Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Азаматарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын филиалының Тйынша ауданы бойынша бөлiмi
Мекен-жайы: Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 208
Телефон/факс: +7 71536 2-36-89
Е-mail: sko.con_ecp@mail.ru

Бөлiмнiң құрылымы

Кахабаев Мұрат МұхамбетқалиұлыБөлiм жетекшiсi — Кахабаев Мурат Мухамбеткалиевич, 28 қазан 1968 жылы туған, бiлiмi жоғары, 2001 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Көкшетау экономика және менеджмент институтын бiтiрдi, 2007 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша «ФИМИДА» заң академиясының Карағанды филиалын бiтiрдi.

06.1988-06.1991 — Совет Әскерiнде қызмет еттi; 12.1991-05.1995 — Красноармейск аудандақ қаржы бөлiмi, бюджет бойынша экономистi; 05.1995-06.1998 — Салық полиция органы — бөлiм бастығы; 07.1998-12.2008 — Салық комитетi — бөлiм бастығы; 2008 жылдың желтоқсанынан бастап бүгiнгi күнге дейiн — Cолтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын филиалының Тйынша ауданы бойынша бөлiмiнiң жетекшiсi.

Қызметтiк мiндеттерi: Жжетекшiлiк ету бағыттарының қызметiн ұйымдастыру, ережемен және лауазымдық нұсқаулықпен ұсынылған құзыры аясында жалпы басшылық. Филиалдың нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-өкiмдiк құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету. Олардың орындалуын және сақталуына бақылауды ұйымдастыру№ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнама талаптарының орындалуын ұйымдастыру. Барлық толық жауапкершiлiктi жүргiзiп, Заңнамаға сәйкес бөлiмнiң өндiрiстiк қызметiн басқарады. Қабылданатын шешiмдер нәтижелерiне, бөлiмнiң мүлкiн тиiстi қолдану жағдайына жауапкершiлiктi жүргiзедi. Бөлiм жетекшiсiнiң мiндеттерiн орындаған кезде сыбайлас жемқорлық құқық заңбұзушылықтарының жасалуына жол беретiн жағдайларды жою бойынша шара қолданады. Еңбек және өндiрiстiк тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етедi, еңбек уәждемесiнiң, Қызметкерлердiң бастамашылдығы мен белсендiлiгiнiң дамуына әсер етедi, еңбек тәртiбiне және қызметкерлердiң қызметiне, бөлiм бойынша тиiстi жұмысына, кеңес беруiне, дайын құжаттарды уақытында тапсыруға бақылауды жүзеге асырады, операциялық залдың жұмысына бақылауды жүзеге асырады.

Азаматтарға арналған үкімет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Азаматтарға арналған үкімет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Елімізде халыққа қызмет көрсететін орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегі халықтың өсуі жедел шаралардың қабылдануын талап етеді. Жарты жылдың өзінде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн. қызмет көрсетілген. Тамыз айының соңына дейін біз астанамыз бен Алматыда қосымша бір-бір халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бір айлық үзілістен кейін қайтадан өз қызметін жандандырды», – делінген әлеуметтік желідегі жазбада.

Оған қоса, еліміздегі мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бір-бір орталық іске қосылады. Әсемгүл Серікқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көліктерін сатып, жаңасын алып, тіркеу рәсімдерін де сонда жасатады. Жарты жыл ішінде Қазақстанда көлік секторы бойынша көрсетілген қызмет саны 1,5 млн. жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесілі», – деп атап өткен Ә. Балташева өз парақшасында.

Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО іске қосылады делінген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгінде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс істейді, көрсетілетін қызмет түрлеріне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көші-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жіктеледі. Жыл басынан бері алты ай ішінде онда қазақстандықтарға 15 млн. қызмет көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезінде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшін жаңа ХҚО-ларды, әсіресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын.

Баспасөз хабарламасы
«Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы

2019 жылғы 02 тамыз Петропавл қ.

Бүгiн «Семейный» сауда-ойын сауық орталығында Телеграм-бот және mgov қосымшасын түсiндiрiп тарату бойынша «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы өттi.

Акция барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы СҚО бойынша филиалының қызметкерлерi халыққа Telegram-дағы @EgovKzBot сервисi арқылы өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi алуға, «электрондық үкiмет» веб-порталын қолдану дағдыларын үйретiп, мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Бүгiнде Telegram қосымшасындағы @EgovKzBot арқылы 25 қызмет қолжетiмдi. Бұл мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, психо және наркодиспансерден анықтамаларды алу, сондай-ақ кезектi онлайн брондау, дәрiгердi үйге шақыру сияқты т.б. сервистерi қолжетiмдi. MGov.kz мобильдi қосымшасы арқылы бiлiм, отбасы, жылыжымайтын мүлiк, денсаулық сақтау салалары бойынша және т.б. 77 мемлекеттiк қызмет түрiн алуға болады.

Электрондық қызмет түрлерiнiң саны өскен сайын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы СҚО бойынша филиалы азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi онлайн алуға үйретiп қана қоймай, сондай-ақ цифрлық сауаттылықтарын арттыру бойынша iс-шараларын өтiкiзiп отырады. Осы мақсатта филиал қызметкерлерi әртүрлi акиялар өтiкiп, азаматтарды үйрету жұмыстарын жүргiзiп, ЖОО-ға, сауда ойын-сауық орталықтарына және басқа да ұйымдарға шығып отырады.

Бұған қоса, 2018 жылы Петропавл қаласында цифрлық қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Цифлық ХҚО-да азаматтар мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып қана қоймай, арнайы жабдықталған оқу сыныбында цифрлық сауаттылықтарын арттыра алады.

Айта кетейiк, «Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы облыстың барлық аудан орталықтарында өтетiн болады.

Анықтама: Соңғы екi айдың iшiнде СҚО бойынша 1664 адам Телеграм-ботта тiркелген.

«Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы

«Қалтаңыздағы ХҚО» акциясы

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi
55-10-54

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезекті болдырмаудың баламасы бар

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезекті болдырмаудың баламасы бар

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектiң нелiктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегi ресми парақшасында жазды.

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, фронт-офистердегi қызмет көрсету сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы үнемi ескерiлiп отырады, корпорацияның әлеуметтiк желiлердегi ресми аккаунттарына келiп түсетiн өтiнiштер де бейжай қалмайды. Соңғы уақытта ХҚО-ларда үкен кезектiң туындауы да азаматтарды мазалайтын көрiнедi. «Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың қарасы екi есе өседi. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезектi демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тiркеуге тұрып, көлiктерiн сатып, жаңасын алуымен байланысты», — дейдi Ә. Балташева.

Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушiлердiң күрт өсуi мемлекетiмiздiң әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем берiп, олар үшiн әлеуметтiк бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсендi жүргiзуiмен де байланысты деп атап өттi басқарма төрайымы. Себебi жеңiлдiктердi қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшiн бiрқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшiн де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.

Сондай-ақ басқарма төрайымы елiмiздiң барлық мамандандырылған ХҚО-ларында туындаған кезек мәселесiне де тоқталып өттi. Оның айтуынша, ҚР IIМ-нiң енгiзген жаңашылдықтары 1 шiлдеден бастап көлiк иелерiн әбiгерге түсiрiп, қызметтердiң дер кезiнде көрсетiлуiне кедергi келтiрдi. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiндегi ақау кезектiң туындауына алып келген. «Өз тарапымыздан бұл мәселенi шешу үшiн бiрқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейiн жұмыс iстеп, құжатты қабылдаушы мамандардың санын арттырдық, сондай-ақ автоХҚО-дан қала бағытына жүретiн тегiн автобустар ұйымдастырдық. Бүгiнде ондағы қызмет қалыпқа түсiп, жұмыс барысы реттелдi» — делiнген басқарма төрайымының фейсбуктегi ресми парақшасында.

Әсемгүл Серiкқызы бұл ретте мемлекеттiк қызметтердiң 71 пайызының электрондық форматқа өткенiн тiлге тиек етiп, азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды. Ол керектi анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенiмiн бiлдiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Мамандандырылған ХҚО-да сусындар тарату мен қалаға тегiн жеткiзу ұйымдастырылды

ҚР IIМ ақпараттық базасында туындаған техникалық ахауға байланысты елiмiздiң мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында көлiк иелерiне дер кезiнде қызмет көрсетiлмедi, салдарынан үлкен кезектер пайда болып, халық наразылығы туындады. Орын алған жағдайды шешу мақсатында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрқатар шара қабылдады.

Мәселен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы ХҚО-да көлiк иелерiнiң құжаттарын қабылдайтын қосымша мамандар тартылды. Бұдан бөлек өзiне-өзi қызмет көрсету — «Connection Point» аймағында қызметтердiң онлайн түрде рәсiмделуiне көмектесетiн кеңесшi-мамандар саны көбейтiлдi, оларды «egov» деген жазуы бар айырықша формасынан танып-бiлуге болады. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы мамандандырылған ХҚО-ға келiп көлiктерiн қайта тiркеуге қойғандар құжаттарын күтiп, уақыттарын жоғалтпас үшiн қала бағытында жүретiн арнайы автобустар ұйымдастырылған. Ал құжаттар дайын болған соң, қызмет алушылар мiндеттi түрде ұялы телефондары арқылы хабардар етiледi. Бүгiнде мамандандырылған ХҚО келушiлерi үшiн тегiн сусындар беру орны да қарастырылған.

Айта кетейiк, 1-2 шiлде күндерi елiмiздiң мамандандырылған ХҚО-лары арқылы 9 мың құжат рәсiмделiп берiлген.

Мамандандырылған ХҚО-да сусындар тарату мен қалаға тегiн жеткiзу ұйымдастырылды

Мамандандырылған ХҚО-да сусындар тарату мен қалаға тегiн жеткiзу ұйымдастырылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Ақпараттық хабарлама
Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.

ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап мәліметтердің алмасуын қамтамасыз ететін жаңа веб-модулді іске қосуына байланысты, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушілердің өтініштері дер кезінде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.

Бұл ретте мемлекеттік корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезекті тарату үшін қосымша қызметкерлерді тартып, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеді. Халық ыңғайлығы үшін egov.kz порталы арқылы қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші мамандар жұмылдырылды.

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесілі.

Ақпараттық хабарлама Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

ХҚО қызметкерлері енді азаматтарды мекенжай тіркеуіне қоя алады

ХҚО қызметкерлері енді азаматтарды мекенжай тіркеуіне қоя алады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсiздiк даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлiмiнде ендi азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша тiркеуiн миграция қызметкерлерiмен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерi де жүргiзе алады.

Пилоттық жоба шеңберiнде 17 маусымнан бастап елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан ең iрi халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қызмет алушыларға мекенжай бойынша тiркеуге тұру және тiркеуден шығу мемлекеттiк қызметтерiн көрсете бастады. Бұл қызметтiң жүргiзiлуiне тiкелей жауап беретiн ҚР IIМ миграциялық қызметi ХҚО мамандарына «Құжаттау және халықты тiркеу» ақпараттық жүйесiн қолдануға рұқсат берiп, арнайы оқыту шараларын өткiздi.

Пилоттық жоба iске қосылған он күн iшiнде аталған ХҚО-да тұрғылықты жер бойынша тiркеуге тұру қызметiн алушылардың кезегi 100-150-ден 2-7 адамға дейiн қысқарған.

Айта кетейiк, халыққа қызмет көрсету орталықтарында«құжаттау» (жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсiмдеу, тұрғылықты жер бойынша тiркеуге қою/алу) қызметтерiн миграциялық полицияның 1-3 маманы көрсетедi. Елордадағы №4 ХҚО бөлiмiнде орналастырылған миграциялық қызметтiң 3 маманына ХҚО-ның тағы 3 операторы жүктеменi азайтуға көмектеседi, сондай-ақ қызмет алушылар саны тым көбейген шақта тағы 2 ХҚО қызметкерi жұмылдырылады.

Болашақта бұл пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының барлық Халыққа қызмет көрсету орталығын қамтиды деп жоспарланған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Заңды тұлғаларды тiркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тiркеу функциясы өттi. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшiн ҚР Әдiлет министрлiгiне жiберiлетiн. Бұл туралы facebook-тегi ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi.

«Ендi бiз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттiк тiркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметтi атқару үшiн әдiлет министрлiгiнiң аймақтық бөлiмшелерiнен 98 қызметкер бiзге ауысты, оған қоса бiз 197 қызметкерiмiздi оқытудан өткiздiк» делiнген хабарламада.

Жаңа енген өзгерiстерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлiк қоғамдарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттiк қайта тiркеу, тарату, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк (қайта тiркеу) тiркеу қызметтерi, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi жүргiзедi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар қызметiне өзгерiстер ендi. 1 шiлдеден бастап ондағы IIМ қызметкерлерiн Азаматтарға арналған үкiметтiң мамандары алмастырады. Көлiктi тiркеуге қою/алу, жүргiзушi куәлiгiне өтiнiштердi корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргiзiлетiн емтихандарды да автоЦОН қызметкерлерi өткiзедi. Өз кезегiнде, барлық қабылданған өтiнiштер IIМ-нiң арнайы құрылған бэк-офистерiне өңдеу үшiн онлайн түрде жiберiлiп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетiн тиып, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы әрi жылдам көрсетiлуiне әсер етуi тиiс.

«Бұл ауқымды өзгерiстер мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне оң ықпал етуi тиiс. Корпорациямыздың құзырына өткен мiндеттердiң өсуi — бiзге деген сенiмнiң артқаны деп бiлемiн», — деп атап өттi өз парақшасында Әсемгүл Балташева.

Заңды тұлғаларды тiркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Заңды тұлғаларды тiркеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» жүргiзетiн болады

Заңды тұлғаларды тiркеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» жүргiзетiн болады

«Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тиiстi Заң ағымдағы жылдың 2 сәуiрiнде қабылданған болатын.

Заңға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялар ҚР Әдiлет министрлiгiнiң қарамағынан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына 1 шiлдеден бастап берiледi.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тiркеу тiркеушi органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкiмет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады.

Тiркеу iс-әрекетiнiң қалған түрлерi, атап айтқанда акционерлiк қоғамдарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттiк қайта тiркеу, тарату, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк (қайта тiркеу) тiркеу қызметтерi құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi туралықұқықтық сараптама жүргiзудi талап етедi.

