3. Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 Қаулысы (2015.28.11. берiлген өзгерiстермен)
  4. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  5. Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi № 341 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстермен)
  6. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 984 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  7. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттер меншiктi қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 Қаулысы (2015.10.12. берiлген өзгерiстермен)

ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті сауалдары

09.06.2020 ж.

«БЖЗҚ» АҚ өзектi сауалдарға жауап бередi

1) Сәлеметсiздер ме! Мен БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алғанмын және екi-үш күн сайын жеке зейнетақы шотымнан үзiндi көшiрмемдi қарап, тексерiп отырамын. Байқағаным, сома үнемi өзгерiп отырады, оның тек көбейiп қана қоймай, кемiп отыратын кездерi де болады. Неге олай болатынын түсiндiрiп берiңiздершi?

Үзiндi көшiрмеден Сiз зейнетақы жарналары мен түскен қаражатты инвестициялаудан алынған инвестициялық табыстан тұратын зейнетақы жинақтарының сомасын көресiз.

Естерiңiзге сала кетейiк, жеке зейнетақы шотына келiп түскен зейнетақы жарналары БЖЗҚ-да сақталып қана қоймайды, оны зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы — Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (ҚРҰБ) түрлi қаржы құралдарына инвестициялайды. Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiне және БЖЗҚ инвестициялық декларациясына сәйкес инвестициялау лимиттерiне инвестициялайды.

Сiз жинақтар сомасының өзгерiсiн олардың зейнетақы активтерiн инвестициялау нәтижелерiне сәйкес күн сайын қайта есептелiп, қайта бағаланып отыратындығынан көрiп отырасыз.

Инвестициялық табыс тұрақты шама емес, сол себептi ол қысқа мерзiм iшiнде оң нәтиже немесе сол нәтиже көрсетуi мүмкiн.

БЖЗҚ салымшыларының қаражаты тәуекелдердi азайту мақсатында инвестициялау түрлерi, бағыттары, оның iшiнде валюталар бойынша әртараптандырылатынын есте сақтау маңызды. Мысалы, қазiргi уақытта инвестициялардың 2/3 теңгемен және 1/3 шетел валютасымен, соңғысының басым бөлiгi — АҚШ долларымен номиналданады.

Сондай-ақ инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түрiндегi табыстар, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыстар және т.б. кiредi.

Мысал ретiнде салымшылар мен алушылардың шоттарына 2020 жылы есептелiнген инвестициялық табысты қарастыруға болады. Қаңтар айында таза инвестициялық табыс +28,15 млрд теңгенi, ақпан айында +111,7 млрд теңгенi, наурыз айында +521,8 млрд теңгенi, сәуiр айында — 125,6 млрд теңгенi, мамырдан бастап 2 маусымға дейiнгi аралықта — 102,4 млрд теңгенi құрады.

Наурыз айында инвестициялық табыстың айтарлықтай өсуi (+521,8 млрд.теңге), ал сәуiр, мамыр және маусым айларының басында инвестициялық табыстың төмендеуi байқалады. Бiрақ соған қарамастан 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 2 маусымға дейiнгi кезеңдегi инвестициялық табыстың жалпы сомасы +433,6 млрд теңгенi құрап, оң нәтижеге қол жеттi.

Егер осы жылдың наурыз айы нелiктен соншалықты табысты болғанын анықтағыңыз келсе, бiрнеше айға кейiн шегiнейiк және дәл наурыз айында АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшiн 381-ден 448 теңгеге дейiн артқанын еске түсiрелiк. Дәл сол кезде бiз оң нәтиженi көрдiк. Себебi, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерiн оң валюталық қайта бағалау зейнетақы активтерi бойынша таза инвестициялық табыстың елеулi өсуiне әсер еттi.

Сәуiр айында керiсiнше, АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 448 теңгеден 424 теңгеге дейiн төмендеп, нығая түстi. Ұлттық валютаның нығаю үрдiсi 2020 жылдың мамырында да жалғасты. АҚШ долларының құны 411 теңгеге дейiн төмендедi. Маусымның алғашқы күндерi ұлттық валюта бағамының 1 АҚШ доллары үшiн 402 теңгеге дейiн төмендеуiмен сипатталды. Тиiсiнше, валюталық құралдарға орналастырылған зейнетақы активтерiн терiс бағалау орын алып, ол өз кезегiнде инвестициялық табыстың төмендеуiне ықпал еттi.

Зейнетақы жинақтары — бұл ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық табыс мөлшерiн кем дегенде бiр жыл кезеңде талдаған дұрыс екендiгiне назар аударамыз.

2) Жақында мен өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитетi шарты бойынша аудара алатынымды бiлдiм. Ол үшiн менiң шотымда қаншалықты сома болуы керек және қаражатымды сақтандыру ұйымына аударған немесе БЖЗҚ-да қалдырған жағдайда қандай төлем алатынымды бiлсем бола ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбiр салымшысы Қордың сайтындағы ең танымал сервистердiң бiрi — болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан да, сақтандыру ұйымынан да алатын өзiнiң болашақ зейнетақы төлемдерiн дербес есептей алады. Атап айтқанда, ол Қазақстанның көп деңгейлi зейнетақы жүйесi аясындағы зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттiк базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы.

Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан) болжамды мөлшерi зейнеткерлiк жасқа толуға жеткiлiктi болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау және зейнетақы төлемдерiн өмiр бойына алу мүмкiндiгi туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берiлетiн аннуитеттiк төлемнiң болжамды мөлшерiн сол жерде бiлуге мүмкiндiк бередi. Осылайша Сiз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берiлетiн төлемдермен өзiңiзше салыстыруға қол жеткiзе аласыз.

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшiн болжамды калькулятордағы туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтың сомасы және т.б. сияқты барлық қажеттi бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тiркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебi екi-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан берiлетiн болашақ төлемдерiңiздi есептеу нәтижесi үш сценарийде берiледi: пессимистiк, шынайы және оптимистiк. Барлық үш нұсқа кiрiстiлiктiң болжамды деңгейiн ескередi. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көрiнiсте (болжамның тиiстi кезеңiнiң инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлiкке шығатын жасыңыз бен мерзiмдi, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т. б. көре аласыз.

Жоғарыда аталған тамаша мүмкiндiктермен қатар enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшiн ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткiлiктi сомасын есептеу мүмкiндiгi де бар. Ол үшiн Сiзге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.

3) Қайырлы күн! Менiң сiздерден сұрайын дегенiм, төтенше жағдай кезеңiнде мен 42 500 теңге мөлшерiндегi жәрдемақыны екi рет алдым, бұл менiң зейнетақы шотыма қандай да бiр әсерiн тигiзе ала ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 42 500 теңге көлемiнде берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақыға ешқандай қатысы жоқ. Төтенше жағдай енгiзiлуiне байланысты табысынан айырылған азаматтарға ең төменгi жалақы мөлшерiнде берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берiледi.

МӘСҚ активтерi — әлеуметтiк аударымдардан жинақталған қаражат, ол ҚР «Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы» Заңында көзделген әлеуметтiк тәуекел жағдайлары туындаған кезде берiлетiн әлеуметтiк төлемдерге арналған. Әлеуметтiк тәуекел жағдайларына, мәселен, жұмысынан, еңбек ету қабiлетiнен, асыраушысынан айрылу, жүктiлiгi және босануына, жаңадан туған нәрестенi (сәбидi) асырап алуына, сондай-ақ бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты демалысты болуына орай табысын жоғалту жатады.

Ал БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерi — бұл «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы төлемдерiне арналған салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы меншiктi ақшасы (зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысы).

Сонымен қатар БЖЗҚ-дағы Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi. Заңның 5-бабына сәйкес, мемлекет алушыларға БЖЗҚ-дағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

4) Бiлгiм келетiнi, «БЖЗҚ» АҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiне жеке табыс салығы салына ма? Егер салынатын болса, мөлшерi қандай?

«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiн (бұдан әрi — Заң) қолданысқа енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабында баяндалған редакциядағы Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 320 және 326-баптарына сәйкес салық салуға жататын зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыс түрлерi мен зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыстарға қолданылатын салық мөлшерлемесi айқындалған.

Атап айтқанда, 320-бапқа сәйкес — Салық төлеушiнiң табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарды қоспағанда, оларға 5 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады.

326-бапқа сай — Салық салуға жататын зейнетақы төлемдерi түрiндегi табысқа Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын:

1) салық төлеушiлердiң:

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары;

ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт талаптарына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары;

2) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерге тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

3) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрғылықты тұратын жерге кеткен Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларына;

4) жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған зейнетақы жинақтары;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамды жерлеуге арналған бiржолғы төлем түрiнде жеке тұлғаларға жүзеге асыратын төлемдер жатады.

5) Сәлеметсiз бе! Жақында Норвегияның зейнетақы қоры туралы мақала оқыдым, олардың Қорында жұмсауға үлгере алмай жатқан орасан зор сома жиналып қалған екен, ал бiздiң БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерi неге сонша аз?

Салыстырудың өзi қисынсыз, өйткенi өзiнiң атауына қарамастан Норвегия азаматтарын зейнетақымен қамсыздандыру Норвегияның мемлекеттiк зейнетақы қорының бастапқы және басым мiндетi болып табылмайды. Мемлекетке тиесiлi бұл Қор сонымен бiрге жинақтаушы және тұрақтандырушы ұйым болып табылады және оның мiндетi — бюджет саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Норвегия Парламентiне тиесiлi Қордың мемлекеттiк бюджетке жыл сайынғы транштарының зейнетақы төлемдерiн қамтамасыз ету туралы қатаң нысаналы мақсаты жоқ, бұл Норвегия бюджетiн қаржыландыру көздерiнiң бiрi ғана, ал оларға бөлiнетiн қаражат Скандинавия елiнiң экономикасы мен өмiрiнiң түрлi салаларына бағытталуы мүмкiн.

МЗҚ-ның БЖЗҚ-дан тағы бiр ерекшелiгi, қазақстандық Қорға қарағанда норвегиялық активтер азаматтардың дербестендiрiлген жинақтары болып табылмайды, шын мәнiнде Норвегияның ұлттық әл-ауқатын тұрақтандыру қоры болып табылады. Осылайша Норвегияның Мемлекеттiк зейнетақы қорының жинақтарды қалыптастыру қағидаты мен стратегиялық мақсаттарын қазақстандықтардың жеке зейнетақы жинақтары қалыптастырылатын БЖЗҚ-мен емес, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорымен (ол өз уақытында дәл осы норвегиялық үлгi бойынша құрылған) салыстырған дұрыс болар едi.

18.05.2020 ж.

«БЖЗҚ» АҚ өзектi сауалдарға жауап бередi

1) Қайырлы күн! Мен абайсызда БЖТ-ны басқа айға төлеп жiберiппiн, төлемдi қалай қайтарып алуға болады?

№4 Қағидалардың 12-тармағына сәйкес қате төленген БЖТ-ны қайтарып алу үшiн төлем жасаушы, банк немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым Мемлекеттiк корпорацияға №4 Қағидаларда белгiленген нысан бойынша қате төленген БЖТ-ны қайтару туралы өтiнiш берiп, оған төлем құжатының немесе БЖТ төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қоса тiркейдi.

Агент өтiнiшiнiң негiзiнде Мемлекеттiк корпорация БЖЗҚ-ға қате аударылған БЖТ сомасын аудару туралы электрондық өтiнiм жолдайды.

БЖЗҚ электрондық өтiнiм алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде БЖТ төлеушiлердiң аты-жөндерi мен телефон нөмiрлерi, өтiнiм берген күндерi көрсетiлген тiзiмдi қоса тiркей отырып, Мемлекеттiк корпорацияға қайтарым жасайды.

БЖТ-ның толық сомасын алған кезде Мемлекеттiк корпорация сомалар түскен күннен бастап үш операциялық күн iшiнде оларды БЖТ төлеушiнiң қате төленген БЖТ сомасын қайтару туралы өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына төлем тапсырысымен аударуды жүргiзедi.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты қате есептелген БЖТ сомаларын қайтаруды жүзеге асыру немесе Мемлекеттiк корпорацияға БЖТ сомасын аударған банктiң немесе ұйымның деректемелерiн нақтылау мәселесi бойынша тұрғылықты жерде орналасқан Мемлекеттiк корпорация бөлiмшесiне жүгiну қажет.

2) Мен жақында босану және бала күтiмiне байланысты демалысқа шығуға дайындалып жүрмiн. Жұмысымды тоқтататындықтан зейнетақы жинақтарымның жай-күйi не болмақ?

Сәбиiңiздi дүниеге әкелгенннен кейiн Сiзге бала күтiмiне байланысты демалыста отырған аналарға арналған мемлекеттiк қаржылай көмек берiлуi тиiс. Осындай нысандардың бiрi — бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) субсидиялау. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 330 бұйрығымен бекiтiлген Қағидалардың 2-тарауы 4-тармағына сай МЗЖ-ны бюджет қаражаты есебiнен субсидиялау әлеуметтiк төлем алушылардың пайдасына ай сайын жүзеге асырылады. Яғни, бала бiр жасқа толғанға дейiн анасының жеке зейнетақы шотына ай сайын бюджет және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы зейнетақы жарналары аударылып отырады.

МЗЖ субсидиялау барысында әйелдердiң зейнетақы аударымдарының мөлшерi төмендемейдi және Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдердi алған кезең iшiнде бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемнiң мөлшерi әйелдiң есептелген табысы мөлшерiнiң деңгейiнде сақталады.

Яғни, мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерi босану және бала күтiмiне байланысты демалысқа шыққанға дейiнгi белсендi еңбек қызметi кезеңiнде аударылған МЗЖ (табыстың 10%) деңгейiнде сақталады. Осылайша 10 %-дық жарнаның:

4% — бала күтiмiне байланысты төлем аударатын Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (МӘСҚ);

6% — республикалық бюджеттен (субсидия) бөлiнедi.

Мысалы, бала туғанға дейiн әйелдiң ай сайынғы жалақы мөлшерi 150 000 теңгенi құрады делiк. Ай сайын оның БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына осы сомадан 10% МЗЖ, яғни 15 000 теңге аударылып отырған едi. Босану және бала күтiмiне байланысты демалысқа шыққаннан кейiн осы жарнаның сомасы сақталуы тиiс, бұл ретте табыстың 4% (6000 теңге) МӘСҚ-дан, ал 6% (9000 теңге) республикалық бюджеттегi субсидиялар есебiнен төленедi.

Айта кету керек, мемлекеттiк субсидияларды есептеу үшiн құжаттар жинау немесе бiр жерге өтiнiш берудiң қажетi жоқ. Субсидиялар бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша жәрдемақы есептеу кезiнде әйелдiң зейнетақы шотына автоматты түрде есептеледi және аударылады.

3) Сәлеметсiздер ме! Жақында БЖЗҚ салымшыларына есептелетiн инвестициялық табыс көбею жағына қарай да, азаю жағына қарай да өзгерiп отыратындығы туралы оқыған едiм. Сұрайын дегенiм, бiздiң ақшамызды кiм инвестициялайды, БЖЗҚ ма, әлде Ұлттық банк пе? Бүкiл қаржыға алтын сатып алып, оның құны өскенше жай ғана күтiп отыруға бола ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. Басқару тиiмдiлiгiн арттыру, инвестициялау бағыттары және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн анықтау бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын орган — ҚР Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес. ҚР Ұлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органы — БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерi есебiнен сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

Екiншi мәселеге қатысты, тәуекелдердi басқарудың базалық қағидаттарына сай барлық зейнетақы жинақтарын құралдардың бiр түрiне жiберуге жол берiлмейтiнiн атап өткен жөн. Сондықтан портфельдi валюталар мен құралдар түрлерi бойынша әртараптандыру, инвестициялардың жағрафиясын, зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынатын қаржы құралдарының спектрiн кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Бұл тәуекелдердi төмендетiп, жалпы зейнетақы портфелiн қорғауды қамтамасыз етедi.

4) Бес жыл бұрын БЖЗҚ-да маған шот ашылды. Өкiнiшке орай, соңғы уақытта менiң ресми жұмысым болмай ешқандай аударым жасай алмадым. Менiң зейнетақы жинағым күйiп кеттi ме?

Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз Сiздiң меншiгiңiз болып табылады және жеке зейнетақы шотыңызда зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн немесе оларды төлеу үшiн өзге де негiздер туындағанға дейiн сақталады. Жеке зейнетақы шоттарындағы ақша БЖЗҚ-да мерзiмсiз сақталатынын және олардың нақты әрекет ету мерзiмi жоқ екенiн есте сақтаған жөн. Бұған қоса оларға тұрақты түрде инвестициялық табыс есептеледi. Ол күн сайын әрбiр қаржы күнiнiң соңында шоттағы қаржыға ол бiткенге дейiн есептеледi. Егер Сiз зейнеткерлiкке шығып, зейнетақы төлемiн ала бастасаңыз да шоттағы қалған жинағыңызға инвестициялық табыс есептелiп отырады.

Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемiн алу құқығы туындаған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып, олар аударған мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталатынына кепiлдiк бередi («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

5) Қайырлы күн! Келесi жылы менiң әкем зейнеткерлiкке шығады. Жақында бiз үзiндi көшiрменi қараған едiк, онда шамамен 900 000 теңгедей шағын қаржы жиналып тұр екен. Осы соманы толық бере аласыздар ма?

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларының ережелерiне сәйкес БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын белгiленген кесте бойынша жүзеге асырылады және Сiз оны бiр мезгiлде ала алмайсыз.

Өтiнiш жасалған күндегi зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда ғана бұл сома БЖЗҚ–дан алушыға бiр мезгiлде бiрақ төленедi (2020 жылы бұл сома 01.04.2020 ж. бастап 485 292 теңгеге тең).

20.04.2020 ж.

Үйден шықпай-ақ өзiңiздiң жеке мәлiметтерiңiзге қалай өзгерiстер енгiзуге болады?

Тұтынушылар арасында онлайн-қызметтердi алу танымалдығы артып келедi. Бұл өте ыңғайлы және ел үкiметi коронавирусқа қарсы күрес аясында қабылдаған карантиндiк шараларға байланысты ерекше өзектi болып отыр.

БЖЗҚ-да салымшыларға (алушыларға) электрондық форматта, яғни кеңселерге бару қажеттiлiгiнсiз қызмет көрсетудiң енгiзiлгенiне де бiрнеше жыл болып қалды және бұл бастама сәттiлiкпен жалғасын табуда.

Айта кету керек, 2018 жылы «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясы жүргiзген мемлекеттiк қызметтердiң қоғамдық мониторингi нәтижелерi бойынша үздiк бестiкке кiрдi. Осы зерттеу БЖЗҚ сайтын, оның ыңғайлы интерфейсiн, ауысу жылдамдығын және ақпараттың қазақ және орыс тiлдерiнде болуын жоғары бағалады.

Қордың барлық операцияларының 80%-дан астамы онлайн арқылы жасалады. Мысалы, Жеке кабинетте тiркелiп, ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға және өзiңiздiң жинақтарыңызды онлайн бақылауға болады, сондай-ақ өзiңiздiң ұялы телефоныңызға жүктеп алған болсаңыз, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы да бұл қызметтерге оңай қол жеткiзе аласыз. Жеке кабинетте бiрнеше рет басу арқылы Сiз зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және көптеген басқа да мәлiметтердi көре аласыз. «Жеке кабинет»сервисiн:

1) БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында және ұялы қосымшада авторланудың электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе өзiнiң ЖСН мен паролiн енгiзу сияқты екi тәсiлi арқылы қолдануға болады, жоғарыда көрсетiлген тәсiлдермен авторланғаннан кейiн, саусақ iзiнiң көмегiне (бар болса) жүгiне аласыз;

2) www.egov.kz электрондық үкiмет сайтында ЭЦҚ немесе бiр реттiк паролдi пайдалану арқылы тұтыну мүмкiндiгi бар.

ЭЦҚ-ны электрондық үкiмет порталында еш қиындықсыз-ақ онлайн арқылы алуға болады.

Мысалы, өз деректемелерiне өзгерiстер енгiзгiсi келетiн салымшыларға (алушыларға) сайттағы «Электрондық сервистер» бөлiмiне кiрiп, онда «Деректемелерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу» бөлiмiн табу қажет. Сiздiң алдыңызда әрекет алгоритмi толық сипатталған бейне нұсқаулық ашылады. Оларды басшылыққа ала отырып, пошталық немесе электрондық мекенжай, телефон нөмiрi тәрiздi байланыс ақпаратыңызға өзгерiстер енгiзуге және (немесе) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге болады.

БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алып отыратын жеке зейнетақы шотын ашпағандар үшiн 2019 жылдың 08 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-ға алғашқы жарна түскен, оның iшiнде бiрыңғай жиынтық төлемдi аударған кезде жоғарыда аталған шот автоматты түрде ашылатынын ескертiп өткеннiң еш артықтығы жоқ. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру жарнаны аудару кезiнде көрсетiлген дербес деректерi бойынша жүзеге асырылады. БЖЗҚ басқа барлық қажеттi мәлiметтердi (жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi және т.б.) Қазақстан Республикасы заңнамасының ережесiне сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорынан алады.

20.04.2020 ж.

БЖЗҚ өзектi сауалдарға жауап бередi.

1. Қайырлы күн, қазiр бүкiл әлем бойынша коронавирус пандемиясы өршiп тұр. Мен мейрамхана саласында жұмыс iстеймiн, бiздi карантинге байланысты ақысыз демалысқа жiбердi. Өкiнiшке орай, көпшiлiк сияқты бiздiң де ақшамыз таусылды, ал азық-түлiк күн сайын қымбаттап жатыр. Менiң БЖЗҚ-дағы шотымда 200 мың теңге көлемiнде шағын ақшам бар, мен оны зейнетке шыққанға дейiн мерзiмiнен бұрын ала алам ба?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражатыңызды мерзiмiнен бұрын алу мүмкiн емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтерiне құқығы заттық құқықтар қатарына жатады және тек Заңда айқындалған мақсаттарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға пайдаланылуы мүмкiн.

Осылайша БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегi адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас;

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес зейнетақы төлемiн қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау жолымен ерлер — 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жоғарыда көрсетiлген жағдайларда ғана жүзеге асыруға құқылы.

Есiңiзге сала кетейiк, төтенше жағдай кезеңiнде табысынан айрылған азаматтар, атап айтсақ, еңбекақысы сақталмаған мәжбүрлi демалысқа шығумен байланысты Сiздiң жағдайыңызда, төлемдер Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан (МӘСҚ) берiледi. Бiр қызметкерге төленетiн әлеуметтiк төлем мөлшерi бiр ең төменгi жалақыны немесе айына 42,5 мың теңгенi құрайды. Толығырақ Сiз egov.kz электрондық үкiмет порталынан не https://42500.enbek.kz сайтынан бiле аласыз.

2. Анам 54 жаста, ол ресми түрде жұмыс iстемейдi, тек өзi тiккен бұйымдарын сатумен айналысады. Бiз, балалары, ол кiсiге ақша жағынан көмегiмiздi берiп отырамыз, бiрақ анам еңбек өтiлiнiң өте аз болғаны үшiн алаңдайды. Болашақта базалық зейнетақы мен БЖЗҚ-дан берiлетiн төлемдердi алу үшiн ол кiсiге зейнетке шыққанға дейiн еңбек өтiлiн қалай көбейтуге болады? БЖТ төлеу жеткiлiктi ме?

Иә, Сiздiң жағдайыңызда Бiрыңғай жиынтық төлем жақсы шешiм. БЖТ төлеу үшiн салық органдарына тiркелудiң қажетi жоқ, тек бiрыңғай жиынтық төлемнiң белгiленген сомасын төлеу қажет. Ай сайынғы бiрыңғай жиынтық төлем мөлшерi республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшiн — 1 АЕК (2651 теңге.), басқа елдi мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшiн — 0,5 АЕК (1325.5 теңге.). Төлем екiншi деңгейдегi банктер арқылы Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк корпорациясының (ХҚКО) шотына бiр сомамен жүзеге асырылады. Төлем жасау үшiн банкте ағымдағы шот ашу талап етiлмейдi. Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттiк корпорация мынадай пропорцияда бөледi: 10% — жеке табыс салығы (ЖТС); 20 % — әлеуметтiк аударымдар (ӘА); 30 % — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40 % — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлiк жасқа толған адамдар үшiн төлемнiң барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтiк төлемдерге бөлу жүргiзiлмейдi.

Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi мен қалыптастырған жинақ көлемiне қарай зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi. Яғни, анаңыз расталған еңбек өтiлi бойынша базалық зейнетақы алу мүмкiндiгiне ие болады. Бұған қоса БЖТ төленгеннен кейiн анаңыз мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болады және медициналық мекеменi таңдау құқығымен сомасы мен түрлерi бойынша шектеусiз медициналық қызметтерге қол жеткiзедi, сондай-ақ ол еңбек ету қабiлетiнен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған және заңда көзделген басқа да жағдайларда әлеуметтiк төлемдердi ала алады.

Сонымен қатар келешекте лайықты зейнетақы алуды қамтамасыз ету және анаңыздың зейнетақы шотын толықтыру үшiн Сiз немесе анаңыз ерiктi зейнетақы жарналары аударымдарын жасап отырсаңыздар болады. Жарна мөлшерi мен ЕЗЖ төлеу кезеңдiлiгiн, сондай-ақ ЕЗЖ төлеу құқығы туындаған кезде жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртiбiн өзiңiз белгiлейсiз. Ерiктi зейнетақы жарналарын төлеудi өз еркiңiзбен жүзеге асыруыңыз керек. Ол үшiн БЖЗҚ-мен шарт жасап, БЖЗҚ-ға ерiктi аударымдарды Шартта көрсетiлген банк деректемелерi бойынша аудару қажет. Ыңғайлы болу үшiн БЖЗҚ сайтында ЭЦҚ-ның өзектi кiлтi арқылы ерiктi зейнетақы шотын ашу бойынша онлайн қызмет iске асырылды. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктiк сервистер — Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады. Нәтижесiнде ЕЗЖ анаңыз үшiн базалық зейнетақыға тамаша қосымша төлем болуы мүмкiн.

3. Сәлеметсiз бе, бiз қала үлгiсiндегi шағын кентте тұрамыз. Бұрын әкем жеке шотынан үзiндi көшiрме алу үшiн БЖЗҚ филиалына өзi баратын. Қазiр бiздiң елде ғана емес, бүкiл әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты ол кiсi сiздердiң бөлiмшелерiңiзге бара алмайды. Зейнетақы шотына аударылған түсiмдердi үйден шықпай-ақ қалай бақылап отыруға болады?

Сiз БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотыңыздағы қаражат қозғалысын үйден шықпай-ақ, өзiңiзге ең ыңғайлы әдiстi таңдап, оп-оңай қадағалай аласыз. Үзiндi көшiрме алудың ең жылдам жолы — электрондық тәсiл. Үзiндi көшiрменi enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе egov.kz. электрондық үкiмет порталы арқылы алуға болады. Оған кiру үшiн сайтқа тiркелiп, өз деректерiңiз бен паролiңiздi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткiлiктi. ЭЦҚ-ны egov.kz порталынан онлайн алу мүмкiндiгi де жасалған.

Сiз смартфондар мен планшеттерге арналған жаңартылған ұялы қосымшаны да пайдалансаңыз болады. Ұялы қосымшаға тiркелу үшiн пайдаланушы ұялы телефонына смс-хабарламамен жiберiлетiн бiржолғы парольдi қолданады. Ұялы қосымшада авторланудың екi түрлi тәсiлi бар: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану. Сондай-ақ пайдаланушы ұялы құрылғысында бар болса, Android үшiн Touch ID және IOS үшiн Face ID мен IOS арқылы кiре алады.

БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сiз жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрме ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиi қойылатын сұрақтарға жауап беретiн онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа көптеген мүмкiндiктерге қол жеткiзе аласыз.

4. Сәлеметсiздер ме, менiң есiмiм Николай, жасым 61-де, яғни зейнеталды жастағы адаммын. Жақында жұмыста сөгiс алдым және бастығыммен дауыс көтеруге дейiн барған кикiлжiң орын алды. Ол маған жұмыстан босатып қана қоймай, зейнетақы шотыма салынған қаражатымды да шешiп алатыны туралы айтып, қорқытпақшы болды. Менiң зейнетақы жинағымның жай-күйi туралы үзiндi көшiрменi менен басқа кiм көре алады, түсiндiрiп берiңiзшi!?

Уайымдауға еш негiз жоқ, себебi, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарындағы ақша қалдықтары мен олардың қозғалысы туралы мәлiмет зейнетақы жинақтарының құпиясы болып табылады. Сiздiң бастығыңыз Сiздiң орныңызға жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрменi ала алмайды. Кез келген үшiншi тұлғаға ақпарат беру тек нотариалды куәландырылған сенiмхат немесе сот шешiмi болған кезде ғана мүмкiн. Ал Сiздiң жеке зейнетақы шотыңыздан ақша шешiп алу тiптi де мүмкiн емес, себебi оған жарналар Сiздiң жалақыңыздан аударылады және жинақ Сiздiң жеке меншiгiңiз болып есептеледi, оны тек өзiңiз заңда көзделген жағдайларда ғана пайдалана аласыз.

5. Аз уақыт бұрын әжемiз өмiрден озды. Жерлеу рәсiмiн өткiзгеннен кейiн бiздiң есiмiзге БЖЗҚ-да әжемнiң зейнетақы шоты бар екенi түстi. Ол кiсiнiң шотында қалған қаражаты туралы үзiндi көшiрменi қалай алсақ болады? Мен немересiмiн.

Салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы анықтамалар заң немесе өсиетте көрсетiлген мұраға құқық туралы куәлiкке сәйкес мұрагер болып табылатын тұлғаларға немесе соттарға олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша ұйғарым негiзiнде жазбаша сұраныс бойынша берiлетiндiгiн ескерткiмiз келедi. Бұдан бөлек, жеке зейнетақы шотының болуы, ондағы ақша қалдықтары және қозғалысы туралы анықтамалар, салымшы немесе алушы қайтыс болған жағдайда, нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргiзуiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.

Сонымен қатар алушы, сондай-ақ БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар, зейнеткерлiк жасқа толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеудi жүзеге асырған адамға тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 52,4 еселенген айлық есептiк көрсеткiш, бiрақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан аспайтын мөлшердегi (2020 жылы 1 АЕК 2 651 теңгеге тең, тиiсiнше, жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем 138 912 теңгенi құрайды) жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем жүзеге асырылады. Егер жерлеуге берiлетiн бiржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейiн алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен аспайтын соманы құрайтын болса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретiнде төленедi.

Зейнетақы жинақтары өсиет немесе заң бойынша мұраға қалдырылады. Өсиет мүлде болмаған не ол мұраның тағдырын толық айқындай алмайтын, сондай-ақ азаматтық заңнамада белгiленген өзге де жағдайларда заң бойынша мұрагерлiк ресiмделедi.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 6-бөлiмiне (мұрагерлiк құқық) сәйкес мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұрагердiң мұраны қабылдау туралы өтiнiшiн не мұрагердiң мұраға құқық туралы куәлiк беру туралы өтiнiшiн беру арқылы жүзеге асырылады. Мұра мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай iшiнде қабылдануы мүмкiн.

Қажеттi құжаттардың тiзбесi беру тәсiлiне қарай БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz/ru/services/recipient/heir.php сайтында орналастырылған.

20.04.2020 ж.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы жылдам және оңай алыңыз

Уақыты сағат тiлiндей санаулы, сабақ кестесiндей айқын дағдыға үйренген еңбекке жарамды әрбiр азаматтың кейiн еңбек демалысына шыққан кезеңде ай сайын алып отыратын тұрақты табысы, күнкөрiс деңгейi үшiн алаңдайтыны белгiлi жәйт. Осындай алаңдаушылыққа жол бермеу үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесi, зейнетақыны төлеу, зейнетақы қорына құйылатын жарна түрлерi, болашақ зейнетақыны көбейту жолдары, жалпы зейнетақы қызметтерi туралы көптеген мәселелер бойынша өз салымшыларына ақпарат беру тәсiлдерiн заман талабына сай үнемi дамытып келедi.

Осы тұрғыда БЖЗҚ-ның қарапайым халық үшiн ең қолжетiмдi тәсiлi — ұялы қосымша қызметi бойынша нақты мәлiмет бере кетудi жөн көрдiк. Ұялы қосымшаның көмегiмен зейнетақы шотыңыздағы жинақтың жай-күйi туралы үзiндi көшiрме алып, жинағыңызды толықтай басқара аласыз. Ол үшiн Сiздiң Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен жасалған шартыңызда шотыңыздан ақпарат алу тәсiлi ретiнде «интернет байланысы» таңдалған болуы керек. Егер ақпарат алу тәсiлi белгiленбеген болса, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қор бөлiмшесiне барып, қосымша келiсiмге қол қойсаңыз жеткiлiктi. Кейiн логин мен құпия сөздiң немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен автор ретiнде айқындалып, шоттың жай-күйiн бiлуге болады. Ал логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрi қолданылады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тiркелу үшiн бiр реттiк парольдi қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретiнде жiберiледi.

Осылайша ұялы қосымшада екi әдiс бойынша: жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпиясөздi (пароль) енгiзу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесiне арналған Touch ID және IOS жүйесiне арналған Face ID сканерлiк жүйесiн де қолдана алады.

Қордың ұялы қосымшасы әдеттегiдей Google Play және App Store порталдарынан тегiн жүктеп алынады. Бұл ретте пайдаланушы қазақ немесе орыс тiлдерiн таңдай алады.

Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi жылдам алу үшiн ENPF мобильдi қосымшасы жаңартылды. Ендi ыңғайлы жасалған интерфейс смартфон немесе планшетiңiз арқылы үзiндi көшiрменi тиiстi батырмаларды бiрнеше рет басу арқылы жылдам алуға мүмкiндiк берiлдi. Бұл үшiн «Жеке кабинет» белгiшесiн басып, одан әрi «Қызметтер» бөлiмiнен «Электрондық үзiндi көшiрме» iшкi бөлiмiн таңдау қажет. Үзiндi көшiрменi кез келген кезең бойынша қалыптастыруға да болады.

БЖЗҚ ұялы қосымшасын бүгiнгi күнге дейiн 2 миллионға жуық адам жүктеген. Бұл Қордың электрондық қызметтерiнiң салымшылар арасында заман талабына сай қызмет көрсету үлгiсi ретiнде жоғары бағаға ие болғандығын дәлелдейдi.

Бүкiл әлемге төнген қауiп — коронавирус iндетiне байланысты жарияланған төтенше жағдай кезеңiнде БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы Сiздерге таптырмас көмекшi болатынына кәмiл сенемiз.

26.03.2020 ж.

Зейнетақы туралы жиi қойылатын сұрақтар (Бес сұрақ. Наурыз)

1. Сәлеметсiздер ме, менiң әкем полицияда жұмыс iстейдi және мен болашақта ол кiсiнiң зейнетақысын қалай алатынын бiлгiм келедi. БЖЗҚ-ның болашақ төлемдерде алатын рөлi қандай? Немесе төлемдердiң барлығы тек бюджеттен қамтамасыз етiледi ме?

2016 жылдың басынан бастап әлеуеттi құрылым қызметкерлерi 01.01.1998 жылға еңбек сiңiрген жылдарының бар-жоғына қарамастан толық мемлекеттiк зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстырылды. Зейнетақы мөлшерi ақшалай қамтылымның (АҚ) 50% есебiнен белгiлендi, бұл ретте еңбек сiңiрген жылдарының әрбiр жылы үшiн (25 жылдан астам) зейнетақы мөлшерi 2% — ға, еңбек өтiлiнiң әрбiр жылы үшiн — АҚ-дан 1% — ға, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда белгiленген 109 АЕК-тен (288 959 теңге) аспайтын мөлшерге көбейiп отырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына республикалық бюджет есебiнен әскери қызметшiлердiң пайдасына бұрын жүзеге асырылып отырған мiндеттi зейнетақы жарналарының 20%-ын төлеу тоқтатылды. Осылайша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы алу құқығына жиырма бес және одан да көп жалпы еңбек өтiлi бар, оның кемiнде он екi жыл және алты айын үзiлiссiз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарында, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметте өткерген әлеуеттi құрылым қызметкерлерi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шектi жасқа толуы не штаттың қысқартылуы немесе денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарындағы қызметтен, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтен босатылған тұлғалар ие.

Бұл ретте еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алу құқығы БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоттарынан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджет қаражаты есебiнен аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтарылған жағдайда ғана туындайды. Сондай-ақ зейнетке шығып алған зейнеткерлерге бұған дейiн толық емес көлемде тағайындалған зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн қайта есептеу жүргiзiлдi. Ол еңбек сiңiрген жылдары мен зейнетақы iсiндегi қызметтен босатылған күндегi еңбек өтiлiн есепке ала отырып, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары сомасының 50% қайтарылған жағдайда зейнетақы төлемдерiн толық көлемге жеткiзу есебiмен жасалды.

БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының қалған жартысын (қалған 50%) пайдалану құқығы зейнетақы заңнамасының нормаларына сәйкес iске асырылатын болады.

БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу құқығына БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар төмендегi адамдар ие:

1) зейнет жасына толғанда, ерлер 63 жасқа, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толғанда. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жас, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жас, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жас, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жас, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жас, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жас, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жас.

2) зейнетақы жинақтары ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес зейнетақы төлемiн қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау жолымен ерлер — 55 жасқа және әйелдер 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 51,5 жасқа толғанда;

3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;

4) Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар.

Назар аударыңыз, еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындауды уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жүзеге асырады. Сiздiң әкеңiздiң, яғни полиция қызметкерiнiң жағдайында зейнетақы төлемдерiн тағайындауды Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жүзеге асырады.

Осылайша еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбi бойынша толық ақпарат алу үшiн Қазақстан Республикасының тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органына хабарласу туралы кеңес беремiз.

2. Қайырлы күн, менiң ағамның жеке сауда-саттықпен айналысатын орны бар және ол кiсi өзiне жұмыс iстейдi. Егер ол кiсi зейнетақы қорына ақша аудармаса, болашақта зейнетақыны қалай алады? Тек бiрыңғай жиынтық төлемдi ғана төлеу жеткiлiктi ме?

Бiрiншiден, бiрыңғай жиынтық төлем (бұдан әрi — БЖТ) деген не екенiн түсiну керек. Қазақстанда өзiн — өзi жұмыспен қамтыған азаматтар үшiн салық режимiнiң жаңа түрi — БЖТ-ның қолданысқа енгiзiлгенiне де бiр жылдай уақыт болып қалды. Бұл төлем түрi азаматтардың төмендегi санаттарына арналған:

1. жеке қосалқы шаруашылық қызметкерлерi;

2. отбасылық кәсiпорындардың ақы төленбейтiн қызметкерлерi;

3. жұмыскерлерi жоқ, жылына 1 175 АЕК-тен кем (3 114 925 теңгеден кем) айналымы бар кәсiпкерлер.

Бұл ретте БЖТ тек төменде көрсетiлген қызмет түрлерiне ғана қолданылады:

1. Тек жеке тұлғаларға қызмет көрсету;

2. Жеке қосалқы шаруашылықтағы өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн тек жеке тұлғаларға ғана сату.

Алайда егер Сiздiң ағаңыздың бiр жыл iшiндегi табысы 1175 АЕК, яғни 3 114 925 теңге сомасынан асып кететiн болса, онда оған жеке кәсiпкер ретiнде тiркелу және басқа салық режимiн таңдауға тура келедi.

Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу үшiн салық органдарында тiркелудiң қажетi жоқ; тек бiрыңғай жиынтық төлемнiң белгiленген сомасын төлеу қажет. Ай сайынғы БЖТ мөлшерi республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшiн 1 АЕК-тi (2651 тг.); басқа елдi мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшiн 0,5 АЕК-тi (1325.5 тг.) құрайды. Төлем екiншi деңгейдегi банктер арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының (ХҚКО) шотына бiр сомамен жүргiзiледi. Төлемдi жүзеге асыру үшiн банкте есеп айырысу шотын ашу талап етiлмейдi. Бiрыңғай жиынтық төлем сомасын Мемлекеттiк корпорация мынадай пропорцияларға бөледi: 10% — жеке табыс салығы (ЖТС); 20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА); 30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ); 40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (МӘМС). Зейнеткерлiк жасқа толған адамдар үшiн төлемнiң барлық сомасы жеке табыс салығы болып танылады, әлеуметтiк төлемдерге бөлу жүргiзiлмейдi.

Осылайша БЖТ жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға және зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi мен жинақтаған қаражатына қарай зейнетақы төлемiн алуға құқық бередi. БЖТ төлеушiлерi үшiн БЖЗҚ-дағы өзiнiң зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа расталған еңбек өтiлiне байланысты базалық зейнетақы алу мүмкiндiгi пайда болады. Бұған қоса БЖТ төлеушi мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болып тiркеледi және МӘМС енгiзiлгеннен кейiн медициналық мекеменi таңдау құқығымен сомасы мен түрлерi бойынша шектеу қойылмайтын медициналық қызметтерге қол жеткiзе алады, сондай-ақ еңбекке қабiлеттiлiгiнен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алу, бала күтiмi жағдайларында әлеуметтiк төлемдер ала алады.

Сондай-ақ, болашақта лайықты зейнетақы алуды қамтамасыз ету үшiн оған ерiктi зейнетақы жарналарын жүзеге асыруға болады. ЕЗЖ артықшылықтарының бiрi — Сiз жарна мөлшерi мен төлеу кезеңдiлiгiн, сондай-ақ ЕЗЖ төлемiн алу құқығы туындаған кезде жинақталған зейнетақы қаражатын алу тәртiбiн өзiңiз белгiлейсiз. Ерiктi зейнетақы жарналарын өз ықтиярыңыз бойынша жүзеге асыру қажет. Бұл үшiн ЖЗҚ-мен шарт жасасып, БЖЗҚ- ға ерiктi аударымдарды Шартта көрсетiлген банк деректемелерi бойынша аудару қажет. Ыңғайлы болу үшiн БЖЗҚ сайтында қолданыстағы ЭЦҚ кiлтi арқылы ерiктi зейнетақы шотын онлайн ашу бойынша қызмет iске асырылды немесе БЖЗҚ-ның көптеген филиалдарының бiрiне келу жеткiлiктi. Сонымен қатар ЕЗЖ-ны банктiк сервистер — Kaspi.kz қосымшасы, Halyk Bank терминалдары арқылы төлеуге болады.

3. Сәлеметсiз бе, менiң атым Елена. Осыдан екi жыл бұрын мен Ресейге ТТЖ-ға кеттiм, тек жақында ғана БЖЗҚ-дағы өз жинақтарымды алуға болатынын бiлдiм. Шынымды айтсам, менде бiр мәселе туындап тұр — мен тұрмыс құрып, тегiмдi өзгерттiм, ал жарналар менiң қыз күнiмдегi тегiм бойынша аударылған болатын. Ендi мен ақшамды қалай алсам болады және қандай құжаттар тапсыру қажет?

Егер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында Сiздiң мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) не ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтарыңыз болса, онда сiздiң Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұрғылықты тұратын жерге кетуiңiзге байланысты өз жинақтарыңызды алуға құқығыңыз бар.

Зейнетақы жинақтарын төлеуге арналған құжаттарды БЖЗҚ-ға мынадай тәсiлдердiң бiрiмен ұсынуға болады:

- өзiңiз келiп өтiнiш бiлдiрген кезде;

- пошта байланысы арқылы;

- үшiншi тұлға (сенiм бiлдiрiлген адам) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенiм бiлдiрiлген адам БЖЗҚ кеңсесiне өзi келiп өтiнiш бiлдiрген кезде ғана қабылданады.

Назар аударыңыз, өтiнiш берер алдында Сiз мiндеттi түрде ТТЖ-ға кетудi ресiмдеуiңiз керек, өйткенi, бұл заңнаманың зейнетақы төлемдерiн алу үшiн қойылатын мiндеттi талаптарының бiрi. ТТЖ-ға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi қараған кезде «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ақпараттық жүйелерiне өтiнiш бiлдiрген шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi не шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болуы туралы мәлiметтерге сұраныс жасайды. Жоғарыда аталған құжаттардың жарамсыздығы туралы мәлiметтер алған жағдайда, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады. Айта кетейiк, БЖЗҚ-ға өзi келiп өтiнiш бiлдiрген кезде мiндеттi түрде мына құжаттар ұсынылады:

1) БЖЗҚ-ның iшкi құжатымен бекiтiлген нысандағы зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш (бұдан әрi — өтiнiш);

2) егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмеген болса, шетелдiк паспорттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы (Ресей Федерациясы азаматының iшкi паспортын ұсынған жағдайда өтiнiш орындалуға жатпайды);

3) алушының банктегi шоты туралы мәлiметтер.

Өтiнiш үшiншi тұлға (сенiм бiлдiрiлген адам) арқылы берiлген жағдайда, жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қосымша үшiншi тұлға:

1) нотариалды куәландырылған сенiмхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариалды куәландырылған көшiрмесiн;

2) үшiншi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы. Бұл ретте алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi нотариалды куәландырылады.

Өтiнiштi пошта байланысы құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжат және өтiнiштегi алушының қолы да нотариалды куәландырылады.

Айта кету керек, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн деректемелерi өтiнiште көрсетiлген алушының банктiк шотына тек ұлттық валютада — Қазақстан аумағындағы екiншi деңгейдегi банктерде/банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктiк шоттарға аударған кезде; сондай-ақ АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе Ресей рублiмен — Қазақстаннан тыс жерлердегi шетелдiк банктерде ашылған банктiк шоттарға аударған кезде жүзеге асырады.

БЖЗҚ-ға беру тәсiлiне байланысты барлық қажеттi құжаттардың өзектi тiзбесiн (өзi келiп өтiнiш бiлдiрген кезде/пошталық байланыс құралдары арқылы/үшiншi тұлға арқылы), оларды ресiмдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ өтiнiш бланкiлерi мен төлем валютасының түрiне байланысты оларды толтыру үлгiлерiн, сенiмхаттардың үлгiлерiн, уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың түсiнiктемелерiн www.enpf.kz мекенжайы бойынша БЖЗҚ веб-сайтынан көруге болады, ондағы ақпарат үнемi жаңартылып отырады. Сонымен қатар, enpf.kz сайтындағы «Электрондық сервистер» бөлiмiнде құжаттарды онлайн режимiнде алдын ала тексеру мүмкiндiгi бар.

Шетелдiк паспортты алу кезiнде алушының деректемелерi, атап айтқанда: тегi, аты, әкесiнiң аты — бар болса, туған күнi өзгерген жағдайда, жоғарыда көрсетiлген құжаттар тiзбесiне қосымша шетелдiк құжаттарды ресiмдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып ресiмделген, негiзгi 4 деректеменiң өзгеру дерегiн растайтын, төменде көрсетiлген құжаттардың бiрiнiң түпнұсқасын не нотариалды куәландырылған көшiрмесiн БЖЗҚ-ға ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органының анықтамасы;

2) шет мемлекеттiң уәкiлеттi органының анықтамасы;

3) тегiн/атын/әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiк / анықтама;

4) неке қию/бұзу туралы куәлiк.

4. Менiң маркшейдер болып жұмыс iстегенiме 25 жыл болды. Мамандығым еңбек жағдайлары қауiптi өндiрiстер қатарына кiредi. Мен өз ақшамды БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аударғым келедi. Сондықтан бiлгiм келетiнi, бiздiң компания мен үшiн МКЗЖ-ны БЖЗҚ-мен шарт жасалған күннен бастап аударуы керек пе әлде зейнетақы заңнамасына өзгерiстер енгiзiлген, яғни 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап аударуы керек пе едi?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлдi. Дәл осы күннен бастап Сiздiң жұмыс берушiңiз Сiз үшiн ай сайынғы табысыңыздың 5 пайызына тең жарна төлеуге мiндеттi болған. Айта кету керек, жұмыс берушiлер МКЗЖ-ны зиянды (аса зиянды) өндiрiс түрлерi бойынша және сол өндiрiстерде қызмет ететiн адамдарға ғана төлейдi.

Бұл ретте төлемдер нақты жүргiзiлген және қызметкер кiрiс алған жағдайда жұмыс берушi уақытылы есептемеген және аудармаған МКЗЖ сомаларын Мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе жұмыс берушi МКЗЖ төленетiн қызметкерлердiң пайдасына уәкiлеттi орган белгiлеген есептелген өсiмпұлмен әрбiр кешiктiрiлген күнге (Мемлекеттiк корпорацияға төленетiн күндi қоса алғанда) аударуға тиiс. Жоғарыда көрсетiлгенге сәйкес есептелген МКЗЖ мен өсiмпұлдың толық және уақытында төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiстер органы жүзеге асырады. Бұл ретте қызметкердiң пайдасына аударылған МКЗЖ қызметкердiң БЖЗҚ-да МКЗЖ есепке алу үшiн ашылған ЖЗШ-сы бар болған жағдайда, БЖЗҚ-дағы қызметкердiң жеке зейнетақы шотына аударылуы мүмкiн екендiгiне назарыңызды аударамыз. Ал МКЗЖ-ны есепке алу бойынша ЖЗШ БЖЗҚ-ның зейнетақы қағидаларында көзделген нысан бойынша салымшы жазған өтiнiш негiзiнде ашылады.

5. Мен зейнетке шықтым, бiрақ менiң зейнетақы жинақтарым тек шамамен 300 мың теңгенi құрады. Оларды мен бiржолғы төлеммен бiр-ақ алдым, ендi менiң БЖЗҚ-дағы шотым жабылды ма? Немесе солай тұра бере ме? Маған банктегi сияқты шоттың жүргiзiлгендiгi үшiн ақша төлеуге тура келiп жүрмей ме?

Жоқ, жеке зейнетақы шотын жүргiзгенi үшiн БЖЗҚ төлем алмайды. Оған қоса, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес салымшының жеке зейнетақы шотында зейнетақы жинақтары, төленген зейнетақы жинақтарының қайтарымдары, зейнетақы жарналарының түсiмдерi, өсiмпұлдар және өзге де түсiмдер болмаған жағдайда ЖЗШ зейнетақы жинақтарын төлеудi жүзеге асырған күннен бастап 12 ай өткеннен кейiн жабылады.

19.02.2020 ж.

Зейнетақы туралы жиi қойылатын сұрақтар

1. Сәлеметсiз бе, мен ұзақ уақыт бойы базарда бейресми жұмыс iстедiм және жалақымды «қолма-қол» алып отырдым. Әрине, менде зейнетақы шарты да, шотым да болған жоқ. Ал қазiр мен бiр компанияға жұмысқа тұрдым, бiрақ маған БЖЗҚ-да шарт жасау қажеттiлiгi жоқ деген хабарлама бердi. Нелiктен?

Мiне, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы шотын ашу рәсiмi жеңiлдетiлгенiне де бiр жылдай уақыт болып қалды. 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға БЖЗҚ қызмет көрсету кеңселерiне жүгiну қажет емес. Шот алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендiру МЗЖ аудару кезiнде жасалған электрондық форматтағы төлем тапсырмасында көрсетiлген жеке деректерi (аты-жөнi, ЖСН, туған күнi) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат деректемелерi, тұрғылықты тұратын жерi туралы барлық қажеттi мәлiметтердi БЖЗҚ мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Осылайша тек өткен жыл үшiн 2019 жылы автоматтандырылған үрдiс көмегiмен МЗЖ бойынша 400 мыңға жуық шот ашылды.

2. Қайырлы күн, жақында маған инфаркт дертiне шалдыққаннан кейiн екiншi топ мүгедектiгi берiлдi. Менiң барлық жинақтарымды емделу үшiн бiрден бiрақ беруi мүмкiн бе?

Қазiргi уақытта қолданыстағы «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы белгiлi бiр жағдайларда, соның iшiнде мерзiмсiз уақытқа 1 және 2 топ мүгедектiгi тағайындалған кезде басталады. Осылайша егер 2-топ мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалған болса, Сiз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн тек ай сайын белгiленген кесте бойынша ала аласыз.

Қазi кезде Қазақстан президентi Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкiмет жанынан арнайы құрылған жұмыс тобы зейнетақы жинақтарын зейнетақы төлемдерiнен басқа өзге де мақсаттарға, атап айтқанда, жинақтың бiр бөлiгiн емдiк қажеттiлiктерге пайдаланудың түрлi нұсқаларын қарастыруда. Алайда қазiргi уақытта бұл мәселе бойынша шешiм қабылданған жоқ.

3. Менiң тәтем шалғай ауылда тұрады, онда сiздердiң филиалдарыңыз жоқ, аудан орталығына бару өте алыс, оған қалай кеңес алуға болады?

БЖЗҚ елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн жаңа жобалар енгiзуде. Мысалы, «Мобильдi кеңсе» жобасы. Бұл заманауи спутниктiк байланыс құралдарын қоса алғанда, салымшыларға қызмет көрсету үшiн қажеттi барлық құралдармен жабдықталған шағын автобус. Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары «Мобильдi кеңседен» БЖЗҚ бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызметтердi, атап айтқанда, шоттан үзiндi көшiрме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтiнiш беру, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, хабарландыру тәсiлiн өзгерту және басқа да көптеген қызметтердi ала алады. Қазiргi уақытта «Мобильдi кеңселер» Алматы, Атырау, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Ақтөбе, Ақмола, Жамбыл, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарында қатынайды. Биылғы жылы Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Түркiстан облыстарында да «Мобильдi кеңселердi» қосымша енгiзу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар сiз «Қазпошта» бөлiмшелерiнiң кең ауқымды желiсiн пайдалана аласыз. Қазпошта операторларын оқыту үдерiсi жүргiзiлгеннен кейiн, пошталық байланыс операторының 220 бөлiмшесiнде Сiз «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiн ала аласыз. «Қазпошта» арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарының елдi мекендерi қосылған. Барлық елдi мекендердiң толық тiзiмiн enpf.kz (https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php) сайтынан көруге болады. Егер сiздiң туысыңыз осы елдi мекендердiң бiрiнде тұратын болса, онда ол осы жерлерден мынадай қызметтердi ала алады: салымшының қосымша деректемелерiн өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру; хабарландыру тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) туралы келiсiмге (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) қол қою.

Бұл ретте «Мобильдiк кеңсе» және «Қазпошта» бөлiмшелерiнде сiздiң тәтеңiз хабарландыру тәсiлiн электрондық нұсқаға өзгерте алады. Осылайша оның өз зейнетақы шотын ENPF.KZ сайтында немесе бiздiң ұялы қосымшада дербес бақылауға да мүмкiндiгi бар. Қазiргi уақытта қор электрондық қызметтердiң төмендегi түрлерiн ұсынады:

1) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау (өз пайдасына);

2) деректемелерге, оның iшiнде хабарландыру тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi көшiрменi қарап, көру;

4) ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға алу;

5) ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу («дубликат»);

7) мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектiгi белгiленуiне байланысты, зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру;

8) төлем жасау және (немесе) зейнетақы жинақтарын аудару туралы өтiнiштiң орындалу барысын қадағалау.

4. Бiз отбасымызбен, мiне, бес жыл бойы Ресейде өмiр сүрiп жатырмыз. Мен анамды өзiмнiң қасыма алдырғым келедi, себебi, ол зейнетке шыққанда материалдық тұрғыдан қиналып қала ма деп алаңдаймыз. Бiрақ ол жақсы зейнетақы алу үшiн жинақтары мен еңбек өтiлi жеткiлiктi деп санайды. Зейнетақы жасына жетуге оған бiр-ақ жыл қалды, сол үшiн де бiз анамызға төленетiн болашақ төлемдердiң өлшемiн шамамен есептеп көргiмiз келедi, оны қалай iстеуге болады?

Болашақ зейнетақыны болжалды зейнетақы калькуляторы арқылы есептеу өте оңай. Оның көмегiмен болашақ зейнетақы төлемдерiнiң сан түрлi өзектi есебiн шығару мүмкiндiгi бар. Бұл ретте мемлекеттiк базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ БЖЗҚ-дан төлемдер болған кезде автоматты түрде болжанады. Бұдан басқа мiндеттi зейнетақы жарналарынан (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан (МЗЖ) немесе ерiктi зейнетақы жарналарынан (ЕЗЖ) қалыптастырылған жеке шоттар болған кезде бағдарлама екi-үш рет басу арқылы болашақ төлемдердiң болжалды бейнесiн бере алады.

Болжалды калькуляторда есептеу үшiн барлық бағандарды — туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, зейнетақы жинақтау жүйесiне қатысу өтiлi, бүгiнгi күндегi жинақталған қаражат сомасы және соңғы уақыттағы жалақы мөлшерiн толтыру қажет. Егер сiздiң анаңыз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тiркелген болса, жинақ сомасы автоматты түрде көрсетiледi. Осылайша есептеу нәтижесi үш сценарийде берiледi: пессимистiк, шынайы және оптимистiк. Барлық үш нұсқа инфляциядан жоғары кiрiстiлiктiң болжамды деңгейiн ескередi. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көрiнiсте (болжамның тиiстi кезеңiнiң инфляциясын шегере отырып) ұсынылады.

Айтпақшы, алдағы жылы зейнетке шығатын салымшылар үшiн калькулятордың жеңiлдетiлген нұсқасы бар, ол — ағымдағы зейнетақы калькуляторы деп аталады.

5. Толығырақ айтып берiңiзшi, мемлекеттiк кепiлдiктi қазiргi уақытта қалай ресiмдеуге болады, қайда өтiнiш жасау керек?

2018 жылғы қазаннан бастап зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк «ұйғарым бойынша» есептеледi, жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн және мемлекеттiк бюджеттен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау үшiн, сондай-ақ БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiр өтiнiш берген кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) бiрыңғай өтiнiшпен және құжаттар жинақтамасымен жүгiну қажет.

Өтiнiшке орай, мемлекеттiк кепiлдiк төлемi әр адам үшiн арнайы әзiрленген әдiстеме бойынша жеке есептеледi және салымшы төлемдi, егер оған тиесiлi болса, өзiнiң банктегi шотына алады.

Азаматтардың басқа санаттары, яғни егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, I және II топ мүгедектерi, Қазақстанның шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттiк кепiлдiк төлемiне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi зейнетақы төлемдерiн алу үшiн БЖЗҚ-ға, ал мемлекеттiк кепiлдiк төлемi үшiн ХҚО-ға хабарласады.

Еске сала кетейiк, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiктiң бiрегей үлгiсi жұмыс iстейдi. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, мемлекет алушыларға Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушы зейнетақы төлемдерiне құқықты алған кездегi инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Мемлекеттiк кепiлдiк төлемi (инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен бiржолғы төлемдi бiлдiредi. Мемлекет кепiлдiк бойынша төлем жасау құқығына салымшылар зейнеткерлiк жасқа жеткен кезде ие болады. Бұдан бөлек, мұндай құқыққа егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, I және II топ мүгедектерi, Қазақстанның шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттiк кепiлдiк төлемiне құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi ие.

19.02.2020 ж.

БЖЗҚ салымшылары зейнетақы калькуляторын миллион реттен аса пайдаланды

Қордың ең танымал сервистерiнiң бiрi әрбiр салымшыға болашақ зейнетақысын онлайн тәртiбiнде есептеуге мүмкiндiк бередi

Болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақы төлемдерi бойынша әр түрлi актуарлық есептеулер жүргiзуге болады. Бұл ретте ол мемлекеттiк базалық зейнетақы, жасына байланысты (ортақ) зейнетақы және БЖЗҚ төлемдерi бойынша автоматты түрде болжам жасайды. Одан басқа мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) немесе ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен ашылған зейнетақы шоттары бар болса, калькулятор болашақ төлемдердiң болжамды сомасын лезде шығарып бередi.

Салымшылар зейнетақы калькуляторын айына орта есеппен 84 мың рет, ал күнiне шамамен 2800 рет пайдаланады. Бұл аталмыш калькулятордың салымшылар арасында танымал болып жатқандығының айқын дәлелi.

Болашақ зейнетақыны есептеу үшiн зейнетақы калькуляторындағы — туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi, зейнетақы жинақтарының сомасы және соңғы уақытта алып жүрген жалақысының көлемiне қатысты барлық бағандарды толтыру қажет. Егер Сiз Қордың enpf.kz сайтының жеке кабинетiнде тiркелген болсаңыз, жинақтардың сомасы автоматты түрде көрсетiледi.

Осылайша есептеу нәтижесi пессимистiк, реалистiк және оптимистiк деп аталатын үш сценарий бойынша көрсетiледi. Барлық үш нұсқа табыстылықтың инфляциядан жоғары болжамды деңгейiн ескередi. Болжамды нәтижелер (болжамды кезеңге тиесiлi инфляция деңгейiн алып тастағанда) нақты құндық шама ретiнде көрсетiледi.

Айта кетелiк, таяу жылдары зейнетке шығатын салымшылар үшiн Қор сайтында «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» жұмыс iстейдi.

Қордың enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде «Зейнетақы жинақтарын өмiрдi сақтандыру компаниясына аудару» деп аталатын қызмет бар. Сол арқылы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктi сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ескере отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектiгiн есептейдi. Тиiстi бағанда жынысыңызға қатысты мәлiметтi белгiлеген соң, шарт жасасуға қажеттi жас мөлшерi автоматты түрде көрсетiледi. Одан әрi кепiлдi мерзiмдi белгiлейсiз. Осы мерзiм iшiнде сақтандыру компаниясынан төлемдер алушының қайтыс болған-болмағанына қарамастан тұрақты түрде төленiп тұрады. Әрi қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ескере отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектiгiн есептейдi.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында Қор мамандары зейнетақы калькуляторын анағұрлым ыңғайлы ете отырып, оның көрнекi сызбасын жаңартты. Ендi жаңартылған калькулятордағы қорытынды нәтижелер көрнекi сызба мен төлемдер кестесi арқылы көрсетiледi. Сәйкесiнше зейнетақы калькуляторын пайдалану барынша ыңғайлы бола түстi. Егер қандай да бiр қиындық туындап жатса, enpf.kz сайтындағы тиiстi жадынаманы пайдалануға болады. Онда калькуляторды қалай пайдалану керектiгi рет-ретiмен жазылған және тиiстi нұсқаулық берiлген.

14.11.2019 ж.

Бес сұрақ айдары

1. Қайырлы күн, биыл мен 59 жасқа толамын. Көп ұзамай Қордан зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеуiм керек. Туған күнiм — 31 желтоқсан. «Жаңа жылға дайындаламыз деп жүрiп, бұл күнi өтiнiш берiп үлгермеймiн бе», — деп қорқамын. Егер өтiнiштi алдағы жылдың басында берсем қалай болады? Туған күнге дейiн беруге болмайма? Өтiнiштi қайда беруiм керек?

Зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнет жасына толған әйел (2019 жылы — 59 жас) жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу үшiн ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейiн «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының жергiлiктi Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiнуi керек. Сәйкесiнше егер Сiз биыл үлгере алмасаңыз, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1 тармағына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алдағы жылы тек 59,5 жасқа толғанда ғана рәсiмдей аласыз.

Сондықтан егер зейнет жасына биылғы жылдың 31 желтоқсанында толатын болсаңыз, онда оған 10 күн қалғанда, яғни 21-31 желтоқсан аралығында Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, өтiнiш беруiңiзге болады. Өйтпеген жағдайда, зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу үшiн тағы 6 ай күтуiңiзге тура келедi. Себебi, жоғарыда айтып өткенiмiздей, әйелдердiң зейнеткерлiкке шығу жасы жыл сайын 6 айға ұзартылып отырады.

Еске саламыз, 2018 жылдың қазан айынан бастап «Бiр терезе» қағидаты бойынша Композиттiк қызмет iске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және ортақ зейнетақыны, сонымен қатар БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу үшiн бiрыңғай өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгiнедi. Бұл ретте алушы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн және салыстыру үшiн түпнұсқасын, сондай-ақ банк шоты туралы мәлiмет ұсынады. Әрi қарай жиынтық зейнетақы төлемдерi бекiтiлген кесте бойынша ай сайын алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына бiр мезгiлде аударылып отырады.

2. Мен кеншi болып жұмыс iстеймiн. Таяуда жұмыс берушiм мен үшiн өз қаражаты есебiнен айлық табыстың 5 пайызы көлемiнде Қорға мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударуы керектiгiн естiдiм. Мен жұмыс берушiнiң осы жарналарды Қорға дер кезiнде аударып отырғандығын қалай бiлуiме болады?

Қазiргi уақытта Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрқатар ыңғайлы тәсiлдерiн ұсынады. Атап айтар болсақ, Сiз шотыңыздағы зейнетақы жинақтарыңыз туралы ақпаратты:

  • Қор кеңсесiне тiкелей бару арқылы (Қордың 215 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi);
  • пошта байланысы арқылы (үзiндiи көшiрме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарты немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшiнде көрсетiлген мекенжайына жолданады);
  • электрондық пошта арқылы (зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бiр рет) жолданады);
  • интернет байланысы арқылы (логин мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңбанының (ЭЦҚ) көмегiмен, enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмi және ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасы арқылы) ала аласыз.Бұлардан басқа ЭЦҚ көмегiмен e-gov.kz сайтының «Әлеуметтiк қамтамасыз ету»-«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмi арқылы да алуға мүмкiндiк бар.

Әрине, осы тәсiлдердiң iшiнде ең ыңғайлысы — интернет байланысы. Ол бүгiнде салымшылар мен алушылар арасында кеңiнен танымал. Өйткенi ол шоттың жай-күйiн кез келген уақытта, кез келген жерде жылдам алуға мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар Қордың смартфондар мен планшеттерге арналған мобильдi қосымшасын пайдалануға болады.

Ал егер шотыңыз бойынша ақпаратты Қор мамандарынан алғыңыз келсе, онда Қордың жергiлiктi бөлiмшесiне жүгiне аласыз.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары Қорға табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi. Оның толық және уақтылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс берушi уақытылы ұстап қалмаған және Қорға аудармаған мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мемлекеттiк кiрiс органдары есептелген өсiмпұлмен бiрге өндiрiп алады және Қорға аударуды жүзеге асырады. Бұдан басқа салық қызметi органдары жыл сайын бұқаралық ақпарат құралдарында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша берешегi бар және оларды алты айдан астам уақыт бойы өтемей келе жатқан жұмыс берушiлердiң тiзiмiн жариялап отырады.

3. Саламатсыз ба, менiң әкем екiншi топтағы мүгедек. Оған Қордың бөлiмшесiне келу өте қиын. Сұрайын дегенiм, Қордың зейнетақы қызметтерiн үйде алуға мүмкiндiк бар ма?

«БЖЗҚ» АҚ әрбiр салымшының (алушының) қамын ойлайды және өзiнiң зейнетақы қызметтерiн әр ыңғайлы тәсiлмен ұсынуға тырысады. 2015 жылы «Мобильдiк агент» жобасын iске қосты. Ондағы мақсат — халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына, оның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйлерiне, сондай-ақ жергiлiктi ұйымдар мен кәсiпорындарға және режимдiк нысандарға барып, зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi жайында таныстырылымдық шаралар өткiзу және қызмет көрсету. Осылайша Қор қызметiнiң ашықтығын, сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру.

«Мобильдiк агент» жобасы аясында Қордың барлық өңiрлiк филиалдарында Барып қызмет көрсету бөлiмдерi құрылған. Осылайша қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезектi денсаулығына байланысты Қор кеңсесiне келе алмайтын салымшы зейнетақы қызметiн үйiнде алу үшiн Қордың байланыс орталығының 1418 тегiн телефонына хабарласып, жағдайын айтып, өтiнiш қалдыра алады. Сондай-ақ enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету»-«Халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн электрондық өтiнiш беру» бөлiмiне кiрiп, тиiстi нысандарды толтырып, электрондық өтiнiш қалдыруға да болады. Қор қызметкерлерi өтiнiш берген салымшыға хабарласып, жағдайын анықтап, кездесу уақытын белгiлейдi. Сөйтiп, 5 жұмыс күнi iшiнде үйiне барып онлайн тәртiбiнде қызмет көрсетедi. Бұл үшiн Қор мамандары өздерiмен бiрге арнайы ноутбук, принтер, модем және басқа да қажеттi құрылғыларды алып барады.

Мiнеки, мұның барлығы салымшылар мен алушыларға барлық маңызды зейнетақы қызметтерiн үйде алуға мүмкiндiк бередi.

4. Менiң жұбайым өзiнiң зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударып едi. Алғашқы төлемдi алып та үлгердi. Алайда ақылдаса келе бұл қызметтен бас тартуды жөн көрдiк. Ендi сақтандыру компаниясына аударған жинақтарымызды Қорға керi қайтара аламыз ба?

Өкiнiшке қарай, сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын Қорға қайтаруға мүмкiндiк жоқ. Өтiнiштiң күшiн зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударғанға дейiн ғана жоюға болады. Зейнетақы заңнамасы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының тиiстi құжаттарын алған соң, оның зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына 10 жұмыс күнi iшiнде аударады. Демек алушы жеке басын куәландырушы құжатпен Қорға осы уақыт iшiнде барып барып үлгеруi тиiс.

5. Мен таяуда 63 жасқа толдым. Қазiр зейнеткермiн. Бiрақ жұмысымды одан әрi жалғастырып жатырмын. Әлi де iстей бергiм келедi. Менiң бiлейiн дегенiм, зейнеткер болсам да жалақымнан мiндеттi зейнетақы жарналары ұстала ма?

Жоқ, ұсталмайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2 тармағына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бiрақ олар өз еркiмен ерiктi жарналар аударуға құқылы. Бұл үшiн БЖЗҚ-мен ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. Бұл ретте жарналардың мөлшерi мен аудару жиiлiгiн салымшының өзi белгiлейдi.

18.10.2019 ж.

5 сұрақ айдары

1. Менің ұлым он жылдан астам уақыттан бері Ресейдің Челябинск қаласында тұрады. Қазір мен де Ресейге қоныс аударуды ойластырып жүрмін. Ендеше Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақ ақшамды қалай алсам болады?

Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтарыңыз болса, Қазақстан Республикасынан тысқары жерге қоныс аударуыңызға байланысты оларды толық мөлшерде алуыңызға құқыңыз бар. Бұл ретте Қорға құжаттарды тапсырудың мынадай тәсілдері ұсынылады:

- Қор бөлімшесіне тікелей келіп өтініш жасау;

- пошта байланысы;

- үшінші тұлға (сенім білдірілген тұлға) арқылы. Бұл ретте құжаттар сенім білдірілген тұлға Қор кеңсесіне келген жағдайда ғана қабылданады.