Сондықтан«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының заңгерлiк бiлiмi бар қызметкерлерi арнайы оқытудан өттi. Қызмет iске қосылғаннан бастап заңды тұлғаларды тiркеумен барлығы 295 адам айналысады, олардың 95-i қалалық филиалдардың, 166-сы аудандық бөлiмдердiң және 34-i филиал бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрiретiн болады.

Айта кету керек, функцияларды мемлекеттiк корпорацияның құзырына беру республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕ АҚ баспасөз қызметi

Цифрлы Қазақстан — цифрлы қазақстандықтар

Цифрлы Қазақстан — цифрлы қазақстандықтар

«Азаматтарға арналған үкiмет» екi мыңнан аса әкiмдiк қызметкерлерiн egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану дағдыларына үйреттi. Олардың барлығы қысқа мерзiмдi курстан өткендiгi туралы сертификаттар мен жаттықтырушы атағын алды. Тыңдаушылар одан әрi аудан әкiмдiктерiнiң қызметкерлерiн, өз қалалары мен облыстарының тұрғындарын тегiн оқытады деп жоспарлануда, осылайша цифрлық сауаттылық сабақтарымен жарты миллион адам қамтылмақ.

Электрондық үкiмет пен е-мемлекеттiк қызметтердi пайдалануды оқыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының адами капиталды дамыту жобасы шеңберiнде жүргiзiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның тiкелей қатысуымен азаматтарды цифрлық сауаттылыққа оқыту мақсатында«Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» тақырыбында арнайы оқу бағдарламасы әзiрлендi.

«Бiз ақпараттық технологиялар ғасырында өмiр сүрiп жатырмыз. Сондықтан, уақыт өте келе, электрондық қызметтердi алудың жаңа тәсiлдерiн игеру маңызды. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация өзiнiң кең инфрақұрылымы арқасында азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше алудың маңыздылығын жеткiзiп қана қоймай, оларды пайдаланудың оңай жолдарын үйретiп, қызметтердiң барлығына бiрдей қол жетiмдiлiгiн көрнекi түрде көрсетiп келедi. Және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бередi», — дедi Балташева.

Оқыту барысында жаттықтырушыларғамемлекеттiк қызметтердi алудан басқа базалық цифрлық дағдылар, электрондық сауда, ақпараттық қауiпсiздiк негiздерiне үйретiп, «Ашық үкiметтiң» пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар, қысқа мерзiмдi курстарда кемiнде жарты миллион қазақстандық цифрлық дағдыларын жоғарылатпақ.

Айта кету керек, 2018 жылы мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң үш мыңнан асақызметкерiн оқытып, ал олар өз кезегiнде 600 мыңнан аса адамды цифрлық дағдыларға үйреткен болатын.

Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiнде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы электрондық қызмет көрсету орталықтарында (цифрлық ХҚКО) тақырыптық сабақтар өтетiн оқыту сыныптарыжұмыс жасайды. Мұнда бiлiмiн жетiлдiрген азаматтарға электрондық сертификаттар табысталады. Үстiмiздегi жылдың 5 айында цифрлық ХҚКО-ларда барлығы 167 мыңнан аса сертификат берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

1 шiлдеден бастап жәрдемақы көлемi өседi

1 шiлдеден бастап жәрдемақы көлемi өседi

2019 жылғы 1 шiлдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезiнен I топтағы мүгедекке күтiм көрсететiндерге берiлетiн жәрдемақы көлемi өседi.

«Нұр-Отан» партиясының XVIII съезiнде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берiлетiн жәрдемақы көлемi 30% өсуi тиiс.

Бүгiнде мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар күн көрiс көлемiнiң 1,05 мөлшерiнде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шiлдеден бастап оның көлемi 10 395 теңгеге өсiп, 41 578 теңгенi құрайтын болады. Айта кетейiк, елiмiзде аталған екi жәрдемақы түрi 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы бала кезiнен I топтағы мүгедектерге күтiм көрсететiндер.

Жылдың ортасынан бастап көлемi өсiрiлетiн жәрдемақының қайта есептелуiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерi мен Еңбек комитетiнiң аймақтық департаменттерi автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшiн жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.

Жәрдемақы төлемдерiн тағайындау шiлденiң және келесi әрбiр айдың 1-нен 15-не дейiн жұмыс күндерi жүргiзiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
баспасөз қызметi

Енді жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен мекенжай тіркеуіне қоюға болады

Енді жаңа туған сәбиді проактив тәсілмен мекенжай тіркеуіне қоюға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсiлмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне мекенжай бойынша тiркелу қызметiн қосты. Бұл қызмет мемлекеттiк корпорацияның бастамасымен ҚР IIМ мен Әдiлет министрлiктерi базаларының интеграциялануы нәтижесiнде жүзеге асып отыр.

Ендi жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегiне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарламамен бiрге жаңа туған сәбидi мекенжай тiркеуiне қоюға мүмкiндiк беретiн хабарлама қоса жолданады.

«Проактив тәсiлi азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiк бередi. Жаңа технологиялар ендi ғана сәбилi болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседi. Керегi — телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидiң ата-анасының бiрiне екi апта iшiнде мекенжай тiркеуiне тұру жөнiнде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берiлген жағдайда баспана иесi өз мекенжайының тiркеу кодын енгiзуi тиiс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесiнiң ЖСН-i қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсiлмен жолданатын смс-тердi алу үшiн баланың ата-анасының бiрi мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек.

Айта кетейiк, 1,5 жыл бұрын iске қосылған проактив тәсiлiмен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты берiлiп, 13 мың бөбек балабақша кезегiне тұрғызылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
баспасөз қызметi

Жетім қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу» мемлекеттiк қызметi бойынша 402 қызмет көрсетiлдi.

Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу — жетiм және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүлiктiк құқықтардың болуымен өзгешеленетiн бала алу формасы. Елiмiздiң заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетiм не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.

Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiнiң бiрiне келесi құжаттарды тапсыруы тиiс:

  • Өтiнiш пен жеке басын куәландыратын құжат;
  • Некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) табысы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйдi пайдалану құқығын растайтын құжаттарының көшiрмесi (тұрғын үйге меншiк құқығы болмаған жағдайда);
  • Баланың ата-анасыз қалғанын растайтын құжаттары;
  • Қамқорлықа алынатын баланың келiсiмi (10 жасқа толған болса).

Айта кетейiк, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтiн азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.

Соңғы жылдары жетiм не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткiшiнiң оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 1069 мемлекеттiк қызмет көрсетiлсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 1600 қызмет рәсiмделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жылжымайтын мүлiк нысандарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары жыл басынан берi 102 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортын, оның көшiрмесiн беру қызметтерi бар.

Жылжымайтын мүлiк санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлi мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшiн мамандар жылжымайтын мүлiктiң өлшемдерiн өлшеп, ғимараттардың әрбiр қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескерiлiп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлiмет топтастырылып, техникалық паспортқа енгiзiледi.

Бүгiнде техникалық паспортты алу үшiн өтiнiмдi egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берiп, өлшеу жүргiзетiн техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшiн келесi құжаттар тiзiмi қажет: жеке куәлiк, жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатымен қоса нысанның құқық белгiлейтiн құжаты және қызмет үшiн төлемнiң жүргiзiлгенi жөнiндегi түбiртек. Жыл басынан берi төрт ай iшiнде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берiлдi.

Жылжымайтын мүлiк нысанының техникалық паспортын әзiрлеу уақыты мүлiк түрiне қарай әр түрлi мерзiмдi құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күнi аралығында берiледi. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жетi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi. Ал ауданы 1000 м2 дейiнгi нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлiк техпаспорты жиырма жұмыс күнi аралығында дайын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ

Жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсетті

Жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсетті

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетілді

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетілді

Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi қолжетiмдi еткен @egovkzbot қызметiне бiр жыл толды. Осы мерзiм аралығында аталмыш бот көмегiмен 534 мың қызмет көрсетiлдi.

Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлi мемлекеттiк қызмет пен сервистердi алуға мүмкiндiк бередi. Жиi сұралатын анықтамалардың iшiнде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердiң анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйiнде тiркелгендердiң тiзiмiн қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрiгердiң қабылдауына жазылып, борышкерлер тiзiмiнде бар-жоғын тексерiп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.

Egovkzbot-ты қолдану үшiн азаматтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс. Бұл үшiн кез келген ХҚО-ға жүгiнуге болады. Айта кетейiк, бiр жыл iшiнде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердiң саны 320 мыңнан асты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн. аса азаматты мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Осылайша аталмыш базаға тiркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.

Мобильдi азаматтар базасына тiркеу ерiктi түрде жүргiзiледi, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефон нөмiрi байланыстырылып, базаға енгiзiледi. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәлiметтерi бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бiрнеше мемлекеттiк қызмет пен сервистi онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тiркелгендер egov.kz порталының құпиясөзiн ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бiрретiк құпиясөзге сұрау жiбере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлi қызметiн қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивтi қызмет аясында, бала туылған шақта жiберiлген смске жауап беру арқылы туу куәлiгi мен жәрдемақының тағайындалуына өтiнiш берiп, бөбектi балабақша кезегiне қоя алады. Сонымен қатар базаға тiркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегiмен 25 қызметтi емiн-еркiн қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердiң есебiнде тұрмау туралы, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты бiрқатар анықтаманы алып, дәрiгер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегiн онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкiндiк бередi. Аталмыш бот 2018 жылы iске қосылды. Осы уақытқа дейiн оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгердi.

Қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасының тiзiмiнде тiркелген/тiркелмегенiн egov.kz порталы арқылы тексере алады.     

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Кезектi еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристiк сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тiзiлiмiнде бар/жоғын тексергенi абзал.

Мұны азаматтар бiрнеше тәсiл арқылы тексере алады. Солардың бiрi — Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметiн таңдағаннан кейiн пайдаланушы «Борышкерлер тiзiлiмi және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисiне өтiп, жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзуi қажет. Борышкерлер тiзiлiмiнде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берiлген ЖСН бойынша ешқандай деректердiң табылмағаны жөнiнде хабарлама жiбередi. Бот арқылы сапарға бiрге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегiн тексеруге болады. Керектi ақпарат сұрау жiберiлгеннен кейiн бiрден көрсетiледi.

Айта кетейiк, бiр жыл бұрын iске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгердi. Бот қызметiн пайдалану үшiн қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi шарт. Бүгiнде ол базаға 6,8 млн. адам өз мәлiметтерiн енгiзген.

Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелерi egov.kz порталындағы жеке кабинетi арқылы айыппұлдардың барын тексерiп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.

Естерiңiзге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгiнуге дейiн апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектерi барларға қойылуы мүмкiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн келетiн азаматтардың саны күрт өскенiн хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргiзушi куәлiктерiн (ЖК) мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкiмет порталы арқылы ауыстыра алатынын естерiңiзге саламыз. Бұл әдiс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлiгiнен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкiндiк бередi.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн алу оңай әрi жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кiрiп, электрондық өтiнiштi толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.

Бөлiмге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтiнiш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чектi ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргiзушi куәлiгiнiң баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгенi құрайды.

Егер ЖК мерзiмi өтiп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн тәртiпте ауыстыру қызметiн биыл жыл басынан берi 1097 солтүстiкқазақстандық пайдаланған.

Ақпараттық хабарлама

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 3 жылдық жұмысын қорытындылады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 3 жылдық жұмысын қорытындылады

Бүгiн өңiрлiк коммуникация қызметiнде Мемлекеттiк корпорацияның үш жылдығына байланысты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы қорытынды брифингi өттi. Шара барысында филиал директоры Еркiн Қызырұлы және филиал директорының орынбасарлары Серiк Бейсенов пен Саулеш Дүйсенбина үш жылдық жұмыс қорытындылап, мемлекеттiк корпорация болып қалыптасуы туралы және Азаматтарға арналған үкiметтiң бiрыңғай, бiртұтас құрылымға айналуы туралы айтып бердi.

Филиал директоры Еркiн Жұмабайдың айтуынша, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация 621 қызмет көрсетедi, бұл Қазақстанның тiзiлiмiндегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 83%-ын құрайды. Электронды форматта 67% немесе 506 мемлекеттiк қызмет бар. Мемлекеттiк корпорация құрылғаннан берi Солтүстiк Қазақстан филиалы облыс тұрғындарына 3,2 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтердi ұсынды, оның iшiнде 1 миллион 74 мыңға жуық мемлекеттiк қызмет солтүстiкқазақстандықтар өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы алды. Соңғы үш жылда 462 мыңнан астам электронды қолтаңбалар шығарылды, бұл азаматтар өзiн өзi қызмет көрсету секторы немесе электрондық үкiмет порталы арқылы қажеттi құжаттарды өз бетiнше рәсiмдей алатындығын көрсетедi. Жер кадастры мен жылжымайтын мүлiктi тiркеу департаментiнiң «Азаматтарға арналған үкiметке» қосылғаннан кейiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну процесi оңтайландырылды — талап етiлетiн құжаттар саны және қызмет көрсету шарттары қысқартылды.

Филиалдың әлеуметтiк бөлiмшесiнiң негiзгi функциясы зейнетақы мен жәрдемақыларды уақтылы төлеу, сондай-ақ мемлекеттiк корпорацияның ХҚКО бөлiмшелерiнде, облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмшелерiнде, медициналық және әлеуметтiк сараптама бөлiмшелерiнде электрондық үкiмет порталы арқылы қабылданған электрондық iс қағаздарын уәкiлеттi органға өңдеу және жiберу болып табылады.

3 жыл iшiнде мемлекеттiк корпорация сандық инновацияларды iске қосты және енгiздi: босану бойынша мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың проактивтiк қағидаты, SMS-парольдi пайдалана отырып, ЭСҚ-сыз қызметтердi алу, порталдағы деректердi бұғаттау, электронды денсаулық парағы, автокөлiктi онлайн тiркеу және жүргiзушi куәлiктерiн ауыстыру мемлекеттiк қызметтер көрсетуде биометриялық сәйкестендiру, үшiншi тұлғалардың анықтамаларды алу және телеграм-бот, сондай-ақ басқа да көптеген жаңашылдықтар. Азаматтардың жұмысқа орналасу үшiн анықтамаларды алуға ХҚКО-ға баруына жол бермеу үшiн «Paper free» (азаматтардың келiсiмi бойынша үшiншi тұлғалардың анықтамаларын алу) сервисi iске қосылды.