Есіңізде болсын, Сіз Қорға өтініш жасамай тұрып, шетелге тұрақты тұруға кетуіңізді ресми түрде рәсімдеп алуыңыз керек. Бұл зейнетақы заңнамасының талабы.

Егер шетелге біржола қоныс аударатындар жинақтарын алу үшін Қор бөлімшесіне өздері келіп өтініш жасаса:

1) БЖЗҚ ішкі құжатымен бекітілген нысан бойынша толтырылған өтінішті;

2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік паспорттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын (Ресей Федерациясы азаматының ішкі паспорты жарамайды);

3) алушының банк шоты туралы мәліметтерді ұсынады.

Өтініш сенім білдірілген тұлға арқылы ұсынылса, жоғарыда аталған құжаттарға қоса үшінші тұлға мына құжаттарды тапсырады:

1) нотариат куәландырған сенімхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшірмесі;

2) үшінші тұлғаның жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы. Бұл ретте алушының жеке басын куәландырушы құжат нотариат арқылы куәландырылады.

Алушының өтініші пошта байланысы арқылы жолданған жағдайда, алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі мен өтініштегі қолы нотариат арқылы куәландырылады.

Зейнетақы қоры зейнетақы төлемдерін алушының өтінішінде көрсетілген банк шотына аударады. Егер алушының шоты Қазақстан аумағында жұмыс істейтін екінші деңгейдегі банкте/жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымда ашылса, зейнетақы төлемдері ұлттық валюта — теңгемен аударылады. Ал егер алушының шоты Қазақстан аумағынан тыс жердегі шетелдік банктерде ашылған болса, АҚШ долларымен, евро, фунт стерлинг немесе ресейлік рубльмен аударылады.

БЖЗҚ-ның www.enpf.kz веб-сайтында БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай құжаттар тізбесі (өзі келіп өтініш жасау, пошта байланысы/үшінші тұлға арқылы), оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, өтініш бланкалары мен оларды төлем валютасының түріне қарай толтыру үлгілері, уәкілетті мемлекеттік органдардың түсіндірмелері орналастырылған және олар үнемі жаңартылып отырады.

Егер шетелдік паспортты алу барысында алушының жеке деректемелері, нақты: тегі, есімі, әкесінің аты (әкесі бар болса) немесе туған күні өзгеретін болса, Қорға жоғарыда аталған құжаттарға қоса төменде көрсетілген құжаттардың түспнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылуы тиіс:

  1. Қазақстан Республикасының уәкілетті органының анықтамасы;
  2. шетелдік мемлекеттің уәкілетті органының анықтамасы;
  3. тегі/есімі/әкесінің аты өзгергені туралы куәлік/анықтама;
  4. некені қию/бұзу туралы куәлік.

Бұл құжаттар шетелдік құжаттарды рәсімдеу талаптарына сай жасалуы және жоғарыда аталған төрт деректеменің өзгергендігін растауы тиіс.

Еске саламыз, Минск және Кишинев конвенциясына сәйкес ТМД елдерінен келген құжаттар заңдастырусыз және апостиль мөрін қоюсыз қабылданады.

2. Менің зейнетке шыққаныма екі жыл болды. Таяуда жұмыс берушімнің зейнетақы қорындағы шотыма міндетті зейнетақы жарналарын аударғаны туралы құжат тауып алдым. Енді Қордағы бұл жинақ ақшаны қалай алуға болады?

2018 жылдың қазанында зейнетақы қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидасы бойынша жүзеге асыру үшін Композиттік қызмет іске қосылды. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттік зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) мен зейнетақы қорындағы жинақтары есебінен берілетін төлемдерді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығында рәсімдейді. Бұған дейін жинақ ақшасы есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінетін.

Сіз бюджеттен алатын зейнетақыларыңызды рәсімдеп, Қор төлемдері бойынша өтініш жасамағансыз. Енді БЖЗҚ төлемдерін алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтініш беруіңіз керек. Оған қоса жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесі мен салыстыру үшін түпнұсқасын және банк шотыңыз туралы мәлімет ұсынасыз. Сонда зейнетақы жинақтарыңыз есебінен төлемдерді мемлекеттен алатын зейнетақымен бір мезгілде алып отыратын боласыз.

3. Осыдан екі апта бұрын Талдықорған қаласынан Алматы қаласына көшу барысында БЖЗҚ-дан берілген зейнетақы туралы шартты жоғалтып алдым. Оны қалай қалпына келтіруге болады? Оған енді жаңа мекенжайымды енгізуім керек пе?

Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттың орнына жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтініштің көшірмесі (телнұсқасы) беріледі. Оны алудың екі жолы қарастырылған:

1) Қордың жергілікті бөлімшесіне жеке басыңызды куәландыратын құжатпен өзіңіз келіп ЖЗШ ашу жөніндегі өтініштің көшірмесін алуға өтініш білдіресіз. Қор бөлімшелерінің мекенжайлары оның ресми сайтында көрсетілген.

2) Қордың enpf.kz ресми сайтының «Жеке кабинет» бөлімі арқылы «ЖЗШ шоттар жөнінде анықтама алу/ЖЗШ шотын ашу туралы өтініш/жаңа редакциядағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт» нысанынан электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілті арқылы алуға болады. Сонымен қатар өтініштің көшірмесін Қор сайтының «Жеке кабинет» бөлімі арқылы логин және құпия сөздің (пароль) көмегімен де алуға болады. Қазір логиннің орнына жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) пайдаланылады.

Мекенжайдың өзгеруіне қатысты айтарымыз, салымшы Қордың өз міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер жайлы Қорға он жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндеттемелерін орындауына әсер ететін өзгерістер: БЖЗҚ дерекқорында көрсетілген мекенжайдың, электрондық поштаның (e-mail), ұялы телефонның нөмірі, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсетілген банк деректемелерінің өзгеруі.

Өзгерістер туралы Қорға жеке басын куәландырушы құжатпен барғанда; пошта байланысы немесе электрондық пошта (жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесін қоса отырып, тегін, есімін, әкесінің атын (бар болса) туған күнін, жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) көрсетеді) арқылы хабарлай алады. Не болмаса электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып (ЭЦҚ) www.enpf.kz сайтының Жеке кабинеті және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімі арқылы өзгерте алады.

4. Мен банктен кредит алған едім. Қазір төлеу мерзімін өткізіп алдым. Банк сотқа арызданбақшы. Менің білгім келетіні, жеке зейнетақы шотымдағы қалдық ақша мен оның қозғалысы туралы анықтама кімдерге беріледі?

БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 57-бабына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпия сақталуына кепілдік береді. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының құпиясы салымшының өзіне және оның заң бойынша рәсімдеген жазбаша келісімі бойынша кез келген үшінші адамға ашылуы мүмкін.

Сонымен жеке зейнетақы шоттарындағы ақша сомасы және оның қозғалысы туралы анықтамалар:

  1. анықтау және алдын ала тергеу органдарына — олардың жүргiзуіндегі қылмыстық iстер бойынша;
  2. соттарға — сот ұйғарымының негiзiнде олардың жүргізуіндегі iстер бойынша;
  3. сот орындаушыларына — сот орындаушысының прокурор санкциялаған қаулысы негізінде олардың жүргізуіндегі атқарушылық құжаттар бойынша;
  4. мемлекеттік кіріс органдарына — міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуге, ұстап қалуға (есебіне жазуға) байланысты мәселелер бойынша;
  5. уәкілетті органға — салымшының (алушының) өтінішіне байланысты не оның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне тексеруді жүзеге асыруына байланысты туындаған мәселе бойынша;
  6. прокурорға — оның қарауындағы материал бойынша өзінің құзыретi шегіндe тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде;
  7. қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға;
  8. салымшының (алушының) өкілдеріне — нотариат куәландырған сенiмхат немесе сот шешімінің негiзiнде;
  9. Мемлекеттік корпорацияға (Халыққа қызмет көрсету орталығы) — салымшының (алушының) өтініші негізінде мемлекеттік қызметтер көрсету үшін;
  10. орталық атқарушы органға — салымшының (алушының) өтінішіне байланысты туындаған мәселе бойынша;
  11.  Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы мiндеттi аудитiн жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға берілуі мүмкін.

Ал зейнетақы жинақтарының құпиясын құрайтын мәліметтерді жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда, жария етуге құқығы жоқтар жария еткені үшін жауапқа тартылады. Сонымен қатар қайтыс болған салымшылардың заң бойынша немесе өсиет бойынша мұрагерлері мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендігі және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бірақ бұл үшін оларда Мұрагерлік құқығы туралы куәлігі болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша беріледі.

Тағы бір айта кететін жәйт, салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда жеке зейнетақы шотының бар-жоғы туралы, ондағы ақшаның қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге олардың жүргізуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша беріледi.

5. Менің атам кәрілік салдарынан ақыл-есін жоғалту ауруына шалдығып, ауруханада жатыр. Мен оның қамқоршысымын. БЖЗҚ-дан оның шоты бойынша үзінді көшірме алсам деп едім. Бұл үшін құжаттар тапсыру керек?

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 26-бабына сәйкес психикалық аурулар немесе кемақылдылық салдарынан өз әрекетінің мәнін түсінбейтін немесе өзін басқара алмайтын азаматты сот іс-әрекетке қабілетсіз деп тануы мүмкін. Осыған байланысты оған қамқоршы тағайындалады. Ол іс-әрекетке қабілетсіз адамның атынан мәміле жасауға құқылы. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшы мен алушының (инвестициялық табысты ескере отырып) зейнетақы жинақтары туралы ақпарат мына құжаттар ұсынылған жағдайда беріледі:

  1. әрекет етуге қабілетсіз/әрекет ету қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның жеке басын куәландырушы құжат (түпнұсқа);
  2. заңды өкілдің жеке басын куәландырушы құжат (түпнұсқа);
  3. заңды өкілдің мәртебесін растайтын құжат (түпнұсқа).

09.09.2019 ж.

5 сұрақ айдары

1. Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстiм. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймiн бе?

Жоқ, төлеуге мiндеттi емессiз. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзiмдерiне сәйкес бiлiм алу ұйымдарынан берiлетiн шәкiртақылардан, ҚР Үкiметi бекiткен мемлекеттiк атаулы шәкiртақылардан және ҚР Президентiнiң арнаулы шәкiртақыларынан мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.

2. Қайырлы күн! Менiң жолдасым Өзбекстан азаматы. Бiрақ Қазақстанда тұрақты тұрамыз. Осы жерде жұмыс iстеп жатырмыз. Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейiн зейнетақыдан құралақан қалмас үшiн осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма?

Әрине, Сiздiң жұбайыңыз Қазақстанның зейнетақы жүйесiне қатысуға құқылы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елiмiзде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Бұл ретте жұмыс берушiге жеке басты куәландыратын құжатты (шетелдiктер үшiн — шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға — азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) ұсынса болғаны, жұмыс берушi күйеуiңiздiң жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аудара бастайды.

3. Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйi бойынша ақпаратты қалай алуыма болады?

Қазiргi уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты алудың бiрнеше тәсiлi бар. Сiз салымшы ретiнде өзiңiзге ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мысалы, ақпаратты электрондық поштаңызға алуыңызға болады (бұл үшiн «БЖЗҚ» АҚ кеңсесiне барып, жазбаша өтiнiш қалдыру керек).

Ең ыңғайлы және ұтқыр тәсiл — бұл ақпаратты www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы алу. Егер Сiздiң логин мен паролiңiз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, үйден немесе жұмыс кеңсесiнен шықпай-ақ жеке шотыңыздың жай-күйiн қадағалап тұруыңызға болады. Сонымен қатар смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымшаны пайдалануға мүмкiндiк бар.

Егер ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ мамандарынан алғыңыз келсе тiптi жақсы — Қордың бүкiл республика бойынша дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстейдi. Солардың бiрiне барып, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы ақпаратты және Қор мамандарына сұрақ қойып, толыққанды жауаптар ала аласыз.

Олардан басқа, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште ақпаратты алу тәсiлi ретiнде пошта байланысы көрсетiлген болса, үзiндi көшiрме салынған хат әрбiр жылдың басында сол пошта байланысы бойынша үйiңiзге жеткiзiледi.

4. Осыдан екi ай бұрын немере ағам жол-көлiк апатынан көз жұмды. Оның зейнетақы қорында жинақ ақшасы болуы мүмкiн. Егер бар болса оны қалай алуға болады?

Жеке зейнетақы шотындағы ақша салымшының (алушының) меншiгi болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да «БЖЗҚ» АҚ-та мерзiмсiз сақтала бередi. Қайтыс болған салымшылардың заң немесе өсиет бойынша мұрагерлерi мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендiгi және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бiрақ бұл үшiн оларда Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiгi болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргiзуiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 — баптарына сәйкес мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор қажет жағдайда (қанша уақыт өтсе де) оның отбасына немесе жерлеудi ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi. Бұл төлем 1998 жылдан берi жүзеге асырылып келедi және оның көлемi әр жылдары әрқалай болып келдi. Ал биыл оның сомасы тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерiнде (2525*52,4 = 132 310 теңге) белгiленген.

Бiрақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс. Егер жерлеуге арналған бiржолғы төлемнен кейiн шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бiр жолғы төлемге қосылып төленедi. Заң бойынша жерлеуге арналған төлем 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде алушының банк шотына аударылады.

Жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн мынадай құжаттар талап етiледi: зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесiнiң немесе жерлеудi жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы және алушының банк шоты туралы мәлiметтер.

Ал зейнетақы қорында жерлеуге арналған бiржолғы төлемнен кейiн қалған зейнетақы жинақтарын алу үшiн Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк қажет. Оны алу үшiн мұрагер нотариусқа жүгiнiп, өтiнiш бередi.

5. Зейнетақы қорында менiң ерiктi жарналар есебiнен жинақ ақшам бар. Оны зейнет жасына жетпей ала аламын ба?

Ерiктi зейнетақы жинақтарының артықшылығы сол, оны зейнет жасына толғанға дейiн, яғни — 50 жастан бастап ала беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тан ерiктi жарналар есебiнен қалыптасқан жинақтарды алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:

1) алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшiрмесi және оны салыстыру үшiн түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәлiметтер.

Атап өту керек, салымшылардың бұл тобына мүгедек болып табылатын және

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосыла алады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 326-бабының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерi салық салуға жататын табысқа жатады.

21.08.2019 ж.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы 5 сұрақ

Менiң азық-түлiк дүкенiм бар. Зейнетақы жарналарын өзiмнiң және жұмыскерлерiмнiң пайдасына қалай аударамын?

Мiндеттi зейнетақы жарналарын заңды тұлғалардың, жеке кәсiпкерлердiң, жеке практикамен айналысушылардың және басқа да адамдардың пайдасына аудару мерзiмi мен тәртiбi ҚР заңнамасында көрсетiлген.

Егер Сiз жеке кәсiпкер ретiнде жұмыс iстейтiн болсаңыз, мiндеттi зейнетақы жарналарын өз қарамағыңыздағы қызметкерлерiңiздiң зейнетақы шотына табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлеуiңiз қажет. Ал өз пайдаңызға аударылатын жарнаны — есептегi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейсiз.

Арнайы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi зейнетақы жарналарын патент құнын төлеуге арналған мерзiмде аударады. Бұл ретте салық кезеңi — бiр күнтiзбелiк жыл. Демек, мiндеттi зейнетақы жарналары жылына бiр рет патент алғанға дейiн төленедi. Толығырақ БЖЗҚ сайтының «Қызметтер»-«Зейнетақы жарналарын қалай жүзеге асырады» бөлiмiнен оқи аласыз.

Мен өзiмдi-өзiм жұмыспен қамтушымын. Ерiктi зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

Сiз жеке тұлға ретiнде ерiктi жарналарды өз табысыңыздың есебiнен өз пайдаңызға немесе үшiншi тұлғаның пайдасына аудара аласыз. Сәйкесiнше ерiктi жарналар өзiңiздiң және үшiншi тұлғаның зейнетақы капиталын толықтыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте ерiктi жарналардың мөлшерiн, оларды аудару және Қордан алу тәртiбiн Қормен өзара келiсе отырып өзiңiз белгiлейсiз.

Айта кетелiк, айлық табысыңызға қарай ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерi ай сайын өзгерiп тұруы мүмкiн. Ерiктi жарналарды өзiңiз төлеуiңiз қажет. Бұл үшiн БЖЗҚ-мен зейнетақы шартын жасасып, ерiктi жарналарды Қордың шартта көрсетiлген деректемелерiне банк арқылы аударып тұрасыз.

Қазiргi кезде ерiктi жарналар бойынша шот ашудың екi жолы бар. Бiрi — жеке басты куәландыратын құжатпен Қор бөлiмшесiне келу арқылы, екiншiсi — үйде отырып-ақ, Қордың ресми сайты арқылы ашу. Соңғысы өткен жылдың шiлде айында iске қосылған. Бұл қызметтi пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Ал оны Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) бередi. Бұл туралы толық ақпаратты Қор сайтынан оқи аласыз.

Мен фрилансермiн. Екi-үш тапсырыс берушiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқанмын. Ендi зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын қалай төлеуге болады?

Егер Сiз салық агенттерiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасу арқылы жұмыс атқаратын болсаңыз, Сiз үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын Қорға осы салық агенттерi төлейдi. Ал салық агенттерi деген кiмдер? Олар: заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсiби медиаторлар болуы мүмкiн. Бұл ретте жарналар мен шарттардың санына шектеу қойылмайды: егер үш шартыңыз болса, жарналар сол үш шартыңыз бойынша түседi.

Ал егер салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болсаңыз, онда Сiз осы шарт бойынша алған табысыңыздан Қорға зейнетақы жарналарын төлеуден босатыласыз. Бiрақ бұл жарналарды Қорға өз еркiңiзбен төлеуге құқыңыз бар. Бұл қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етедi. Яғни, еңбек өтiлiңiз үздiксiз жүрiп отырады. Ал бұл базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкiндiк бередi. Жарналар екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы төленедi.

Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлей бастадым. Бiрақ бiрнеше айды жiберiп алдым. Мен ендi осы ағымдағы айда бiрыңғай төлемдi өткен айлар үшiн төлей аламын ба?

Жоқ, бiрыңғай жиынтық төлемдi ағымдағы ай мен алдағы айлар үшiн ғана төлеуге болады.

Жеке тұлғалар бұл төлемдi өз бетiмен екiншi деңгейдегi банктер және жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымдар немесе Қазпошта арқылы қолма-қол ақшамен немесе банктегi шоты арқылы Мемлекеттiк корпорацияның банк шотына аударады.

Төлеушiлердiң бiрыңғай жиынтық төлемiн төлеудi олар өз бетiнше немесе үшiншi жақтың пайдасына жасайды, бұл бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеудiң «ММЖЖЖ» форматында көрсетiлген мерзiмiн көрсете отырып жүзеге асырылады.

Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар мiндеттi зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиiс?

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiпқой медиаторлар және жеке кәсiпкерлер мiндеттi зейнетақы жарналарын өз пайдаларына өз бетiмен аударып отырады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Жарна үшiн есептелетiн табысты олар өз бетiмен айқындайды.

Табыс болмаған жағдайда, Сiз тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiмен өз пайдаңызға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылысыз.

19.07.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

1. Менiң жалақы мөлшерiм аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуiме болады ма?

Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға мiндеттi. Зейнетақы жарналарының жиiлiгi жинақ көлемiне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi өтiлге де байланысты. Жүйедегi өтiл базалық зейнетақыға тiкелей әсер етедi. Зейнетке шығуға әлi уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткiш болып табылады. Бұл сiз үшiн жүйеге белсендi қатысудың тағы бiр ынталандырушы көрiнiсi.

Қазақстан Республикасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгiлi санаттағы тұлғалардың бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған:

1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толған кезде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әйелдер 58,5 жасқа толғанда, одан әрi жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жасқа толғанда);

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар жеке тұлғалар босатылады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар;

5) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар босатылады.

Бұл тiзiмге кiрмейтiндердiң барлығы зейнетақы жарналарын мiндеттi түрде төлейдi, сол арқылы өзiнiң жеке зейнетақы капиталын қалыптастырады.

2. Жақын уақыттан берi кеншi болып жұмыс iстеймiн. Маған түсiндiргендей, жұмыс берушi ай сайын 10% мiндеттi зейнетақы жарналарымен қоса, 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын өз есебiнен аударуға тиiс екен. Салымдардың дер кезiнде аударылғанын қалай қадағалуға болады? Жұмыс берушi салымдарды аудармай, уақытынан кешiктiрiп жатса оған қандай шара қолданылады?

Әрине, зейнетақы шотының, мiндеттi және мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының жай-күйiн әркез тексеруге болады. Осыған орай, БЖЗҚ сiзге барлық жағдайларды жасап отыр. Мысалы, БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiне баруыңызға болады. Онда шоттың жай-күйiн бiлiп, сондай-ақ, ақпарат алу тәсiлiн таңдау туралы қосымша келiсiм жасауға болады: жылына бiр рет әдеттегi пошта хаты арқылы немесе сiз таңдаған кезеңдiлiкпен көрсетiлген мекенжайға электрондық хат жiберу арқылы. Интернет арқылы ақпарат алу ең ыңғайлы болып табылады. Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы шотыңызды тексеруiңiзге болады. Осы тәсiлдi пайдалану арқылы жеке шотыңызды кез келген ыңғайлы уақытта қадағалай аласыз. Егер сiзде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда үзiндi көшiрмеңiздi тексерiп, Қорға бармай-ақ ақпарат алу тәсiлiн таңдай аласыз.

Ендi мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) ұғымына түсiнiктеме бере кетейiк. МКЗЖ жұмыс берушiнiң өз пайдасы есебiнен жұмысшы пайдасына аударылатын 5% қосымша жарнасы болып табылады. Қосымша жарна аудару себебi, кеншiлер қауiптi, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайларында, өндiрiстiк орындарда жұмыс iстейтiн мамандықтар тiзiмiне кiредi. Денсаулыққа зиянды, өмiрге қауiптi ортада жұмыс iстейтiн жұмыскерлер үшiн қосымша зейнетақы жарналары аударылады.

Егер жұмыс берушi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiпте және мерзiмде арнаулы салық режимi қолданылатын шаруашылық субъектiсi болмаса, табыстарды төлеу айынан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей МКЗЖ төленiп отыруы тиiс. МКЗЖ уақытылы аударылуын салық органдары қадағалайды. Ал егер жұмыс берушi дер кезiнде Сiздiң зейнетақы шотыңызға қаражат аудармаса, салық органдары жұмыс берушiден әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн есептелген сыйақы сомасымен бiрге БЖЗҚ-ғы шотыңызға ай сайынғы салымды аудартады.

3. Қазақстанда зейнетақы жарналарының сақталуының қандай кепiлдiктерi бар?

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көрсетiлгендей мемлекет жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етудi 2003 жылы қолға алды. Сол уақыттан бастап мемлекет жеке зейнетақы шоттарындағы қаражатты қорғауды өз мiндеттемесiне алды. Бұл iс жүзiнде жасалған жарналар көлемiнде ғана емес, сонымен қатар инфляцияны ескере отырып жүзеге асырылады. Егер зейнеткерлiк демалысқа шығу уақытында жинақ инфляцияға қарағанда төмен болса, онда бұл айырмашылық республикалық бюджет есебiнен өтеледi. Бұл механизм қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы төмендеген кезде 2009 жылдан берi белсендi түрде жұмыс iстеп келедi.

Қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты зейнетақы активтерiн инвестициялаудың кiрiстiлiгi инфляция деңгейiнен жоғары немесе төмен болуы мүмкiн. Осыған байланысты iс жүзiнде жасалған жарналар мен нақты жинақ көлемi арасында айырмашылық бар. Демек, қызметкер зейнетке шықса, жинақталған зейнетақы жүйесiндегi барлық кезең үшiн инфляция деңгейiне байланысты өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығын есептейдi. Инвестициялық кiрiс инфляция деңгейiнен асып кетсе, онда салымшыға мемлекеттiк кепiлдiк төленбейдi. Мемлекет тарапынан кепiлдiк табысы инфляция деңгейiнен төмен болатын тұлғаларға ғана берiледi.

Мемлекеттiк кепiлдiк зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар салымшыларға төленедi. Бұл құқыққа: зейнеткерлiк жасқа толған адамдар, мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалған I және II топтағы мүгедектер, ҚР ау������ынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар, сондай-ақ, мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие болады. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға құқығы бар салымшы қайтыс болған жағдайда, қаражат мұрагерлерге аударылады. Бұл үшiн өтiнiш пен жеке куәлiктiң көшiрмесiне�����асқа мұрагерлерге қайтыс болу және мұраға құқық туралы нотариалды куәландырылған куәлiктердi ұсынулары қажет.

4. Мен 2-шi топтағы мүгедекпiн. Өзiмдi қызықтыратын сұрақтар бойынша жеке кеңес алғым келедi. Осы ретте қызметкерлер үйге келiп, маған қызмет көрсете алады ма?

Иә, әрине. 1 және 2 топтағы мерзiмсiз мүгедектiгi бар адамдар үйлерiнде кеңес ала алады. Осы мақсатта Қорда «Мобильдi агент» қызметi бар — ол денсаулығына байланысты кеңсеге өз бетiмен бара алмайтын адамдарға баратын қызметкер. Осы қызмет түрiне ие болу үшiн сайтта өтiнiм қалдырып немесе 1418 нөмiрiне қоңырау шалу керек.

Сiздiң қауiпсiздiгiңiздi қамтамасыз ету үшiн Қор қызметкерлерi алдын-ала қоңырау шалып, келетiн күнiн және уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, әр қызметкерде қызметтiк куәлiгi болады, сондықтан күмән туындаса, сiз 1418 нөмiрi арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, осындай маманның шынымен БЖЗҚ-да қызмет жасайтынын бiле аласыз.

«Мобильдi агент» сапалы жұмыс iстеу үшiн барлық қажеттi құралдармен жабдықталған: ноутбук, USB-модем, құжаттарды сканерлеуге, шығаруға арналған портативтi көпсалалы құрылғы және т.б. Мұның бәрi салымшыларға БЖЗҚ-ның барлық қызметтер түрiн алуға мүмкiндiк бередi: кеңседен тыс мамандар үзiндi көшiрме мен келiсiмшарт көшiрмесiн бередi. Сондай-ақ, кеңес берiп, үзiндi көшiрме салынған конверттi күтпейтiндей, кез келген уақытта смартфон немесе компьютер арқылы өзiнiң жеке кабинетiне кiрiп, барлық қажеттi ақпаратты көре алатындай хабардар ету тәсiлi туралы қосымша келiсiмдер жасайды.

5. Бiз БЖЗҚ кеңсесi жоқ шалғай ауданда тұрамыз. Ендi барлық қызметтердi Қазпошта бөлiмшелерiнен алуға болатыны жайлы естiдiм. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Дұрыс ақпарат. 2019 жылдың 15 сәуiрiнен бастап елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны iске қосты. Бүгiнгi күнi 94 елдi мекен тұрғындары Ұлттық пошта байланыс операторы арқылы келесi қызмет түрлерiн ала алады:

• салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру).

• ақпараттандыру тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмге қол қою (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн).

«Қазпошта» АҚ арқылы қызмет көрсетуге Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарының елдi мекендерi қосылған.

Сiздiң елдi мекенiңiз бiздiң қызметтер көрсетiлетiн тiзiмде бар/жоғы жайлы Қор сайтынан бiле аласыз https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php

БЖЗҚ кеңселерi жоқ шалғай елдi мекендер мен аудандар үшiн «Казпошта» АҚ-да «Мобильдi кеңсе» көшпелi қызмет көрсету бөлiмi сәттi жұмыс iстейдi, ол online режимiнде барлық қызметтердi ұсынады.

«Мобильдi кеңсе» — ол барлық қажеттi техникамен және спутниктiк байланыспен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық микроавтобус. Бұл жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы барлық қызметтердi ұсынады және кеңседен еш кем емес: мұнда операторлар үшiн екi автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған жұмыс бөлiмi, азаматтар үшiн отыратын орындар және күтушiлер үшiн қосымша қарастырылған үш орынды орындықтар бар. Бiр келгенде «Мобильдi кеңсе» қызметкерлерi орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетедi.

«Мобильдi кеңсе» арқылы Қор бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызметтер түрiн алуға болады. Атап айтқанда — жеке зейнетақы шотын ашу, ақпараттандыру тәсiлiн өзгерту, шоттан үзiндi көшiрме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтiнiш беру.

Шалғай аудандарға көлiк алдын-ала жоспарланған кесте бойынша жол жүредi. Барлық бағыттар жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлiп, тұрғындар мамандардың келуiне дейiн хабардар болады. Сондықтан сiз жергiлiктi атқарушы органға елдi-мекенiңiздi сапар кестесiне қосу туралы өтiнiшпен хабарласыңыз.

14.06.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдарда, шет мемлекеттердiң Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелерiнде жұмыс iстейтiн қазақстандық азаматтар мiндеттi зейнетақы жарналарын қалай төлейдi?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 369-бабы 2 тармағына сәйкес Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнде, шет мемлекеттердiң елiмiзде аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктерiнде және консулдық мекемелерiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жұмыс iстейтiн отандастарымыз мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы. Бiрақ мiндеттi емес. Дегенмен Қордағы жеке шотыңызға зейнетақы жарналарын тұрақты аударып отыру жинақтарыңыздың көлемiне, сәйкесiнше болашақ зейнетақыңыздың қомақты болуына оң әсерiн тигiзедi.

Айта кетелiк, Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет өкiлдерiнен мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiлген лауазымдар бойынша жалақының толық мөлшерiнен ұсталады. Бұған негiз болатын құжат: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекiтiлген «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндiрiп алу қағидалары мен мерзiмдерiнiң» 5 тармағы.

Кезiнде кейбiр санаттағы азаматтарға төленген төлемдерден ұсталған жеке табыс салығының таяудан берi оларға қайтарылып жатқандығын естiдiм. Сол ұсталған жеке табыс салығын қайтару үшiн қандай құжаттар ұсыну қажет?

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуiрдегi № 241-VI Заңының нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады.

Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан берi ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуiне құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан берi ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiне өздерi келiп, немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға не болмаса пошта байланысы арқылы мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:

– табысты түзету немесе салық шегерiмiн (оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдер) қолдану туралы БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген нысан бойынша өтiнiш;

– табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдануды растайтын құжаттардың көшiрмелерi және салыстыру үшiн түпнұсқасы.

Құжаттар үшiншi тұлға арқылы ұсынылған жағдайда, үшiншi тұлға жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қоса мына құжаттарды ұсынады:

1)нотариат куәландырған сенiмхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi;

2)үшiншi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;

3)алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Бұл ретте алушының табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi нотариус арқылы куәландырылуы тиiс.

Құжаттарды пошта байланысы арқылы берген жағдайда табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi мен алушының өтiнiмдегi қолы да нотариус арқылы куәландырылады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуiне қатысты құқық зейнетақы төлемдерi, оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Егер зейнетақы төлемдерiн алушы табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдану құқығына ие емес немесе тиiстi құқығының бар екендiгiн растайтын құжаттар жоқ, не болмаса ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмесе, ұсталған жеке табыс салығы қайтарылмауы мүмкiн.

Зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына тыйым салу шарасы қолданыла ма?

Салымшының (алушының), Мемлекеттiк корпорацияның, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктiң және инвестициялық портфельдi басқарушының қарыздары бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарына, мiндеттi кәсiптiк зейнетақым жарналарына, өсiмпұлдарға, зейнетақы активтерi мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндiрiп алуды қолдануға болмайды. Бұл ретте жоғырада аталған субъектiлер таратылған немесе банкрот болған жағдайда да бұл әрекетке жол берiлмейдi.

Жоғарыдағы талаптарға негiз болатын құжат: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 50-бабының 3 тармағы.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 98-бабының 14) тармақшасына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан ақша өндiрiп алуға болмайды.

Осылайша, БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе оларға өндiрiп алу рәсiмiн қолдануға болмайды.

Қор төлемдерi салымшылар мен алушылардың өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударылады. Жинақ ақша салымшылар мен алушылардың банк шотына аударылған соң, БЖЗҚ мiндеттемесi орындалды деп есептеледi.

Зейнетақы аннуиетiн қолдана отырып, зейнеткерлiкке ерте шығу үшiн не iстеу керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51 жасқа толған әйелдер (әйелдердiң жасы 55-ке толғанша жыл сайын алты айға ұзарып отырады) және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2019 жылы ол — 36 108 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Бұл ретте мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының 2014 жылы енгiзiлгенiн ескерсек, зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiн әрi 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу құқығына ие болды. Зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитетi шарты бойынша аудару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы №32 қаулысымен бекiтiлген.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аудару Қор кеңсесiне келу немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға (құжаттарды сенiм бiлдiрiлген тұлға Қорға өзi әкелiп тапсыруы тиiс) арқылы ұсына алады. Бұл ретте өтiнiш бiлдiру тәсiлiне қарай құжаттар тiзiмi Қор сайтында мына сiлтеме бойынша орналасқан: https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/transfer.php

Зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.

Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылған соң, 12 (он екi) айдан кейiн, сол жинақтар керi қайтарылмаса және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда салымшының жеке зейнетақы шоты жабылады.

Мен еңбек азаматтық құқықтық сипаттағы шарты негiзiнде жұмыс iстеймiн. Мiндеттi зейнетақы жарналарын өзiм төлеуiм керек пе?

Азматтық құқықтық сипаттағы шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн азаматтар 2018 жылдың шiлде айынан бастап мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттелген болатын.

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрi — Заң) тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Оған негiз болатын құжат: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы.

Соған сәйкес, егер жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер жұмыс iстеу үшiн немесе қызмет қызмет көрсету үшiн салық агенттерiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшiн Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын осы салық агенттерi төлейдi. Ал салық агенттерi: заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсiби медиаторлар болуы мүмкiн.

Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс iстемейтiн жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер жұмыс iстеу үшiн немесе қызмет қызмет көрсету үшiн салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бұл қағида Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көрсетiлген. Дегенмен бұл жеке тұлғалар оның iшiнде фрилансерлер Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын өз ұйғаруымен төлеуге құқылы. Бұл үшiн олар жарналарды екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Мiндеттi зейнетақы жарналарын осылайша Қорға ерiктi түрде аудару қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етедi.

03.06.2019 ж.

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейi артты

Жыл сайын жүргiзiлетiн тәуелсiз әлеуметтiк зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) деген сенiм деңгейi айқындалды.

Зерттеу қорытындысы бойынша:

–бiр жыл iшiнде Қорға деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейiн өстi;

–бiр жыл iшiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 5,9-дан (2017 ж. желтоқсаны) 6,3 баллға дейiн өстi;

–жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы базалық деңгейге ие тұрғындардың үлесi 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында бұл көрсеткiш 58,2 пайыз болған).

Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызға ие 3 қаласының тұрғындарына жаппай сауалнамалық сұрақтар қою әдiсi бойынша жүргiзiлдi.

Халықтың отандық зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiн анықтау аясында сауалнамаға қатысушыларға сенiм деңгейiн он баллдық шәкiл бойынша бағалау ұсынылды. Мұнда «10» саны — толық сенiмдi, ал «1» — зейнетақы жүйесiне мүлдем сенбеушiлiктi бiлдiредi.

Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi 6,3 балл деңгейiнде қалыптасты. Жалпы БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшi Қазақстанның зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшiмен тығыз байланысты. БЖЗҚ шын мәнiнде қазiргi зейнетақы жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және сауалға жауап берушiлердiң көпшiлiгi Қорды жүйе жұмысын жүзеге асыру құралы ретiнде қарайды. Соған қарамастан, сұхбат берушiлердiң БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiн анықтауға бағытталған сауалнама Қорға деген сенiм деңгейiнiң, аз да болса, Қазақстанның зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң жиынтық көрсеткiшiнен жоғары екендiгiн көрсеттi.

БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi 6,4 балл болды.

Облыстар мен республикалық маңызға ие қалалар тұрғысынан алып қарағанда зейнетақы жүйесiне ең көп сенiм бiлдiргендер Алматы (7,19 балл) мен Жамбыл (7,13 балл) облысы және Алматы қаласының (7,10 балл) тұрғындары болды. Шығыс Қазақстан (5,16 балл), Ақтөбе (5,01) және Қарағанды облысының (4,71) респонденттерi Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне аз сенiм бiлдiретiндер болып шықты.

Егер қала және ауыл тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiн салыстырып қарайтын болсақ, онда Қазақстанның 10 облысында (14 облыстың iшiнде) бұл көрсеткiш қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары тарапынан жоғары. Ауыл халқының сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi — 6,4 балл болса, ал қала тұрғындарына қатысты көрсеткiш — 6,09 балл.

Тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметi аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негiзi зейнетақы болады деген пiкiрмен келiседi. Бұл ретте тұрғындардың көпшiлiгi (сауалнамаға жауап бергендердiң 44,9 пайызы) өздерiнiң қаржылық әл-ауқатының негiзгi көзi Қордан төленетiн зейнетақы жинақтары болады деген сенiмде. Ал сауалнамаға жауап берушiлердiң 33,4 пайызы мемлекеттен төленетiн зейнетақыға үмiт артады. Бұдан басқа, сауалнамаға қатысушылардың пiкiрiне сүйенсек, болашақ қаржылық әл-ауқаттың тағы бiр үшiншi негiзi — кәсiпкерлiк. Яғни, жауап берушiлердiң 9,1 пайызы өз бизнесiне үмiт артады. Мұндай жауапты негiзiнен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар мен өз бизнесiн басқарып жүргендер берiп отыр.

Сауалнама нәтижесi жауап берушiлердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-ның рөлi мен оның жинақтаушы зейнетақы жүйесi үшiн маңыздылығы туралы хабардар екендiгiн көрсеттi. Бұл ретте респонденттердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-ның негiзгi атқаратын қызметiн жақсы бiледi. Демек бұл олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде Қордың атқаратын рөлiн жақсы түсiнетiндiгiн көрсетедi. Жауап берушiлер үшiн Қор — оның кеңселерi мен ресми сайты — жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша негiзгi ақпарат көзi екендiгi сөзсiз үлкен маңызға ие.

Зерттеу барысында тұрғындарға қосымша түсiндiрудi талап ететiн тақырыптар анықталды. Мысалы, олар ерiктi зейнетақы жарналары мен бiрыңғай жиынтық төлем аясында төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерi мен оларды төлеу шарты, инвестициялық басқару және зейнетақы активтерiне есептелетiн инвестициялық табыстың қалыптасу қағидалары секiлдi сұрақтар. Бұдан басқа, республикалық және жергiлiктi телеарналарды ақпарат беру арналары ретiнде қолдану, сондай-ақ ақпаратты халыққа ұялы қосымша мен дербес кеңес беру арқылы жеткiзу бойынша ұсыныстар берiлдi.

Зерттеу тұжырымдары Қорға деген сенiмдi одан әрi нығайту және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық мiндеттердi жүзеге асыру барысында ескерiлетiн болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

20.05.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секiлдiлерге зейнетақы қызметтерiн қолжетiмдi ету үшiн Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Бүгiнде елiмiздiң шалғай аудандарында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдiк кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдiмекендер мен бөлiмшелерi жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерiмен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлi әлеуметтiк осал топтарымен жұмыс iстейдi. Олардың арасында қандай да бiр себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшiн шағын автобус пайдаланылады. Ол жерсерiктiк байланыс құралдары және басқа да қажеттi заманауи техникалармен жабдықталған. Автобустың салонында операторларға арналған екi автоматтандырылған жұмыс орны мен келушiлерге арналған екi орын бар. Кезек күтушiлер үшiн тағы үш адамдық орындық қойылған. Бұл көлiктi барлық қызметтердi онлайн тәртiбiнде көрсететiн өзiндiк бiр жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы деп атауға болады. «Мобильдiк кеңсе» қызметкерлерi бiр сапар барысында орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетелдi. Қызмет түрлерiн атап айтар болсақ: ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, шоттың жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту, шоттан үзiндi көшiрме беру, жеке деректемелерге өзгерiстер енгiзу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жөнiнде өтiнiш қабылдау секiлдi қызметтер.

«Мобильдiк кеңсенiң» жолға шығуы арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергiлiктi әкiмдiкпен алдын ала келiсiледi және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала бiлiп отырады. Өйткенi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергiлiктi атқарушы органға хабарласып, елдi мекенiңiздi жоспарға енгiзу жөнiнде өтiнiш беруiңiзге де болады. Әзiрге үш «Мобильдiк кеңсе» Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс iстеп жатыр. Биыл жыл соңына дейiн тағы 10 облыс қамтылатын болады.

Одан басқа шалғай елдiмекендердi зейнетақы қызметтерiмен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бiрлескен жобаны iске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтерi «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы көрсетiледi.

Осылайша экономикалық тұрғыдан белсендi халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдiмекеннiң тұрғындары зейнетақы қызметтерiн ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткiздi. Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру;
  • хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтерiне қол жеткiзу) туралы келiсiмге қол қою.

Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар Қор қызметтерiн қалай алады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын, оның iшiнде әсiресе мүмкiндiгi шектеулi жандарды зейнетақы қызметтерiмен қамту мәселесiне ерекше көңiл бөледi. Осы мәселенi шешу мақсатында «Мобильдiк агент» жобасы iске қосылған. Соның аясында Қор қызметкерлерi қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын салымшылардың үйiне өздерi барып қызмет көрсетедi.

Бүгiнде аталмыш жоба Қордың барлық 18 филиалында жүзеге асырылады. Бұл ретте мүмкiндiгi шектеулi жандар Қор қызметкерлерiн үйге шақыру үшiн enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн электрондық өтiнiш беру» бөлiмi арқылы немесе Байланыс орталығының 1418 тегiн телефон нөмiрiне хабарласып, өтiнiш бере алады. Бұдан кейiн «БЖЗҚ» АҚ қызметкерi өтiнiш берушiге хабарласып, кездесу уақытын белгiлейдi.

«Мобильдiк агент», яғни Қордың маманы барлық керектi құралдармен жабдықталған. Сапарға шыққанда өзiмен бiрге ноутбук, құжаттарды сканерлейтiн әрi басып шығаратын принтер және 4G-модемi бар құрылғыны алып жүредi. Солардың көмегiмен салымшыға қажет құжаттар лезде дайындалады.

Қауiпсiздiктi сақтау мақсатында Қор қызметкерлерi салымшыларға алдын ала телефон шалып, келу уақытын хабарлап қояды. Олардың әрқайсысында қызметтiк куәлiгi бар. Егер сонда да күмәнданатын болсаңыз, Қордың байланыс орталығына хабарласып, маманның аты-жөнiн нақтылауыңызға болады.

Жұмыс берушi қандай уақытта жұмыс берушiсi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары жұмыскердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленген. Бұл жарналарды жұмыс берушiлер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражаты есебiнен төлейдi.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсiптер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен бекiтiлген Тiзбеде көрсетiлген. Егер, еңбек өнiмдiлiгi жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндiрiстiк нысандарды аттестаттау нәтижесiмен расталса, жұмыс берушiлер мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №984 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекiтiлген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, мiндеттер мен жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттiң арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн белгiлейдi.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi. Арнайы салық режимiн қолданатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бұл жарналарды Қорға елiмiздiң салық заңнамасында көрсетiлген тәртiпте аударады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының толық және уақытылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

Мен тұңғыш рет жұмысқа орналасайын деп жатырмын. Жұмыс берушiм зейнетақы жарналарын аудару үшiн Қорға барып, зейнетақы шотын ашудың керегi жоқтығын айтты. Шынымен солай ма? Мүмкiн менiң жұмыс берушiм жарналарды аудырғысы келмейтiн шығар?

Сiздiң жұмыс берушiңiз дұрыс айтады. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшiн Қор кеңсесiне келiп өтiнiш берудiң қажетi жоқ. Ендi алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға жарна аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша сәйкестендiрiледi. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады. Сол үшiн Сiзге уайымдаудың қажетi жоқ. Алайда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Қор кеңсесiне келу керек. Ал ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын Қор кеңсесiне келгенде немесе үйде отырып-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен Қор сайты арқылы ашуға болады.

Мен бiлiм саласының ардагерiмiн. Жалақым жоғары болған емес. Көп ұзамай зейнеткерлiкке шығамын. Болашақ зейнетақымның болжамды мөлшерiн бiлуге бола ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тұрғындарға көрсетiлетiн қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет iске қосылған. Соның көмегiмен әрбiр салымшы өзiнiң дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екi зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Оның бiрi — «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлiкке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берiлетiн зейнетақының болжамды мөлшерiн анықтауға болады.

Екiншiсi — «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгiнгi жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептей алады. Сонымен қатар бұл калькулятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемiнiң қандай болатындығын көрсетiп бередi.

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде «Жинақтарды өмiрдi сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет iске қосылды. Сол арқылы өмiрдi сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктi сомасын есептеуге болады. Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшiн: туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшерi секiлдi барлық қажеттi деректердi енгiзу қажет. Содан кейiн «Есептеу» түймешiгiн басамыз.

Бiр айта кететiн жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинетi арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтiп, «Есептеу» түймешiгiн басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткiштерге қол жеткiзуге болады.

Салымшы егер қаласа Қордың кез келген бөлiмшесiне жүгiне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат керек. Қорда өткен жылдан берi дербес кеңес беру қызметi жүзеге асырылып келедi. Бiздiң мамандар болашақ зейнетақыны қалай есептеудi және оның мөлшерiн арттыру жолдарын түсiндiредi.

03.05.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге бюджет есебінен субсидия бөлінетіндігін естідім. Осы рас па?

«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі дегенді білдіреді. Бұл жерде әңгіме «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекітілген және бала күтімімен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшін енгізілген.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бюджет есебінен субсидияланады және әлеуметтік төлемдерді алушылардың пайдасына Қорға ай сайын төленеді. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін жеке зейнетақы шотына бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын зейнетақы жарналары аударылады.

Мемлекеттік субсидия үшін құжат жинап, табалдырық тоздырып, өтініш берудің керегі жоқ. Ол бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу барысында есептеліп, зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады.

Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер үшін бөлінетін бюджеттік субсидияны ескере отырып, ай сайын аударылатын зейнетақы жарнасының мөлшерін қалай есептеуге болады?

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) жиынтық мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде есепке алынған табыстың 10 пайызын құрайды. Бұл ретте әрине, бюджеттік субсидия мен бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ ескеріледі. Мысалы, жалақы табыс ретінде қаралуы мүмкін. Бірақ оның көлеміне қатысты шектеу бар. 2019 жылдан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу көзі ретінде алынатын ай сайынғы табыстың мөлшері ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (42500*7= 297 500 теңге).

Зейнетақы шотына аударылатын ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері – әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстан есептелетін МЗЖ мен бала күтіміне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ арасындағы айырма сомасы ретінде белгіленеді. Осылайша, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстың 10 пайызының 4 пайызы бала күтіміне байланысты Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің есебінен, ал 6 пайызы бюджет есебінен төленеді.

Мысалы, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыс, яғни жалақы – 100 000 теңге делік. Бұл жағдайда, Қордан бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері – 40 000 теңге (орташа айлық табыстың 40 пайызы) болады. Сәйкесінше әлеуметтік төлемдер есебінен аударылатын МЗЖ – 4 000 теңге.

Субсидияның есептелген мөлшері (СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидия мөлшері):

СУБ = (100 000 * 10%) — (40 000 *10%) = 6 000 теңге

Осы есептеулерге сәйкес ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері – 10 000 теңге болады. Демек аналардың зейнетақы шотына республикалық бюджеттен жылына 72 000 теңге аударылады.

Осылайша, декретке дейін жұмыс істеген және жүктілік бойынша демалысқа шыққан әйелдерге баласы бір жасқа толғанша зейнетақы шотына орташа ай сайынғы табыстың 10 пайызы түсіп отырады.

Менің еңбек өтілім өте аз. Жұмыс істеуге ұзақ уақыт мүмкіндігім болмады. Енді мен болашақта қандай зейнетақыға үміт арта аламын?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалып жатыр. Оған дейін базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленіп келді. Енді оны тағайындарда зейнеткердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Егер ол жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 2019 жылы бұл сома – 16 037 теңгені құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан көп болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең.

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 29 698 теңге.

Егер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі 6 айдан кем болмаса, онда ортақ зейнетақы да тағайындалады. Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты ортақ зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (күні бүгінге дейінгі аралық) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыстың негізінде есептеледі.

Әрине, жиынтық зейнетақының басым бөлігін жинақтаушы зейнетақы басуы керек. Егер қандай да бір себеппен міндетті зейнетақы жарналары төленбеген болса, оны ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен де толықтыруға болады.

Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен үшінші бір тұлғаның атына да аудара алады. Бұл жағдайда үшінші тұлға да жеке басын куәландыратын құжатпен Қорға келуі тиіс. Қажет жағдайда салымшы мен алушының орнына олар сенім білдірген тұлға да нотариат куәландырған сенімхат негізінде өтініш бере алады.

Айта кетелік, кәмелетке толмаған тұлғалардың да ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте шартқа кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.

Заңды тұлғалар да өз кезегінде жеке тұлғалардың, мысалы өз қызметкерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Олар әдетте мұны қол астындағы мамандарды еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды. Заңды тұлғалар ұсынатын құжаттар топтамасы enpf.kz сайтында орналастырылған.

Мен шетелге қоныс аудармақпын. Зейнетақы жинақтарымды қалай алуға болады? Оның жолдары қандай?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн бір мезетте алуға құқығы бар. Бұл ретте бір айта кететін жәйт, басқа елдің азаматтығын алмас бұрын, заң талаптарына сәйкес шетелге кетуге қатысты құжаттарды ресми түрде рәсімдеу керек. Басқа елдің азаматтығын алып болған соң ғана, БЖЗҚ-ға келіп құжаттарды ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтарын алуға да құқылы.

Осылайша БЖЗҚ заң талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдаған соң, 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында көрсетілген.

Таяуда екінші топтағы мүгедектік алдым. Соған байланысты лайықты ем қабылдау үшін зейнетақы жинақтарын алуға құқы бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға да төленеді. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте жүзеге асыруға міндетті. Бұл тәртіп, оның ішінде Қордан бекітілген тәртіп бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын есептеу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында» бекітілген. Осылайша, егер екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып бекітілсе, Сіз Қордан зейнетақы төлемдерін бекітілген кесте бойынша ай сайын ала аласыз.

08.04.2019 ж.

5 сұрақ

1. Зейнетақы шотын ашу үшiн не iстеу керек?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн БЖЗҚ-ға, оның iшiнде Қордың веб-сайты арқылы жүгiнудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша сәйкестендiрiледi. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

2. Инвестициялық табыс деген не және ол қалай есептеледi?

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледi. Оның көлемi шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетiн жарналардың мөлшерiне және олардың тұрақты аударылуына тәуелдi.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бiрлiгiнiң (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбiр жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және шартты зейнетақы бiрлiгiнде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбiр зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бiрлiгiне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сiздiң жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемiнде зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны — 748 теңге дейтiн болсақ, Сiздiң шотыңызға есептелетiн ШЗБ саны 13,4 бiрлiк болады (10 000 теңге/ 748 теңге).

Ал 2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делiк. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерiлдi. Ендi осы күнгi ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сiздiң шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негiзiнде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейдi. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге — 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшерi жарналардың сомасы мен аударылу кезеңiне тәуелдi. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.

3. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шотын кiмдер аша алады?

Қазақстанның кез-келген азаматы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын аудара алады. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi шарт тараптарының өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. Бұл ретте жарналардың мөлшерiнен гөрi, олардың тұрақты аударылғандығы маңызды. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтар болашақта Қордан қомақты мөлшерде зейнетақы төлемдерiн алуға септiгiн тигiзедi. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебiнен төлейдi және өз атына немесе үшiншi бiр тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерiнiң атына ерiктi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерiнiң қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкiлi қол қояды.

Салымшы ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен шот ашу үшiн Қорға өзi келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат тапсырады. Егер шарт үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуi тиiс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкiлi немесе оның орнына нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген тұлға өтiнiш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшiн салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшiншi адамның пайдасына шарт жасау үшiн алушы да жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшiрме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшiншi адамның пайдасына шарт жасасу үшiн тиiстi құжаттар топтамасын ұсынады. Қажеттi құжаттар тiзiмi Қордың enpf.kz сайтында көрсетiлген.

2018 жылдың шiлдесiнде Қор сайтының Жеке кабинетi және «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнде жаңа қызмет iске қосылды. Ол — «Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметi» деп аталады. Оны пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтi қажет. Сол арқылы тiркелiп, тиiстi нысандарға қажеттi деректер енгiзiледi. Кейiн осы электрондық цифрлық қолтаңбаның кiлтiмен қол қойылады. Бүкiл операция бiрнеше минут уақытты ғана алады. Ерiктi жарналар бойынша шотты сайт арқылы ашу — уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Бiр айта кететiн жәйт, салымшылар Қор сайты арқылы шотты әзiрге өз пайдасына ғана ашуға құқылы.

4. Зейнетақы төлемдерi қалай рәсiмдедi?

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлдi.

Осы күннен бастап зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiм мен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш негiзiнде алушыға (үнсiз келiсiм бойынша) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгiзiлген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу жөнiндегi өтiнiштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:

  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;
  • I және II топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда;
  • жерлеуге және мұрагерлiкке байланысты бiржолғы төлемдi жүзеге асырған жағдайда;
  • ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде;
  • сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiн есепке алу, есептеу және стратегиялық мiндеттерi сол өзгерiссiз күйiнде қалады.

5. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепiлдiк берiлген?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiлетiндiгi туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсендi түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткенi осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Мұнда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша бiржолғы айырма төлемi есептеледi. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердiң шотындағы бүкiл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгiзiлген бүкiл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Бiржолғы айырма төлемiн зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемдi алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу үшiн Қорға жүгiнедi. Ал мемлекеттiк зейнетақылар мен мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiр өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш бередi. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгiзiлген Композиттiк қызмет аясында мемлекеттiк зейнетақылар мен Қор төлемдерiн және мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiштi тек бiр жерге — осы Мемлекеттiк корпорацияға тапсырады. Айырма төлемiн алу үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Мемлекеттiк корпорация зейнеткердiң жинақтары туралы Қордан алынған мәлiметтердi оның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексередi. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегi жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейдi. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттiк корпорация айырма төлемiн есептейдi. Бұл сома бiржолғы төлем ретiнде республикалық бюджет есебiнен алушының банк шотына 10 жұмыс күнi iшiнде аударылады.

20.03.2019 ж.

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшiне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер» тақырыбы бойынша Ашық есiк күнi өткiзiлдi 

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есiк күнi» шарасы өткiзiлдi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жалғастырып келедi. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесiне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпарат берiлiп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы — зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудағы басты мақсат — зейнетақы төлемдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу рәсiмiн оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерiстер енгiзiлдi:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi болса, жеке тұлғаларға, олардың iшiнде фрилансерлерге берiлетiн табыстан мiндеттi зейнетақы жарналарын осы салық агентi төлейтiн болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу — фрилансердiң мiндетi емес, құқығы болып табылады;

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу — оның мiндетi болып есептелмейдi. Бұл ретте жарналарды есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс.

Биылғы жылғы жаңа енгiзiлiмдердiң бiрi — жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Қорға жүгiнудiң қажетi жоқ. Жеке тұлғаның Қорда мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемдi:

- мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды;

- Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты электрондық үкiмет порталы арқылы алу оңай бола түстi.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бiр реттiк sms-парольдiң көмегiмен де ала алатын болды. Бұл үшiн салымшы (алушы) электрондық үкiмет порталының жеке кабинетiнде тiркелiп, үзiндi көшiрме алуға сауал жолдайды. Содан кейiн mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бiр реттiк sms-пароль жiберiледi.

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесi мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнiң өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Ендi нотариустар «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесi арқылы өздерiнiң өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша (мұрагерлер өтiнiш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртiбiнде (хат жүзiнде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

Зейнетақы жүйесiне енгiзiлген өзгерiстер Ашық есiк күнiне келушiлер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгiнгi кездесудiң пайдалы және достық сипатта өткендiгiн ерекше атап өттi.

Айта кетелiк, БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi осымен үшiншi жыл қатарынан әрбiр үш ай сайын өткiзiлуде. Өткен жылы бұл шараға елiмiз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгiнгi шараға қатысушылар биылғы жылы күшiне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерiстер туралы толыққанды және маңызды мәлiметтердi, сондай-ақ өздерiн қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.

Қандай да бiр себептермен Ашық есiк күнiне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөмiрiне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегiн) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтiнiштерiн Қордың әлеуметтiк желiлердегi негiзгi парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

01.03.2019 ж.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде ол талай сыннан өтті. Бүгінде жүйе заман талабына сай жемісті жұмыс істеп келеді және болашағы айқын.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ — жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының бірыңғай операторы. Оның қызметі ашықтық және айқындылық қағидаларына негізделген.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында біз тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап береміз.

1. Зейнетақы жинақтарын біржола алуға бола ма?

— Қордағы зейнетақы жинақтары алушыларға заңнамада көзделген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. Ең негізгі жағдай — зейнеткерлік жасқа толу. Өйткені зейнетақы тағайындаудағы негізгі мақсат — құрметті демалысқа шыққан адамдардың күнделікті тіршілігін лайықты қамтамасыз ету.

Сонымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда) және бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандарға төленеді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Жасына байланысты зейнеткерлер мен I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар төлемдерді ай сайынғы кесте бойынша алады. Өйткені 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордан зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріле бастады. Зейнетақы жинақтарын ай сайын беру — халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және бұл Қордан зейнетақы төлемдерін алу мерзімін едәуір ұзартуға және жиынтық зейнетақының көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Қазір де зейнетақы жинақтарын біржолғы төлем ретінде алуға болатындығын айта кетен жөн. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 36 108 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 433 296 теңге.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес ерлер 55 жасқа, ал әйелдер биыл 51 жасқа толғанда өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы ай сайын алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте әйелдердің жасы 2027 жылға дейін 55 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отыратындығын еске саламыз. Бірақ зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін Қордағы зейнетақы жинағының сомасы ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi төлеуге жеткілікті болуы керек.

Сақтандыру ұйымына аударуға қажетті соманы зейнетақы калькуляторының көмгімен де есептеуге болады. Ал зейнетақы калькуляторы enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php

2. Бізге редакцияға туыстары қайтыс болған адамдар жиі жүгініп, сол қайтыс болған туыстарының жинақтарын қалай алуға болатындығын сұрап жатады. Осы жағын түсіндіріп берсеңіз.

— Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және өсиет бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33-баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Мұраны қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6 тарауына (Мұрагерлік құқық) сәйкес мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлiк беру жөнінде өтiнiш беріледі. Мұра ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Алты ай өткен соң, мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшi бойынша оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.

Егер мұрагер мұра қабылдау мерзiмін дәлелдi себептермен өткiзiп алған болса және бұл мерзiмдi өткiзіп алу себептерi жойылғаннан кейiн алты ай iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады

3. Мұрагерлер үшін құжаттарды жинап, тапсыру рәсімін оңайлатуға болмай ма? Өйткені олардың табалдырық тоздырып, құжат жинауға шамасы да, жағдайы да келе бермейді ғой?

— Бұл рәсімді мұрагерлер үшін оңайлату және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Қордың ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде емес) сауалдар жолдай алады.

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді.

4. Таяуда бұқаралық ақпарат құралдарында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшыны жерлеуге байланысты зейнетақы қорынан біржолғы төлем берілетіндігі жарияланды. Оның көлемі қандай және қандай құжаттар жинау керек?

— Шынында, бұл мәселе таяуда бұқаралық ақпарат құралдары бетінде талқыланды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мына мәліметті айта кеткім келеді. Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген сәттен, яғни 1998 жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем заңнамада көрсетілген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады. Атап өту керек, бұл төлем жаңалық емес, ол әрқашанда төленіп келді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл сома 132 310 теңгені құрады (2 525*52,4).

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді.

Толық ақпаратты Қор сайтынан біле аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/recipient/heir.php

5. БЖЗҚ салымшылары Қордың қандай негізгі ұсынымдарын есте сақтауы тиіс?

— Зейнетақы қорының қызметі туралы бүкіл ақпарат Қордың enpf.kz сайтында және бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, сондай-ақ БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады. Сонымен қатар Қор бөлімшелері республиканың барлық өңірлерінде, оның ішінде Астананың барлық ауданында жұмыс істейді. Қор кеңселерінде кез келген зейнетақы қызметін алып қана қоймай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы жан-жақты ақпарат алуға болады.

Қор филиалдарында үш ай сайын Ашық есік күні шарасы өткізіліп тұрады. Онда келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады. Біз алушыларға зейнетақы жарналарының Қорға уақытылы және толық көлемде аударылуын қадағалап отыруға кеңес береміз. Бұл үшін әр түрлі ыңғайлы тәсілдерді пайдалануға болады. Мысалы: Қор базасына тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі мен парольдің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көемегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинеті, Қордың ұялы қосымшасы, сондай-ақ Қорға ұсынылған жеке электрондық мекенжай.

Қазір жас маман жұмысқа орналасқан жағдайда, Қорға алғашқы зейнетақы жарнасы келіп түскен сәтте, зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Яғни, жаңа салымшыға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Тек өзінің зейнетақы шотының жай-күйін, жарналардың тұрақты аударылуын қадағалап отырса болғаны. Өйткені Қордан төленетін болашақ зейнетақы төлемінің қандай болатындығы Қорға жарналардың уақытылы және толық көлемде аударылуына тікелей байланысты.

Бүгінде базалық зейнетақының көлемі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей тәуелді. Бұдан басқа зейнетақы аударымдары банктер үшін клиенттерге несие рәсімдеу барысында маңызды көрсеткіш болып саналады.

Зейнетақы жинақтары әрбір салымшының меншігі. Шоттағы зейнетақы жинақтары сенімді қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше шоттарға күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қор салымшыларының зейнетақы шоттарына 917,1 млрд теңге көлемінде инвестициялық табыс есептелді. Бұл жерде әрбір салымшының шотына есептелетін табыстың сомасы сол шоттағы жинақтардың көлеміне тәуелді.

16.01.2019 ж.

Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада — айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

20.11.2018 ж.

БЖЗҚ жастарға есiгiн ашты

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетiмдi» атты Ашық есiк күнi өттi. Оған 366 адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бiрге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Филиал директоры Муканов Рамазан Жарлагасович атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән бередi.

— «Қазiр зейнеткерлер зейнетақысының негiзгi бөлiгiн мемлекеттiк бюджеттен алатын болса, келешекте бүгiнгi оқушылар мен студенттердiң зейнетақы көлемi негiзiнен олардың өздерiнiң аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуiмiз керек», — дейдi филиал жетекшiсi.

Қор қызметкерлерi Ашық есiк шарасына келгендерге зейнетақы қызметтерi мен кеңес алу жолдары туралы айтып бердi. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтерiне қалай жүгiнуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.

Зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бiрi. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсiлдерi мен қызметтердiң сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгiнде Қор қызметтерi елiмiздiң барлық тұрғындарына дерлiк қолжетiмдi. Республиканың бүкiл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстейдi. Көшпелi қызмет тиiмдi ұйымдастырылып, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мобильдi агенттер қызмет көрсетедi.

Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елдi мекендерге қызмет көрсету үшiн жылжымалы кеңселер iске қосылды. Келесi жылы көлiктегi кеңселер елiмiздiң тағы 12 аймағында жұмысқа кiрiспек. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi жетiлдiру үшiн барлық өңiрлiк филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгiршiктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлерi ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкiмет сайты және биыл iске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетiмдi. Салымшыларға кеңес беру үшiн 1418 нөмiрi бойынша байланыс орталығы жұмыс iстейдi. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтiк желiлердегi парақшаларға жолдауға болады.

— БЖЗҚ қызметтерiнiң 80 пайызы қазiр қашықтықтан электрондық түрде қолжетiмдi. Осының арқасында кеңсеге келiп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесiне бейiмделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкiндiк бередi», — деп атап өттi филиал директоры.

Қор өкiлдерiнiң айтуынша, электрондық тәсiлмен мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын есептеу жөнiндегi жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама алуға, деректемелердi немесе ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердiң шамалас мөлшерiн есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.

Қор қызметкерлерi шараға қатысушыларға жеке кеңес берiп, оларды қор қызметтерiне өз бетiнше жүгiну тәсiлдерiне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйреттi. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесi туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста КББМ «Гуманитарлық-техникалық колледжiнiң» студенттерi — Кус Олег, Любовицкая Екатерина, Шмелева Анастасия; КММ «Солтүстiк Қазақстан кәсiби педагогикалық колледжiнiң» студенттерi — Тулепергенов Нурдаулет, Сапаров Бахтияр, Жуматаев Азат; КММ «Петропавл қаласының құрылыс-экономиқалық колледжiнiң» студенттерi — Шауланбек Гульназ, Куатбекова Ляйля, Айторе Акниет; КММ «№7 Орта мектебiнiң» оқушылары — Кеңес Жомарт, Мақтабек Иманғали, Бейсек Бақұстар озық нәтиже көрсеттi. Филиал директоры жеңiмпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.

— «Мен бүгiн зейнетақы жүйесi туралы, Қор қызметтерiн интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым. БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедiм, ендi ата-анамды оны қалай пайдалану керектiгiне үйретемiн», — дейдi шараға қатысушы оқушы Сапаров Бахтияр

БЖЗҚ АҚ Ашық есiк күнiн екiншi жыл қатарынан тоқсан сайын өткiзiп келедi. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстер туралы бiлiп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт аралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

БЖЗҚ АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

13.11.2018 ж.

БЖЗҚ баршаға қолжетімді

2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі. Қор бұл шараны екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ол әдеттегіден ерекше болмақ – алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бізге Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директоры Муканов Рамазан Жарлагасович әңгімелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес. Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазіргі заманғы зейнеткерлер қамтылатын мемлекеттік бюджеттен емес, өздерінің аударған зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болады. Ашық есік күні барысында Қор қызметкерлері оқушылар мен студенттерді зейнетақы жүйесінің негіздерімен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Сонымен қатар шараға келушілер Қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығын біле алады. Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Еліміздің аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

2018 жылдың көктемінде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында енгізілмек. Үстіміздегі жылдың 9 айында 18 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбір тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысты.

— «БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», — дейді филиал директоры.

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін). Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын іске қосты. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзінді-көшірме алып, жеке кабинетінің құпиясөзін қалпына келтіріп, өзекті жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың ең жақын бөлімшесінің мекенжайын білулеріне болады. Аталмыш ботты пайдалану үшін іздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек.

Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.

— «Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз», — дейді қор қызметкерлері.

08.11.2018 ж.

5 сұрақ

1. Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн қайда жүгiнуге болады? Осы жөнiнде толығырақ айтып берсеңiз.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлердi зейнетақымен қамту жауапкершiлiгi мемлекет, жұмыс берушi және салымшы арасында оңтайлы үлестiрiлген.

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, оның атына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншiгi болып табылады және мұраға қалдырылады.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн: зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемдi алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу үшiн Қорға жүгiнедi. Ал мемлекеттiк зейнетақылар мен мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай (бiр) өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) жергiлiктi бөлiмшесiне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтiнiш бередi. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгiзiлген жаңа Композиттiк қызмет аясында мемлекеттiк зейнетақылар мен Қор төлемдерiн және мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай (бiр) өтiнiш пен қажеттi құжаттарды тек бiр жерге — осы мемлекеттiк корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемiн алу үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Мемлекеттiк корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәлiметтердi алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексередi. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi және мiндетi кәсiптiк зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейдi. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгiзiлген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттiк корпорация айырма төлемiн есептейдi. Бұл сома 10 жұмыс күнi iшiнде республикалық бюджет есебiнен алушының банк шотына аударылады.

2. Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 165-VI Заңы) енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерiнде (бiрақ ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге мiндеттi.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшiн МЗЖ аудару тәртiбi мынадай:

  • азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететiн жеке тұлғалар (қызмет көрсетушiлер) мiндеттi зейнетақы жарналарын екiншi деңгейдегi банктер арқылы табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей төлейдi;
  • екiншi деңгейдегi банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналарын кейiннен Мемлекеттiк корпорацияға аудару үшiн оларды банкке қолма-қол ақшамен енгiзедi;
  • екiншi деңгейдегi банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттiк корпорацияға төлем тапсырмасын әзiрлейдi. Одан әрi, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттiк корпорацияның шотына келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бiр кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiнен өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшке қол қою арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген өтiнiш үлгiлерi БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf.

Жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiштi Қордың кез-келген бөлiмшесiнде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

3. БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтердi алуға болады?

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетiмен зейнетақы қызметтерiн пайдалануға мүмкiндiк бередi. Терминалдың корпусы тұтас темiрден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлiгiнде сенсорлық экраны бар. Корпустың iшiне жаңа үлгiдегi жүйелiк блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

Қазiргi кезде өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi-көшiрме алу, берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау және шарттардың көшiрме нұсқасын алу секiлдi қызметтердi салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнiнде өтiнiш беру және жеке деректемелердi өзгерту үшiн салымшыны танып бiлу әдiсi ретiнде тек жеке куәлiктегi ЭЦҚ қажет.

Барлық филиалдарда өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың iшiнде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгерiс енгiзу (43,03%) қызметтерi.

4. Зейнетақы активтерi не үшiн екiншi деңгейдегi банктерге инвестицияланады? Олар бiрiнен-соң бiрi жабылып жатыр емес пе?

Қазiргi уақытта зейнетақы активтерi бiрыңғай оператор — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционерi — Қазақстан Республикасының үкiметi. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетi ҚР Ұлттық Банкнiң сенiмгерлiк басқаруына берiлген. Зейнетақы активтерiн басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөнiндегi кеңесiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi бiршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесiнше зейнетақы активтерi тәуекелi төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдiк валютада номинирленген әр түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат — ұзақ мерзiмдi болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл — басты стратегия.

Портфельдiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына (47%), екiншi деңгейдегi банктердiң бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердiң бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердiң валютасында (32%) номинирленген.