Мемлекеттiк корпорация Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiнiң «Ұлт жоспары — 100 нақты қадам» бағдарламасының жүзiншi қадамын орындау үшiн құрылды және жеке және заңды тұлғаларға «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызмет көрсететiн бiрыңғай провайдер болып табылады. Құрылымға «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiредi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Солтүтсiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
Баспасөз қызметi
e-mail: pr_manager_sko@mail.ru

«Азаматтарға арналған үкiмет» өз қызметiнде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады

«Азаматтарға арналған үкімет» өз қызметінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданатын болады

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жер кадастры бойынша 37 қызмет түрiн көрсетедi. Оның iшiне жер аумағын, құрылымын, топырақ құрамын анықтау бойынша жұмыстар кiредi. Бұлардың қатарындағы төртеуi мемлекеттiк қызметтер. Атап айтқанда, жер учаскелерiнiң кадастр құнын анықтау, жер телiмiнiң сәйкестендiру құжаттарын әзiрлеу және беру, мемлекеттiк жер кадастрының мәлiметтерiн ұсыну және жобаланатын жер учаскесiн келiсу сияқты қызметтер мемлекеттiк корпорацияның облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы филиал қызметкерлерiмен атқарылады.

«Бүгiнде бiз бiрыңғай мемлекеттiк жылжымайтын мүлiк кадастры жобасын әзiрлеп жатырмыз. Ол бiрнеше ақпараттық база мәлiметтерiн бiрiктiрiп, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне ықпал етедi. Жер кадастры бойынша мәлiметтер неғұрлым дәл болу үшiн бiз ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алдық. Ол жердiң 1:10 000 рұқсаттағы цифрлық карталарын әзiрлеуге көмектеседi. Себебi қазiрде әуеден түсiрiлген бiрнеше сантиметрге дейiнгi нақты карталар жоқтың қасы», — деп атап өттi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов жерге орналастырушылардың кәсiби мерекесiне орай ұйымдастырылған салтанатты жиын барысында.

Бүгiнде жерге қатысты мәлiметтер базасы GPS, спутник навигаторы, қашықтан зондтау және геоақпараттық жүйелер сияқты цифрлық технологиялардың көмегiмен жасақталуда.

Мемлекеттiк корпорация ұшқышсыз ұшу аппаратының екi данасын қолданысқа енгiзiп, оларды басқара алатын мамандарды арнайы оқытады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары мен арнайы бағдарламалардың көмегiмен жердiң 2D, 3D модельдегi карталарын әзiрлеуге болады. Әуеден түсiрiлген суреттер цифрлық форматтағы топографиялық карта мәлiметтерiн жылдам жаңартып отыруға көмектеседi. Түсiрiлiм барысында жердiң географиялық координаттары бiрден ескерiлiп, жер бедерiнiң ерекшелiктерi нақты жазылады.

2018 жылы наурыз айының екiншi сенбiсi жерге орналастырушы, геодезия және картография мамандарының кәсiби мерекесi деп белгiленген. Биыл екiншi рет атап өтiлiп жатқан мереке қарсаңында мемлекеттiк корпорация төрағасы әрiптестерiн кәсiби мейрамымен құттықтап, еңбектерiне табыс тiледi. «Былтырғы жылы корпорациямыз мемлекет тапсырысы бойынша 7 млн. га. аумақта топырақ құрамын зерттеп, дәл сонша мөлшердегi аумақтың электронды картасын әзiрледi. 10 млн га жерге мониторинг жүргiздi. Елiмiз цифрлық технологияларға бетбұрған заманда жер кадастры сияқты саланың да электронды форматқа ауысуы заңды. Осы жұмысты сапалы атқаруға шақырамын. Қызметтерiңiз жемiстi болып, жетiстiктерге жете берулерiңiздi тiлеймiн», — дедi А. Оспанов.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы құрамында жер кадастры бағыты бойынша 2 мыңға жуық қызметкер жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ
АҚ СҚО бойынша баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
«Азаматтарға арналған үкiмет» Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100-шi қадамды орындады

«Азаматтарға арналған үкімет» Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100-ші қадамды орындады

22 ақпан 2019 ж. Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Елбасының 2015 жылы қабылдаған Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100-шi қадамды орындады. Оған сәйкес, Канада мен Австралияның үлгiсi бойынша мемлекеттiк қызметтердiң бiрыңғай провайдерiне айналатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру тапсырылған болатын. 2016 жылдың сәуiрiнде жұмысын бастаған корпорация халыққа қызмет көрсететiн барлық орталықтарды бiр жүйеге интеграциялап, мемлекеттiк қызметтердi бiр жерден алу мүмкiндiгiн жасады. Сондай-ақ ұлт жоспарында мемлекеттiк қызметтi сапа менеджментi ISO 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттаудан өту мiндетi қойылған болатын.

Бұл тапсырманы орындау мақсатында 2017-2018 жылдары сапа менеджментi жүйесiнiң халықаралық стандарт қағидаттарын енгiзу, қызметкерлердi оқыту жұмыстары жүргiзiлiп, корпорация қызметi бiрiздендiрiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, сапа менеджментiнiң халықаралық сертификатын алу — көрсетiлетiн қызмет деңгейi өскенiнiң дәлелi. «Бiздiң басты мiндетiмiз — қызмет алушының көңiлiнен шығып, бар сұранысын өтеу. Корпорациямызға жүгiнетiн кез келген азамат сапалы қызмет алуы тиiс. Бiз бұл бағыттағы жұмысты үнемi жетiлдiрiп отыратын боламыз», — дейдi корпорация төрағасы.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» ISO 9001:2015 халықаралық стандартының талаптарына сай келуiн тексеру мақсатында сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаттау аудитiн TUVThuringen Е.V. компанисы (Германия) жүргiздi.

Халықаралық стандарт талаптарына жауап беру — мемлекеттiк қызметтердi онлайн форматқа ауыстыруға қатысы бар бизнес-процестердi үнемi жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi. Бұл Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметiне жүгiнетiн халық санын азайтуға, корпоративтi және сервистiк мәдениет деңгейiн көтеруге, сондай-ақ корпорация қызметкерлерiнiң құзыреттiлiгiн дамытуға ықпал етедi.

Басқарма төрағасына ISO 9001:2015 сертификатын аудит жүргiзген TUVThringen Е.V. компаниясының атынан Роман Карякин («Интерсертифика-Тюф ЖШС директоры) табыс еттi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
Қалтаңыздағы ХҚО – Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

Қалтаңыздағы ХҚО – Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

21 ақпан Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгiнде азаматтарға электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды оқытатын цифрлық ХҚО елiмiздiң барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды үйрететiн аймақтар ашылып жатыр.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесiп, түрлi анықтамалар мен қызметтердi алу ретiн түсiндiрiп беруде.

Бүгiнде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетiмдi. Жүйе iске қосылған сегiз айдың iшiнде 140 мың адам оны қолданып үлгерiп, 160 мың рет түрлi анықтамаға өтiнiш берген. Мэссенджер қолданушылары 60 мың рет мекенжай, 20 мың рет соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан. Өз кезгiнде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттiк қызметтi онлайн тәртiпте алуға болады. Смартфон иелерi бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн. рет жүктеп, 3,6 млн. қызмет алған.

«Онлайн болу — заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтердi жылдам алуға көмектеседi. Көрсетiлетiн электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттiк корпорация халық арасында қызметтердi онлайн алуды үйрететiн шаралар өткiзiп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу мiндеттi. Оны ХҚО қызметкерлерi жүзеге асырады. Тәртiп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгiзiлуi тиiс», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, осы уақытқа дейiн электронды үкiмет порталын өз бетiнше пайдалану дағдыларын 8 миллион қазақстандық игерген. Оған қоса, мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң 3,5 қызметкерiне egov.kz порталын пайдалануды үйретiп, олар өзге 686 мың азаматты оқытқан.

Бұдан бөлек, мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi апта сайын емхана, әскери бөлiм, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретiн үйретiп отырады.

Анықтама: Бүгiнде реестрдегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қолжетiмдi. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетiлетiн қызмет саны өсiп отырады, 2020 жылы оның үлесi 90% құрауы тиiс. Айта кетейiк, бүгiнде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейi 77% жеттi. 2022 жылға қарай оны 83% дейiн арттыру көзделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет «Өмiр қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

Азаматтарға арналған үкімет «Өмір қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының 50-ге жуық қызметкерi «Өмiр қолын соз!» акциясына қатысып, облыстық қан орталығының қан қорын толықтырды.

Осы күнi барлық адамдар қан берiп қоймай, сонымен қатар оның талдауларын жүргiзе алды, жағдайын тексердi. Қаң тапсыру процедурасы мүлде ауыртпалықсыз және сонымен бiрге денсаулыққа өте пайдалы. Ересек адам денсаулығы үшiн қанның мезгiлдi жаңартылуын қажет етедi.

«Қанымызды тапсыра отыра, бiз қиын жағдайларға тап болған адамдарға көмек қолын созуға тырысамыз. Адамдардың жандарына араша түсiп, денсаулықтарының жақсаруына көмектесе алатынымызға қуаныштымыз. Осындай iс-шараларға қатысу арқылы өзгелерге үлгi болсақ деген ниеттемiз», – дейдi «Азаматтараға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыны Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Әр донордың қан тобына алдын ала зертханалық талдау жасалды және бұрын ауырған ауруларына қатысты дәрiгер қабылдауы жүргiзiлдi. Медициналық тексерiстен сәттi өткен әр қызметкерден 450 мл. көлемiнде қан алынды.

Адам өмiрiн аман алып қалуға көмектесетiн игi шараны корпорацияның өзге филиалдары да қолдап, донор күнiн өткiзiп жатыр.

Азаматтарға арналған үкімет «Өмір қолын соз!» атты қайырымдылық акциясына қатысты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Мемлекеттiк корпорациясы
Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша филиалының баспасөз қызметi

Шетелге шығуға тыйым салуды және әкiмшiлiк айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

07.02.2019

Шетелге шығуға тыйым салуды және әкiмшiлiк айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Telegram — @EgovKzBot мессенджерiнде 4 қызмет пен сервистiң iске қосылғанын хабарлайды.

Ендi боттың көмегiмен азаматтар:

  • бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келiп түсуi мен қозғалысы туралы ақпаратты;
  • бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстi ескере отырып) жай-күйi туралы ақпаратты;
  • шетелге шығу шектелген борышкерлер тiзiлiмi және атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкерлер тiзiлiмi бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексере;
  • тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлiмет ала алады.

Онлайн режимiнде ақпарат алу механизмi өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейдi.

Азаматтарға өз гаджетiнде Telegram мессенджерiнде қызметтер мен сервистердi пайдалану үшiн «Мобильдi азаматтар базасында» тiркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетiнде өз телефон нөмiрiн байлау қажет eGov.kz ескерту. Бұдан әрi бот-та iске қосуды жүзеге асыру (iздеу жолына @EgovKzBot деп енгiзу). Алдын ала анықталған командаларды жiберу арқылы қажеттi қызметтер мен сервистi таңдау, қажеттi деректердi енгiзу және мобильдi нөмiрге жiберiлген бiр реттiк паролдi енгiзу арқылы қызметтер мен сервистi алуды растау.

Бүгiнгi күнi Telegram-бот арқылы қолжетiмдi қызметтер мен сервистер саны 24 автоматтандырылған мемлекеттiк қызметке жеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн жоғарыда көрсетiлген қызметтер мен сервистердi алу мүмкiндiгi электрондық үкiмет порталында ұсынылған болатын eGov.kz ескерту.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
55-10-54

Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

Электрондық үкімет негіздері мектепте үйретіледі

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бастамасымен информатика пәнi бағдарламасына «электрондық үкiмет порталы» бөлiмдерi енгiзiледi. Мемлекеттiк корпорацияның бұл ұсынысын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi қолдап, тиiстi бұйрыққа Ерлан Сағадиев қол қойды. Осылайша, 11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасына қажеттi өзгерiстер ендiрiледi.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына сәйкес, орта, техникалық және жоғары кәсiби бiлiм беру ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру қажет. Балалар мектеп жасынан-ақ цифрлық технологиялардың тiлiн түсiнiп, түрлi электрондық жүйенi қолдануды үйренуi тиiс. Осы орайда, 11-сынып оқушылары ақпараттық технологиялар мен ондағы қауiпсiздiк сабақтары аясында электронды үкiмет порталының жұмыс iстеу алгоритiмiн бiлiп, электрондық құжаттар, цифрлық қолтаңба сияқты терминдермен танысып, мемлекеттiк қызметтердi электрондық форматта алу үрдiсiн үйрене алады.

«Орта есеппен жыл сайын мектептi 140 мың оқушы тәмамдайды десек, мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ алуды бiлетiн «цифрлық» ұрпақ саны жыл өте көбейiп отырады. Оның үстiне, ол балалар ата-аналарына, ата-әжелерiне электронды үкiмет порталын қолдануға көмектесе алады. Бұл халық арасында цифрлық сауаттылық көрсеткiшiнiң артуына, сөзсiз, әсер етедi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, бүгiнде елiмiздiң 16 өңiрiнде ашылған Цифрлық ХҚО арқылы тегiн «Цифрлық сауат ашу» курстарына қатысып, электрондық үкiмет порталымен жұмыс iстеу дағдыларын үйренуге болады. Осы күнге дейiн 5 мыңнан астам адам аталмыш курстардан өтiп, тиiстi сертификаттар алған. Оған қоса, 2018 жылы мемлекеттiк корпорацияның ұйымдастыруымен «Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» курсынан жергiлiктi атқарушы органдардың 3500 өкiлi өттi. Олар, өз кезегiнде, жаттықтырушы мәртебесiн алып, алған бiлiмдерiн 686 мың азаматқа үйреттi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк сала бойынша кеңес беретiн 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалу арқылы мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегiн брондай алады.

Мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретiн онлайн қолдау қызметiн құру жөнiндегi әрiптестiк келiсiм ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетiнiң арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметi құрылғалы берi барлық аймақтан 2,4 мың өтiнiш келiп түскен. Қоңыраулардың денi Алматы, Атырау және Түркiстан облыстарына тиесiлi.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгiлеп, кезекке тұрады. Медицина университетiнiң мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшiн белгiленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналарына психологиялық көмектi медицина университетiнiң психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсiби мамандары бередi.

Психологтардың қызметiне жүгiну — балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметiн төлей алмайтын және кәсiби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдiмекендерде тұратын ата-аналар үшiн жақсы мүмкiндiк.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылы елiмiздегi мемлекеттiк қызмет көрсетiп жатқан 152 фронт-офис қызметiн трансформацияламақ.

Бүгiнде республика бойынша халыққа қызмет көрсетушi 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтердi пайдалану деңгейiн арттыру мақсатында мемлекеттiк корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.

«60/40 қағидаты фронт-офистегi жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететiн операторларға тиесiлi екенiн, ал азаматтардың қызметтердi өз бетiнше алу аймағы — Connection point пен қоғамдық қолжетiмдi пункттердiң үлесi 60% жететiнiн меңзейдi. Осылайша, бiз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керектi құжаттарды өздiгiнен алуын қамтамасыз етпекпiз», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Аталған қағидат бойынша елiмiзде бүгiнде 174 фронт-офис қызмет етедi. Нәтижесiнде азаматтардың 2018 жылы өз бетiнше алған қызметтерiнiң саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн. артып, 12 млн. құрады. Бұл көрсеткiштiң өсуiне электрондық үкiмет порталында жұмыс iстеу және электрондық қызметтердi пайдалану дағдыларына 8 млн. астам азаматтың үйретiлуi де әсер еткен.

Айта кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн. қызмет көрсетiлдi, оның 16 млн. электрондық форматта.

Анықтама: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы мемлекеттiк қызметтер реестрiнде қамтылған 741 қызметтiң 598-i қолжетiмдi. Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлуiн 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның iшiнде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркiстан облысында), 70 мобильдiк ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлiмшесi қамтамасыз етедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Биометрия жобасы шеңберінде 1,5 мың адам өз деректерін қалдырды

Биометрия жобасы шеңберінде 1,5 мың адам өз деректерін қалдырды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2018 жылғы 12 желтоқсанда биометрия жобасын iске қосты. Бiр ай iшiнде деректер базасына тiркелiп, мәлiметтерiн қалдырған азаматтардың саны 1473-ке жеттi.

Үкiмет үйiнде өткен брифинг барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов: «Бүгiнде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы белсендi жүргiзiлуде. Бұл ретте, бiз мемлекеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдету үшiн қызмет алушылардың жеке басын растаудың жаңа механизмiн iске қостық. Биометрия — жеке мәлiметтердiң ақпараттық қауiпсiздiгiн күшейтуге көмектесетiн құрал», — деп атап өттi.

Биометрия жобасы шеңберiнде мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысында азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаты не электрондық цифрлық қолтаңбасы қажет емес. Бұл үшiн бет-бейне скан көшiрмесi немесе саусақ iздерiнiң болуы жеткiлiктi. Бұл деректердi азаматтар Астана қаласының 3 және Алматы қаласының 1 халыққа қызмет көрсету орталығында қалдырып, мәлiметтер базасына енгiзе алады.

Мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, биометрия өз бетiнше алынатын қызметтер санының артуына, қызметтердi алу кезiнде бөгде азаматтардың қатысуын болдырмауды қамтамасыз етедi.

Биометрия жобасының шеңберiнде азаматтарға 52 мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлуi қарастырылуда. Олардың екеуi — мекенжай және жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы жөнiндегi анықтамалар қазiрдiң өзiнде қолжетiмдi.

Айта кетейiк, биометрия базасы қаржы, коммерциялық қызмет көрсету және қауiпсiздiк салаларында, сондай-ақ ғимаратқа кiру жүйесiнде пайдаланылуы мүмкiн. Шетелдiк тәжiрибеде биометрия әдiсiн Ұлыбритания, Үндiстан, Нидерланд королдiгi ұтымды пайдалануда.

Бiр ай бұрын Астана және Алматы қалаларында енгiзiлген биометрия пилоттық жобасы биыл қыркүйек айына дейiн барлық облыстарда iске қосылады деп жоспарланған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Зейнеткерлiкке бiр ғана өтiнiшпен

Зейнеткерлікке бір ғана өтінішпен

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлiк жасқа жеткендер үшiн зейнетақыны рәсiмдеу тәртiбi жеңiлдетiлдi. Ендi зейнеткерлiкке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттiк қызметтер «бiр өтiнiш» принципi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн болады.

Бұған дейiн зейнеткерлiк жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келiп зейнеткерлiк жасқа жетуi және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтiнiш беретiн, әрi бiр айдан кейiн қайтадан мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы өтiнiш жазып, сосын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдердi төлеу жайлы тағы бiр өтiнiш беретiн. Ендi осы 4 қызмет үшiн ХҚО-ға бiр-ақ рет келiп, бiр ғана өтiнiш тастаса жеткiлiктi.

Композиттiк қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтерi кiрiп отыр. Бұдан басқа, (инфляцияның деңгейi мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарнасы, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы соммаларының арасындағы айырмасы) мемлекеттiк кепiлдi төлемдердi төлеу проактивтi түрде — адамның мiндеттi қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттiк корпорацияның мамандары зейнеткерлiк жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571 мемлекеттiк кепiлдiк төлемдерiн рәсiмдедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру жеңiлдетiлдi

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді

Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргiзушi куәлiгiн алу механизмi жеңiлдей түстi. Ендi азаматтар жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн онлайн өтiнiм жолдаған кезде екiншi деңгейлi банк арқылы мемлекеттiк бажды төлегенi туралы чектiң мәлiметтерiн енгiзсе жеткiлiктi.

Ол үшiн қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төлендi» деген белгi қою керек. Кейiн чек бойынша мына деректердi енгiзу қажет: салық органы, банктiң БСК, төлем күнi, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейiн табылған чектi таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет.

Бұрын бұл қызметтi портал арқылы алғанда, онлайн өтiнiм жiберген кезде ғана төлеу керек болатын.

Еске сала кетейiк, жүргiзушi куәлiгiн онлайн алу қызметi биыл наурыз айында iске қосылды. Қызметтi алу үшiн қолданушы egov.kz арқылы өтiнiм толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтiнiмге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшiрмесiн тiркеу қажет. Кейiн дайын хабарлама мен төлем чегi қағазға басып шығарылып, тұрғылықты жерi бойынша мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ Баспасөз қызметi

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы CISCO компаниясымен бiрге мемлекеттiк қызметтердi қашықтықта онлайн тәртiпте ұсыну жобасын жасады. Ендi 20 мемлекеттiк қызметтi видеобайланыс арқылы алуға болады.

Желiлiк технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтердi алуға өтiнiм жасауға мүмкiндiк бередi. Осы жоба арқылы бiрқатар ақпараттық анықтамаларға — мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдерi, тiркелген құқықтар, жылжымайтын мүлiктiң бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткiзуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтiнiм берiп, мобильдi азаматтар базасына тiркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында — Сығанақ көшесi, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлiмiнде, «Қазпошта» цифрлық бөлiмдерiнде, Бейбiтшiлiк көшесi, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйiнде iске қосылды. Жуырда Мәскеудегi Қазақстан Республикасының елшiлiгiнде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметтер тiзiмi:

  1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру;
  2. Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру;
  3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң есептерi бойынша мәлiмет беру;
  4. МГОВта тiркелу;
  5. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру;
  6. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiктерiн беру және керi қайтару (ЭЦҚ растау);
  8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
  9. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  12. Заңды тұлғаны әрекетсiз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсiз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
  13. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама беру;
  14. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  16. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  17. Заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама беру;
  18. ЭЦҚ алуға өтiнiм беру.

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» қазақстандықтарды бiрлесiп жұмыс iстеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бiр күнi

Жұлдыздардың ХҚО-дағы бір күні

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының келушiлерiне бүгiн қазақ эстрадасы мен телевидение жұлдыздары мемлекеттiк қызметтердi көрсеттi. Азаматтарға арналған үкiмет бiр күнге Қыдырәлi Болманды, Құрмаш Маханды, Ғани Жапишевтi, Шахаризат Сейдахметованы, Айжан Нұрмағамбетованы, Марат Омаровты, Мырзахан Махановты және Әзiмбек Байлинды «жұмысқа қабылдады». Шоу-бизнес өкiлдерi электрондық кезек талондарын, ақпараттық анықтамаларды және дайын құжаттарды берiп отырды.

«Жұлдыздың ХҚО-дағы бiр күнi» атты iс-шара бүгiн бiр мезетте Ақмола облысындағы Ақмол ауылында, Алматы облысының Қаскелен қаласындағы фронт-офистерi мен Алматы қаласының Медеу аудандық ХҚО-да және Астана қаласының мамандандырылған ХҚО-да өттi. Қызметалушылар өз кумирлерiнiң қолынан анықтамалар алып қана қоймай, олармен суретке түсу мүмкiндiгiн де жiберiп алмады.

Мысалы, Шахаризат Сейдахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында автокөлiктердiң дайын нөмiрлiк белгiлерi мен техпаспорттарын берiп отырды. «Адамдармен жұмыс iстеу қашанда қиын. Келушiлер әртүрлi. Бiреулер оң көзқараспен келсе, кейбiреулер бiрден негативтi көңiл күйде болады. Бұндай халық легiн игеру үшiн өзiң аздап психолог болуың керек. Ең бастысы әрқашан күлiмдеудi ұмытпаған жөн», — дедi әншi.

Белгiлi тележүргiзушi Ғани Жапишев анықтама секторында тұрып өзiн кеңесшi рөлiнде сынап көрдi. «Мен үшiн бұл бiр жаңа тәжiрибе болды. Кеңесшi болған екi сағат iшiнде мен шынайы стрестiк жағдайда болдым және ХҚО қызметкерi жұмысының қаншалықты ауыр екендiгiн түсiндiм. Мұнда тек бiлiктi маман болып дұрыс кеңес беру аздық етедi екен, себебi келушiлер әртүрлi, олардың түрлi мәселелерi мен түрлi көңiл күйлерi маманннан қарым қатынас жасаудың жоғары бiлiктiлiгiн талап ететiндiгiн» — Ғани атап айтты.

Азаматтарға арналған үкiметтiң 314 фронт-офисiнде 8 818 адам қызмет етедi. Бұл аптасына алты күн сағат 9-дан кешкi 8-ге дейiн талмай еңбек етiп халыққа мемлекеттiк қызметтердi алуға көмектесетiн адамдар. Бүгiнде ХҚО арқылы 600-ден астам мемлекеттiк қызмет алуға болады. Бiр жылда орта есеппен алғанда азаматтар 38 миллионнан астам қызметтi халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Ақпарат
Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзiмi қысқартылды

Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.

Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.

Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Автокөлiктi онлайн тiркеу сервисi iске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, электрондық үкiмет порталында жаңа сервистi пилоттiк режимде iске қосты. Ендi қазақстандықтар автокөлiктерiн онлайн тәртiпте тiркей алады.

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе IIМ тiркеу-емтихан бөлiмшелерiне бармай-ақ,автокөлiктерiн электрондық үкiмет порталында рәсiмдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында бiз мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстарын жүргiзудемiз. Автокөлiктердi тiркеу қызметiне деген сұраныс қарқынды түрде өсiп келе жатқандықтан, бiз бұл қызметтi электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Мәселен, бiздiң корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлiктi тiркеу және қайта тiркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетiлдi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейiн көлiктi сатушы мен сатып алушы өтiнiм беру үшiн бiр уақытта «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне барып, қажеттi құжаттарды тапсыруы тиiс едi. Ендi азаматтар өтiнiмдi үйден шықпай-ақ, онлайн тәртiпте жолдай алады. Электрондық үкiмет порталы арқылы бiз алдағы уақытта тағы да бiраз мемелкеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдетпекпiз», — дейдi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейiк, биылғы мамыр айынан бастап ҚР IIМ автокөлiктi тiркеу кезiндегi салыстыруды алып тастаған болатын. Ендi есептен шығару немесе көлiктi тiркеу кезiнде нөмiрлiк агрегатты тексертудiң қажетi жоқ. Мұндай талап тек көлiктi алғашқы рет тiркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргiзушi куәлiгiнiң мерзiмi өткенге дейiн ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерiстен өтудiң және психиатр, наркологтан анықтама әкелудiң қажетi жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн тәртiпте ауыстыруға болады.

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Кәсiпкерлерге қатысты «бiр өтiнiш» қағидаты iске қосылды

Қазақстанда бизнестi www.egov.kz арқылы жылдам әрi оңай ашуға болады. Электрондық үкiмет порталында кәсiпкерлердiң игiлiгi үшiн «Банктiк шот ашуды және қызметкердi еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезiнде жазатайым жағдайлардан мiндеттi сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тiркеу» композиттiк қызметi iске қосылды. Ендi жеке iсiн ашқысы келетiн азаматтар үш қызметтi бiрден ала алады: заңды тұлғаны тiркеу, банктiк шот ашу және сақтандыру туралы келiсiм-шарт жасау. Бұл мемлекеттiк қызмет көрсету барысында «бiр өтiнiш» қағидатын қолданудың үлгiсi болып табылады.

Осы уақытқа дейiн азамат заңды тұлғаны тiркегеннен кейiн банктiк шот ашып, ҚҚС бойынша есепке қою үшiн салық органына, содан соң сақтандыру компаниясына баруы тиiс едi. Ал осы бiрнеше қызметтi бiрiктiрген композиттiк қызмет Қазақстанда бизнес ашу үрдiсiн айтарлықтай жеңiлдетедi. Ендi екi күннiң iшiнде (өтiнiш берген күндi есептемегенде) заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуге алынғаны туралы куәлiктi, банктiк шот нөмiрiн және қызметкерлердi жазатайым оқиғалардан сақтау туралы қол қойылған келiсiм-шартты алуға болады.

Заңды тұлғаны электрондық тәсiлмен тiркеу кезiнде әзiрше 4 коммерциялық банктен шот ашып, 3 сақтандыру компаниясымен шарт жасасуға болады. Жуырда бұл тiзiм тағы 9 банк және 4 сақтандыру компаниясымен толығады.

Айта кету керек, бұл композиттiк қызметтi қолдану үшiн құрылтайшылардың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болып, порталда тiркеуден өтуi тиiс.

Кәсiпкерлерге қатысты «бiр өтiнiш» қағидаты iске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қызмет түрлерiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етедi

Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жұртшылықпен есептiк кездесу өткiздi.

Астана қаласының Есiл ауданының әкiмдiгiнде мемлекеттiк корпорацияның басшылығы мүмкiндiгi шектеулi жандармен кездесу өткiздi, онда мемлекеттiк корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз көрсету арналары туралы баяндады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, бiз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшiн жаңа пилоттық жобаларды үнемi енгiзiп отырамыз», — дедi Балташева.