Зейнетақы активтерiн екiншi деңгейдегi банктердiң облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердiң облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша барлық шешiмдердi ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдiң құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.

5. Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты тегiн беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ал ақпарат алу тәсiлiн салымшы өзi таңдайды. Шоттан үзiндi-көшiрме алудың мынадай тәсiлдерi бар:

  • пошта байланысы арқылы — жылына бiр рет;
  • таңдап алынған төлем кестесiне сәйкес электрондық пошта арқылы — (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өзi келгенде — шек қойылмайды;
  • интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) — онлайн режимiнде шектеусiз;
  • enpf.kz сайтына тiркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы — шектеусiз.

Егер Сiз зейнетақы шотыңыз жайында үзiндi-көшiрме алу тәсiлiн таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегi Қор кеңсесiне келiп, хабарлау тәсiлi туралы қосымша келiсiм жасай аласыз. Қор бөлiмшелерiнiң мекенжайлары мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бiрнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты интернет арқылы алу — қазiргi уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртiбiнде бақылап отыруға мүмкiндiк бередi.

05.10.2018 ж.

5 сұрақ

1. Менiң әкем — мүгедек. Өздiгiнен жүрiп-тұра алмайды. Оның зейнетақы Қорына қатысты бiрқатар сұрақтары бар едi. Қордың жергiлiктi кеңсесi алыста орналасқан. Өзi бара алмайды. Ал мен күнi бойы жұмыстамын. Айтыңызшы, бұл жағдайда не iстеуге болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтар, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар үшiн зейнетақы қызметтерiне бiрдей қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.

Кiмде-кiм қандай да бiр себептермен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты Қор кеңсесiне келе алмайтын болса, Қор қызметкерлерi оған өздерi барады.

Сiз әкеңiз үшiн «Мобильдiк агент» қызметiне тапсырыс бере аласыз. Бұл үшiн Қордың байланыс орталығына телефон шалу немесе Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнiң «Халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтары үшiн электрондық өтiнiш беру» нысаны арқылы өтiнiм бере аласыз. Бұл қызмет туралы мына сiлтеме арқылы толығырақ бiлуге болады: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/mo.php.

Егер әкеңiзде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзектi кiлтi бар болса, ол соның көмегiмен шарт жасаудан бастап зейнетақы төлемдерiн алуға дейiн зейнетақы қызметтерiнiң барлық дерлiк түрiн ала алады.

2. Мен аптасына 6 күн жұмыс iстеймiн. Яғни, сенбi де — жұмыс күнi. Сондықтан БЖЗҚ бөлiмшесiне келуге мүмкiндiгiм жоқ. Не iстеуге болады?

БЖЗҚ қашанда заман талабына сай қызмет атқаруға күш салады. Бүгiнде Қор негiзгi қызметтердiң барлығын қашықтықтан көрсетедi. Сондықтан салымшы өз мәселелерiн шешу үшiн Қор бөлiмшесiне келуге мiндеттi емес. БЖЗҚ қашықтықтан қызмет көрсету жүйесiн ұсынып отыр. Мысалы, байланыс орталығы және интернет бойынша керi байланыс нысаны арқылы дербес ақыл-кеңес алуға болады. Қордың байланыс орталығының менеджерi сұрағыңызды тыңдап болып, оны сол мезетте шешуi мүмкiн. Күрделi сұрақтар бойынша әрi қарай не iстеу керектiгiн түсiндiредi.

Бұдан басқа, Сiз электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен Қор сайтында барлық дерлiк операцияларды жүзеге асыра аласыз. Мысалы, жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беруге, жеке деректемелерге өзгерiс енгiзуге, зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсiлiн интернет байланысына ауыстыруға және берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалауға болады.

Сонымен қатар «Жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiштiң көшiрме нұсқасын алу» және «Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен шарт жасасу» электрондық қызметтерi де iске қосылған.

3. Мен 10 жылдан кейiн зейнеткерлiк жасқа толамын. Сол кезде шамамен қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды бiлгiм келедi. Ай сайынғы төлемнiң мөлшерi қалай есептеледi?

Қазақстан Республикасында жиынтық зейнетақы екi төлем көзiнен құралады. Олар: мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және ортақ зейнетақы, сондай-ақ БЖЗҚ-дан: мiндеттi зейнетақы жарналары және ерiктi құрамдауыш есебiнен қалыптасқан төлемдер.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу механизмi өзгертiлдi. Ендi оны тағайындағанда 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейiнгi жылдардағы еңбек өтiлi ескерiледi. Яғни, еңбек өтiлi көп болған сайын базалық зейнетақының мөлшерi де ұлғая түседi. Базалық зейнетақыны тағайындаумен «Азаматтарға арналған үкiмет» «Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы айналысады. Сондықтан базалық зейнетақыны тағайындауға қатысты сұрақтар бойынша корпорацияға бiрыңғай «1414» тегiн телефон нөмiрi арқылы хабарласуға немесе оның Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтiк желiсiндегi ресми парақшасына өтiнiш жазып қалдыруға болады.

Ендi БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасатын төлемдерге келер болсақ, ай сайынғы төлемнiң мөлшерiн есепту үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерiнiң кестесi пайдаланылады. Бұл кесте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген. Сондықтан ай сайынғы төлемнiң мөлшерi алушының жасы мен жеке зейнетақы шотындағы қаражаттың сомасына тәуелдi. Алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12 айға бөлiнедi. Одан шыққан сома Қордан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерi болып саналады.

Атап өту керек, жинақтар көлемдi болған сайын ай сайынғы төлемнiң сомасы да жоғары болады. Сәйкесiнше бұл төлемдер ұзақ уақыт жүзеге асырылады. Бұл құрамдауыш бойынша төлемдердiң көлемi адамның өзiне байланысты — еңбек жолында болашағыңа қанша қаражат жинасаң, зейнет жасында сондай көлемде зейнетақы аласың деген сөз. Осылайша азаматтар қазiрден бастап Қордағы жеке шоттарына зейнетақы жарналарын жиi және қомақты мөлшерде аударып тұрулары керек. Өйтпеген жағдайда зейнетақы мөлшерi аз болады. Сондықтан Қордан зейнетақы төлемдерiн алудың жаңа әдiстемесi зейнетақы жинақтарын дер кезiнде қалыптастыру керектiгiн шынайы түрде көрсетiп бередi. Яғни, төлем сомасы жинақтардың көлемiне тiкелей байланысты.

Мысалы, бiр салымшының шотында 6 млн теңге, ал басқа салымшыда бар болғаны 1 миллион теңге болса, олардың ай сайын алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi де әр түрлi болады.

Қор сайтында орналасқан зейнетақы калькуляторы қазiрдiң өзiнде болашақ зейнетақының болжамды мөлшерiн есептеуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте аз мөлшерде болса да тұрақты негiзде аударылатын ерiктi зейнетақы жарналарының арқасында зейнетақы жинақтарының көлемiн елеулi түрде арттыруға болатындығына көз жеткiзе аласыз.

Қордың www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнде орналасқан зейнетақы калькуляторы (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php) ай сайынғы жиынтық зейнетақыны (ол ортақ және базалық зейнетақыны да есепке алады) өз бетiңiзбен есептеуге мүмкiндiк бередi.

Бұл үшiн зейнетақы калькуляторының тиiстi бағандарына еңбек өтiлi (еңбек қызметiнiң басынан берi), зейнетақы жинақтарының сомасы және айлық табыстың сомасын енгiзу қажет. Бұдан басқа, «БЖЗҚ» АҚ-тың жаңа: зейнетақыны жоспарлау мәселелерi бойынша салымшылар мен алушыларға дербес кеңес беру қызметiн пайдалануға болады.

2018 жылдың сәуiрiнде Қор дербес кеңес беру қызметiн iске қосты. Бұл ретте жеке және корпоративтi зейнетақы калькуляторлары қолданылады. Бұл қызмет қазiр тұрғындар арасында танымал болып жатыр. 2018 жылдың тамыз айында «БЖЗҚ» АҚ филиалдары зейнетақыны жоспарлау бойынша 58 107 ақыл-кеңес өткiзген. Сiз осы мәселе бойынша Қордың жергiлiктi бөлiмшесiне жүгiне аласыз.

4. Мен жеке зейнетақы шотын ашуым керек. Бұл үшiн қанша ақша төлеу керек және қандай құжат қажет?

Жеке зейнетақы шоты тегiн ашылады. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, мiндеттемелердi және жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ мен мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы (мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшелiктерiн бекiтедi.

Егер Сiз бұған дейiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, онда жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiш толтыруыңыз керек.

ЖЗШ — салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке атаулы шоты. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары немесе мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары не болмаса ерiктi зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсiмпұл және басқа да түсiмдер есепке алынады және солардың есебiнен төлемдер жүзеге асырылады.

ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi рәсiмдеу үшiн Қор кеңсесiне барған кезде мына құжаттар ұсынылады:

- жеке өзi келгенде — жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа);

- сенiм бiлдiрiлген тұлға келiп өтiнiш бiлдiрген кезде — сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенiмхат немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Сонымен қатар Сiз Қор сайтының мына мекенжайында орналасқан электрондық қызметтердi пайдалана отырып, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi бере аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/ipa/cpc.php. Бұл үшiн Сiзде электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтi (ЭЦҚ) немесе Жеке кабинет қолжетiмдi болуы қажет. Одан басқа, Қор сайтындағы басқа да электрондық қызметтердi пайдалануға болады. Олар: зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру, жеке деректемелерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, интернет-хабарлау тәсiлiн таңдау және берiлген өтiнiштердiң орындалу барысын қадағалау.

Биыл қор сайтында зейнетақы шартының көшiрме нұсқасын алу және «Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу» қызметi iске қосылды. Бұл сервистердi пайдалану бар болғаны бiрнеше минутты алады.

Қордың «Facebook», «ВКонтакте», «Твиттер», «Одноклассники» және «Instagram» әлеуметтiк желiлерiнде ресми парақшалары бар екенi белгiлi. Сонымен қатар Қор биыл Telegram және Whatsapp мессенджерiнде өзiнiң чатботын енгiздi. Барлық коммуникация арналары зейнетақы жүйесi және БЖЗҚ қызметi туралы қажеттi ақпараттарды алуға және қажет жағдайда жеке мәселелер бойынша Қор мамандарына жүгiнуге мүмкiндiк бередi.

Таяуда Whatsapp жүйесiнде (8-777-000-1418 нөмiрi бойынша) салымшылармен байланыс жасаудың жаңа арнасы iске қосылды. Онда қажеттi ақпараттарды телефон арқылы хабарласпай-ақ және Қор бөлiмшесiне келместен автоматты түрде алуға болады.

БЖЗҚ қолданатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметтерiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға септiгiн тигiзедi.

5. БЖЗҚ бөлiмшесiнде менеджер маған дербес кеңес беру қызметiн ұсынды. Мен сол кезде одан бас тарттым. Өйткенi, бұл қызметтiң ақылы, ақылы емес екендiгiн бiлген жоқпын.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдына сапалы қызмет көрсетуден басқа, қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiмiн нығайту мақсаты қойылған.

2018 жылдың сәуiр айында Қор дербес кеңес беру қызметiн iске қосты. Ол тегiн көрсетiледi. Салымшылар мен алушыларға кеңес беру барысында оларды ең алдымен зейнткерлiкке шығу, ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу, инвестициялық табыс, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк беру және зейнетақы төлемдерiн арттыру мәселелерi қызықтыратыны белгiлi болды.

Осы және өзге де сұрақтарға Қор мамандары жан-жақты жауап бередi және болжамды зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеп, оның арттыру жолдарын көрсетедi.

2018 жылдың үшiншi тоқсанының 2 айы iшiнде Қор филиалдары 109 889 ақыл-кеңес өткiздi. Бұл 2018 жылдың екiншi тоқсанында берiлген ақыл-кеңестердiң 93 пайызын құрайды. Жоба iске қосылғаннан берi Қор филиалдары 228 406 ақыл-кеңес берiп үлгердi.

12.09.2018 ж.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi: уақыт биiгiнен

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күнi Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлi кездесу — Ашық есiк күнi өтедi. Елiмiздiң зейнетақы жүйесiнiң жұмысы туралы кеңiрек бiлу үшiн бiз «БЖЗҚ» АҚ-ның Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Рамазан Жарлагасовичтi әңгiмеге тарттық.

Рамазан Жарлагасович, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiгi неде және бұл жүйеге көшуiмiздiң себебi қандай?

Кеңес Одағының кезiнде ортақ зейнетақы жүйесi жұмыс iстедi. Оның мәнiсi — экономикалық белсендi тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершiлiгiне құрылған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн бұл зейнетақы жүйесiн бұрынғы кеңестiк жүйеге кiрген барлық мемлекеттер, соның iшiнде Қазақстан да мұраға алды. Бiрақ оның бiрнеше кемшiлiктерi болды. Бiрiншiден, тәуелсiз Қазақстанда туу көрсеткiшi азайып, қарттардың саны өстi. Бұл өз кезегiнде зейнеткерлер мен жұмыс iстейтiндердiң пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екiншiден, елде жұмыссыздық көбейдi. Үшiншiден, жұмыс iстейтiндердiң табысы мен зейнетақы көлемi арасындағы байланыс әлсiреп кеттi. Яғни, табысы бiрдей немесе әртүрлi азаматтардың бiрдей зейнетақы алуы мүмкiн едi. Әрi азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкiн болмады. Бұл азаматтардың өздерiнiң болашағына керектi зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.

Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты — азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершiлiгiне негiзделген әдiлеттi зейнетақы жүйесiн қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негiз ретiнде 80-жылдары әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгiсi алынды. Қазақстан оның басты қағидаты — зейнетақы жарналарының мiндеттi сипатын қабылдады.

2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттiк қор қалды. Мұның себебi неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?

Зейнетақы нарығындағы бәсекелестiк алғашында жақсы нәтиже бергенiмен, уақыт өте жеке қорлардың әлсiз тұстары бiлiне бастады. Кейде қорлар бәсекелестiк жағдайында жаңа салымшылардың орнына бiр-бiрiнiң салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшiн күмәндi құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.

Азаматтардың жинақтарын басқару қауiпсiз әрi тиiмдi болу үшiн 2013 жылы Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негiзгi мiндеттер — салымшылардың зейнетақы шоттарының есебiн дұрыс жүргiзу, олардың жай-күйiн бақылау, салымшылардың деректемелерiне тиiстi өзгерiстер енгiзiп отыру, ақпараттық –түсiндiрмелiк жұмыс жүргiзу, зейнетақы төлемдерiн жасау ретiнде көрiнiс тапты.

БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерiстер әкелдi?

БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерiнiң бiрiктiрiлуi нарықты өзгерткенiмен, зейнетақы жүйесiнiң құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көп деңгейлi жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жеке шоттардың жүргiзiлуi, жинақтардың жекеменшiгi және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк сынды негiзгi параметрлерi бұрынғыша қалды. Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екi көзден — мемлекеттiк бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебiнен қаржыландырылады.

БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететiн операциялық шығындар мен әкiмшiлiк шығындарды азайтуға мүмкiндiк бердi. Тиiсiнше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкiмен салыстырғанда екi есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерiстердi оңтайландыру, тиiмсiз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгiзу, олардың үлесiн арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендедi. Тағы бiр маңызды жәйт — мүдделес тұлғалармен келiсiм-шарт жасау мүмкiндiгiне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бiр қордан екiншi қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенiң тағы бiр осал тұсы жойылды. Бiрыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрi зейнетақы жүйесiн нығайтуға мүмкiндiк бердi.

Жинақтаушызейнетақы жүйесiне толығымен өтуiмiз мүмкiн бе?

Көп деңгейлi зейнетақы жүйесi ойдағыдай жұмыс iстеп келедi және бұл жүйенi таңдауымыздың дұрыс екендiгiн уақыт дәлелдеп бердi. Сондықтан жүйенiң диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.

2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейiн еңбек өтiлi жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелi түрде зейнетақы жарналарын аударып, жұмыс берушiнiң өз мiндетiн адал атқарып жүргенiн тексерiп тұрған жөн. Сонымен қатар, ерiктi зейнетақы жарналарын барынша көбiрек аудару керек.

Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?

Көп деңгейлi жүйе мемлекет, жұмыс берушi мен жұмыскердiң ортақ жауапкершiлiгiне негiзделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елiмiзде тұратын шетелдiктердi зейнетақымен қамсыздандыру туралы мiндеттемесiнен бас тартпайды. Керiсiнше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесi әлеуметтiк әдiлеттiлiк қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесiне қатысуға ынталандыру үшiн одан әрi жетiлдiрiлдi. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгi өмiр сүру шегiнiң 54 пайызы төленiп, әрбiр қосымша жыл үшiн 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс iстесе, төменгi өмiр сүру шегiнiң 74 пайызын, 33 жылдан жоғары — 100 пайыз мөлшерiнде базалық зейнетақы белгiленедi.

Әңгiмеңiзге рахмет!

09.08.2018 ж.

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгiсiз тұлғалардың Қор атынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратып жатқанын ескертедi. Алаяқтар Қор салымшыларына сыйлықты алу үшiн сiлтемеде көрсетiлген өзге ресурстарға кiрiп, өзiнiң банк деректемелерiн жiберудi ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректемелерi туралы ақпараттарды заңсыз иелену әрекетi жасалуда.

«БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды Қор қандай да бiр ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәлiметтердi электрондық әдiспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай iс-әрекет жүргiзуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтiнiн ескертедi.

Құрметтi салымшылар! Өздерiңiздiң жеке мәлiметтерiңiздiң құпиялығын қамтамасыз ету үшiн мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңiздер және электрондық жолдаудағы сiлтемелерге кiрмеңiздер. Алаяқтардың алдауына түспеу үшiн мұқият сақ болыңыздар! Олар iрi компаниялардың атын жамылып әрекет етедi. Сондықтан жеке мазмұндағы ақпараттарды бөтен адамдарға ашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңiздер! Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызды ескертудi ұмытпаңыздар! Өтiнiш: мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы мiндеттi түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар!

«БЖЗҚ» АҚ белгiсiз тұлғалардың жоғарыда айтылған ұтыстарды өткiзуге байланысты әрекеттерiне жауапты емес екенiн ескертедi.

01.08.2018 ж.

Дәстүрлi «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесi ақпараттарды ұсынамыз.

1. Сәлеметсiз бе! Зейнетақы жинақтарымның жай-күйi туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Жауап: Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты тегiн беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ал ақпарат алу тәсiлiн салымшы өзi таңдайды. Шоттан үзiндi-көшiрме алудың мынадай тәсiлдерi бар:

  • пошта байланысы арқылы — жылына бiр рет;
  • таңдап алынған төлем кестесiне сәйкес электрондық пошта арқылы — (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өзi келгенде — бұған шек қойылмайды;
  • интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) — онлайн режимiнде — шектеусiз;
  • enpf.kz сайтына тiркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болса egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы — шектеусiз.

Егер Сiз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы үзiндi-көшiрменi дәстүрлi пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы алып келген болсаңыз және ол келмей қалса, бұған тұрғылықты мекенжайыңызды немесе электрондық поштаңызды ауыстырғаныңыз және осы өзгерiстер туралы Қорға дер кезiнде хабарламағаныңыз себеп болуы мүмкiн.

Егер Сiз зейнетақы шотыңыз жайында үзiндi-көшiрме алу тәсiлiн таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегi Қор кеңсесiне келiп, хабарлау тәсiлi туралы қосымша келiсiм жасай аласыз. Қор бөлiмшелерiнiң мекенжайлары мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бiрнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты интернет арқылы алу — қазiргi уақытта өте танымал. Ол үнемдi әрi зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртiбiнде бақылап отыруға мүмкiндiк бередi.

2. Сәлеметсiз бе! Мен Ресейге көшiп кетiп едiм. Бiр айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендiгiн бiлгiм келедi. Бұл қанша уақытты алады?

Жауап: Зейнетақы төлемдерiн алушы ҚР аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн алу үшiн Қорға жеке өзi келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жағдайлар көзделмесе, шетелдiк паспорттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;
  2. алушының банк шоты туралы мәлiметтерi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы аясында қызмет атқарады. Сондықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi өтiнiштi қараған кезде мына Қағидаларды басшылыққа алады. Ол:

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидалары».

Соған сәйкес, егер Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам шетелге көшетiн болса, онда ол бiрiншi кезекте елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдейдi. Бұл не үшiн керек? Бұл Қазақстанда орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

Бұл үшiн ол ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң (IIМ) аумақтық бөлiмшелерiне немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барып өтiнiш жасайды.

Айта кетейiк, Қазақстаннан кетудi рәсiмдеуге арналған ақпараттардың барлығын ҚР Iшкi iстер министрлiгi ҚР Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына жiберiп отырады.

Бұдан кейiн шетелге көшетiн азамат Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасайды. Өзi келiп өтiнiш жасайтын болса: шетелдiк паспортының түпнұсқасын, зейнетақы жинақтарын аударатын банк шоты туралы мәлiметтi ұсынады және өтiнiш жазады.

Айта кетелiк, құжаттарды үшiншi тұлға (сенiм артылған) немесе пошта байланысы арқылы да ұсынуға болады.

Зейнетақы Қоры құжаттарды тексеруге алған соң, өтiнiш берушiнiң шетелге көшетiндiгiн растау үшiн Мемлекеттiк дерекқорға сауал жiбередi.

Құжаттарға қатысты оң жауап алынса, ескертпелер болмаса, Қор құжаттар қабылданған немесе келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде төлемдердi алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударады. Ал егер құжаттарға қатысты жағымсыз жауап алынса немесе ескертпелер болса, зейнетақы Қоры өтiнiштi орындаудан бас тартып, алушыға бұл жайында ескертiп, себебiн түсiндiредi. Өкiнiшке қарай, бүгiнде шетелге көшкен немесе көшетiн кейбiр азаматтар құжаттарды дұрыс рәсiмдемейдi. Алдымен шетел азаматтығын алып, кейiн Қазақстанның азаматтығынан айрылады. Бұл дұрыс емес.

Ең алдымен, Қазақстанға келiп, белгiленген тәртiпте елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеу қажет. Кейiн Қазақстан азаматтығынан бас тартуға болады. Бұдан кейiн егер зейнетақы жинақтары болса, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келiп өтiнiш жасай алады.

Құжаттардың барлық тiзбесiн, оларды рәсiмдеу талаптарын, сондай-ақ, өтiнiш бланкалары мен толтыру үлгiлерiн «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан мына сiлтеме бойынша таба аласыз: https://www.enpf.kz/kz/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php

3. Сәлеметсiз бе! Мен өзiме зейнетақы шотын ашуым керек едi. Бұған ақша төлеу керек пе? Қандай құжат керек?

Жауап: Зейнетақы шоты тегiн ашылады. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ мен салымшы (кейiннен зейнетақы төлемдерiн алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшелiктерiн бекiтедi.

Егер Сiз бұған дейiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнiнде өтiнiштi толтыруыңыз қажет.

Жеке зейнетақы шоты — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары немесе мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары не ерiктi зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдерi жүргiзiлетiн жеке атаулы шоты.

Салымшы ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн Қор бөлiмшесiне өзi келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • жеке өзi келгенде — жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
  • сенiм бiлдiрiлген тұлға өтiнiш жасағанда — сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенiмхат не оның нотариат куәландырған көшiрмесi, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Сонымен қатар Сiз ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi мына сiлтеме бойынша онлайн тәртiбiнде рәсiмдей аласыз: https://www.enpf.kz/kz/uslugi/budushchim-pensioneram/otkrytie-individualnogo-pensionnogo-scheta-ips-za-schet-obyazatelnykh-pensionnykh-vznosov-opv.php

Бұл үшiн қолыңызда электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтi (ЭЦҚ) болуы керек немесе Қор сайтының Жеке кабинетi Сiз үшiн қолжетiмдi болуы қажет.

4. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғанда оның жинақтары мұрагерлерге қалай берiледi?

Жауап: Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31-33 — баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда алдымен оның отбасына немесе жерлеудi жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерiнде (биыл ол: 2405*52,4 = 126 022 теңге) жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi. Бiрақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс.

Мұрагерлiкке құқығы бар тұлғалардың толық тiзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрсетiлген. Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажеттi негiзгi құжаттардың бiрi — мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк.

Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша, мұрагерлiктi қабылдау туралы өтiнiш, мұраға қалдырушы қайтыс болғаннан кейiн 6 айдан кешiктiрiлмей берiлуi тиiс. Егер уақыт өтiп кетсе, онда сотқа жүгiнуге тура келедi.

Барлық зейнетақы шоттарындағы жинақтар мерзiмсiз сақталады. Салымшылар қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiне берiледi. Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тiзiмi Қопрдың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлiмiнде орналастырылған.

5. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй үшiн бастапқы жарна төлеу үшiн алуға бола ма? Бiз жас отбасымыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алуға мүмкiндiгiмiз бар. Қазiр пәтер жалдап тұрамыз.

Жауап: Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек заң аясында ғана қызмет атқарады. Сәйкесiнше «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленедi.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Яғни, ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебiнен несиенi өтеу, жылжымайтын мүлiк сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкiндiктерi қарастырылмаған.

Жалпы, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi тұрақты түрде дамып келедi. Салымшылардың сауалдары мен өтiнiштерiне сараптама, ал зейнетақы жарналарына мониторинг жүргiзiлуде. Актуарлық есептемелер жасалып, әлемдiк тәжiрибелерге талдау жүргiзiлiп жатыр. Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу туралы әңгiме қозғауға әлi ерте.

10.07.2018 ж.

5 сауал

1. Зейнетақы активтерiн кiм басқарады?

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды ҚР Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерiн сенiмдi басқару туралы келiсiм жасалды. Басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, инвестициялау бағыттары мен бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн салатын қаржы құралдарының тiзiмiн белгiлеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган — ҚР Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтерi қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi деп айтуға толық негiз бар.

2. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекiтiлген бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бiрге, инвестициялық шешiмдер, соның iшiнде Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсыныстарына сәйкес қабылданады.

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзiмдi перспективада табыстылықтың үйлесiмдi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн активтер теңгемен де, шет елдiк валюталармен номиналданған түрлi қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдердi барынша төмендету үшiн зейнетақы активтерi түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазiргi кезде зейнетақы активтерi мемлекеттiк, квазимемлекеттiк сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екiншi деңгейлi банктер мен шетелдiк банктердiң депозиттерiне және сенiмдi шетелдiк эмитенттердiң құралдарына салынған. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz ресми сайтында («Қор туралы» — «Инвестициялық қызмет» — «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы») бөлiмiнде жүйелi түрде жарияланып тұрады.

3. Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?

«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтерi есебiнен жасақталған инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлiнде жарияланып, эмитенттiң атауын, қағаздардың көлемiн, қаржы құралдарының есептi датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетiледi.

2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкiнiң сенiмдi басқаруындағы зейнетақы активтерi 8, 263 трлн теңге болды.

Портфельдiң негiзгi бөлiгiн — 45,94% — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қағаздары құрайды. МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.

Инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң iшiнде екiншi орында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң облигациялары тұр, олардың портфельдегi үлесi — 14,71%, ал ағымдағы бағасы — 1 215,58 млрд теңге.

Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:

  • шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк құнды қағаздары (11,71%);
  • Қазақстанның квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (8,86%);
  • банктердiң депозиттерi: қазақстандық (3,84%) және шетелдiк (5,58%);
  • тәуекел мен портфельдiң табыстылығын қамтамасыз ететiн басқа да құралдар.

Қаржы құралдарының инвестициялық портфелiндегi валюталардың үлесi:

  • Ұлттық валюта — 68,63%
  • АҚШ доллары — 31,16%
  • Ресей рублi — 0,41%
  • Басқа валюталар — 0,10%

Инвестициялық қызметтiң бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты есептелген инвестициялық табыстың көлемi 2018 жылдың басынан 251,41 млрд. теңгенi құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2,98%-ды құрады.

4. Мен ресми жұмыс iстемеуiме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген уақыт болды. Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма?

Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбiр қаржы күнiнiң соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзiнде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрi аударыла бередi.

Жинақтардың жай-күйi туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзiндi-көшiрмесiнен алуға болады. Ол ақысыз берiледi, ал хабарландыру тәсiлiн салымшы (алушы) өз бетiнше таңдайды. Үзiндi-көшiрме алудың келесi тәсiлдерi бар:

  • Пошта байланысының көмегiмен — жылына бiр рет;
  • Электрондық пошта арқылы — таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесiне өзi бару арқылы — шектеусiз;
  • Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) — шектеусiз;
  • enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы («Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» — (Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлiмiнде) порталда тiркелiп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда.

5. Инвестициялық табысқа салық салына ма?

ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның iшiнде есептелген инвестициялық табысқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексi) зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен салық ұсталатын табысқа жатады.

ҚР Салық Кодексiнiң 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемi ретiндегi табыс түрлерiне бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салық төлеушiлердiң келесi зейнетақы жарналары есебiнен жасалатын төлемдерi жатады: мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары.

Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн алғанда салық төленетiн табыс көлемiн азайтатын салық шегерiлiмдерiне қақысы бар. Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнiң барлығына емес, оның бiр бөлiгiне ғана салынады. Салықтың түпкi мөлшерiн есептеу үшiн «бiр жылдық зейнетақы төлемiнен» «бекiтiлген салық шегерiлiмi» сомасын алып тастау керек.

Сонымен қатар кейбiр азаматтар ҚР Салық кодексiнiң 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгi айлық жалақысының 75 еселенген шегiнде түзетуiне болады.

21.06.2018 ж.

Қалың қалай, ЖЗШ?

Бүгiнде елiмiздiң бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) шоғырланған. Олардың жай-күйiне алаңдаушылық — барлық салымшылар мен алушыларға тән құбылыс. Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы азаматтарды құлақтандыру — зейнетақы қорының басты мiндеттерiнiң бiрi. Ал қазақстандықтар өз зейнетақы шоттарының жағдайы туралы қалай бiле алады? Бұл туралы БЗЖҚ мамандары 20 маусым күнi бүкiл республика бойынша өңiрлiк филиалдарда өткен Ашық есiк күнi әңгiмелеп бердi.

Қор өкiлдерiнiң айтуынша, қазiр көрсетiлетiн қызмет түрлерi дәстүрлi әдiстермен шектелмейдi. Мысалы, бұрын жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу үшiн Қор кеңсесiне барып өтiнiм жазу немесе пошта байланысымен пайдалану керек болатын. Соңғы жылдары салымшылар мен алушыларға қолайлы болу үшiн көптеген электрондық қызмет түрлерi енгiзiлген. Ал электрондық үкiметтiң арқасында қашықтықтан қызмет көрсету мүмкiндiктерi кеңейе түстi.

Бiз бүгiн оқырмандарымызды олармен кеңiрек таныстырып өтпекпiз. Алдымен дәстүрлi қызмет көрсету түрлерiне тоқталайық. Бiрiншiсi — Қор кеңсесiне барып тiкелей қызмет алу. Бұл үшiн Қазақстан бойынша 218 бөлiмше жұмыс iстейдi. Жеке куәлiгiңiз немесе шетелдiк төлқұжатыңызды көрсетiп, тиiстi қызмет түрiн алуға болады. Өзiңiздiң орныңызға сенiмдi өкiлiңiздi де жiбере аласыз. Тиiсiнше ол жеке құжатымен бiрге нотариалды бекiтiлген сенiмхатыңызды, құжаттарыңыздың көшiрмелерiн ала баруы керек.

Пошта арқылы қызмет көрсету түрiн таңдаған салымшыларға БЖЗҚ көрсетiлген мекен-жай бойынша жылына бiр рет жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама таратады. Алайда қоныс аударған кезде азаматтардың көпшiлiгi жаңа мекен-жайы туралы ескертудi ұмытып кетiп жатады. Сондықтан бұл тәсiл салымшылар үшiн қолайлы деу қиын.

Тiршiлiктiң барлық салалары цифрландыруға бет бұрған заманда ақпарат алудың электрондық тәсiлдерi қарқынды дамуы заңдылық. Бұл салымшылар үшiн де, Қор үшiн де ыңғайлы. Алғашында салымшыларға ақпарат электрондық пошта арқылы таратылды. Хабарландырудың бұл тәсiлi әлi де кең қолданыста. Ол үшiн азамат немесе оның сенiмдi өкiлi БЖЗҚ кеңсесiне барып, құлақтандырудың аталмыш әдiсiн таңдайтыны туралы өтiнiм жазуы тиiс. Қажеттi құжаттар тiзiмiн жоғарыда атап өттiк.

Заманауи технологиялардың дамуы бiр орнында тұрған жоқ. БЖЗҚ қызметтерiнiң аясы да уақыт талабына сай кеңейе түсуде. Мысалы, бүгiнде ЖЗШ туралы ақпарат Қордың сайтынде қолжетiмдi. Оны пайдаланудың екi түрлi әдiсi бар: қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (қолтаңба «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында рәсiмделедi) немесе тiркелген логин (жеке сәйкестендiру номерi — ЖСН) арқылы. Сайтта тiркелмес бұрын азамат БЖЗҚ бөлiмшесiне барып, бұл хабарлау тәсiлiн таңдайтыны туралы өтiнiм жазу керек. Сонымен қатар, сайтта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «жеке кабинет» ашуға болады.

Айта кетерлiгi, «Жеке кабинетпен» қолданушылар қатары артып келедi. Сайтта ЭЦҚ арқылы авторизация жасағандар мiндеттi зейнетақы жарналарына арналған жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы, зейнетақы төлемдерiн белгiлеу туралы өтiнiм берiп; өзiне қатысты қосалқы мәлiметтерiн, ақпараттандыру әдiсiн өзгерте алады.

Смартфон, планшет, жеке компьютерлерi барлар арнайы мобильдi қосымшамен пайдалана алады. Авторизация БЖЗҚ сайтына кiру үшiн қолданылатын логин мен құпиясөз арқылы жасалады. Қосымша арқылы ЖЗШ жай-күйiн қадағалап қана қоймай, зейнетақы жүйесi туралы көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы бiлу үшiн EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталына да жүгiнуге болады. Бұл үшiн «Азаматтарға» санатының «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiне кiру керек. Бiр ғана талап — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы ЭЦҚ рәсiмдеу немесе бiр мәртелiк құпиясөз қолдану.

БЖЗҚ электрондық сервистердi одан әрi жетiлдiре бермек. Қазiргi таңда Қор операцияларының жартысынан астамы қашықтықтан жүргiзiледi. Корпоративтiк даму стратегиясына сәйкес 2021 жылға қарай олардың үлесiн 60 пайызға жеткiзу көзделiп отыр.

15.06.2018 ж.

5 сұрақ

1. Зейнетақы жүйесiнiң деңгейлерi туралы әңгiмелеп берсеңiз, базалық және ортақ зейнетақы дегенiмiз не? Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы қандай?

Бүгiнде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi үш деңгейден тұрады. Олар:

  1. мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және жасына (еңбек өтiлiне) байланысты ортақ зейнетақы;
  2. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына негiзделген мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесi;
  3. ерiктi зейнетақы жарналарына негiзделген жинақтаушы жүйе.

Алғашқы деңгей бойынша ортақ зейнетақы — ұрпақтар ынтымақтастығына негiзделген жүйе. Келешекте ол бiртiндеп азайып, 2040 жылдары мүлдем тоқтатылады. Өйткенi, ортақ зейнетақыны алу үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi кемiнде 6 ай болуы керек.