Осылайша, мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiнде пандустар, қоңырау шалу түймелерi, Брайльдегi тактикалық белгiлер және мүгедектерге арналған жеңiлдiк терезелерi, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгiлеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектерi 1414 бiрiңғай байланыс орталықтарына (тегiн қоңырау) өтiнiш беру арқылы мемлекеттiк қызмет түрлерiн үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабiлетiнен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы» жобасы iске қосылды, бiлiктi ымдау тiлiнiң сарапшысы арнайы резервтiк монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда бұл қызмет түрiн 625 мың есту және сөйлеу қабiлетiнен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзiмiзге дәйек болсын, қазiргi уақытта Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшелерiнде мүмкiндiгi шектеулi 475 адам жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкiмет
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.

Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.

Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.

Енді мекенжай бойынша онлайн-тіркелуге жиырма минут қана жеткілікті

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан бөлiмдерiнiң қызметкерлерi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртiпте жұмыс iстей бастады. Олар көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР IIМ-нiң әкiмшiлiк полициясының ТЭБ қызметкерлерiн аудандық ХҚО бөлiмдерiнде орналастыру туралы шешiм ҚРПремьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететiн ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанындағы арнайы мониторингтiк тобы ұсынғанжаңа жүйенiңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкiметтiң» тағы 21 фронт-офисiнде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлiк иелерi үшiн жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру және көлiктердi тiркеу жұмыстары айтарлықтай жеңiлдейдi. Ендi оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе iшкi iстер органдарына тiкелей жүгiнудiң қажетi жоқ. Ескеретiн жайт, жүргiзушi куәлiгiн алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетiлмейдi.

Осакаров аудандық №1 бөлiмi Осакаров ауылы Пристанционная көшесi, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлiмi Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан берi Қазақстанда бiр терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және көлiктi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстеуде. Бүгiнгi таңда елiмiзде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлiмдерiн ашу жоспарланып отыр.

Анықтама үшiн:

ТЕБ-нiң қызметкерлерi орналасқан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлiмi;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлiмi;
  3. Ақмола облысы Есiл ауданының ХҚО бөлiмi;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлiмi;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлiмi;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлiмi;
  7. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының ХҚО бөлiмi;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлiмi;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлiмi;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлiмi;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлiмi;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлiмi;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлiмi;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлiмi;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлiмi;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлiмi;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлiмi;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлiмi;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөiлiмi;
  20. Қызылорда облысы Шиелi ауданының ХҚО бөлiмi;
  21. Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлiмi (ЖК беру қызметi);
  22. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қ. ХҚО бөлiмi;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлiмi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Мемлекеттiк бажды онлайн тәртiпте төлеу мүмкiндiктерi кеңейтiлдi

Мемлекеттік бажды онлайн тәртіпте төлеу мүмкіндіктері кеңейтілді

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «SmartPay» провайдерiмен бiрге пилоттық тәртiпте fastpay.kz онлайн-сервисiн iске қосты. Ендi қолма-қол ақшасыз есептесудi қалайтын азаматтар кең таралған 37 мемлекеттiк қызметтiң ақысын тек қана банк карталары арқылы ғана емес, «WebMoney», «Qiwi» и «WalletOne» электрондық әмияндары арқылы да төлей алады.

Сондай-ақ fastpay.kz онлайн-сервисiнiң көмегiмен көлiк, жер және мүлiк салығын, әкiмшiлiк айыппұлдар мен жол ережесiне қатысты айыппұлдарды төлеуге болады. Алдағы уақытта бұл тiзiм толыға түседi.

Жаңа сервис — мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктi арттырып, халыққа қызмет көрсету саласын цифровизациялауға жасалған кезектi қадам. Ендi осы сервис iске қосылғандықтан, қызмет алушылар кассаға кезекке тұрмай-ақ, интернет желiсi қосылған смартфон немесе басқа да гаджетпен www.fastpay.kz сайтына кiрiп, тиесiлi мемлекеттiк қызметке шұғыл түрде төлем жасай алады. Төлем жасалған соң азаматтың электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi мен электрондық поштасына электрондық чек бекiтiлген хабарлама келiп түседi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Сегiзiншi наурыздан сегiзiншi наурызға дейiн

Сегізінші наурыздан сегізінші наурызға дейін

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықаралық әйелдер күнi — 8 наурыз қарсаңында нәзiк жандыларға қатысты статистикалық көрсеткiшке көз жүгiртудi ұсынады. Былтырғы 8 наурыздан бүгiнге дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына 13 миллионнан астам әйел адам жүгiнген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 620-дан астам қызмет көрсетедi. Күн сайын фронт-офистерге Қазақстан бойынша мыңдаған адамдар жүгiнедi. Оның жартысынан көбi әйел азаматтар екен. Мысалы, аталған мерзiм iшiнде берiлген электрондық-цифрлық қолтаңбаның 53 пайызы, яғни екi миллионнан астамы қыз-келiншектерге тиесiлi.

Автоәлемге қатысты көрсеткiштерге келсек, мамандандырылған ХҚО арқылы берiлген жүргiзушi куәлiгiнiң 25 пайызы, яғни 96 мыңнан астамы әйел азаматтардың еншiсiнде. Ал 337 мыңға жуық нәзiк жанды көлiк құралына құқықтарын тiркеген.

Қазiргi таңда елiмiзде 236 мыңнан астам көпбалалы ана бар екен. Сондай-ақ 303 508 ана бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша жәрдемақы, ал 1 525 818 әйел зейнетақы алып отыр.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамның баспасөз қызметi

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгiн Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өттi.

«Цифрландыру саласында сiздер құзыреттi орталыққа айналу керексiздер. Бұл үшiн сiздерде барлық ресурстар мен мүмкiндiк бар. Мобильдi үкiметтi қалыптастыру үшiн мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру үрдiсiн қарқынды түрде жүргiзiп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», — дедi А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев өз кезегiнде министрлiктiң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан iс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-мiндеттерiмен бөлiстi. «Мемлекет басшысы бiздiң алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кiрiстiк. Бiр жылдың iшiнде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттiк қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгiзiлдi. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды», — дедi министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүрiп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттiк қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың iшiнде «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғалар электрондық үкiмет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-мiндеттерi туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда iске қосылған бала туу бойынша проактивтi қызмет желiсiмен де бөлiстi. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттiк қызметтердi телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланған. Проактивтi мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тiптi үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлiк пен тиiстi жәрдемақыларды рәсiмдеуге, сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегiмен тұрғылықты жерге тiркеу қызметi де iске қосылады.

«Биыл бiз жылжымайтын мүлiк иесiнiң мәлiметтерiнiң өзгеруiне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк төленуiне, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеу мен атқарушылық iс жүргiзудi қозғауға қатысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысын да проактивтi тәсiлге көшiремiз», — дедi А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейiн арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазiргi таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейiк, 2017 жылы мемлекеттiк корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисi iске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Ендi азаматтар мемлекеттiк органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және жылжымайтын мүлiктiң болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзiнде апаруға мiндеттi емес.

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң тапсырмасымен электрондық үкiмет порталында «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi iске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкiндiк бередi. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берiлдi. Бұл орайда бiз сауалнама жүргiзiп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен бiлiм беру мекемелерiне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесiнде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисi енгiзiлсе, оқу орындары электрондық үкiмет порталынан қажеттi құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бiр реттiк рұқсат бергенiн растап, фронт-офиске бару мiндетiнен құтылады.

Бұл сервистi қолдану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизiмiне сәйкес мүдделi тұлға электрондық үкiмет порталында авторизациядан өтуi тиiс. Сосын «Үшiншi тұлғалардың анықтама алуы сервисi» бөлiмiн таңдап, қай азамат туралы мәлiмет алғысы келедi соның жеке сәйкестендiру нөмiрiн жазуы тиiс. Егер азамат мобильдi азаматтар базасында тiркелген болса, мүдделi тұлға анықтама түрiн таңдап, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшiншi тұлғаға мәлiмет беру/бермеу жөнiнде шешiм қабылдауды сұрайды. Азамат екi сағаттың iшiнде жауап беруi тиiс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында iске қосылған «Paper free» нәтижесiнде қағаз жүзiндегi анықтамалар саны 24 миллионға дейiн кемiп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушiлердiң қатары да азаяды.

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Алкоголь өнiмдерiнiң саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысында Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң құзырындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейiн кәсiпкерлер үшiн алкогольдiк өнiмдердi сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi.

Қазiр кәсiпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкiмет порталында мәлiметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттiк баж салығын төлеп, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткiлiктi. Ал өзге де қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк орган автоматты түрде тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткiзу мерзiмi он бес жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн қысқарады. Ал этил спиртi мен темекi өнiмдерiн шығару лицензиясын алу мерзiмi он бес күннен он жұмыс күнiне дейiн шегерiледi.

Еске сала кетейiк, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдiк өнiмдердi сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда — 70 АЕК, ауылдық елдi-мекендерде — 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсiмдеу — лицензия берiлгендегi төлемнiң 10%, көшiрмесiн жасату — 100% құрайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

Бүгiн Астанада ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев, ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев және миграциялық қызмет комитетiнiң төрағасы Мұрат Қабденов, Астана қаласы IIД басшысы Марат Қожаевтың қатысуымен миграциялық және цифрлық халыққа қызмет көрсету орталықтарының ресми ашылу салтанаты өттi.

Көшi-қон қызметтерiн көрсету орталығында шетелдiк азаматтарға мемлекеттiк қызметтер көрсетiледi. 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап пилоттық тәртiпте iске қосылған миграциялық ХҚКО-да құжаттарды қабылдау және тiркеу қызметтерiн «Азаматтарға арналған үкiметтiң» мамандары көрсетедi. Нәтижесiнде, көшi-қонға байланысты мемлекеттiк қызметтер де «бiр терезе» принципi бойынша бекiтiлген стандартқа сай ұсынылатын болады.

Иманов көшесiнде, 31 орналасқан Миграциялық ХҚКО сағат таңғы 9.00-ден кешкi 18.30-ға дейiн үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады. Бұған дейiн шетелдiктер Астанада жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады.

Айта кетсек, 2017 жылы Қазақстанда «Еңбекшi көшiп келушiге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттiк қызметiн 446 мыңнан астам шетелдiк азамат пайдаланған.

Астанадағы цифрлық ХҚКО да былтырғы жылдың желтоқсанынан бастап тестiлiк тәртiпте жұмыс iстеуде. Digital ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтер толықтай автоматты түрде ұсынылып, бұл процеске операторлар қатыспайды. Барлық компьютерде орнатылған зияткерлiк көмекшiлер мемлекеттiк қызметтi өз бетiнше алып жатқан азаматтар үшiн айти-кеңесшi рөлiн атқарады. Мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың жаңа нұсқасы болып табылатын цифрлық ХҚКО-да азаматтар өз бетiнше қоғамдық қолжетiмдiлiк орындары, «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторлары және арнайы стенд-павильондарындағы планшеттер арқылы электрондық өтiнiштер бередi.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 20 желтоқсанында халықтың цифрлық сауатын ашу мақсатында тегiн оқу сыныбы ашылды. Оқу аптаның әр күнiнде бекiтiлген тақырыптар бойынша сағат 9:00-ден 20:00 аралығында жүргiзiледi. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы аясында ұйымдастырылған оқу сыныбында фронт-офис мамандары азаматтарға www.egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану жолдарын түсiндiрiп, мемлекеттiк қызметтерге өз бетiнше қол жеткiзуге үйретедi. Бiр сағатты құрайтын сауат ашу курсына кез-келген адам қатыса алады.

Астанада цифрлық және миграциялық ХҚКО ресми түрде ашылды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Қазақстандық автожүргiзушiлер жаңа мүмкiндiкке ие болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Iшкi iстер министрлiгiмен бiрге автокөлiк иелерiне жаңа мүмкiндiк ұсына бастады. Ендi көлiкке әдемi нөмiр алғанда, сандарды ғана емес әрiптердi де таңдауға болады.

15 қаңтардан бастап iске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргiзушiлер мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы симметриялық нөмiр белгiлерiн таңдай алады. Бұл үшiн азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтiнiмдерiн рәсiмдеп, мемлекеттiк алымды төлеулерi тиiс.

2014 жылдан бастап автокөлiк иелерi ел арасында «айна нөмiр» деп аталатын симметриялық нөмiрлердi сатып алу мүмкiндiгiне қол жеткiзген едi. Ендi азаматтар ақылы түрде сандар мен әрiптердi өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тiлек бiлдiрушiлер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмiрлерге 5 700% АЕК көлемiнде төлейдi, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әрiптердiң де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны — 11 400% АЕК. 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмiр сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмiрлiк белгiсi базада болмаса, онда қажеттi мемлекеттiк алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Петропавл қ. Мамандандырылған бөлiмнiң мекен-жайы: Нефтепроводная к-сi, 7Б, тел.: тел.: 50-49-08, 50-49-09.

Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы бiрiншi «проактивтi» балаға туу туралы куәлiк табыс еттi

Мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесi Айымға туу туралы куәлiгiн мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс еттi.

Жаңа жыл қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бала туған ата-аналарға мемлекеттiк қызметтердi проактивтi тәсiлмен көрсету жобасын жүзеге асыра бастады. Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған нәрестенi тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады.

Пилоттық жоба iске қосылғаннан берi SMS-хабарлама арқылы 1208 әйелге SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi проактивтi принциппен алу ұсынысы жасалды. Бұл орайда Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

Сондай-ақ, телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.

Көп ұзамай әлеуметтiк қамсыздандыру және зейнетақы саласына қатысты қызметтер де проактивтi принциппен ұсынылатын болады. Еске сала кетейiк, мемлекеттiк қызметтерге проактивтi тәсiлмен қол жеткiзу үшiн азаматтар жеке сәйкестендiру нөмiрiн порталдағы жеке кабинетiнде көрсетiлген телефон нөмiрiне бекiтуi тиiс.

 «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

 «Азаматтарға арналған үкіметтің» төрағасы бірінші «проактивті» балаға туу туралы куәлік табыс етті

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкiметтiң» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнi «Жемқорлыққа қарсы бiрiншi медиа-форум» қоғамдық бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттiк органдар, сондай-ақ БАҚ өкiлдерiн «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсiмiн өткiздi.

«Саяси жiгерлiгi үшiн» номинациясы бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласын жетiлдiрiп, сапасын көтергенi және керi байланысты қамтамасыз еткенi үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А.Оспановтың айтуынша, бұл — марапат күн сайын мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында тер төгiп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердiң еңбегi, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлi зор.

«Мемлекеттiк корпорациясын құру — Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бiрi. Және бұл марапат мемлекеттiк қызмет көрсетудi ашық және барынша қолжетiмдi ету жолында «Азаматтарға арналған үкiмет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейдi», — дедi Оспанов.

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

24.11.2017

Кең таралған 10 мемлекеттiк қызмет

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi мен бэк-офистерi арқылы барлық мемлекеттiк қызметтердiң 83% көрсетiледi. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

Бiрiншi орында мекенжай анықтамасын беру қызметi (2017 жылғы 10 ай iшiнде 14 534 750 анықтама берiлдi). Негiзiнен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшiн алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiгiн беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетiлдi (электрондық-цифрлық қолтаңба).

Үшiншi орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметi тұр. 10 ай iшiнде 2 528 944 қызмет көрсетiлген.

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиi сұратылады. Мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берiлдi.

Осы он ай iшiнде мемлекеттiк корпорация 1 714 465 рет бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметiн көрсеттi.

Жыл басынан берi сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берiлдi. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшiн керек.

Биыл 10 ай iшiнде Қазақстан Республикасының азаматтары 1 302 778 төлқұжат пен жеке куәлiк алды. Көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу — 1 218 658.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметiне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгiнген.

Биыл 10 ай iшiнде азаматтарға 314 155 жүргiзушi куәлiгi берiлген.

Осылайша, ең кең тараған қызмет түрi — түрлi анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн. астам мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның 24 млн. электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттiк корпорация бiрқатар мемлекеттiк органдармен бiрге «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне келушiлердiң санын шегеруге мүмкiндiк беретiн Paperfree жобасын iске қоспақ.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисiн жүзеге асыру бұл қызмет түрiн көрсетудi 21,5 млн қысқартар едi. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшiншi тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәлiметтерiн бере алады. Мысалы, сервис енгiзiлгеннен кейiн, оқу орны электрондық портал арқылы қажеттi құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бiр рет электрондық анықтама балуға өзiнiң рұқсатын бередi. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшiн 3 млн. оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды.

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

Шалғай елді мекендердің тұрғындары мемлекеттік қызметтерді пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

2017 жылғы 3 тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерция емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалының — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмiнiң Мобильдi ХҚКО шығу кестесi

Ауылдық округ Елді мекен Шығу мерзімі
шілде
1 Кирово а/о Кирово а. 2017 ж. 03.07.
2017 ж. 10.07
2 Абай а/о Калиновка а
Константиновка а.
2017 ж. 04.07.
2017 ж. 11.07.
тамыз
1 Тендік а/о Котовское а. 2017 ж. 21.08.
2017 ж. 28.08.
2 Летовочный а/о Летовочное а.
Подлесное а.
2017 ж. 22.08.
2017 ж. 29.08.
қыркүйек
1 Тихоокеан а/о Шункырколь а. 2017 ж. 01.09
2017 ж. 08.09.
2 Яснополян а/о Дашка-Николаевка а. 2017 ж. 04.09
2017 ж. 11.09.

Ақпараттық хабарлама
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны
https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамыныңбаспасөз қызметі

2016 жылғы 4 тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалының — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмiнiң Мобильдi ХҚКО шығу кестесi

2016 жылғы 3 тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалының — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмiнiң Мобильдi ХҚКО шығу кестесi

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмi «Халыққа қызмет көрсету орталығы Мобильдiк тобы» жабдықталған жеке алыстанған ауыл тұрғындары мемлекеттiк қызмет көрсету жандандыруды жалғастырады.

Ауылдық округтарға шығу кестесi.

  • Кировский а/о — 2016 ж. 03.10., 2016 ж. 10.10.;
  • Чкаловский а/о — 2016 ж. 04.10., 2016 ж.11.10.;
  • Летовочный а/о — 2016 ж. 21.11., 2016 ж. 28.11.;
  • Яснополянский а/о — 2016 ж. 22.11., 2016 ж.29.11.;
  • Донецкий а/о — 2016 ж. 02.12., 2016 ж. 08.12.;
  • Абайский а/о — 2016 ж. 05.12., 2016 ж. 09.12.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Өскемен қаласының Жiбек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшiн жағымды жаңалық — Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттiк корпорация адамдарға көмек көрсету үшiн құрылған. Сонымен қатар, бiз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшiн үлкен қаражат төлеп қайтемiз, оның үстiне ол адамдар үшiн қолайсыз болса. Сондықтан бiз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көрiп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесiмдi. Бiздiң ең басты мақсатымыз — адамдардың өмiрiн жақсарту. Бұл бүгiн көрнекi түрде көрсетiлдi, — дедi ашылу кезiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшiн ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттiк қызметтердi сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкiмет порталы арқылы өз беттерiмен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетiн «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тiркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет ұсынатын көшi-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетерiмiз, аталған бөлiм осы уақытқа дейiн көп қабатты тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, дүкенмен бiрге, бiр алаңда орналасқан едi. Ал ендi, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бiрiншi қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментiнiң фронт-офисi орналасса, екiншi қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментi мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынң сәуiр айында құрылғандығынан мүмкiн болды, себебi екi департамент те мемлекеттiк корпорация құрамына енген. Көшiру жұмыстарының арқасында мемлекеттiк корпорация 6 млн теңге үнемдемек, себебi бұл қаражат бұрын жалға алу үшiн жылына төлетiн. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға iстедiк.

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiн Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистiң жұмыс кестесi өзгерген жоқ: дүйсенбi мен сенбi күндерi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Айта кетер болсақ, бүгiнде мемлекеттiк корпорация арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

Анықтама үшiн: Күнiне №1 қалалық бөлiмге 500-600 қызметалушы келедi, соның 250 азаматы — ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесi арқылы көрсетiлетiн дәстүрлi қызметтер үшiн келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзiне — өзi қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келедi. Көшi- қон полициясы бөлiмiне күнiне 100 қызметалушы келедi, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметi бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелуге келедi.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Астанада жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрлесiп ұйымдастырған iс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсiпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердiң ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi, ҚР Әдiлет министрлiгi, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкiлдерi қатысуда. Конференция нәтижесiнде қатысушылар ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қоймақ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжiрибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүлiктiң бiрiңғай мемлекеттiк кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

«Бұл шара бiз үшiн — тек қана бiрегей диологтар алаңы емес, сонымен бiрге Қазақстан Республикасында Бiрiңғай кадастрлық есеп жүйесiн құру механизмi мен шешiм қабылдауда бiрыңғай түсiнiстiкке келу мүмкiндiгi болып табылады» — дедi Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында бiз жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгiзген болатынбыз. Бiрыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу барысында әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды есепке алу және тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз етедi».

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорацияда жер телiмдерiнiң, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ — қабаттары, инженерлiк коммунакациялармен, жол-көшелiк желiлер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай кадастрының мүмкiндiктерi жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделi құрылыстар мен құрылыстарды үйлестiрудi орындаған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Мемлекеттiк корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жоба iске қосылды

Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында Бiрыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясындағы Бiрыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердiң маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екiншi болып табылады. Оған Қазақстанның өсiмдiктер әлемiнiң 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрi және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсiмдiк жабынының доминанттары, бағалы жемдiк, улы, арамшөп, дәрiлiк, сирек және жойылып бара жатқан өсiмдiктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсiмдiктерiнiң гербарийлерi жеке топтастырылған.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру жүйесiнде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан берi жоспарлы жүргiзiлуде, ол Қазақстанның өсiмдiктер әлемiндегi мұрасын сақтауға мүмкiндiк бередi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрылымына негiзiне гербарий кiретiн геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы кiргендiктен, бiз гербарий қорын жаңарту жұмысын әрдайым жүргiзiп отырамыз. Қазiргi кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтiп, өсiмдiк түрлерiмен танысады, оларды жүйелейдi, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийдi жаңа өсiмдiк түрлерiмен толықтырады», — дедi Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсiмдiктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелiлiгiн зерттеу; кез-келген аумақтағы өсiмдiк әлемiнiң құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсiмдiктердiң жеке түрлерiн (аймақтарға) тарату; белгiлi бiр кезеңде өсiмдiктiң өзгеруi жайлы толық мәлiметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорацияда Энглер жүйесi бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсiмдiктердi тез табу үшiн каталог жасалған. Жақын уақытта гербарийдi облыстар бойынша цифрландыру жүргiзiлетiн болады және жемдiк, бал-шырынды, дәрiлiк және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсiмдiктер iрiктелiп алынады.

Бiрыңғай гербарий қорындағы өсiмдiктердiң толық флористикалық тiзiмiн құру үшiн Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткiзiлген және аллдағы уақытта солтүстiк аймақтағы өсiмдiктер түрлерiмен толықтырылатын болады. Келешекте Бiрыңғай гербарий қорының ақпараттық-копмьютерлiк деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының гербарийлерiн магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлерi жаңа жиналған өсiмдiк даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргiзу үшiн қолдануда.

Қазан айында мемлекеттiк корпорацияның бiрiңғай гербарий қорын құру «Мәңгiлiк мұра» жобасы шеңберiнде Қазақстан Республикасы Тәуелсiздгiнiң 25 жылдығы құрметiне өтiп жатқанын атап айтамыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баланың туылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң толық спектрiн ендi Қазақстанның перзентханаларында ресiмдеуге болады

Баланың туылуы бойынша мемлекеттiк қызметтердiң толық спектрiн ендi Қазақстанның перзентханаларында ресiмдеуге болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жаңа пилоттық жобаны iске қосты, бұл жоба шеңберiнде баланың туылуын тiркеудi, бала туу мен оның күтiмiне жәрдемақы тағайындауды, босану және жүктiлiкке байланысты табысын жоғалтқан жағдайдағы әлеуметтiк төлемдердi ресiмдеудi, сондай-ақ баланы балабақша кезегiне қоюды жас аналар перзентханада жүзеге асыра алады. Композиттi қызмет көрсету барлық 4 қызметке бiр уақытта перзентханада өтiнiш қабылдауды бiлдiредi.

«Естерiңiзге сала кетейiк, осы жылдың наурыз айында Әдiлет министрлiгi баланың туылуын тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтер стандартына азаматтар баланың туылуын тiркеуге өтiнiштi 3 жұмыс күнi iшiнде берулерi тиiс деген өзгерiстер енгiзген. Қазақстандықтарға қолайлы болу үшiн осы және оған iлеспе қызметтердi композиттiк түрде көрсету мүмкiндiктерiн қарастырдық. Бұл қазақстандықтардың өмiрiн жеңiлдетiп, уақыттарын үнемдейдi» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев.

Құмарғалиевтiң айтуынша, композит «Баланың туылуын тiркеу, оның iшiнде азаматтық ахуал актiлерi жазбаларына өзгерiстер, түзетулер мен толықтырулар енгiзу», «Бала туғанда берiлетiн және бала күтiмi бойынша жәрдемақыларды тағайындау», «Әлеуметтiк тәуекелдер жағдайларына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: еңбекке қабiлеттiлiгiн жоғалту, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктi болу мен босануға байланысты табысынан айырылу, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу, бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылу» және «Мектеп жасына дейiнгi (7 жасқа дейiн) балаларды балалар мектепалды ұйымдарына жiберу үшiн кезекке қою» қызметтерiне қатысты болып табылады.

Дайын болған туу туралы куәлiктi ата-аналар, құжат тапсырған күндi есептемегенде, 2 жұмыс күнi iшiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алуларына болады, ал жәрдемақыны тағайындау туралы ақпарат клиенттiң ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түседi. Сонымен қатар, қазақстандықтар балабақша кезегiн egov.kz электронды үкiмет порталынан немесе мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiндегi «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторлары арқылы көрулерiне болады.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 8 айда 24 миллионнан астам мемлекеттiк қызметтер көрсетiлген, оның 235 мыңнан астамы туу туралы куәлiк беру болып табылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аумағында Аналар күнiн атап өттi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпрациясының жұмыскерлерi де бұл бейресми, бiрақ жанға жылы мейрамды тойлаудан шет қалмады және Астана қаласының №1 перинаталдық орталығына шығып, жас аналарға кеңес бердi.

Перзентханадағы кездесу барысында мемлекеттiк корпорация фронт-офистерiнiң инспекторлары жас аналарға «Мемлекеттiк корпорация» фронт-офистерi арқылы ұсынылатын жүктiлiк пен босану, бала тууы және басқа да қызметтер бойынша әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеу бойынша түсiндiрмелер бердi.

«Бiз перинаталдық орталықтың емделушiлерiне бала тууына жәрдемақыны бiр ғана өтiнiш арқылы рәсiмдеуге болатынын айтып бердiк» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары Серiкхан Сабыржанов. «Ол үшiн электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық үкiмет порталына қолжетiмдiлiк болса жеткiлiктi. Композиттiк қызмет ата-аналарға бала тууға бiр жолғы жәрдемақыны тағайындау және бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға бiр уақытта өтiнiш беруге мүмкiндiк бередi».

Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының инспекторлары Қазақстанда әйелдер үшiн жүктiлiк демалысы төлемдерiн рәсiмдеу процедурасы жеңiлдетiлгендiгiн — ендi жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтаманы ұсынудың қажетi жоқ екендiгiн айтып бердi. Ендi жүктiлiк демалысы төлемдерiн тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде көрсетiлген нақты аударымдар бойынша жүзеге асырылады.

Айтпақшы, қазақстандықтар 1411 — тегiн қызмет көрсету нөмiрi арқылы жәрдемақыны және зейнетақыны есептеу бойынша кез-келген сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

Сондай-ақ, Сабыржановтың айтуынша, республикалық бюджеттен жәрдемақы мен әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан әлеуметтiк төлемдердi алушылар қалауы бойынша жәрдемақына аудару үшiн арнайы ағымдағы шот ашуларына болады. Бұндай арнайы шотқа түскен ақшалай қаражатты банктiң несие бойынша кешiктiрiлген қарызын өтеу үшiн арқылы ұстауына жатпайды.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жыл басынан бастап барлығы 122 мыңнан астам жүктiлiк демалысы төлемдерi, 288 мың бала тууына бiржолғы төлем және 166 мың бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындалған.