Базалық зейнетақы да ортақ зейнетақы секiлдi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. Бүгiнде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бiрдей мөлшерде төленедi. Алайда 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртiбi өзгередi. Бұл ретте оны тағайындауда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi еңбек өтiлi ескерiлетiн болады.

Екiншi деңгей бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлдi. Оның көлемi жұмыскердiң айлық табысының 10 пайызын құрайды. Бұл жарналарды зейнетақы Қорына жұмыс берушiлер аударады. Ал мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген. Оның көлемi жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызын құрайды. Осы жарналардың есебiнен қалыптасқан жинақтар салымшының меншiгi болып табылады және мұраға қалдырылады.

2020 жылдан бастап жарналардың жаңа түрi — жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу жоспарланған. Бұл жарналардың көлемi жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызын құрайды.

Үшiншi деңгей бойынша ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерi және төлеу тәртiбi салымшы мен Қордың өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. Бұл жарналар арқылы салымшы өз жинақтарын елеулi түрде көбейте алады. Осылайша Қазақстанда бiрегей зейнетақы жүйесi қалыптасқан. Бұл ретте болашақ зейнеткерлердi зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершiлiгi мемлекет, жұмыс берушi және салымшы арасында оңтайлы үлестiрiлген.

2. Менiң туған жылым — 1988 жыл. Мен ортақ зейнетақыға үмiт арта аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11 бабына сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн кемiнде алты ай еңбек өтiлi бар азаматтардың ортақ зейнетақы алуға құқығы бар. 1998 жылы Сiз 10 жаста болғансыз. Сәйкесiнше еңбек өтiлiңiз болмағандықтан ортақ зейнетақы ала алмайсыз. Оның орнына базалық және жинақтаушы зейнетақы алатын боласыз. Биыл базалық зейнетақының мөлшерi — 25 274 теңге. Бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызына тең. Бүгiнде базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтiлiнiң бар-жоғына қарамастан бiрдей мөлшерде төленедi. Алайда биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеудiң жаңа әдiстемесi қолданылады. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейiнгi еңбек өтiлi ескерiледi. Соған сәйкес зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайтын болады. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 2 пайызына ұлғайып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады (биыл оның көлемi — 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

2040 жылдары зейнеткерлiкке шығатын азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Өйткенi, оларда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өтiлi болмайды. Сондықтан қазiргi жастар үшiн Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұру өте маңызды.

Бұл үшiн ресми түрде жұмысқа орналасып, еңбек қатынасын заңдастыру қажет. Сөйтiп, жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отырған жөн. Қордағы зейнетақы жинақтарының қомақты болуы жарналардың көлемiне және жиiлiгiне тiкелей байланысты. Ал жалақысын бейресми түрде «конвертпен» алатындардың болашақта алатын зейнетақысының мөлшерi тым аз болуы мүмкiн. Өйткенi, Қорға бiрде-бiр жарна аудармай зейнеткерлiкке шығатын азаматтар тек базалық зейнетақыға ғана үмiт арта алады. Сондықтан болашақта лайықты зейнетақы алу үшiн осы бастан қамданып, зейнетақы Қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұрған абзал.

3. Ерiктi зейнетақы жарналары туралы естiдiм. Оларды кiм төлей алады? Бұл үшiн қандай құжаттар керек?

Салымшылар мен алушылар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарынан басқа ерiктi зейнетақы жарналарын да аудара алады. Ерiктi зейнетақы жарналары — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өз бастамасы бойынша салатын ақшасы. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебiнен төлейдi және өз атына немесе үшiншi бiр тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерiнiң атына ерiктi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерiнiң қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi шарт тараптарының өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт БЖЗҚ мен салымшы арасында жазбаша түрде жасалады және қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Шарт жасасу Қорға салымшы (алушы) жеке өзi келгенде жүзеге асырылады. Егер шарт үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуi тиiс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкiлi немесе оның орнына нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген тұлға өтiнiш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшiн салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшiншi адамның пайдасына шарт жасау үшiн алушы да екеуi жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшiрме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшiншi адамның пайдасына шарт жасасу үшiн тиiстi құжаттар топтамасын ұсынады. Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкiлi қол қояды.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

  1. елу жасқа толған;
  2. мүгедек болып табылатын;
  3. Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

4. Жұмыс берушi қандай жағдайда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары жұмыскердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл жарналарды жұмыс берушiлер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражаты есебiнен төлейдi.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсiптер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекiтiлген Тiзбеде көрсетiлген. Егер, еңбек өнiмдiлiгi жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндiрiстiк нысандарды аттестаттау нәтижесiмен расталса, жұмыс берушiлер мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс берушi уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе агент оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесi мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (Мемлекеттiк корпорацияға төлеу күнiн қоса алғанда) есепке жазылған өсiмпұлмен бiрге жұмыскерлердiң пайдасына аударуға тиiс.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының толық және уақтылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

5. Жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары туралы толығырақ әңгiмелеп берсеңiз. Бұл жарналар қашан енгiзiледi?

2020 жылдан бастап елiмiзде жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, барлық отандық жұмыс берушiлер еңбек жағдайларына қарамастан өз қаражаты есебiнен жұмыскерлерiнiң пайдасына олардың айлық жалақысының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударып отырады.

Ал Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс берушiнiң ұсынған тiзiмi бойынша әрбiр жұмыскердiң атына шартты зейнетақы шоты ашылады. Ондағы жинақтар жұмыскердiң меншiгi болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды. Шартты зейнетақы шотындағы жинақтар оған өмiр бойына ай сайын төленiп отырады. Бұл төлемдер шартты-жинақтаушы жүйедегi жинақталған қаржыны салымшылар арасында қайта бөлу, үлестiру арқылы жүзеге асырылады.

Заң бойынша шартты зейнетақы шоттарындағы жинақтар зейнеткерлiкке шыққан жандарға, сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдарға төленедi. Бiрақ бұл үшiн жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары олардың шартты зейнетақы шотына кемiнде 60 ай (5 жыл) тұрақты түрде аударылған болуы керек. Сәйкесiнше алғашқы төлемдер 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.

«БЖЗҚ» АҚ-нан ақпарат

05.06.2020 ж.

«БЖЗҚ» АҚ озық электрондық сервисiнiң арқасында өз салымшыларына 7 миллионнан аса қызмет көрсеттi

2020 жылдың 1 мамырына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметтерiнiң 90% электрондық форматта орындады. Қазақстанда енгiзiлген төтенше жағдай мен карантинге қарамастан БЖЗҚ салымшыларына көрсетiлген қызметтердiң саны азаймақ түгiлi 2019 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда анағұрлым көбiрек болды. Мұндай жетiстiкке электрондық форматта қызмет көрсетудiң орнықты жүйесi арқылы қол жеткiзiлдi.

2020 жылдың алғашқы төрт айында БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушыларына 7 миллионнан аса, дәлiрек айтсақ, 7 086 954 қызмет көрсетiлдi. Бұл өткен жылғы көрсеткiштен 15,3% жоғары. 6,4 миллион қызмет электрондық форматта ұсынылды. Қазiргi уақыттағы ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. Салымшылар осы қызметтi 6,5 миллион реттен астам пайдаланып, ол 2019 жылғы 1 мамырдағы көрсеткiштермен салыстырғанда 26% өскен. Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме шамамен 6,3 миллион рет электрондық нұсқада алынды. Бұл Қор салымшыларының Жеке кабинет қызметiнiң артықшылығын сайт пен БЖЗҚ ұялы қосымшасында жоғары бағалағандарынын бiлдiредi. Өйткенi, кез келген азамат үзiндi көшiрменi екi-үш саусақ қимылымен-ақ алып, өзiнiң жинақтарын үнемi бақылауда ұстай алады.

Естерiңiзге сала кетейiк, Жеке кабинетте тек үзiндi көшiрменi ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлем жасау және (немесе) көшу туралы өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.

Бұған қоса бiр жыл бұрын БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсiмi жеңiлдетiлген болатын. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу жөнiндегi ЖЗШ ашу үшiн БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу мақсатында жүгiнудiң қажетi жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ЖЗШ болмаса, онда ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы төрт айында 1 миллионнан астам ЖЗШ ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткiштерiнен 12 есе артық.

Төтенше жағдай режимiнiң тоқтатылғанына қарамастан, Қазақстан қалаларында карантин режимiнiң сақталатынын атап өту керек. Осыған орай, сондай-ақ коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты қалыптасқан жағдайды ескере отырып, БЖЗҚ бiрқатар шектеу шараларын қалдырғанын және азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында Қор бөлiмшелерi кеңседе жұмыс iстеу үшiн филиал бөлiмшелерiндегi штат санының 50% аспайтын мамандарын тарта отырып, құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратынын хабарлайды.

Қордың кезекшi қызметкерлерi алдын ала жазылу бойынша қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен әлеуметтiк қашықтық қағидаттарын сақтай отырып, электронды форматта алуға болмайтын қызметтер бойынша құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асырады. Онлайн режимде алуға болмайтын қызметтерге мыналар жатады:

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (жерлеу);

- салымшының/алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұра);

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (ерекше жағдайларда, Қор қызметiн тұтынушының талабы бойынша);

- зейнетақы жинақтарын «БЖЗҚ» АҚ-дан сақтандыру ұйымдарына ауыстыру туралы өтiнiштердi ресiмдеу.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

05.06.2020 ж.

Болашақ зейнетақы мен аннуитет бойынша төлем мөлшерiн қалай бiлуге болады?

enpf.kz сайтындағы болжамды калькуляторға жаңа функция қосылды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбiр салымшысы Қор сайтындағы ең танымал сервистердiң бiрi — Болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, өзiнiң болашақ зейнетақы төлемдерiн дербес есептей алады. Ол Қазақстанның көп деңгейлi зейнетақы жүйесi аясындағы мемлекеттiк базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы сияқты барлық құрамдауыштарын қамтиды.

Есептеу оңай және өте қарапайым. Ол үшiн болжамды калькулятордағы туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтың сомасы және т. б. сияқты барлық қажеттi бағандарды толтыру керек. Егер enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тiркелген болсаңыз, онда калькулятордағы бағандар автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыңыздың есебi екi-үш рет басқанда-ақ жүзеге асырылады.

Бұдан әрi Сiз БЖЗҚ-дан берiлетiн болашақ төлемдерiңiздi есептеу нәтижесiн көресiз, олар үш сценарийде берiледi: пессимистiк, шынайы және оптимистiк. Барлық үш нұсқа кiрiстiлiктiң болжамды деңгейiн ескередi. Бұл ретте барлық болжамды нәтижелер нақты құндық көрiнiсте (болжамның тиiстi кезеңiнiң инфляциясын шегере отырып) ұсынылады. Сонымен қатар зейнеткерлiкке шығатын жасыңыз бен мерзiмдi, жинағыңыз таусылатын жыл санын және т.б. көре аласыз.

Болжамды калькуляторға жаңа функция қосылғанын ескерте кеткiмiз келедi. Зейнетақы жинақтарының (МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебiнен қалыптасқан) болжамды мөлшерi зейнеткерлiк жасқа толуға жеткiлiктi болған жағдайда, пайдаланушыға болашақта сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасау және зейнетақы төлемдерiн өмiр бойына алу мүмкiндiгi туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болады. Есептеу сақтандыру ұйымынан берiлетiн аннуитеттiк төлемнiң болжамды мөлшерiн сол жерде бiлуге мүмкiндiк бередi, осылайша Сiз оны БЖЗҚ-дан кесте бойынша берiлетiн төлемдермен өзiңiзше салыстыруға қол жеткiзесiз.

Естерiңiзге сала кетейiк, enpf.kz сайтында сақтандыру ұйымына аудару үшiн ағымдағы жылы жинақталған зейнетақы қаражатының жеткiлiктi сомасын есептеу мүмкiндiгi де бар, ол үшiн Сiзге «Жинақтарды ӨСК-ге аудару» бағанындағы зейнетақы калькуляторы қажет болады.

05.06.2020 ж.

1-маусымнан бастап БЖЗҚ қызметтерi Қазпоштаның 304 бөлiмшесiнде қолжетiмдi

Елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамтамасыз ету мақсатында «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына ұлттық пошта операторының бөлiмшелерiнде қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны сәттi атқарып келе жатқандарына да жылдың жүзi болып қалды. Қазпошта операторларын оқыту шарасы өткiзiлгеннен кейiн зейнетақы қызметтерi БЖЗҚ-ның қызмет көрсету орталықтары жоқ елдi мекендерде енгiзiлдi. Ендi салымшылар бұрын таяу жерде орналасқан iрi елдi мекендерге бару керек болған қызметтердi еш қиындықсыз ала алады. Тек өткен жылдың өзiнде ұлттық пошта желiсi операторының шамамен 200 бөлiмшесi iске қосылды. Ал 1 маусымнан бастап бұл сан 300 бөлiмшеден асып түстi. Әсiресе Қарағанды және Түркiстан облыстарында БЖЗҚ қызметтерi көрсетiлетiн Қазпошта бөлiмшелерiнiң саны тиiсiнше, 44 және 19 бөлiмшеге толықтырылады.

Естерiңiзге сала кетейiк, тұрғындар Қазпошта бөлiмшелерiнде мына қызмет түрлерiн ала алады:

• салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң деректемелерi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтiнiш беру);

• хабарландыру тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн) туралы келiсiмге қол қою.

Ағымдағы жылдың маусым айында Қазпоштаның жаңа бөлiмшелерi iске қосылғаннан кейiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының республика бойынша белсендiлiгi 142%-ға артады. Қазақстандық ұлттық пошта желiсiнiң операторы арқылы қызмет көрсетуге Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарындағы елдi мекендер қосылды. Ал барлық елдi мекендердiң толық тiзiмiн enpf.kz сайтынан көруге болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

30.04.2020 ж.

«БЖЗҚ» АҚ өз қызметiнiң 85 пайызын сандық форматта көрсетедi

Әлемде коронавирустық iндетiнiң (COVID-19) таралуына орай қалыптасқан қиын жағдайда адамдар үйде отыр, олардың көшеге шығуға мүмкiндiктерi жоқ. Алайда бұл БЖЗҚ салымшыларына Қордың электрондық сервистерi арқылы қызметтердiң барлық спектрiн алуға еш кедергi келтiрмейдi.

2020 жылдың бiрiншi сәуiрiне Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры көрсеткен 4,7 миллион қызметтiң 84,5% (3,9 млн.) электрондық форматта орындалды. 2019 жылдың бiрiншi тоқсанымен салыстырғанда өсiм 6,8% құрады. Көрiп отырғанымыздай, бiздiң салымшылар ақпарат берудiң дәл осы тәсiлiнiң тиiмдi екенiне күн сайын көз жеткiзуде.

Мысалы, Жеке кабинетте тiркелiп, ЖЗШ-дан үзiндi көшiрме алуға және өз жинақтарыңызды екi-үш рет басу арқылы онлайн тәртiбiнде бақылауға болады. Осылайша 2020 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары мен алушылары үйден шықпай-ақ жеке зейнетақы шотынан 3,9 миллион үзiндi көшiрме алды. Айта кету керек, Жеке кабинеттiң артықшылығы — оны Сiз www.enpf.kz корпоративтiк сайтында да, бiздiң ENPF ұялы қосымшамызда да пайдалана аласыз.

Жеке кабинетте үзiндi көшiрме ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын басқа да бiрқатар қызметтердi алуға болады. Мысалы, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектiктiң мерзiмсiз белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшiп-қонуға берiлген өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.

Электрондық қызметтердiң танымалдығына қарамастан Қазақстанда карантиндiк шаралар мен төтенше жағдай режимi енгiзiлгенге дейiн БЖЗҚ салымшыларына кеңселерде де белсендi қызмет көрсетiлдi. 2020 жылдың алғашқы үш айында ғана филиалдарда 646 мың қызмет көрсетiлдi, бұл операциялардың жалпы көлемiнiң 13,9%. Бiрiншi тоқсанда, яғни ТЖ режимi енгiзiлгенге дейiн 74 338 барып қызмет көрсетуi жүзеге асырылып, өткен жылмен салыстырғанда өсiм 83,2% құрады. Халық арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу мақсатында 200 мыңнан астам азаматқа 6802 барып қызмет көрсететiн презентация өткiзiлдi.

Естерiңiзге сала кетейiк, БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсiмiнiң жеңiлдетiлгенiне бiр жылдай уақыт өттi. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес, өткен жылғы қаңтардан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу жөнiндегi ЖЗШ ашу үшiн БЖЗҚ-ның қызмет көрсету кеңселерiне ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi ресiмдеу мақсатында жүгiнудiң қажетi жоқ. Егер жеке тұлғаның БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты болмаса, қазiр ол алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Осылайша 2020 жылдың алғашқы үш айында 70 мыңнан астам зейнетақы шоты ашылды, бұл өткен жылдың көрсеткiшiнен 27,6% жоғары.

30.04.2020 ж.

Жеке зейнетақы шотынан берiлетiн үзiндi көшiрменiң түрлерi туралы

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы бiрнеше тәсiл арқылы бiлуге болатынын естерiңiзге салады, атап айтсақ:

•Электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен немесе БЖЗҚ-ның деректер базасында тiркелген ЖСН мен парольдi пайдалана отырып, БЖЗҚ сайтындағы (www.enpf.kz) «Жеке кабинетте».

•Жүйеде авторланып алғаннан кейiн Google Play немесе App Store-дағы БЖЗҚ ұялы қосымшасынан алуға болады.

«Жеке кабинет» пен ұялы қосымшаның барлық функционалын пайдалану үшiн «Интернет» ақпарат беру әдiсiн таңдау қажет. Бұл әрекеттi enpf.kz сайтындағы «Электрондық қызметтер» бөлiмiнде ЭЦҚ көмегiмен онлайн арқылы аласыз.

Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi БЖЗҚ ұялы қосымшасынан немесе enpf.kz сайтынан ала отырып, салымшылар мен алушылар зейнетақы жинақтарының жай-күйi, яғни түскен жарналар мен инвестициялық кiрiс туралы толық ақпаратты көре алады.

•egov.kz электрондық үкiмет порталында mgov.kz мемлекеттiк мобильдi деректер қорында тiркелген телефон нөмiрiне келетiн ЭЦҚ немесе бiр реттiк пароль көмегiмен алуға болады.

Сiздiң назарыңызды egov.kz порталында ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi екi түрлi форматта алуға болатынына аударамыз:

зейнетақы аударымдары туралы анықтама, онда зейнетақы жарналарының аударылғандығы туралы мәлiметтер инвестициялық кiрiс есебiнсiз көрсетiледi,

зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы инвестициялық кiрiс есебi қамтылған ақпарат. Дәл осы себеппен кейбiр салымшылар мен алушылар үзiндi көшiрмелердiң аталған екi түрiн салыстыра отырып, өз зейнетақы шоттарынан айырмашылықты көредi.

Сiзге egov.kz сайтындағы инвестициялық табыс есебi көрсетiлген үзiндi көшiрмеге сұраныс жасауға немесе enpf.kz сайтында және БЖЗҚ ұялы қосымшасында берiлетiн үзiндi көшiрменi алуға кеңес беремiз.

Сондай-ақ үзiндi көшiрменi жылына бiр рет зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ЖЗШ ашу туралы өтiнiште көрсетiлген мекенжайға, сонымен бiрге электрондық пошта мекенжайына өзiңiз таңдап алған кезеңдiлiкпен алуға болады.

Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз Сiздiң меншiгiңiз болып есептеледi. Мемлекет алушылардың зейнетақы төлемiн алу құқығы туындаған сәттегi инфляция деңгейiн ескере отырып, олар аударған мiндеттi зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталатынына кепiлдiк бередi (Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5–бабы).

24.04.2020 ж.

Карантин кезiнде жинақтарыңызды қалай тексеруге болады?

Бүкiл әлем бойынша коронавирус (COVID-19) iндетiнiң ойран салғанына бiраз уақыт өттi. Қауiптi дертке шалдыққандар саны бiр миллион адамнан асты. Қасiретi алапат ауыр сырқат Қазақстанды да айналып өтпедi. Елiмiзде тараған вирус барлық облыстарға жетiп, аурухана төсектерiне таңылған адамдар саны күн сайын артуда. Осыған орай елiмiзде төтенше жағдай енгiзу туралы шешiм қабылданып, iрi қалаларда карантин жарияланды.

Осының бәрi әрине, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры филиалдарының жұмыс тәртiбiне де әсер еттi. Инфекцияның таралу қауiпiне байланысты Қордың Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Павлодар, Қызылорда, Kөкшетау қалаларындағы өңiрлiк бөлiмшелерi күндiзгi құжат қабылдауды тоқтатып, салымшыларға (алушыларға) жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша қашықтықтан қызмет көрсету режимiне ауыстырылды. Бұл филиалдардағы қашықтықтан қызмет көрсету тәртiбi белгiленген карантин режимi аяқталғанға дейiн жалғасады.

Тiзiмдi қатаң карантин режимiнiң енгiзiлуiне байланысты жаңа қалалардың атаулары толықтыруы мүмкiн. Бiрақ әзiрше Қордың басқа өңiрлiк бөлiмшелерiнде Қор көрсететiн қызметтердiң әлеуметтiк маңыздылығы ескерiле отырып, кейiнге қалдыруға болмайтын және күндiзгi қызмет көрсетудi талап ететiн жағдайларда, enpf.kz сайтында орналастырылған телефондар бойынша алдын ала жазылу арқылы құжаттарды байланыссыз қабылдауды жүзеге асыратын кезекшi қызметкерлер жұмыс iстеуде. Бұл филиалдарда құжаттарды қабылдау арнайы жабдықталған және үнемi дезинфекцияланатын жұмыс орны арқылы жүзеге асырылады.

Алдын ала жазылуды өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерi (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған) арқылы не 1418 қысқа нөмiрi (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн) немесе +7 727 356 10 60 (халықаралық және қалааралық қоңыраулар үшiн) нөмiрi бойынша БЖЗҚ байланыс орталығының мамандарымен хабарласып, жүзеге асыруға болады.

Құжаттарды байланыссыз қабылдау зейнетақы қызметтерiнiң төмендегi басым (кейiнге қалдыруға болмайтын) түрлерi бойынша жүзеге асырылатынын ескертемiз:

- салымшының / алушының қайтыс болуына (жерлеуге) байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;

– Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;

- мүгедектiгiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу;

- салымшының / алушының қайтыс болуына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштердi ресiмдеу (мұрагерлiк);

- зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтiнiштердi ресiмдеу.

Бұған қоса БЖЗҚ-да құжаттар топтамасын Қордың корпоративтiк сайтында алдын ала онлайн түрде тексерiп, кейiннен пошта байланысы («Қазпошта» АҚ) арқылы жiберу жолымен қызмет алу да қарастырылған.

БЖЗҚ-ның салымшылары мен алушылары кез келген мәселе бойынша төмендегi тәсiлдер арқылы жауап ала алады:

1) өңiрлiк бөлiмшелердiң кезекшi қызметкерлерiне телефон байланысы арқылы өтiнiш жасау (тiзiмi enpf.kz сайтында орналастырылған);

2) 1418 қысқа нөмiрi бойынша Қордың байланыс орталығына жүгiну;

3) +7 777 000 14 18 телефон нөмiрi бойынша WhatsApp, Viber чат-боттары;

4) Қордың www.enpf.kz корпоративтiк сайтындағы онлайн-кеңесшi;

5) өтiнiштердi enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жiберу;

6) Instagram, Facebook, ВКонтакте, twitter Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтiк желiлердегi аккаунттар.

Олардың жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 9:00-ден бастап 18:00 дейiн, сенбi және жексенбi — демалыс күндерi.

Қордың кейiнге қалдыруға болмайтын өзге де қызмет түрлерiн бiз электрондық сервистер — онлайн арқылы алуды табанды түрде ұсынамыз.

Мысалы, БЖЗҚ-дан алынатын ең танымал қызметтердiң бiрi — жеке зейнетақы шотынан үзiндi алу. Қазiргi уақытта оны үйден шықпай-ақ, бiрнеше минут iшiнде еш қиындықсыз оп-оңай алуға болады. Сiз үзiндi көшiрменi enpf.kz. сайтындағы жеке кабинет арқылы ала аласыз. Оған кiру үшiн сайтқа тiркелiп, өз деректерiңiз мен паролiңiздi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалану жеткiлiктi. Айта кетейiк, ЭЦҚ-ны қазiр egov.kz сайтындағы электрондық үкiмет порталында онлайн режимiнде алу қолжетiмдi.

Егер құпия сөздi ұмытып қалсаңыз немесе құпия сөз қауiпсiздiк талаптарына сай келмесе, онда Сiзге тiркеуден қайта өту керек. Ол үшiн сiлтеменi пайдалану қажет: www.enpf.kz, «Жеке кабинет» бөлiмi, «Тiркеу/Парольдi ұмыттыңыз» қосымша бетi, барлық бағандарды толтыру, Қордың деректер базасында тiркелген электрондық мекенжайды немесе ұялы телефон нөмiрiн көрсету және «Жiберу» батырмасын басу. Көрсетiлген электрондық мекенжайға немесе ұялы телефон нөмiрiне бiр реттiк парольдi алғаннан кейiн «Бiр реттiк парольдi енгiзу» қосымша бетiн пайдалану қажет. Интернет-көшiрмеге қол жеткiзу үшiн e-mail немесе SMS арқылы алынған бiр реттiк парольдi енгiзiңiз және жаңа парольдi (қаласаңыз) тiркеңiз.

Одан кейiн Сiз өзiңiздiң жеке кабинетiңiзге кiрiп, үзiндi көшiрменi ғана емес, сонымен қатар БЖЗҚ ұсынатын бiрқатар қызметтердi де ала аласыз. Мысалы, өз деректемелерiңiзге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, ЖЗШ бар екендiгi туралы анықтама алу, мерзiмсiз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектiк белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш беру, төлемге және (немесе) көшуге байланысты төлемге өтiнiштiң мәртебесiн бақылау және тағы басқалар.

ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi egov.kz электрондық үкiмет сайтынан да алуға болады. Алайда осы тұрғыда бiрқатар сұрақтар туындайды. Атап айтсақ, электрондық үкiмет сайтынан алынған үзiндi көшiрмеде БЖЗҚ сайтынан алған үзiндi көшiрмеге қарағанда нелiктен азырақ сома көрсетiлген?

Бұған жауап берсек, egov.kz порталында жеке зейнетақы шоты туралы екi түрлi ақпарат алуға болады. Бiрiншiсi, «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу». Бұл анықтамада түскен жарналар туралы ақпарат көрсетiледi, яғни ол жерде Сiздiң жинағыңыз инвестициялық табыстың есебiнсiз көрсетiлген. Егер инвестициялық табыс есептелген үзiндi көшiрменi алғыңыз келсе, онда Сiзге egov.kz сайтындағы «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi (инвестициялық табыс есебiмен) туралы ақпарат беру» деп аталатын басқа қызметтi пайдалануға кеңес беремiз. Айтқандай, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) egov.kz сайты арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi ЭЦҚ көмегiмен ғана емес, сондай-ақ салымшының (алушының) mgov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген ұялы телефон нөмiрiне сұраныс жiберiлгеннен кейiн келетiн бiр реттiк sms-паролiн қолдана отырып ала алады.

Қазiр көптеген адамдар компьютер немесе ноутбуктi пайдаланбайды. Барлық қызметтердi смартфон немесе планшеттер арқылы ыңғайлы және жылдам алуға дағдыланған БЖЗҚ салымшылары үшiн қарапайым және көпфункциялы ENPF қосымшасы бар. Ол қазақ және орыс тiлдерiнде, Google Play немесе AppStore арқылы қолжетiмдi.

Осы ұялы қосымшаға тiркелу үшiн пайдаланушы смс-хабарлама арқылы өзiнiң ұялы телефонына жiберiлетiн бiр реттiк парольдi пайдалана алады. Ұялы қосымшада авторланудың екi тәсiлi бар: ЖСН мен парольдi енгiзу немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану, сондай-ақ ұялы құрылғыда бар болса, Android үшiн Touch ID және iOS үшiн IOS және Face ID арқылы кiруге болады.

БЖЗҚ сайты мен ұялы қосымшада Сiз жеке зейнетақы шотыңыздан үзiндi көшiрменi ғана алып қоймай, сонымен қатар зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштермен танысып, «БЖЗҚ» АҚ-ның барлық филиалдары мен қызмет көрсету орталықтарының соңғы жаңалықтарын, мекенжайлары мен байланыстарын көре аласыз, болжамды зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыңызды есептеп, ең жиi қойылатын сұрақтарға жауап беретiн онлайн-ботқа сұрақ қою және тағы басқа да көптеген мүмкiндiктерге қол жеткiзе аласыз.

11.03.2020 ж.

2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi

2020 жылдың 1 ақпанына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету аясында жыл басынан берi 1 551 766 операция орындалды. Оның басым бөлiгi, яғни 80,4 пайызы (1,25 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсiм — 2 пайыз. Дегенмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерiн алу үшiн Қор мамандарына жүгiнгендi жөн санайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында БЖЗҚ кеңселерiнде Қазақстан бойынша орта есеппен күн сайын 9 мыңдай операция орындалды.

Ең танымал қызмет — жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу. Бiр ай iшiнде 1,3 миллионнан астам үзiндi көшiрме (олардың 93,2 пайызы — электрондық форматта) берiлген. Сонымен қатар салымшылар мен алушылардың жеке деректемелерiн өзгерту қызметi де сұранысқа ие. Бұл қызметтер негiзiнен (85%) Қор кеңселерiнде көрсетiледi.

Айта кетелiк, егер электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, жеке деректемелердi (электрондық мекенжайы және тұрғылықты мекенжайы) enpf.kz сайтында өзгертуге болады. Оны «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiне барып өзгертуге де мүмкiндiк бар.

Бiр ай iшiнде шамамен 51 мың салымшы жеке зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн өзгерткен. Салымшылар үзiндi көшiрме алу тәсiлiн негiзiнен Қор кеңселерiнде (42,7 мың қызмет) және көшпелi қызмет көрсету барысында (5,7 мың қызмет) ауыстырған. Хабарлау тәсiлiн ауыстыру қызметiне сұраныс әсiресе қыз мезгiлiнде артады. Мысалы, 2020 жылдың алғашқы айында бұл қызмет бойынша өсiм — 2019 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда екi еседен жоғары болды. Мұның негiзiнен «Мобильдiк кеңсе» жобасы есебiнен өскендiгiн айта кеткен жөн. Жоба аясында салымшыларға қызмет көрсетуде жасанды жер серiгi байланысы қондырғысымен жабдықталған шағын автобус пайдаланылады.

Осылайша шалғай елдiмекендердiң тұрғындары Мобильдiк кеңсе арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу, ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу, зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн өзгерту және басқа да қызметтердi ала алады.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ мобильдi кеңселерi елiмiздiң 10 облысында (Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстары) жұмыс iстейдi.

Ал 2020 жылы «Мобильдiк кеңсе» жобасы Батыс Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылатын болады.

11.03.2020 ж.

Ерiктi зейнетақы жарналары — төлеу оңай!
БЖЗҚ салымшылары ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен жасалған шарт бойынша жарналарды электрондық әдiспен қалай төлейдi?

Соңғы уақытта Қазақстан азаматтары ақшасыз аударымдар жасау барысында әр түрлi банк қосымшаларын жиi пайдалануда. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бұл үрдiстен қалыс қалмай, өз қызметтерiн әр түрлi электрондық сервистерге ауыстырып жатыр. Осылайша Қор өз жүйесiн мемлекеттiк органдармен ғана емес, екiншi деңгейдегi банк жүйелерiмен де ықпалдастыруды қолға алды.

Ерiктi зейнетақы шоттарына жарналарды Kaspi.kz мобильдi қосымшасы арқылы аудару — БЖЗҚ салымшылары үшiн керемет жаңалық болды. Қазiргi уақытта Kaspi.kz қосымшасын пайдаланатын кез келген азамат ерiктi зейнетақы шотына жарналарды ешқандай комиссиясыз аудара алады. Бұл үшiн оның жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) және Kaspi.kz қосымшасы жүктелген әрi интернетке қосылған смартфоны немесе планшетi болса жеткiлiктi. Әрi қарай жарна аудару өте тез, жеңiл әрi ыңғайлы. Бұл үшiн Kaspi.kz қосымшасына кiрiп, «Төлемдер» бөлiмiндегi iздеу жолағына — «Ерiктi зейнетақы жарналары» деп жазу керек. Бұдан кейiн ЖСН бағанын толтырып, қажеттi соманы енгiзсеңiз болғаны.

Айта кетелiк, өзiңiздiң ғана емес, кез келген үшiншi тұлғаның — мысалы, жұбайыңыздың, ата-анаңыздың, туған-туыстарыңыздың, тiптi жас балаңыздың да ерiктi зейнетақы шотына жарна аударуыңызға болады. Бұл үшiн оның жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзсеңiз жетiп жатыр. Ерiктi жарналарды кәмелетке толмағандардың атына да аударуға болады.

Бұдан басқа ерiктi зейнетақы шотын өзiне-өзi қызмет көрсетушi Halyk Bank терминалы арқылы да толықтыруға мүмкiндiк бар. Мұндай құрылғылар аталмыш банктiң әрбiр бөлiмшесiнде орнатылған. Бұл жерде төлем сомасының 0,3 пайызы көлемiнде комиссия ұсталынады (комиссия 100 теңгеден төмен болмайды).

Сонымен қатар ерiктi жарналарды дәстүрлi тәсiлмен — екiншi деңгейдегi банктердiң кассасы немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы төлеуге болады. Бұл жағдайда да тиiстi комиссия қарастырылған.

11.03.2020 ж.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы 100 мың теңгеден асты
2020 жылдың алғашқы айында Қор салымшыларына 17,9 миллиард теңге төлендi

2020 жылдың алғашқы айында 146 мыңнан астам алушы үшiн зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде:

- зейнет жасына толуға байланысты — 7,4 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 4,8 млрд теңге;

- сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 2,6 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша — 2,5 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты — 311 млн теңге;

- мүгедектiгi бар жандарға — 200 млн теңге төлендi.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы 100 803 теңге болды.

Бұл сомаға кесте бойынша төлемдер, сонымен қатар зейнет жасы, шетелге тұрақты тұруға кету, жерлеу, мүгедектiк, мұрагерлiк және сот шешiмi бойынша бiржолғы төлемдер кiредi. Ал кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 21 810 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем — 446 794 теңге болды.

27.01.2020 ж.

БЖЗҚ маңызды сұрақтарға жауап бередi

1. Биыл 25 ақпанда менiң анам 59 жасқа толады. Ол зейнеткерлiкке шығуға дайындалып жатыр. Бұл үшiн құжаттарды қайда тапсыру керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнет жасына толған азаматтар, олардың iшiнде биыл 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59,5 жасқа толған әйелдер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы. Осылайша Сiздiң анаңыз 59,5 жасқа толуға 10 күн қалғанда, яғни ағымдағы жылдың 15 тамызында зейнетақы төлемдерiн алуға өтiнiш бере алады. Алайда есiңiзде болсын, зейнетақыны 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейiн рәсiмдеу керек. Егер анаңыз одан кешiктiрсе өтiнiштi 2021 жылы 60 жасқа толғанда беруiне тура келедi.

Зейнетақы алу құқығына ие болған азаматтар зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу бойынша бiрыңғай өтiнiш пен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақылар (ортақ және базалық зейнетақы) кесте бойынша алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына ай сайын бiр мезгiлде аударылып отырады. Бұл ретте алушыға мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтары мен нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтiнiшi Мемлекеттiк корпорацияға тiркелген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде немесе Қордан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақылар арнайы кесте бойынша алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына ай сайын бiр мезгiлде аударылып отырады.

Зейнетақыны рәсiмдеу үшiн ХҚО-ға мынадай құжаттарды тапсыру қажет:

жеке басты куәландыратын құжат;

банк шотының нөмiрi;

жұмыс орнынан айлық табыстар және мiндеттi зейнетақы жарналары туралы анықтама;

еңбек кiтапшасы;

бiлiмi туралы диплом;

әскери билет (қорғаныс iстерi бойынша жергiлiктi басқармадан);

неке туралы куәлiк;

балалардың туу туралы куәлiктерi.

Туу туралы куәлiк жоқ болса, актiлiк жазбадан үзiндi-көшiрменi немесе азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы анықтаманы әкелуге болады. Толық ақпаратты Мемлекеттiк корпорацияның egov.kz сайтынан немесе ХҚО-ның жергiлiктi филиалдарының бiрiнен бiле аласыз.

2. Қайырлы күн. Мен 25 жыл бойы кеншi болып еңбек еттiм. 55 жасымда зейнеткерлiкке шықсам деп едiм. Аннуитеттi пайдалана отырып, мерзiмiнен бұрын зейнетке шығудың жолын айтып берсеңiз екен.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Бұл ретте зейнетақы аннуитетi шарты әйелдер: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда жүргiзiледi.

Зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мақсатында жеткiлiктi зейнетақы жинақтарын есептеу үшiн бiздiң сайттағы «Зейнетақы калькуляторын» пайдалануыңызға болады.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымдарына аудару салымшының Қор кеңсесiне тiкелей өзi келуi немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға арқылы (бұл жағдайда сенiм бiлдiрiлген тұлға құжаттарды Қор кеңсесiне тiкелей өзi әкелуi тиiс) жүзеге асырылады. Құжаттардың тiзiмi Қор сайтында «Қызметтер» — «Салымшылар» — -«Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына қалай аударылады» бөлiмiнде орналасқан.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударады.

3. Саламатсыз ба, бұдан екi жыл бұрын жұбайым екеумiз ұлымыздың неке тойына деп банктен несие алған едiк. Алайда қазiр қаржы жағынан қиналып отырмыз. Сұрайын дегенiм, БЖЗҚ-дағы жинақтарымыздың бiр бөлiгiн несиенi өтеуге пайдалансақ болады ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын несиенi өтеуге пайдалану мүмкiн емес. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы активтерiне деген құқығы заттық құқық санатына жатады және Заңда белгiленген мақсатқа ғана, оның iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға қолданылуы мүмкiн.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi зейнет жасына толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59,5 жасқа толғанда) төленедi.

Оларға қоса мүгедектiгi бар жандар I немесе II топтағы мүгедектiгiнiң мерзiмсiз, яғни, өмiр бойына тағайындалу уақытына қарай Қордағы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн ала алады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттар ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарын толық көлемде алуға құқығы бар.

Әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргiзiледi.

Заңға сәйкес Қордағы зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдары арқылы мерзiмiнен бұрын алуға мүмкiндiк бар. Яғни, 55 жасқа толған ерлер, биыл 51,5 жасқа толған әйелдер және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2020 жылы ол — 38 636 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс.

4. Қайырлы күн, мен зейнетақы шотымнан үзiндi көшiрменi БЖЗҚ сайтының жеке кабинетiнен алып тұратынмын. Бiрақ соңғы бiрнеше айда жеке кабинетке кiрмеген соң, паролiмдi ұмытып қалдым. Не iстеймiн, тағы да Қордың бөлiмшесiне баруым керек пе?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмiне кiру үшiн жеке сәйкестендiру нөмiрi мен құпиясөз (пароль) керек. Егер паролiңiздi ұмытып қалсаңыз, онда қайта тiркеуден өтуiңiз қажет болады. Бұл үшiн Қор сайтының «Жеке кабинет» бөлiмiне кiрiп, «Пароль ауыстыру» батырмасын басып, барлық жолақтарды толтырыңыз. Сөйтiп, Қордың дерекқорында тiркелген электрондық мекенжайыңызды немесе ұялы телефоныңызды көрсетiп, «Жiберу» түймешiгiн басыңыз.

Енгiзiлген деректер жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiште немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) туралы келiсiмде көрсетiлген деректермен сәйкес болуы керектiгiн ұмытпаған жөн. Сондықтан Қорға тек маңызды және дұрыс деректердi ұсыну қажет. Көрсетiлген электрондық мекенжайыңызға немесе ұялы телефоныңызға SMS арқылы келiп түскен бiр реттiк парольды алған соң, «Бiр реттiк пароль енгiзу» батырмасын пайдаланыңыз. Яғни, бiр реттiк парольды енгiзiп, жаңа паролiңiздi тiркеңiз. Сөйтiп үзiндi көшiрмеге қол жеткiзе аласыз.

5. Қайырлы күн! 2005-2006 жылдары менiң жұмыс берушiм зейнетақы қорына жарна ретiнде менiң жалақымның көлемiне сәйкес келмейтiн ең аз соманы аударып отырған екен. Бұл туралы менiң бұрынғы әрiптесiм айтты. Менiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып келе жатқаныма 15 жылдан асты. Осы жылдар бойынша толық үзiндi көшiрменi қалай алуға болады?

Сiздiң басқа зейнетақы қорларындағы зейнетақы жинақтарыңыз бойынша тарихи мәлiметтердi алу үшiн Бiрыңғай жиинақтаушы зейнетақы қорының жергiлiктi филиалына жеке басыңызды куәландыратын құжатпен барып, өтiнiш беруiңiз керек. БЖЗҚ филиалдарының мекенжайы мен байланыс телефондарын Қор сайтының «Байланыстар» бөлiмiнде немесе 1418 тегiн телефон нөмiрiне хабарласу арқылы алуға болады.

16.01.2020 ж.

Зейнетақы жинақтарын интернет арқылы қадағалаған тиiмдi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашудың оңайлатылғанына бiр жыл болды.

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне келудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлген.

Жеке тұлға МЗЖ аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша танылады. Ал жеке басты куәландыратын құжаттың деректемелерi, тұрақты тұратын жерi бойынша барлық қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесiне тiкелей келген кезiнде хабардар етiледi. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсiлiн таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетiне тiркелiп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi алып, одан зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және басқа да ақпараттарды көруге болады.

Жеке кабинетке қол жеткiзу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшесiнiң трансфер-агентiне жүгiнiп, шоттан ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге өтiнiш беру қажет.

Ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдаған соң, Қор қызметкерi enpf.kz сайты және мобильдi қосымша арқылы жеке кабинетке тiркелуге көмектеседi. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетiнде ақпарат алу тәсiлiн дербес түрде өзгерте аласыз.

20.12.2019 ж.

Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебiнде 200-ден астам адам бiлiмiн жетiлдiрдi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында осымен төртiншi жыл қатарынан Қаржы журналистикасы мектебiнiң қарқынды курсын өткiздi.

Айта кетелiк, ақпарат беру-түсiндiру жұмыстары халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесi, Қор қызметтерi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару және дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған. Осындай ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуде БЖЗҚ-ның басты көмекшiсi — әрине, бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан журналистермен, блогерлермен, сондай-ақ журналистика факультеттерiнiң оқытушылары және студенттерiмен тығыз байланыс орнату өте маңызды. Өйткенi соның арқасында Қор жұмысының ашықтығы, айқындылығы қамтамасыз етiледi. Бұл өз кезегiнде салымшылардың Қорға деген сенiмiн арттыра түседi.

Атап өту керек, курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылды: зейнетақы жүйелерi және «БЖЗҚ» АҚ қызметi туралы; отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi; жинақтау кезеңi — жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап, төлемдердi рәсiмдегенге дейiн; зейнетақыны жоспарлау және есептеу, дербес кеңес беру; зейнетақы қызметтерiне тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету; қолданыстағы электрондық қызметтер.

БЖЗҚ басшылығы мен мамандары оқыту кезеңi барысында ашық ақпарат көздерiндегi ақпараттармен жұмыс iстеу бойынша тәжiрибелiк кеңестер берiп, күрделi қаржылық көрсеткiштер мен статистикалық деректердi түсiнуге көмектестi. Қор сайтындағы зейнетақы калькуляторының көмегiмен зейнетақыны жоспарлау және төлемдердi болжамдау бойынша ақыл-кеңес берiп, зейнетақы жүйесiнiң дамуы жайында әңгiмеледi және әр түрлi сұрақтарға жауап бердi. Оқыту курсының соңында қатысушылар алған бiлiмдерiн қорытындылау үшiн жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша Kahoot интерактивтiк ойынына қатысты.

Қаржы журналистикасы мектебi осымен төртiншi жылы қатарынан өткiзiлiп келедi және оған қатысуға ниет бiлдiрушiлер саны жылдан жылға арта түсуде. Бұған дейiн курстар негiзiнен Алматы қаласында өткiзiлiп келген болатын. Ал биылғы жыл бұл тұрғыда айрықша жыл болды. Өйткенi бұл жолы шара Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Өскемен қалаларында өткiзiлдi. Әрбiр қалада қатысушылар тарапынан ерекше қызығушылық байқалып, барлық сұрақтар қызу талқыланды.

2019 жылы жалпы оқыту курстарын өткiзу қорытындысы бойынша 200-ден астам адамға арнайы сертификаттар табыс етiлдi. Алдағы жылы шараны Қазақстанның басқа да қалаларында өткiзу жоспарлануда.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

09.12.2019 ж.

Үзiндi көшiрменi қалай тез алуға болады?

«БЖЗҚ» АҚ көрсететiн қызметтерi мен электрондық сервистерiн пайдаланушылар саны жыл санап артып келедi. Бұл ретте Қор мамандары салымшылардың ұсыныс-тiлектерiне ерекше көңiл бөледi. Жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi алуды тездету үшiн ENPF мобильдi қосымшасы жаңартылды. Ендi ыңғайлы жасалған интерфейс смартфон немесе планшетiңiз арқылы үзiндi көшiрменi тиiстi батырмаларды бар болғаны үш-ақ рет басып алуға мүмкiндiк бередi. Бұл үшiн «Жеке кабинет» белгiшесiн басып, одан әрi «Қызметтер» бөлiмiнен «Электрондық үзiндi көшiрме» iшкi бөлiмiн таңдау қажет. Үзiндi көшiрменi кез келген кезең бойынша қалыптастыруға болады. Одан басқа үзiндi көшiрменiң арнайы QR-коды бар. Онда БЖЗҚ уәкiлеттi қызметкерiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) қол қойылған осы үзiндi көшiрменiң электрондық нұсқасына веб-сiлтеме көрсетiлген.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы №370-II Заңының 7-бабының 1 тармағына сәйкес электрондық құжаттың дәрежесi қағаз нұсқасындағы қол қойылған құжатпен бiрдей.

Зейнетақы шотының жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымша арқылы бiлу үшiн Сiзде шотыңыздан ақпарат алу тәсiлi ретiнде интернет байланысы тәсiлi таңдалған болуы керек. Егер таңдалмаса, жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қор бөлiмшесiне барып, қосымша келiсiмге қол қойсаңыз жеткiлiктi. Кейiн логин мен құпия сөздiң немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен авторланып, шоттың жай-күйiн бiлуге болады. Бүгiнде логин ретiнде жеке сәйкестендiру нөмiрi қолданылады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тiркелу үшiн бiр реттiк парольдi қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретiнде жiберiледi.

Осылайша ұялы қосымшада екi әдiс бойынша: жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпиясөздi (пароль) енгiзу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесiне арналған Touch ID және IOS жүйесiне арналған Face ID сканерлiк жүйесiн қолдана алады.

Қордың ұялы қосымшасы әдеттегiдей Google Play және App Store порталдарынан тегiн жүктеп алынады. Бұл ретте пайдаланушы қазақ немесе орыс тiлiн таңдай алады.

Күнi бүгiнге дейiн БЖЗҚ ұялы қосымшасын екi миллионнан астам адам жүктеген. Яғни, Қордың электрондық қызметтерi салымшылар арасында жоғары бағаға ие болып отыр.

15.11.2019 ж.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттiлiгiн еске салады

«БЖЗҚ» АҚ зейнеткерлiк жасқа толған (ерлер — 63 жас және одан жоғары, әйелдер 59 жас және одан жоғары) және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар азаматтарға Қордан зейнетақы төлемдерiн алу қажеттiлiгiн хабарлайды.

БЖЗҚ-дан берiлетiн зейнетақы төлемдерi алушы өтiнiш берген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанша жүзеге асырылады. Осыған байланысты «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамына, оның жұмыс кестесiн ескере отырып, кез келген ыңғайлы уақытта жүгiну керектiгiн еске саламыз. Бұл ретте өтiнiштi зейнеткерлiк жасқа толуға 10 күн қалғанда беруге болады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына мына төмендегi өзгерiстердiң енгiзiлiп, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне енгендiгiн хабарлаймыз:

1) әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау:

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда жүргiзiледi.

2) БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан құралған жинақтар есебiнен зейнетақы төлемдерi:

  • бекiтiлген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерi түрiнде;
  • егер алушылар өтiнiш берген күнi, олардың зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi зейнетақының он екi еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда (2019 жылы — 433 296 теңге = 12 * 36 108), бiр жолғы төлем түрiнде;
  • «БЖЗҚ» АҚ-тан зейнетақы төлемдерiн есептеу тәртiбiне сәйкес Қордан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызынан кем емес көлемде (2019 жылы — 16 036,92 тенге = 54% * 29 698) жүзеге асырылады.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға SMS, электрондық пошта, пуш-хабарлама, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ-тың пошталық хабарламасы арқылы тұрақты негiзде ақпарат беру жұмыстарын жүргiзiп келедi.

БЖЗҚ зейнеткерлiк жасқа толған және Қорда зейнетақы жинақтары бар, бiрақ күнi бүгiнге дейiн оларды қандай да бiр себептермен алмаған адамдарға «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының бөлiмшесiне жүгiну қажеттiгiн тағы да ескертедi.

14.10.2019 ж.

2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесi туралы бiлiмдерiн жетiлдiрiп, сертификаттар алды

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi — халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын белсендi түрде жүргiзу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететiн қызметтерi, зейнетақы жүйесi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызметтiң нәтижелерi, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлi өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкiлдерi, журналистика факультеттерiнiң студенттерi және блогерлер үшiн Қаржы журналистикасы мектебi үлгiсiнде дәрiстер жүргiзiп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы қажеттi мағлұматтар».

Мектептi өткiзудегi мақсат — Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша журналистердiң, блогерлердiң және журналистика факультетi студенттерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкiлдерiнiң олармен кәсiби тұрғыда бiрлесе әрекет жасауына мүмкiндiк беру.

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылады: зейнетақы жүйесiнiң модельдерi, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.

Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшiн Қор сайты және басқа да ақпарат көздерiмен қалай жұмыс iстеу керектiгi туралы кеңестер берiледi.

Аталмыш шара осымен төртiншi жыл өткiзiлiп жатыр. Бұған дейiн ол негiзiнен Алматы қаласында өткiзiлiп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебi Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарға ерекше қызығушылық танытты.

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.

11.10.2019 ж.

БЖЗҚ өзiнiң географиясын кеңейтiп жатыр

Тағы 126 елдiмекеннiң тұрғындары БЖЗҚ қызметтерiн «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы алуға қол жеткiздi

Ағымдағы жылдың сәуiрiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта елiмiздiң шалғай орналасқан елдiмекендерiнiң тұрғындарын зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн бiрлескен жобаны iске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.

«Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде зейнетақы қызметтерi көрсетiле бастады.

Еске саламыз, бұған дейiн «БЖЗҚ» АҚ көрсететiн қызметтерi Қазпоштаның 94 елдiмекендегi бөлiмшелерiнде қолжетiмдi болатын. Ендi олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлiмшесi қосылды. Осылайша бөлiмшелердiң жалпы саны 220-ға жеттi.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi ала алады:

  • cалымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру;
  • хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтерiне қол жеткiзу) туралы келiсiмге қол қою.

Атап өту керек, 2019 жылы республика өңiрлерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретiлетiн қызметтерiмен қамту деңгейi 102 пайызға дейiн өстi.

Зейнетақы қызметтерi ұлттық пошта желiсi арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдiмекендерiнде көрсетiлiп жатыр. Елдiмекендердiң толық тiзiмiн Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.

01.10.2019 ж.

Жоғары оқу орындары студенттерiне арналған байқау

Биыл Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттерi арасында — «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттiк жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет бiлдiрушi студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Байқауға қатысу үшiн студент жеке өзi немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бiрге жоба әзiрлеуi қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерiктi жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиiмдi жеткiзуге бағытталуы тиiс. Яғни, ақпаратты әр түрлi байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс iстеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т.б.), IT шешiмдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т.б.) және басқа да әдiстер арқылы халыққа жеткiзетiн дайын әрi тиiмдi шешiм болуы қажет.

Қиялға ерiк берiп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздiк идеялар үшiн бағалы сыйлықтар табыс етiледi. Олардың iшiнде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.

Талпынып, әрекет етiп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенiң өмiрiңе оң өзгерiстер енгiзуi ғажап емес! Дәл сенiң жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкiн! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлiмi мен әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында.

Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтiнiмi, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттердi student@enpf.kz электрондық поштасына жiберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментiне 331-66-99 (iшкi 5220) телефон нөмiрi арқылы хабарласуға болады.

«БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

18.05.2020 ж.

Зейнетақы жинақтарымыздың жағдайы қандай?

Сұрақты риторикалық деп айтуға келмейдi. Әсiресе, COVID-19 короновирусына, валюта курсының, мұнай бағасының құбылуы және басқа да факторларға байланысты қаржы нарығында орын алған тұрақсыздық инвестициялық табыстың өзгеруiне әкеп соққан, карантин режимiне орай табысынан айырылу бойынша 42 500 теңге мөлшерiндегi мемлекеттiк жәрдемақы алу мәселесi қайнап тұрған тұста, тiптi бұл қаржы «БЖЗҚ-дан алынып жатыр екен» деген де пiкiрлер тарап кеттi. Сәуiр айының соңында «БЖЗҚ» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Жанат Құрманов жағдайды түсiндiру мақсатында БАҚ-та сұхбат бердi.

Бүгiн бiз оқырмандардың назарын азаматтарымыздың зейнетақы жинақтарына қатысты ең маңызды мәселелерге аударғымыз келедi.

Бiрiншiден: зейнетақы жинақтары — салымшының меншiгi, оның сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi. Оған салымшының еркiнен тыс ешкiм билiк жүргiзе алмайды, яғни үшiншi тұлғаларға немесе мақсатқа сай келмейтiн басқа да төлемдер жасай алмайды.

Екiншiден: жинақтар үздiксiз инвестицияланады, яғни олар «тұрған жоқ», салымшыға «жұмыс iстеуде». ҚР Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiн инвестициялайды. Инвестициялаудың басты қағидаты — бұл олардың сақталуы, яғни қандай да бiр себептермен оларды жоғалту тәуекелiн азайту. Зейнетақы жинақтары тұрақты пайда әкелiп, қамсыз қарттықты қамтамасыз ету үшiн көбейiп отыруы тиiс.

Үшiншiден: барлық зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi әрбiр салымшының шотына күнделiктi есептелетiн инвестициялық табыстан тұрады және кез келген салымшы БЖЗҚ ұялы қосымшасы немесе БЖЗҚ сайтындағы өзiнiң жеке кабинетi арқылы өз жинақтарын «24/7» режимiнде бақылай алады.

Ендi осының бәрiне толығырақ тоқталып өтсек.

Салымшылардың зейнетақы активтерi жан-жақты бақылауда және олардың сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi. Бұл бiздiң азаматтарымыздың қарттыққа жинаған ақшасы. Оны тек заңмен белгiленген шарттарда ғана алуға болады.

Барлық мемлекеттiк жәрдемақылар мемлекет бюджетiнен немесе Үкiметтiң бюджеттен тыс қорларынан төленедi, ал БЖЗҚ-дағы қаражатқа олардың қатысы жоқ. Бұл салымшылардың жеке ақшасы.

«БЖЗҚ» акционерлiк қоғамының өзi зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жинау, өңдеу, есепке алу және есептеу, халыққа зейнетақы қызметтерiн көрсету жөнiндегi уәкiлеттi оператор болып табылады. Ал зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды Ұлттық банк жүзеге асырады.

Зейнетақы активтерi түрлi қаржы құралдарына зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуын және табыс мөлшерiнiң инфляциядан жоғары болуын қамтамасыз ету мақсатында инвестицияланады.

Инвестициялау үшiн қаржы құралдарын таңдау кезiнде Ұлттық банк тәуекел-табыстылық қатынасындағы ең жоғары теңгерiмдiлiкке ұмтылады. Егер қаржы нарығындағы жағдай өзгерсе және жекелеген инвестициялық құралдар бойынша табыстылық төмендесе, онда бұл басқа құралдар бойынша табыстылықпен өтеледi.

Әрбiр салымшының БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) бар, оған барлық келiп түсетiн зейнетақы жарналары, сондай-ақ заңнамада белгiленген комиссиялық сыйақы шегерiлгенде алынған инвестициялық табысы есепке алынады. Комиссиялық сыйақы 2020 жылы алынған инвестициялық табыстың 2,0 пайызын және зейнетақы активтерiнiң айына 0,011 пайызын құрайды. Бұл заңда белгiленген нормалардан тиiсiнше 3,7 есе және 2,3 есе төмен.

Зейнетақы жинақтары Қазақстан iшiнде де, халықаралық нарықтарда да, әртүрлi елдердiң активтерi мен валюталарына инвестицияланғанына қарамастан БЖЗҚ әр күннiң қорытындысы бойынша азаматтардың жинақтарын қайта бағалауды жүзеге асырады. Инвестициялық кiрiс салымшыға күн сайын есептеледi және әр күннiң қорытындысын күнделiктi көрiп отыруға болады. Тiптi адам БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алып жүрген болса да, оның жинақтарына инвестициялық кiрiстiң есептелуi жалғаса бередi. Ол әрбiр салымшының жинақ сомасына және салымшылардың ақшалары инвестицияланған қаржы құралдарының кiрiстiлiгiне байланысты. Басқаша айтқанда, инвестициялық табыс күн сайын салымшылардың шоттарына олардың жинақтарына сай бөлiнедi.

Инвестициялық табысты есептеу қалай жүргiзiледi? Алдымен БЖЗҚ әр күнге есептейтiн зейнетақы активтерiнiң шартты бiрлiгiнiң (ШБ) ағымдағы құнына байланысты болатындығынан бастайық. Әр салымшының жеке зейнетақы жинақтары теңгемен және ШБ санымен есептеледi.

Салымшының ЖЗШ-сындағы ШБ саны оның шотына зейнетақы жарналары аударылған сайын түскен жарна сомасын ШБ-ның ағымдағы құнына бөлу жолымен есептеледi. Нақты мысалмен қарастырайық. Мәселен, Сiздiң ЖЗШ-ға 10 000 теңге зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. ШБ құны 2020 жылдың 01 наурызында, мысалы 806,3948806 деп алсақ, сiздiң ЖЗШ-ға есептелетiн ШБ саны 10 000 теңге / 806,3948806= 12,4008724 құрайды.

Зейнетақы жинақтарын басқа күнге, мысалы, 2020 жылдың 01 мамырына алынған инвестициялық табысты ескере отырып есептейтiн болсақ, шартты белгiнiң ағымдағы жаңа құны есептелетiн болады, мысалы, 835,2253117. Сiздiң ЖЗШ-ға есептелген ШБ саны ағымдағы жаңа құны бойынша мынадай сипатта қайта бағалануы тиiс: 12,4008724 * 835,2253117 = 10 357,52 теңге.

Осылайша, Сiздiң зейнетақы жинағыңыз 2020 жылдың 01 мамырында 10 357,52 теңгенi құрады, бұл ретте бiз мысалға алып отырған зейнетақы жинағы 10 000 теңге мөлшерiндегi зейнетақы жарнасынан және 357,52 теңге инвестициялық табыстан тұрады. Жинақтардың ұлғаюы ШБ құнының өсуiнен көрiнiс тапқан инвестициялық табыстың есептелуiне байланысты.

ШБ құны БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтындағы басты бетте күн сайын жаңартылып отырады

Осылайша, әр салымшының зейнетақы жинақтарының мөлшерi зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысқа, сондай-ақ жарналардың уақытылы және тұрақты кезеңдiлiкпен түсуiне тәуелдi. Сондықтан ЖЗШ-ға жарналардың тұрақты және толық көлемде түсуi маңызды.

Инвестициялық қызмет нәтижесiнде және шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiс мөлшерi күн сайын өзгеруi мүмкiн. Сол үшiн де инвестициялық басқаруды инвестиция салынғаннан кейiн ұзақ мерзiм (кемiнде бiр жыл) өткiзiп барып және ұзақ мерзiмдi перспективада бағалаған жөн.

Мәселен, өткен 2019 жылы БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 641,8 млрд теңге, табыстылық 6,57%, ал инфляция 5,4% болды. Осылайша зейнетақы активтерiнiң таза кiрiстiлiгi оң (инфляциядан жоғары) нәтиже бердi.

2020 жылдың басынан бастап 01 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына 536 млрд теңгеден астам инвестициялық табыс есептелдi, бұл өткен жылдың осы кезеңiмен (154,9 млрд. теңге) салыстырғанда 381,1 млрд теңгеге артық. Бұл инвестициялық кiрiстiң белгiленбеген шама екендiгiнiң дәлелi, ол қаржы құралдарының құнына және жалпы қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының, алушы зейнетақы төлемдерiне құқықты алған кездегi инфляция деңгейiн ескере отырып, жарналардың нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк көзделген. Зейнетақы жинақтарының мөлшерi жарналар сомасы, олардың түсу тұрақтылығы мен инвестициялық табысқа байланысты.

Мiне, осындай қарапайым экономика мен математика, оны түсiнген әрбiр салымшы өз жинағының қалай ұлғаятынын, онымен не болып жатқанын және төлемдердiң мақсатқа сай дұрыс жүзеге асырылуын еш қиындықсыз бақылай алады.

Бүгiнгi күннiң сандық көрсеткiштерiмен, айлар мен жылдар бойынша жеке-жеке, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi ақпаратпен, сондай-ақ қаржы құралдары бөлiнiсiндегi инвестициялық портфельдiң құрылымы туралы деректермен Сiз ай сайын Қордың сайтындағы «Көрсеткiштер» — «Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде төмендегi шағын бөлiмдерден таныса аласыз:

- «Инвестициялық қызметке шолу» https://www.enpf.kz/ru/indicators/invest/review.php

 - «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi құрылымы» https://www.enpf.kz/ru/indicators/invest/structure.php

27.04.2020 ж.

2020 жылдың бiрiншi тоқсанында БЖЗҚ өз салымшыларына 45 миллиард теңгеден аса сома төледi

2020 жылдың 1 сәуiрiне Қор жалпы алғанда 195 384 алушыға төлем жасады. Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды, оның iшiнде:

- зейнеткерлiк жасқа толуы бойынша төлемдер — 16,7 млрд теңге;

- ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер — 11,6 млрд тенге;

- сақтандыру ұйымдарына аударымдар — 8,4 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша төлемдер — 7,1 млрд теңге;

- жерлеуге берiлген төлемдер — 780 млн теңге;

- мүгедектiк бойынша төлемдер — 476,5 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетiн (зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгенi құраса, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы — 506 980 теңге болды.

24.04.2020 ж.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары жыл басынан берi 879 миллиард теңгеге ұлғайды

«Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның 2020 жылдың 1 сәуiрiндегi негiзгi көрсеткiштерi

Қазақстанның ең маңызды қаржы институттарының бiрi «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерi 2020 жылдың бiрiншi тоқсанында 879 миллиард теңгеге ұлғайды. Осылайша азаматтарымыздың зейнетақы жинақтары 11,7 триллион теңгеден асып, 2020 жылдың басынан бергi өсiм 8% құрады.

Зейнетақы жинақтарының негiзгi сомасы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасты және соңғы 12 айда 21% — ға ұлғайып, 11,4 трлн теңге болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 272,3 млрд теңгенi құрап (өсiм 30%), ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2 млрд теңгеден асты (өсiм 10%).

Айта кетейiк, «БЖЗҚ» АҚ жарналарының барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлiрек айтқанда — 10 698 980 бiрлiк. Өткен жылдың сәуiр айынан бастап өсiм 3% көрсеттi. ЖЗШ-лардың басым бөлiгiн бұрынғысынша мiндеттi зейнетақы жарналары есептелетiн шоттар құрады — 10,1 млн, одан әрi мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары — 514,8 мың шот. Ерiктi зейнетақы жарналары да сенiмдi қарқынмен өсуiн жалғастыруда, олардың саны БЖЗҚ-да 2020 жылдың 1 сәуiрiне 55 371 шот болды.

2020 жылдың бiрiншi тоқсанында салымшылардың шоттарына жалпы көлемi 261,9 млрд теңге зейнетақы жарналары түстi, бұл 2019 жылдың алғашқы 3 айындағы көрсеткiштен 19% артық. Төлемдер 45 млрд теңгенi құрады, олардың басым бөлiгi жасы бойынша (16,7 млрд теңге), ҚР шегiнен тыс ТТЖ кету бойынша (11,6 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына (8,4 млрд теңге), мұрагерлерге аударымдар (7,1 млрд теңге), жерлеуге (0,8 млрд теңге) төлемдер берiлдi.

Ерекше атап өтетiн жәйт, 2020 жылдың басынан бастап 1 сәуiрге дейiнгi жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 661,7 млрд теңгеден астам инвестициялық кiрiс есептелдi. Бұл өткен жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда 564,8 млрд теңгеге артық, өсiм 583% құрады. Ал 2019 жылдың бiрiншi тоқсанындағы таза инвестициялық табыс 96,9 млрд теңге болған едi. Бұл ретте инвестициялық қызмет нәтижесiнде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруi салдарынан есептелген инвестициялық кiрiстiң мөлшерi әрқашан өзгерiп тұруы мүмкiн екендiгiн және оны ұзақ мерзiмдi перспективада қарау қажет екенiн есте сақтау маңызды.

2019 және 2020 жылдардағы көрсеткiштердi салыстырып қарағанда көрiп отырғанымыздай, инвестициялық кiрiс — бұл қаржы құралдарының құнына және тұтастай қаржы нарығындағы жағдайға тәуелдi, тiркелмеген шама. Сондықтан жекелеген қаржы құралдары есебiнен инвестициялық кiрiс шамасының уақытша төмендеу ықтималдылығы болашақта зейнетақы активтерiнiң барлық инвестициялық портфелiн ұзақ мерзiмде әртараптандыру есебiнен өтелетiн болады.

26.03.2020 ж.

БЖЗҚ салымшыларының 2020 жылдың басынан бергi инвестициялық табысы 332 миллиард теңгенi құрады

«БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерi 2020 жылдың наурыз айында 11,3 трлн теңгеден асып түстi (жыл басынан бергi өсiм 4% пайызды құрады).

Зейнетақы активтерiн әр түрлi валюталардағы сенiмдi қаржы құралдарына инвестициялау тұрақты инвестициялық кiрiстiлiктi, сондай-ақ шетел валюталарына қатысты теңге бағамының өзгеруi тәуекелдерiнен қорғауды қамтамасыз етедi. Зейнетақы активтерi құрылымының 33,7%- дан астамы шетел валютасына номинацияланған қаржы құралдарынан тұрады. Олардың басым бөлiгi (портфельдiң 30,6%- ға жуық көлемi) — АҚШ долларында.

Қоржынды валюталық әртараптандырудың, инвестициялар географиясы мен қаржы құралдары спектрiн кеңейтудiң арқасында халықтың зейнетақы жинақтарындағы таза инвестициялық кiрiс үлесi тұрақты түрде өсуде.

2020 жылдың басынан берi таза инвестициялық кiрiс 332,34 млрд теңгеден асты (2019 жылдың осы кезеңiнде 66,8 млрд теңге). Наурыз айының бiрiншi жартысында салымшылардың шоттарына аударылған инвестициялық кiрiс 192,45 млрд теңгенi құрады (2019 жылдың осы кезеңiнде 54,74 млрд теңге).

Зейнетақы активтерi бойынша жинақтардың сақталуы мен кiрiстiлiктiң теңгерiмдi деңгейiн ұзақ мерзiмге қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқарушы ретiнде ұлттық валюта — теңгемен де, шетел валютасымен де инвестициялар қабылдайтын әртараптандырылған инвестициялық портфельдi қалыптастыру тұжырымдамасын ұстанады.

БЖЗҚ 2013жылы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

02.03.2020 ж.

Алты миллионнан астам салымшы БЖЗҚ-дан үзiндi көшiрменi онлайн тәртiбiнде алады

Зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алу — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары арасындағы ең танымал қызмет. 2019 жылы бұл қызмет 14 миллионнан астам рет пайдаланылған.

Еске сала кетелiк, БЖЗҚ салымшылары жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi шот ашылған күннен бастап сұрау салған кез келген күнге қарай тегiн алуға құқылы. Бұл заң жүзiнде бекiтiлген құқық.

Бүгiнде салымшылар мен алушылар зейнетақы жинағының жай-күйi туралы ақпаратты:

• Қор кеңсесiне тiкелей келу;

• пошта байланысы;

• электрондық тәсiлдер:

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта;

- интернет байланысы (логин мен құпиясөз (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» бөлiмi және ұялы телефонға жүктелген ENPF мобильдi қосымшасы);

- электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинет (ЭЦҚ немесе mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына келетiн бiр реттiк sms-пароль) арқылы ала алады.

Ең ыңғайлы және жылдам тәсiл — бұл үзiндi көшiрменi БЖЗҚ сайты немесе электрондық үкiмет порталының жеке кабинетi арқылы алу. Сонымен қатар БЖЗҚ-ның смартфон немесе планшеттерге арналған жаңартылған мобильдi қосымшасын пайдалануға болады.

Барлығы 5,6 миллион адам зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты Жеке кабинет арқылы алған. Бiр жыл iшiнде интернет байланысы тәсiлiн таңдағандар саны 500 мыңға жуық адамға көбейдi. 860 мың адам үзiндi көшiрменi электрондық пошта арқылы алады. Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты БЖЗҚ филиалына келiп алу — танымалдығы жағынан екiншi орында. Бұл тәсiлдi шамамен екi миллионға жуық адам таңдаған. БЖЗҚ-дан ақпаратты пошта байланысы арқылы алушылар саны бiртiндеп азаюда. Бұл жағдайда iшiне үзiндi көшiрме салынған хат оларға жылына бiр рет жiберiледi. Қазiргi уақытта бұл тәсiлдi таңдағандар саны — 1,3 млн адам. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға төмен.

Еске саламыз, салымшы мекенжайын ауыстырған жағдайда бұл туралы Қорға хабарлауға мiндеттi. Егер хабарламаса, БЖЗҚ келесi жылы үзiндi көшiрме салынған хатты оған жiбермеуге құқылы.