Айта кетерлiгi, аталмыш акция Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге орайластырып, тек Астана қаласының перзентханасында ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Орал, Атырау және басқа да қалаларда өттi. Мемлекеттiк корпорацияда мерейтойлық датаға арналған бұл алғашқы iс-шара емес. Жұмыскерлер мен олардың балалары «Мектепке жол», мемлекеттiк тiлдi бiлу конкурсына, спартакиадаға және балалар суреттерiнiң конкурсына қатысқан болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» — дәл осы тақырыпта мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерiнiң жұмыскерлерi үшiн бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң қолдауымен өткiзiлген iс-шараларға ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бiрлiк» филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментiнiң басшысы Тiлеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай iс-шаралардың негiзгi мақсаты — сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн нығайту.

«Бүгiнде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейiн арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерi арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдiк» төзушiлiк атмосферасын құру мәселесi тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршаның және әр азаматтың мiндетi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершiлiгi тек қана мемлекетке емес, әрбiр жеке азаматқа жүктелетiнiн есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бiрлiгi және өзара сенiмдiлiгi ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкiндiк бередi», — дейдi Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай iс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкiметтiк емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекеттiк корпорацияның барлық аумақтық департаменттерiнде жүйелi түрде өткiзiлетiн болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi

«Азаматтарға арналған үкiметте» бiрыңғай ұйымдастырушылық құрылым енгiзiлдi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында лауазымдардың бiрыңғай тiзiлiмi жасалып, еңбекақы төлеу жүйесi теңдестiрiлген. Бұл ұйымдастырушылық құрылымды бiрiздендiруге және оңтайландыруға мүмкiндiк бердi.

Бұған дейiн, 2016 жылғы сәуiрде құрылған мемлекеттiк корпорацияның құрамына кiрген «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК-де, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК-де, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК-де және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-де еңбекақы төлеудiң бөлек-бөлек жүйесi және лауазымдар тiзбесi болған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Басқармасы төрағасының орынбасары Диханбай Әбеновтiң айтуынша, құрылымды қайта ұйымдастыру қолданыстағы еңбекақы төлеу қоры шеңберiнде жүргiзiлген. «Төрт мекеме бiрiктiрiлгеннен кейiн бiз құрылымдық бөлiмшелер құрамына және әрбiр бағыт аясындағы қызметтiң бөлiнуiне талдау жасадық. Жалақы деңгейiнiң тек кәсiпорындардың өзiнде ғана емес, басқа өңiрлерде де айырмасы болды», — дедi Әбенов.

Сондай-ақ, бiрiздендiру аясында басшылық құрамның саны 53%-ға оңтайландырылды. Мұнда бiрде бiр қызметкер жұмыстан босатылған жоқ. Мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерiне олардың мамандықтарына, кәсiбi мен бiлiктiлiгiне сәйкес жаңа лауазымдар ұсынылды.

Диханбай Әбенов: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құру мемлекеттiк қызметтердiң басым бөлiгiн бiрыңғай құрылымға бiрiктiрiп қана қойған жоқ. Құрылымдық бөлiмшелердiң басшылық әкiмшiлiк штатын оңтайландыру бiзге мемлекеттiк қызмет саласында сыбайлас жемқорлықты құрайтын бюрократиялық кедергiден арылуға мүмкiндiк бердi. Атап айтқанда, мемлекеттiк қызмет көрсетуде үлкен жүктемесi болатын қарапайым инспекторлардың жалақысын арттыруға оңтайландырылғаннан кейiн босатылған қаржы бағытталады. Бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтпай ақ корпорацияның қарапайым қызметкерлерiнiң жұмыс жағдайын жақсартуға мүмкiндiк бередi» — деп түсiндiре отырып, қатардағы қызметкерлердiң айлықақысының көтерiлуi 20%-ды құрайтындығын атап өттi.

Сондай-ақ еңбекақы төлеу жөнiндегi жаңа ережеде қосымша еңбекақы төлеу қоры қарастырылған, мұнда жеке жұмыс нәтижесi, жүктемесi, сондай-ақ жұмыс өтiлi ескерiле отырып, ынталандырушы қосымша ақылар мен әртүрлi үстемеақылар болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдi

Қазақстандықтар үшiн мүгедектiгi бойынша төлемдердi алу рәсiмi жеңiлдетiлдiЖаңа композиттiк қызмет мүгедектiктi белгiлеу мен жәрдемақы тағайындау рәсiмiн айтарлықтай жеңiлдеттi. Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлесiп атқаратын жұмысы қазақстандықтар үшiн мемлекеттiк жәрдемақыларды алуды жеңiлдетуге бағытталған.

«Бұған дейiн мүгедектiктi белгiлеу үшiн жүгiнген адам алдымен медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне баратын. Осы рәсiмнен кейiн ғана әлеуметтiк жәрдемақы тағайындау үшiн ЗТМО-ға жүгiнетiн едi,» — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Ендi медициналық-әлеуметтiк сараптама бөлiмшесiне келу жеткiлiктi, мұнда мүгедектiк белгiленгеннен кейiн азамат үш мемлекеттiк қызметке: мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға (МӘЖ), республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға (АМЖ), сондай-ақ «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-дан еңбек ету қабiлетiнен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемге бiр өтiнiш бере алады. Өтiнiштегi банктiк шоты көрсетiле отырып, ақпарат автоматты түрде зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа жiберiледi», — деп атап өттi Сабыржанов.

Әдiлет министрлiгiнiң ақпараттық жүйесi және мүгедектердiң орталықтандырылған деректер қорын интеграциялау нәтижесiнде өтiнiштi қабылдау кезiнде қағаз құжат айналымы толықтай жойылды, ал жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтердi, тұрғылықты жерi бойынша тiркеудi электрондық үкiмет шлюзi арқылы жеке тұлғалардың мемлекеттiк деректер қорының ақпараттық жүйесiнен алады.

Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн төлемдер әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларына ғана тиесiлi екендiгiн естен шығармау керек.

Осылайша, жылдың басынан берi мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алуға 16 989 өтiнiш және республикалық бюджеттен төленетiн мүгедектiгi бойынша арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыға 17 590 өтiнiш қабылданған, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ-нан еңбек ету қабiлеттiнен айрылу жағдайы бойынша 7 689 әлеуметтiк төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының Баспасөз қызметi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедiЖүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердi есептеуге қажеттi құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлескен жұмысының арқасында мүмкiн болып отыр. Ендi, өтiнiш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлiгiн, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктiк шотын ұсыну жеткiлiктi. Жеке кәсiпкер куәлiгi бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тiркеу туралы куәлiк пен салықтары бойынша салыстырып тексеру актi қажет болады.

«Бұрын мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтiк аударымдарды жұмыс орнынан берiлген анықтамада көрсетiлген сомалармен салыстырып тексеру жүргiзетiн және сәйкес болмаған жағдайда өтiнiш берушiге нақтылау үшiн құжаттар қайтарылатын», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Қазiр, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн әлеуметтiк төлемдер мөлшерлерiн тағайындау қағидасына енгiзiлген өзгерiстердiң арқасында жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударылған аударымдар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердiң мөлшерi есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдардың дұрыстығына жауапкершiлiк көтеретiн жұмыс берушiге тiкелей байланысты екендiгiн есте сақтау қажет», — деп түсiндiрдi Сабыржанов.

Сонымен қатар, жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi соңғы 12 айға орташа айлық табысын еңбекке жарамсыздық күнiнiң санын отыз күнтiзбелiк күнге бөлу арқылы алуға болатын еңбекке жарамсыздық (науқастанған) күнiнiң саны коэффициентiне көбейтумен айқындалады.

Мысалы, әйел орташа айлық табысы 95 000 теңгемен 12 ай ұйымда жұмыс iстедi. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күн болса, еңбекке жарамсыздық күнi санының коэффициентi 4,2 тең. Демек, жүктiлiгiне және босануына байланысты бiржолғы төлем зейнетақы аударымдарын шегерусiз 399 000 теңгенi құрайды.

Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөнiндегi кез келген мәселе бойынша консультацияны қазақстандықтар 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалып алуына болады және сұрақтарын қоя алады.

Барлығы мемлекеттiк корпорация арқылы жылдың басынан берi 97,5 мың жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

Астанада «Қазақстан бала көзiмен» тақырыбында Астана күнiне арналған балалар суреттерi конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өттi. Конкурс «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы қызметкерлерiнiң балалары арасында өткiзiлдi. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрi Дәурен Абаев конкурстың жеңiмпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты марапаттау кезiнде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендерi үшiн олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелiк iс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнiмен құттықтады.

Ең үздiк суретшiлер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейiнгi балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Бiрiншi, екiншi және үшiншi орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншiсiнде кеттi. Ал балалар суреттерi конкурсының гран-приi Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.

«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңiмпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы — гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттердi ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Бiздiң конкурстың мақсаты — балаларды Отанына деген сүйiспеншiлiк пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Астана күнi құрметiне балаларға мерекелiк демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттiң мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенiнде болып, «Байтерек» монументi алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.

Еске салсақ, мемлекеттiк корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК — 4 кәсiпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуiрiнен бастаған болатын. Бүгiнгi таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қызметкердiң басын бiрiктiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Ашық үкiмет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген.

«Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады.

Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.

Ашық үкiмет

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

2016 жылғы 2 тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалының — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

2016 жылғы 2 тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалының — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмiнiң мобильдi ХҚКО шығу кестесi

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң Тайынша аудандық бөлiмi «Халыққа қызмет көрсету орталығы Мобильдiк тобы» жабдықталған жеке алыстанған ауыл тұрғындары мемлекеттiк қызмет көрсету жандандыруды жалғастырады. Селолық әкiмдермен шығу кестесiн келiстiрiледi.

Жеке ауылдар алыстанған ауыл тұрғындарға қызмет көрсету, одан сайын қызу жұмыста.

  • Яснополян а/о — 2016 ж. 01.04., 2016 ж. 07.04.;
  • Чкалов а/о — 2016 ж. 04.04., 2016 ж. 08.04.;
  • Абай а/о — 2016 ж. 23.05., 2016 ж. 30.05.;
  • Летовочный а/о — 2016 ж. 24.05., 2016 ж. 31.05.;
  • Киров а/о — 2016 ж. 02.06., 2016 ж. 09.06.;
  • Алабота а/о — 2016 ж. 03.06., 2016 ж. 10.06.

Баспасөз релизi

2016 жылғы 22 маусым
Астана қаласы

«Азаматтарға арналған үкiметте» фронт-офистердi жаңғырту жүрiп жатыр

«Азаматтарға арналған үкiметте» фронт-офистердi жаңғырту жүрiп жатыр«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн фронт-офистердi жаңғырту жұмыстары жүрiп жатыр. Әрбiр кеңседе корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң бiрiңғай ақпараттық базасы, кедергiсiз қызмет көрсету, электрондық кезек енгiзiлдi, сондай-ақ нақты жұмыс режимiнде мемлекеттiк қызмет көрсету процесiн бақылауға болатын ахуалдық орталық енгiзiлдi. Бөлiмдердiң көпшiлiгi сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiнгi жұмыс кестесiне көштi.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияда жаңғырту жұмыстарының екi кезеңi аяқталып, нәтижесiнде аудандық және ауылдық маңыздағы елдi мекендер 120 бiрiңғай фронт-офистермен қамтамасыз етiлдi. Ендi азаматтар мемлекеттiк корпорация көрсететiн барлық қызмет түрлерiн бiр жерден ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, оңтайландыру жақын орналасқан фронт-офистердi бiрiктiру есебiнен жүргiзiлуде. «Офистердi оңтайландыру азаматтардың қызметтердi бiр жерден алуына мүмкiндiк бередi, сондай-ақ ғимаратты күтiп-ұстау және жалға алу шығындарын едәуiр азайтады. Бұл ретте мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi жұмыс жүктемесiне қарай фронт-офистерге орналастырылады»,- дейдi ол.

Офистердi жаңғыртумен қатар, мемлекеттiк қызмет көрсету уақыты мен құжаттар топтамасын қысқарту бойынша мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстары жалғасуда.

Естерiңiзге салсақ, жаңа құрылым 530 мемлекеттiк қызмет түрiн көрсетедi, ал жақында мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссия мемлекеттiк корпорацияға беру үшiн тағы 53 қызмет түрiн белгiледi. Осылайша, жақын арада азаматтар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi арқылы 583 қызмет түрiн алатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздiХалықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жұмыскерлерi Қазақстанның барлық өңiрлерiнде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлерiндегi әлеуметтiк жұмыскерлерге көшпелi кеңестер өткiздi.

«Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңiрлерiнде өттi. Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңжұмыскерлерi отбасы негiзiндегi балалар үйлерiнде қорғаншылықты ресiмдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресiмдеу және т.б. әлеуметтiк маңызды қызметтердi көрсету бойынша көшпелi кеңестер өткiздi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» қарағандылық филиалының өкiлдерi балалармен футболдан жолдастық кездесу өткiзiп, 16 жасқа толған жеткiншектерге дайын жеке куәлiктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердiң күтiмiн жасайтын құралдар түрiнде жағымды сыйлықтар алды.

Атап өтсек, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттiк қызмет түрi қолжетiмдi. Олардың iшiнде зейнетақы төлемдерi, 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және т.б. әлеуметтiк маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтерi бар.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды

Баспасөз-релизi Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылдыШалғай ауылдық округтерiнiң халқына ыңғайлы болу үшiн құрылған Мобильдiк Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн кеңестердiң ауқымын кеңейттi. Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы департаменттерiнiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi шығатын болады.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттiк қызмет қазақстандықтарға мобильдiк ХҚКОлары арқылы қолжетiмдi. Жобаны iске қосқан сәттен бастап 66 бiрлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттiк қызметтердi ғана алып қоймай, әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелерi бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша мобильдiк ХҚКОлар жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша бекiтiлген кестелер бойынша шығады. «Мобильдiк ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшiн құрылған болатын. Көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымы мен сервистерiн кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшiн неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай iшiнде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елдi мекендi қамтыды», — дейдi Әбдiлманов.

Республиканың 14 өңiрiнде 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейтiнiн естерiңiзге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКОлар 127 063 мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

Сапарлар кестесiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкiмдiктердiң және өңiрлiк БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады

«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады.

Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС- хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген.

Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI).

Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

2016 жылғы 1 тоқсанның Мобильдiк ХҚКО «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының Тайынша аудандық бөлiмiнiң кестесi

2016 жылғы 1 тоқсанның Мобильдiк ХҚКО «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының Тайынша аудандық бөлiмiнiң кестесi

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының Тайынша ауданының бөлiмiнде «Халыққа қызмет көрсету орталығы Мобильдiк тобы» жабдықталған жеке алыстанған ауыл тұрғындары мемлекеттiк қызмет көрсету жандандыруды жалғастырады. Селолық әкiмдермен шығу кестесiн келiстiрiледi.