Салымшы ыңғайлы хабарлау тәсiлiн таңдау үшiн жеке басын куәландыратын құжатпен Қордың жергiлiктi кеңсесiне жүгiнуi тиiс. Егер ЭЦҚ болса, Қор кеңсесiне келмей-ақ, хабарлау тәсiлiн enpf.kz сайтының Жеке кабинетi арқылы таңдауға немесе өзгертуге болады.

28.02.2020 ж.

2020 жылдың қаңтарында БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары 97 миллиард теңгеге көбейдi

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша барлық негiзгi көрсеткiштер былтырғы жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда оң сипатқа ие. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,9 триллион теңгенi құрап, бiр жыл iшiнде 16 пайызға өстi.

Зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасқан. Ал МЗЖ есебiнен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгенi құрады. Бiр жыл iшiндегi өсiм — 15 пайыз.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 251,2 млрд теңгеге (өсiм — 25%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсiм — 4%) жеттi.

2020 жылдың қаңтарында зейнетақы жинақтары шамамен 97 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл сан мынадай кiрiс және шығыс ағындарынан қалыптасты:

- 86,7 млрд теңге жарналар түрiнде келiп түскен, бұл көрсеткiш 2019 жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен 22 пайызға жоғары. Аталмыш соманың 94 пайызы МЗЖ есебiнен толықты — бұл 81,6 млрд теңге. Одан әрi МКЗЖ — 4,9 млрд теңге, ЕЗЖ — 16 млн теңге.

- жыл басынан берi таза инвестициялық табыс ретiнде 28,2 млрд теңге түсiп, салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелдi. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiштен (15,4 млрд теңге) екi еседей жоғары.

Соңғы 12 ай iшiнде зейнетақы жинақтарының табыстылығы — 6,68 пайызды, ал инфляция деңгейi — 5,6 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

- 146 мыңнан астам алушы үшiн зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 17,9 млрд теңгенi құрады.

05.02.2020 ж.

БЖЗҚ электронды үлгiдегi қызметтерiнiң үлесi 80 пайызға жеттi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры электронды үлгiде көрсететiн қызметтердi белсендi түрде енгiзуде. Өткен жылы бұл бағытта жақсы көрсеткiштерге қол жеткiзiлдi. Мысалы, салымшылар мен алушыларға көрсетiлетiн қызметтердiң 80 пайыздан астамы, яғни 13,6 миллионнан астам қызмет цифрлық технологиялардың көмегiмен орындалды. Бұл 2018 жылғы көрсеткiшпен салыстырғанда 36 пайызға жоғары. Электрондық қызметтердiң бiрқатары жаңартылып, жетiлдiрiлдi. Солардың бiрi — Қордың мобильдi қосымшасы.

Қордың қазақ және орыс тiлiнде жұмыс iстейтiн мобильдi қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмiрлерi мен мекенжайларын көруге болады. Ендi осы қызметтердiң қатары жаңа мүмкiндiктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына өтiнiш жасауға мүмкiндiк беретiн қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкiндiк берiлсе, онлайн-бот арқылы жиi қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады. Бұдан басқа Push-хабарлама қызметi енгiзiлдi. Оны пайдалану үшiн ұялы қосымшаны ашып, «Баптау» бөлiмiне кiрген соң, (push-хабарламаны қосу/өшiру) осы қызметтi iске қоссаңыз болды. Сонда зейнетақы шотыңызға мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары келiп түскендiгiн экранда пайда болатын қысқаша хабарлама арқылы дер кезiнде бiлiп отырасыз.

Танымал мессенджерлерге орнатылған сервистер де салымшылардың сұранысына ие болуда. Мысалы, Telegram мессенджерi қажеттi ақпараттарды алуға, қысқаша үзiндi көшiрменi электрондық поштаға жiберуге, Жеке кабинеттiң паролiн қалпына келтiруге, Қор жаңалықтарымен танысуға және оның бөлiмшелерiнiң мекенжайын бiлуге мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде БЖЗҚ өзiнiң ресми сайты мен мобильдi қосымшасы арқылы мынадай электрондық қызметтердi көрсетедi:

1) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу;

2) жеке деректемелерге, оның iшiнде хабарлау тәсiлiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу;

3) жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi көшiрменi қарау;

4) ЖЗШ-дан үзiндi көшiрменi электрондық мекенжайға жiберу;

5) ЖЗШ бар болуы туралы анықтама алу;

6) ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi/зейнетақымен қамсыздандыру туралы жаңа редакциядағы шартты («телнұсқа») алу;

7) I немесе II топтағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу туралы өтiнiш беру;

8) төлемдер және (немесе) қоныс аудару жөнiндегi өтiнiштердiң мәртебесiн, яғни орындалу барысын қадағалау.

Айта кету керек, салымшылардың сұранысы бойынша ең жиi көрсетiлетiн қызмет: жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме беру. 2019 жылы үзiндi көшiрме электрондық үлгiде 13,5 миллион рет сұралған. Одан басқа, цифрлық технологиялардың көмегiмен жеке деректемелердi өзгертуге 62,3 мыңнан астам өтiнiш және жеке зейнетақы шотын ашуға 5 мың өтiнiш қабылданып, хабарлау тәсiлiн белгiлеу/өзгерту бойынша 31,5 мыңнан астам келiсiм рәсiмделген. Басқа электрондық үлгiдегi қызметтер бойынша да өсiм байқалады.

Осылайша БЖЗҚ әрбiр салымшыға қолжетiмдi жоғары технологиялық ұйым ретiнде халыққа өз қызметiн үздiксiз ұсынуда.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

04.02.2020 ж.

БЖЗҚ-да 2019 жылы 17 миллионға жуық қызмет көрсетiлдi

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы қызметтерiн көрсету аясында 16,9 млн операция орындалса, олардың 80 пайызы (13,6 млн) электрондық форматта жүзеге асырылды. 2018 жылмен салыстырғанда өсiм 36 пайызға жеттi. Дейтұрғанмен көптеген салымшылар зейнетақы қызметтерiн алу үшiн тiкелей Қор мамандарына жүгiнгендi қалайды. Елiмiз бойынша күн сайын БЖЗҚ-ның барлық кеңселерiнде шамамен 13 мың операция орындалады.

2019 жылы сәуiр айында БЖЗҚ шалғай елдiмекендердi зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн Қазпоштамен бiрге осы ұлттық оператордың бөлiмшелерi арқылы зейнетақы қызметтерiн көрсету бойынша ортақ жобаны iске қосқан едi.

Қордың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде орналасқан Қазпошта бөлiмшелерiнiң операторлары оқыту курсынан өткен соң, келушiлерге зейнетақы қызметтерiн көрсете бастады. Осылайша қазiргi және болашақ салымшылар БЖЗҚ-ның әр түрлi қызметтерiн, оның iшiнде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн интернет-байланысы тәсiлiне ауыстыру қызметiн алуға қол жеткiзiп, Қазпошта бөлiмшелерi арқылы транфер-агенттiк қызмет көрсету аясында барлығы — 1 298 операция жүзеге асырылды.

03.02.2020 ж.

БЖЗҚ өзiнiң салымшыларына 210 миллиард теңгеден астам қаражат төледi

2019 жылдың 12 айында 314 мыңнан астам алушы үшiн 210 миллиард теңгеден астам зейнетақы төлемдерi мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды. Оның iшiнде:

- зейнет жасына толуға байланысты — 69,8 млрд теңге;

- мүгедектiгi бар жандарға — 1,8 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 50,5 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша — 27,9 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты — 3,2 млрд теңге;

- өмiрдi сақтандыру бойынша ұйымдарға — 56,9 млрд теңге

- басқа тұлғаларға — 0,1 млрд теңге төлендi.

Кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдерiнiң орташа сомасы — 21 165 теңге, ай сайынғы ең жоғары төлем — 514 666 теңге болды. Салыстыра қарасақ, 2018 жылы БЖЗҚ-дан 168,6 млрд теңге төлендi. Бұл жерде өсiм сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдарға байланысты болып отыр. Мысалы, 2018 жылы 26 млрд теңге, ал 2019 жылы бұдан екi есе жоғары — 56,9 млрд теңге аударылды. Оған басты себеп — былтырғы жылы зейнетақы аннуитетiн алу үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарымен (МЗЖ) бiрге мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарынан (МКЗЖ) қалыптасқан жинақтарды пайдалану мүмкiндiгi туындады.

03.02.2020 ж.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының сомасы 10,8 триллион теңгеден асты

Қазақстанның маңызды қаржы институттарының бiрi — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2019 жылды қорытындылады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай барлық көрсеткiштер бойынша даму серпiнi оң сипатқа ие. Нақты айтсақ, 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қордың зейнетақы жинақтары 10,8 триллион теңгеден асты. Ал жарналардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны 10 миллионнан асып отыр. Дәлiрек — 10 672 567 бiрлiктi құрап, бiр жыл iшiнде 3 пайызға өстi. Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен ашылған — 9,9 млн бiрлiк. Бұдан кейiнгi орында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша ашылған шоттар — 0,5 млн бiрлiк. Ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша да өсiм байқалады. 2019 жылдың соңына қарай ЕЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны — 54 365 бiрлiкке жетiп, 2018 жылғы көрсеткiштен салыстырғанда 14 пайызға көбейдi.

Зейнетақы жинақтарының басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан. МЗЖ есебiнен жиналған жинақ ақша 10,6 трлн теңгенi құрап, 2019 жылдың басынан берi 15 пайызға өстi.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 246,1 млрд теңгеге (өсiм — 25%), ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 1,9 млрд теңгеге (өсiм — 4%) жеттi.

2019 жылдың басынан берi салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс — 641,8 млрд теңге. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы — 6,57 пайыз. Ал инфляция деңгейi — 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие.

31.01.2020 ж.

БЖЗҚ-да автоматты түрде 400 мыңға жуық шот ашылды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу рәсiмiнiң оңайлатылғанына бiр жыл болды. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңына сәйкес жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн БЖЗҚ-ның жергiлiктi кеңсесiне келудiң қажетi жоқ. Алғашқы жарна келiп түскен сәтте, шот автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаның аты-жөнi, басқа да жеке деректемелерi жарнаға қатысты төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша расталады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алады. Осылайша 2019 жылы Қорда МЗЖ бойынша автоматты түрде барлығы 398 376 шот ашылды.

Автоматты түрде ашылған жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат салымшыға Қор кеңсесiне тiкелей келген кезiнде хабардар етiледi. Алайда зейнетақы шотынан ақпарат алудың ыңғайлы тәсiлiн таңдасаңыз, Қор сайтының жеке кабинетiне тiркелiп, зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйiн Қор сайты немесе мобильдi қосымшасы арқылы кез келген уақытта бақылай аласыз. Сонымен қатар жеке кабинетте зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi алып, одан зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн және басқа да ақпараттарды көруге болады.

Жеке кабинетке қол жеткiзу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне немесе «Қазпошта» АҚ бөлiмшесiнiң трансфер-агентiне жүгiнiп, шоттан ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге өтiнiш беру қажет.

Ақпарат алудың электрондық тәсiлiн таңдаған соң, Қор қызметкерi enpf.kz сайты және мобильдi қосымша арқылы жеке кабинетке тiркелуге көмектеседi. Егер электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, Қор сайтының жеке кабинетiнде ақпарат алу тәсiлiн дербес түрде өзгерте аласыз.

27.01.2020

2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi

Зейнетақы активтерiн басқару бойынша толыққанды есеп enpf.kz сайтында жарияланған.

Алматы, Қазақстан — 2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң көлемi — 10 798,31 млрд теңге болды.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол «Көрсеткiштер» — «Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/3c7/3c70a3b031ce2f6ead2f84c6fa86d3ce.pdf.

2019 жылы зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 6,57 пайызды құрады. Ал инфляция деңгейi осы кезеңде 5,4 пайыз болды. Бұл зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы оң сипатқа ие екендiгiн көрсетедi.

2019 жылы есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 699,77 млрд теңгеге жеттi. Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

• бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 665,06 млрд теңге;

• бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан болған табыстар (шығындар) (35,35) млрд теңге;

• шетелдiк валютаны қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) (7,37) млрд теңге;

• сыртқы басқарудан түскен табыстар 12,94 млрд теңге;

• басқа активтердi (ТҚҚ) қайта бағалаудан түскен табыстар (шығындар) 19,8 млрд теңге;

• басқа да табыстар 44,69 млрд теңгенi құрады.

Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң басым бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына (40,45 пайыз) тиесiлi. Өйткенi ол тұрақты және табысты қаржы құралы. Бұл бағалы қағаздардың ағымдағы құны — 4 368,01 млрд теңге. Жыл басынан бергi өсiм — 7,64 пайыз. Есептi күнге қарай теңгеде номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуiне қатысты орташа алынған табыстылық жылына 7,8 пайыз, ал АҚШ долларында жылына 4,4 пайыз болды.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай шет елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының (МБҚ) ағымдағы құны — 1 235,06 млрд теңгенi құрап, портфельдегi үлесi — 11,44 пайызды көрсеттi. Есептi күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiндегi шет елдердiң МБҚ өтелуiне қатысты алынған орташа табыстылық шетел валютасында жылына 2,2 пайызды құрады.

2020 жылдың 1 қаңтарына қарай Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының портфельдегi үлесi — 14,86 пайыз болды. Осы қаржы құралының ағымдағы құны — 1 604,96 млрд теңге. Жыл басынан бергi өсiм — 23,47 пайыз. Есептi күнге қарай ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгеде номиналданған облигациялары бойынша алынған орташа табыстылық жылына 10,4 пайызды, ал АҚШ долларында 5,0 пайызды көрсеттi.

Қазақстанның екiншi деңгейдегi банктерiнiң қаржы құралдары былайша көрсетiлген: портфельдiң 10,96 пайызы осы банктердiң облигацияларына тиесiлi. Олардың ұлттық валютадағы жылдық табыстылығы — 10,0 пайыз, ал АҚШ долларында — 6,4 пайыз. Депозиттердiң үлесi — 2,36 пайыз, ал олардың орташа алынған жылдық табыстылығы теңгеде — 9,1 пайыз.

Атап өту керек, 2019 жылы зейнетақы активтерiн Қазақстанның екiншi деңгейдегi банктерiнiң депозиттерiне орналастыру көлемi 22,74 млрд теңгеге (немесе 8,19%) төмендедi.

Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелi валюталық тұрғыда былайша келтiрiлген: ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемi — 66,69 пайыз, АҚШ долларында — 30,20 пайыз, басқа валюталарда — 3,11 пайыз болды.

Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.

04.11.2019

2019 жылдың 1 қазанына қарасты БЖЗҚ-ның негiзгi көрсеткiштерi

2019 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,4 трлн теңгенi құрады. Оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы — 10,2 трлн теңге; мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы — 233,6 млрд теңге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы — 1,9 млрд теңге болды.

Жыл басынан берi зейнетақы жинақтары 1,04 трлн теңгеге немесе 11 пайызға өстi. Бұл ретте зейнетақы жарналарының барлық түрлерi бойынша түсiмдер — 714,3 млрд теңге; таза инвестициялық табыс көлемi — 481,9 млрд теңге және зейнетақы төлемдерi — 154,2 млрд теңге болды.

Есептi кезеңде БЖЗҚ-да 308,5 мың жеке зейнетақы шоты ашылды. Оның iшiнде 273,6 мың шот МЗЖ есебiнен ашылғанын айта кеткен жөн. Ал бұл шоттардың 64 пайызын 30 жасқа дейiнгi салымшылар ашқан. Қарастырылып отырған кезеңде ай сайынғы мiндеттi зейнетақы жарналарының орташа сомасы — 17 149 теңгеге жеттi.

2019 жылдың 9 айы iшiнде белсендi салымшылардың саны — 6,1 млн адам, олардың iшiнде 6 және одан да көп жарна жасағандар — 4,6 млн адам болды.

(2018 жылы белсендi салымшылардың саны — 6,4 млн адам, олардың iшiнде 6 жарнадан 12 жарнаға дейiн аударғандар саны — 4,96 млн адам болған едi).

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 481,9 млрд теңгеден асты. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 8,4 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,3 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық оң сипатқа ие болып отыр.

Жыл басынан берi зейнетақы төлемдерi 154,2 млрд теңгеге жеттi. (Бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткiшiнен 23,2 млрд теңгеге немесе 18 пайызға жоғары). Оның iшiнде:

- зейнет жасына толуға байланысты — 51,0 млрд теңге;

- 1 және 2 топтарда мерзiмсiз мүгедектiгi бар жандарға — 1,3 млрд теңге;

- Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты — 35,1 млрд теңге;

- мұрагерлiк бойынша — 20,2 млрд теңге;

- жерлеуге байланысты — 2,3 млрд теңге;

- басқа тұлғаларға — 0,1 млрд теңге;

- өмiрдi сақтандыру бойынша компанияға (ӨСК) — 44,1 млрд теңге төлендi.

Кесте бойынша ай сайынғы төлемдердiң орташа сомасы 21 022 теңгенi құрады. Бұл ретте ең жоғары төлем 514 666 теңге болды.

МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының орташа сомасы 1,1 млн теңгеге жеттi. Оның iшiнде жинақтардың орташа сомасы ерлерде — 1,2 млн теңге, ал әйелдерде — 0,92 млн теңгенi құрады. Бұл ретте зейнетақы жарналарын Қорға 20 жыл бойы тұрақты аударып келген ер азаматтардың жинақ ақшасының орташа көлемi — 5,1 млн теңге, ал әйелдерде — 3,9 млн теңгеге жеттi.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының маңыздылығы және зейнет жасы туралы ерте бастан ойлану керектiгi туралы тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын белсендi жүргiзiп келедi. Мысалы, 2019 жылдың 9 айы iшiнде ел өңiрлерiндегi түрлi кәсiпорындарда 25,5 мың көшпелi шара жүзеге асырылды. Бұл кездесулерге 738,5 мың адам қатысты.

Есептi кезеңде зейнетақы қызметтерiн көрсету аясында барлығы 13,4 млн операция жүзеге асырылды. Олардың басым бөлiгi, яғни 10,8 млн операция (немесе 80,7%) электрондық үлгiде орындалды. Есептi кезеңде БЖЗҚ кеңселерiнде 2,5 млн қызмет көрсетiлдi. Қордың республикалық, облыстық маңызға ие қалаларда және аудан орталықтарында орналасқан 215 кеңсесiнде күн сайын 14 мыңдай операция жүзеге асырылады. Бұдан басқа «Қазпошта» АҚ-тың 220 елдiмекенде орналасқан бөлiмшелерiнде БЖЗҚ қызметтерi iшiнара қолжетiмдi.

БЖЗҚ-ның әр түрлi байланыс арналары (байланыс орталығы, әлеуметтiк желiлер, мессенджерлер және т. б.) арқылы ел азаматтарының зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша қойған 508,2 мың өтiнiшi қаралып, өңделдi.

Тұрғындарға арналған «Ашық есiк күндерi» және журналистер мен сарапшыларға арналған «Қаржы журналистикасы мектебi» шаралары тұрақты түрде өткiзiлiп тұрады. Олардан басқа БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңес сарапшыларымен үш ай сайын кездесу өткiзiледi.

Қор сонымен қатар көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және жетiлдiру жұмыстарын тұрақты жүргiзiп келедi. Мысалы, Қор мамандарының күшiмен әзiрленген ұялы қосымша таяуда қайта жаңартылып, оны қолдану барынша ыңғайлы бола түстi. Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тiлiнде жұмыс iстейтiн ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтерi бойынша ағымдағы көрсеткiштердi, шарттардың деректемелерiн, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмiрлерi мен мекенжайларын көруге болады. Ендi осы қызметтердiң қатары жаңа мүмкiндiктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына өтiнiш жасауға мүмкiндiк беретiн қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкiндiк берiлсе, онлайн-бот арқылы жиi қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.

16.08.2019

2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негiзгi көрсеткiштерi

Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары

2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрi бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 8 пайызға, ал бiр жыл iшiнде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өстi.

Зейнетақы шоттарының барлық түрi бойынша келiп түскен зейнетақы жарналарының сомасы жыл басынан берi 549,2 млрд теңге болды. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,9 трлн теңгенi құраса, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 224,9 млрд теңгеге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңгеге жеттi.

2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардың МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны жыл басынан берi 152 мыңдай шотқа көбейiп (жүйден шыққан қатысушылардың жабылған шоттары ескерiлдi), 10,3 млн бiрлiктi құрады.

2019 жылдың жетi айы iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 124 млрд астам теңгенi құрады. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың сәйкес кезңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 110,9 млрд теңге болған. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер — 43,9 млрд теңге, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер — 26,2 млрд теңге, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 35,5 млрд астам теңге болды. 2019 жылы сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар көлемiнiң елеулi түрде артқанын атап өткен жөн (2018 жылдың 7 айы iшiнде ол 11,1 млрд сәл астам теңгенi құраған едi). Өйткенi 2019 жылы мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiлген күннен бастап (01.01.2014ж.) толық 5 жыл өттi. Сәйкесiнше өз пайдаларына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мүмкiндiгiне ие болды. Бiрақ бұл үшiн Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiндегi зейнетақыны төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Жыл басынан бастап күнi бүгiнге дейiн 1,2 мыңнан астам адам осы құқықтарын пайдаланып үлгердi. Олар сақтандыру ұйымдарына жиынтық жинақтары есебiнен шамамен 16,2 млрд теңгенi аударды. Осылайша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшiн Қордан МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу түрiндегi жеңiлдiк толығымен жүзеге асырылып жатыр.

2019 жылдың 7 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы жыл басынан берi 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды. Егер бұл көрсеткiштi жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 9,65 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетiп отыр.

01.08.2019

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 9,99 трлн. теңгенi құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2018 жылдың шiлде мен 2019 жылдың маусымы аралығында (өткен 12 ай iшiнде) 9,4 пайызға жеттi. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi.

2019 жылдың басынан берi есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 285,2 млрд. теңгеден асты.

Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

  • бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары
  • бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 330,57 млрд. теңге;
  • бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (31,79) млрд. теңге;
  • шетелдiк валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (24,10) млрд. теңге;
  • сыртқы басқарудан түскен табыстар 6,68 млрд. теңге;
  • басқа да шығындар 3,85 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi борыштық қаржы құралдарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның iшiнде теңгеге номиналданғандары бойынша орташа табыстылық — жылдық 8,5 пайыз, ал шетелдiк валютада — жылдық 3,7 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарына (40,31 пайыз) тиесiлi. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бiрi. Есептi күнге қарай теңгеге номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылдық 7,5 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 4,5 пайызды құрады.

Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының ағымдағы құны 2019 жылдың 1 шiлдесiне 1 446,22 млрд теңгенi құрап, жыл басынан берi 21,34 пайызға артты. Олардың портфельдегi үлесi 14,47 пайызды құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiнде шетел мемлекеттерiнiң МБҚ өтеуге орташа алынған кiрiстiлiгi есептi күнге 3,2 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдарының 2019 жылдың 1 шiлдесiндегi облигациялары зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң 13,71 пайызын құрады. Есептi күнге ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылдық 10,2 пайызды, АҚШ долларымен — жылдық 5,0 пайызды құрады.

Екiншi деңгейлi қазақстандық банктердiң қаржы құралдары былайша келтiрiлген: портфельдiң 12,69 пайызы облигацияларға орналастырылған, олардың орташа алынған кiрiстiлiгi ұлттық валютада жылдық 10 пайызды және АҚШ долларында 6,4 пайызды құрады; депозиттердiң үлесi орташа алынған кiрiстiлiкпен жылдық 9,4% пайызды құрап, 2,66 пайызға жеттi.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар шеңберiндегi қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша көрiнiс тапты: ұлттық валютадағы инвестициялар — 68,23 пайыз, АҚШ долларында — 31,36 пайыз, басқа валюталарда — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,42 пайызын құрады.

Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/f65/f657f047351a31b5e726c10056d5da2c.pdf 

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

01.08.2019

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қорытындысын жариялады

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi сенiмдi оң динамиканы көрсетедi: 2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгенi құрап, жыл басынан берi 7%-ға немесе 615 млрд. теңгеге ұлғайды.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеруi 464,8 млрд. теңге мөлшерiнде зейнетақы жарналарының, 107,6 млрд. теңге мөлшерiндегi зейнетақы төлемдерiнiң, сондай-ақ, 257,5 млрд. теңге көлемiндегi инвестициялық кiрiстiң түсулерiмен байланысты.

01.07.2019 ж. қарай мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 9,8 трлн. теңгенi, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен — 220,0 млрд. теңгенi, ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен — 1,9 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны (техникалық шоттарды қоспағанда) 10,3 млн. шотты құрап, жыл басынан бастап 1,2%-ға немесе 119,3 мың шотқа өстi (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып).

Бұл ретте МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (техникалық шоттарды есепке алмағанда) жыл басынан бастап 1%-ға немесе 100 мың шотқа (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып) ұлғайып, 9,7 млн. шотты құрады.

Техникалық (сәйкестендiрiлмеген) шоттар саны есептiк кезеңде 216,3 мыңнан 201,8 мың шотқа дейiн 7%-ға азайды.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшiн жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғаш рет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22%-ы 20 жасқа дейiнгi топты құрады, 36,2% — 21-ден 30 жасты, 18,3% — 31-ден 40 жасты, 13,6% — 41-ден 50 жасқа дейiнгi, 9,9% — 51 жастан жоғары топтарды құрады.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 107,6 млрд. теңгенi құрады. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер 41 млрд. теңгенi құрап, сақтандыру ұйымдарына 30 млрд. теңге аударылды, 21 млрд. теңге ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлендi. Салыстыру үшiн — өткен жылдың осы кезеңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 100,9 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 257,5 млрд. теңгенi құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады. Осылайша зейнетақы активтерi соңғы 12 айда 4% мөлшерiнде нақты оң кiрiстiлiкке ие.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастыруда. 01.01.2017 ж. — 01.07.2019 ж. аралығында Қор қызметкерлерi 59,8 мың көшпелi тұсаукесерлер өткiзiп, оған 1,8 млн. адам (немесе елдiң жұмыспен қамтылған халқының 21%) қатысты.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор кеңселерiнде күн сайын Қазақстан бойынша 13 мыңнан астам қызмет көрсетiлдi.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор қызметiнiң 80,5%-ы электронды форматта (онлайн) жүргiзiлдi.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор әртүрлi байланыс арналары арқылы келiп түскен 300 мыңға жуық салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерiн қабылдап, өңдедi.

03.06.2019 ж.

«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан берi жинақталған инвестициялық табыс оң сипатқа ие

Ағымдағы жылдың 4 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық табыс көлемi 154,9 млрд теңгенi құрады. Өткен 12 ай iшiнде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 10,7 пайызға жетсе, бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,9 пайызды көрсеттi. Осылайша жылдық мерзiмде зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы инфляциядан 5,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Әдетте нарықтық бағалау барысында зейнетақы активтерiнiң портфелiнде бiр қаржы құралы табыс әкелсе, екiншiсi шығын әкелетiнi белгiлi. Бұл жалпы әлемдiк құбылыс. Дегенмен БЖЗҚ құрылғаннан берi оның зейнетақы активтерiне есептелген қорытынды инвестициялық табыс оң сипатқа ие. Мысалы, 2015 жылдан 2018 жылға дейiнгi аралықта жинақталған оң сипаттағы шынайы табыстылық (жинақталған инфляцияны шегергенде) 8,43 пайызды құрады.

Зейнетақы жинақтарының шынайы табыстылығы 2018 жылы 5,97 пайызды, (бұл ретте жалпы табыстылық 11,27%, ал инфляция деңгейi 5,3%) және 2014 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде жинақталған шынайы табыстылық 9,93 пайызды (бұл ретте жалпы табыстылық 59,38%, ал инфляция 49,45%) құрады.

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледi және оның көлемi шоттағы жинақ ақшаның сомасына, зейнетақы жарналарының мөлшерi мен аударылу жиiлiгiне байланысты.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бiрлiгiнiң (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбiр жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгемен және шартты зейнетақы бiрлiгi санымен есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбiр зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бiрлiгiне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сiздiң жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемiнде зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. 2019 жылдың 23 мамырына қарай ШЗБ құны — 760,5 теңге дейтiн болсақ, Сiздiң шотыңызға есептелетiн ШЗБ саны 13,2 бiрлiк болады (10 000 теңге/ 760,5 теңге).

2019 жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 762 теңге болды делiк. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерiлдi. Ендi осы күнгi ШЗБ санын есептеп шығарайық. Сiздiң шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негiзiнде былайша қайта бағаланады: 13,2 ШЗБ * 762 теңге = 10 058 теңге. Осылайша Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 24 мамырына қарай 10 058 теңге болады. Бұл жерде зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (58 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралатындығын айта кеткен жөн.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейдi. Соның арқасында ШЗБ құны 1,5 теңгеге артты (762 теңге — 760,5 теңге).

ШЗБ құнын Қордың www.enpf.kz сайтының басты бетiнен күн сайын көруге болады. Зейнетақы жинақтарының көлемi жарналардың мөлшерi мен тұрақты аударылуына және инвестициялық табыс сомасына тәуелдi. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды.

БЖЗҚ — Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң барлық қаржылық және ақпараттық легiнiң бiрыңғай әкiмшiсi және операторы. Қордың басты мақсаты — Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мүмкiндiгiне ие болуы үшiн оларға барлық қажеттi жағдайды жасау. Бұл үшiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi одан әрi арттырылып, зейнетақы активтерiнiң есебi шынайы жүргiзiледi, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетiн арттыруға көмек көрсетiледi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

22.04.2019 ж.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне шолу

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 115,8 млн теңгеге өстi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгенi құрады (жалпы соманың 97,8%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкiл жинақтың 2,2%) және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бiрлiктен асты.

Жыл басынан берi Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жеттi. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,8 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.

2019 жылдың екi айы iшiнде зейнетақы төлемдерi 43,0 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгенi, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 62,8 млрд теңге төлендi. Оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемi жетiлдiрiп келедi. Жыл басынан берi салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi. Бұл ретте электрондық тәсiлмен қызмет көрсету басымдыққа ие — 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берiлген үзiндi көшiрмелердi есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негiзде ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсiпорындарда және сауда орындарында көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiзедi. Жыл басынан берi 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.

2019 жылдың басынан берi бiрыңғай жиынтық төлемдi (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдiмекендердiң тұрғындарынан) 21 986 жарна келiп түстi. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетiн зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

05.03.2019 ж.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне шолу

2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгенi құрап, соңғы 12 ай iшiнде 1,6 трлн теңгеге көбейдi. Еске сала кетелiк, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған едi. Осы кезең iшiнде салымшылардың шоттарына үлестiрiлген зейнетақы активтерiнiң өсiмi 21 пайызға жеттi. Бұл ретте зейнетақы активтерi зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.

2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсiмдерiнiң сомасы 70,8 млрд теңгенi құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңiнде бұл көрсеткiш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесiнше бiр жыл iшiндегi өсiм 5,5 млрд теңгеге жетiп отыр. Бұл ретте түсiмдердiң басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналарына (МЗЖ) тиесiлi — 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн мiндеттi зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгенi құрады.

2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестiрiлген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары.

12 ай iшiнде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейi 5,2 пайызды көрсеттi. Яғни, бiр жыл iшiнде зейнетақы активтерi бойынша нақты, таза табыстылық — 6,1 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай, ҚР Ұлттық Банкiнiң басқаруына берiлген зейнетақы активтерi портфелiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздардың үлесi 44,09 пайызды құрады. Олардың үлесi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда (01.02.2018 ж. — 44,47%) өзгерген жоқ деуге болады. Теңгеде номиналданған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша өтелуiне қарай орташа өлшемдiк табыстылық жылдық 7,0 пайызды, АҚШ долларында — жылдық 4,4 пайызды құрады.

Ал Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының үлесi 13,80 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегi көрсеткiштен бiршама жоғары (01.02.2018 ж. — 10,11%). ҚР теңгеде номиналданған квазимемлекеттiк ұйымдардың облигациялары бойынша өтелуiне қарай орташа өлшемдiк табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 5,0 пайызды құрады.

Зейнетақы активтерiнiң портфелiнде ҚР екiншi деңгейдегi банктерi облигацияларының үлесi — 13,3%-ға пайызға жетiп, өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiшпен салыстырғанда (01.02.2018 ж. — 15,82%) төмендедi. ҚР екiншi деңгейдегi банктерiнiң теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтелуге қатысты орташа өлшемдi табыстылық жылдық 10,0 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсеттi.

Шет мемлекеттердiң шетел валютасында номиналданған мемлекеттiк құнды қағаздарына жасалған инвестициялар үлесi 12,81 пайызды құрап (01.02.2018 ж. — 12,61%), өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,7 пайызды көрсеттi.

Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының қай валютада номиналданғаны былайша келтiрiлген: зейнетақы активтерiнiң 67,61 пайызы ұлттық валютада, 31,97 пайызы АҚШ долларында, 0,42 пайызы өзге валюталарда инвестицияланған.

Зейнетақы активтерi портфелiнiң 72,7 пайызы — рейтингi «AAA»-дан «BBB» дейiн болатын қаржы құралдарына, 12,2 пайызы — рейтингi «BB+»-тен «B-»-қа дейiн болатын қаржы құралдарына орналастырылған.

БЖЗҚ-ның сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келедi.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бiрлiктi құрады. Оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен ашылған шоттар 9,9 млн бiрлiк (95 пайыз), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бiрлiк болды. 2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны 11 293 бiрлiктi құрады. Олардың iшiнде 9 409 шот автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртiбi 2019 жылдың 08 қаңтарында енгiзiлген.

2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы қоры тарапынан тұрғындарға 2,4 млн операция көлемiнде қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде электрондық қызметтердiң үлесi 86 пайызды құрады. Осы кезеңде азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша 58,7 мың өтiнiшi қаралды. Кәсiпорындар мен ұйымдарда 1955 көшпелi таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оларға 65,3 мың адам қатысты.

2019 жылдың алғашқы айында зейнетақы төлемдерi 31,53 млрд теңгенi, оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 23,64 млрд теңгенi, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 2,65 млрд теңгенi, ҚР шегiнен тысқары жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер 2,66 млрд теңгенi, мұрагерлiк бойынша төлемдер 1,89 млрд теңгенi құрады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келiп түстi.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды. Бiрыңғай жиынтық төлем өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметiн тiркеудi оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт мiндеттi төлемдi: мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды бiр төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкiндiгiне ие азаматтар барлық төлемдердi оңайлатылған тәртiпте төлеп, әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеушi қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтiлiне қарай мемлекеттiк базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үмiт арта алады..

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Жыл басынан берi фрилансерлер мен жеке кәсiпкерлердiң «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түстi

2019 жылдың қаңтар айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келiп түстi.

«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгiзiлген өзгерiстерге байланысты, мынадай өзгерiстер күшiне ендi:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын төлейтiн агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Бұл ретте жарналарды есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бiрақ мiндеттi емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзiнiң ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшiн ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына төлейдi. Әрi қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзiнiң осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететiн болады.

Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар әрi азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда мiндеттi зейнетақы жарналарын салық агентi болып табылатын жұмыс берушi ғана төлейдi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2017 11:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.06.2020 10:22

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Шілде 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚ

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+