Жеке ауылдар алыстанған ауыл тұрғындарға қызмет көрсету, одан сайын қызу жұмыста.

  • Рощинск а/о — 2016 ж. 21.01., 2016 ж. 28.01.;
  • Амандық а/о — 2016 ж. 22.01., 2016 ж. 29.01.;
  • Драгомир а/о — 2016 ж. 01.02., 2016 ж. 08.02.;
  • Зеленогай а/о — 2016 ж. 02.02., 2016 ж. 09.02.;
  • Краснополян а/о — 2016 ж. 24.03., 2016 ж. 30.03.;
  • Летовочный а/о — 2016 ж. 25.03., 2016 ж. 31.03.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Бұл санжыл басынан жаңа жүргiзушi куәлiктерiн алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргiзушi куәлiгi, оның iшiнде әйелдерге — 10 776 жүргiзушi куәлiгi берiлдi.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргiзушi куәлiгiн алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсiп келедi. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргiзушi куәлiгiн алды, олардың iшiнде 4 мыңы — әйелдер. 2015 жылдың 2 айына — 27 мыңнан астам, олардың iшiнде 8 мыңнан астамы — әйелдер. Осы жылы да бiз сол сияқты жүргiзушi куәлiктерiн беру бойынша қызметтердiң өсу динамикасын көрдiк», — деп айтып өттi ол.

Автокөлiк құралдарын тiркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейiннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтемiз. Бүгiнде Қазақстанда автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстейдi.

Бизнес-процесстердi автоматтандырудың жәнемемлекеттiк органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерiн интеграциялаудың арқасында жүргiзушi куәлiктерiн алу уақыты 2 сағатқа дейiн қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрiгерлерiнiң кабинеттерiн және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық iлеспе анықтамаларды бiр жерде алуға мүмкiндiк бердi.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда мiндеттердi бөлiсу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлерi құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлерi жүргiзушi куәлiктерi мен көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiн жасау процесiне қатыстырылады.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алдыЖылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргізуші куәліктерін алды

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша баспасөз қызметi

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Петропавл қаласының №1 бөлiмiнде 2016 жылдың қаңтар айында инвесторларға қызмет көрсету секторы iске қосылды. Аталған секторда кез-келген шетелдiк немесе отандық инвестор 300 аса қызмет түрiн ала алады.

Инвесторлардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жеңiлдету инвесторларға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзудiң арқасында мүмкiн болды.

«Инвесторлардың қолайлығы үшiн ХҚКОда мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi мiндеттерi инвестициялық мүмкiншiлiктер мен мемлекеттiк қызметтердегi мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру, мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындауда көмек және ресiмдеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде орталық және жергiлiктi органдарда инвестициалық жобаларды сүйемелдеу бойынша болып табылатын инспекторлар көрсетедi», — дедi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев.

Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету секторы орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi.

Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел:
8 (7172) 75-45-40.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi

Электрондық үкiмет порталында «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» қызметi қол жетiмдi.

Қызметтi онлайн тәртiпте алу үшiн, Сiзге:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Қызметтердi көрсету үшiн мемлекеттiк баж алымын төлеу
  4. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Куәлiктi алу үшiн мемлекеттiк органға жүгiну.

Тiркеу есебiне тұру үшiн Өтiнiш берушi жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде бұған дейiн тiркелмеуi тиiс. Салық органының коды өтiнiш берушiң тұрғылықты жерi бойынша тiркелген мекенжайына сәйкес таңдалады.

Қазiргi уақытта «электронды үкiмет» порталында жүзеге асырылатын «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» мемлекеттiк қызметi, өзi тұратын (тiркелген) мекен жайды жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат орналасқан орны ретiнде жеке тұлғаларға ғана қол жетiмдi.

Егер, жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушының, адвокаттың орналасқан орны ретiнде жоспарланып отырған мекен жайы жеке тұлғаның тұрғылықты (тiркелен) мекен жайынан өзгеше болған жағдайда, жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркелу мақсатында салық органдарының ақпаратты қабылдау өңдеу орталығына жүгiнуiңiздi ұсынамыз».

Қызмет көрсету нәтижесi — жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.

«ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi»

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен жеке тұлғаларға мемлекетпен ақшалай түрде ұсынылады.

Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке құқыққа ие.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды:

  1. Қазақстан Республикасында азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа қабiлеттi сұрақтары бойынша уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасына белсендi қатысудан жазбаша түрде бас тартқандарға, бiр айдан аса ауруханада емделуде жатқан кезеңiндегi тұлғалармен мүгедектерден басқа, студентер, тыңдаушылар, курсанттар және күндiзгi бөлiмде оқитын магистранттар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi бағып күтумен жұмыс iстейтiндер, сексен жастан үлкен тұлғалар, жетi жаска дейiнгi балалары бар азаматтар;
  2. Жұмысқа орналасуға уәкiлеттi органдар ұсынымнан дәлелдi себепсiз бас тартқан жұмыссыздар, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнынан немесе қоғамдық жұмыс, мамандыққа даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi көтеру сияқты жұмыстарға және оқытуларға қатысуын өз ерiктерiмен тоқтатқандар.

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау уәкiлеттi органмен атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бюджетiне сәйкес қарастырылған сома iшiнде жүргiзедi.

Атаулы әлеуметтiк көмек көлемi уәкiлеттi органмен жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен областа белгiленген кедейлiк деңгейiн әр отбасы мүшесiне санағандағы айырмашылығына байланысты.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баланы балабақшаға кезекке қою

Бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарының есiгiнiң алдында балабақшаға балаларын орналастыруға қалаушы ата-аналар тобын әрбiр ана жақында қорқынышты түсiндей елестететiн. Қазiр бәрi басқаша. Балаңызды мектепке дейнгi балалар мекемесiне кезекке қалай қоюды сiз осында оқи аласыз:

Өзiңiздiң балаңызға туу туралы куәлiгiн ресiмдеу кезiнде, сiз балаңызды мемлекеттiк балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол үш-төрт жасына дейiн келедi. Егерде сiз жергiлiктi атқарушы орган арқылы аталған рәсiмдi бұрынғыдай өткiзгiңiз келсе, онда бұл да мүмкiн.

Егерде сiз ХҚКО-ға жүгiнсеңiз, онда портал арқылы өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 30 минут iшiнде сiз өз кезегiңiздiң нөмiрiн бiлетiн боласыз, бұл жайлы қызметтi алушыға кезектiң нөмiрi көрсетiлген қолхат берiледi. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

ХҚКО-ға екi құжат қана қажет:

  1. Қызмет алушының заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң жеке құжаты (сәкестендiру үшiн);
  2. Мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орынды алуға құқығын растайтын құжат.

Қалған қажеттi деректердi ХҚКО қызметкерi сәйкесiнше мемлекеттiк ақпараттық жүйеден уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Балабақшаға кезекке www.egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе iOS және Android үшiн қолжетiмдi egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы қонлайн қоюға болады. Жас ата-аналар үшiн кезекке онлайн қою тәсiлi ыңғайлы, өйткенi бұны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Кезектi интернет арқылы egov.kz порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» сервисiнiң көмегi арқылы қадағалауға болады.

Бiрiншi орынды алу құқығына ие:

  • мүгедек балалар;
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетiм балалар;
  • көп балалы отбысылардың балалары;
  • жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалардың балалары.

Портал арқылы қызметтi алуда тұлғалардың жеңiлдiктi санатына портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болу қажет.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жас жұбайларға естелiк!

Некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлерге, қазiр некенi тiркеуге үшiн арызды АХАТ жүгiну қажет емес. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЙҚ) және интернет-ресурсына қолжетiмдiлiкке ие болсаңыз www.egov.kz порталында некенi тiркеуге арызды Онлайн бере аласыз. Осындай қағидада арыз беру Сiздiң уақытыңызбен жол шығыныңызды үнемдейдi.

Неке тiркеуге арызды берушiге қызметтi онлайн алушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiмде ерiнiң немесе зайыбының ЖСН көрсету және неке тiркелетiн АХАТ таңдау;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет;
  4. Бұрынғы ерiнiң немесе зайыбының өтiнiш берудi растауын алу. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күтуi мүмкiн, одан кейiн күшiн жояды.

Некенi тiркеу арызын растаушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметтердi алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  3. Егер өтiнiштi берушi төлемесе, қызметтi төлеу қажет.
  4. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторы жылдам және кезексiз жасауға мүмкiндiк бередi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторлары аудан ХҚКО-да азаматтардың қолайлығы үшiн қызмет етуде, «Connection Point» деп аталатын, аудан тұрғындары инспекторды күтпестен электронды қызметтердi алуға мүмкiншiлiктерi бар.

Аталған секторда инспекторлар қызмет етуде, егерде мемлекеттiк қызметтi азамат алғаш рет алған жағдайда, мiндеттi түрде оған көмектеседi.

Айта кетейiк, www.egov.kz электронды үкiмет арқылы азаматтар арасында аса сұранысқа ие қызметтердiң iшiнде — жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама. Одан басқа ХҚКО клиенттерi өздiгiнен өзiнiң ЖК тiркеуге, тегiмен атын ауыстыруға өтiнiм беруге, баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкiндiктерi бар.

Инспекторлар мемлекеттiк баж төлеуге, салық, жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды, коммуналдық қызметке қалай төлеуге болатынын түсiндiредi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ЭЦҚ мүмкiншiлiгi

Электронды цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi.

Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сiз:

  • облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттiк органдар виртуалдық қабылдауына өтiнiштердi жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтiнiштерiн мемлекеттiк органдарға тапсыруға мүмкiндiк және өтiнiштiң дәрежесiн: мемлекеттiк органға жеткiзiлгенiн, орындалуға берiлгенiн, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк орган тарапынан жауапты әрекетке кепiлдiк бередi);
  • үйден шықпай тәулiгiне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттiк қызметтердi ала аласыз;
  • тауарлардың және қызметтердiң электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиiмдi баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз.

Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанында орналастырылған Ұлттық куәландыру орталығынан ала аласыз немесе www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландiрушi орталығының сайтында онлайн тапсырыс бере аласыз.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсiздiк күнiмен құттықтады

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО филиалының Тайынша ауданының бөлiмi Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгi күнiнiң қарсаңында дүниеге келген балаларды құттықтады. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО филиалының Тайынша ауданының бөлiмiнiң қызметкерлерi дәл шығару уақытында тура перзентханаларда туу туралы куәлiктi салтанатты түрде табыстауды ұйымдастырды.

Баланың туылуын тiркеу жөнiндегi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi жергiлiктi атқарушы органдар мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресiмделедi. Оны алу үшiн ата-ананың жеке куәлiгi, неке қию туралы куәлiгi, туу туралы медициналық куәлiк немесе туу туралы фактiнi анықтау туралы сот шешiмiнiң көшiрмесi талап етiледi. Қызмет 2 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi.

«Әдетте, туу туралы куәлiкке тапсырыс беру үшiн ХҚКО-ға ата-ананың бiрi жүгiнедi. Мереке аясында бiз өтiнiштердi өзiмiз қабылдадық және құжаттарды дәл перзентханадан шығару кезiнде жеткiздiк», — дедi бөлiм басшысы М.М. Кахабаев.

ХҚКО-лардың тууды тiркеуден басқа, баланың туылуына және бала күтiмiне байланысты жәрдемақылар тағайындауға сұрау салулар қабылдайтындығы баршамызға мәлiм, ал «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы ата-аналар баланы балабақшаға кезекке қоя алады.

Айта кетейiк, жылдың басынан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК СҚО филиалының Тайынша ауданының бөлiмi 430 (төрт жүз отыздан) астам туу туралы куәлiк бердi.

ХҚКО-лар нәрестелер мен олардың аналарын Тәуелсiздiк күнiмен құттықтады

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

«Мобильдi ХҚКО» 2015 жылдың 4 тоқсанына арналған жұмыс кестесi

№ п/п Селолық округ атауы Шығу саны Шығу күні
4 тоқсан
1 Зеленогай а/о 
Новогречановка а.  
2 01.10.2015 ж. 
08.10.2015 ж.
2 Яснополян а/о 
Дашка-Николаевка а.
2 02.10.2015 ж. 
09.10.2015 ж.
3 Яснополян а/о 
Ясная поляна а.
2 20.11.2015 ж. 
26.11.2015 ж.
4 Абай а/о
Карагаш а.
2 23.11.2015 ж. 
27.11.2015 ж.
5 Летовочный а/о 
Летовочное а.  
2 02.12.2015 ж. 
09.12.2015 ж.
6 Чкалов а/о 
Чкалово а.
2 03.12.2015 ж. 
10.12.2015 ж.

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi артты

2015 жылғы 10 желтоқсан
Астана қ.

Баспасөз релизi ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi арттыХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметтi көрсетудi бастады. Бұған дейiн ХҚКО-лар аталған ведомствоның 17 қызметiн ұсынған болатын. Ендi қызметтер тiзбесi кеңейтiлдi және Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келiп жеттi.

Атап айтсақ, ендi ХҚКО-ларға салық төлеушiлердi тiркеу, салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кiрiстер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттiгiн растау және т.б. үшiн жүгiнуге болады.

Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтердi ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Ендi оларды мемлекеттiк органдар және баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетедi. Қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ға дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкi сағат 20.00-ге дейiн жүгiнуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердiң басым бөлiгi толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетiнше алуға болады. «Бұл үшiн электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткiлiктi. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлiкке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседi», — деп атап өттi ол.

Балташева қазiргi уақытта көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары келiсу үстiнде екендiгiн айтып өттi. Олар бекiтiлiсiмен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негiздерде көрсетiлетiн болады.

Анықтама ретiнде, Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оның iшiнде 22 миллион қызмет — электрондық нысанда көрсетiлдi.

«ХҚКО» РМК баспасөз қызметi

«Өзiңнiң жылжымайтын мүлiгiңдi тiрке!»

«Өзiңнiң жылжымайтын мүлiгiңдi тiрке!»Ақпараттық қызметтердiң сұранысымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Жылжымайтын мүлiкке құқығын (мүлiк аурытпалығын) мемлекеттiк тiркеу» дәстүрлi сипаттағы қызметпен қолдануда. Халыққа қызмет көрсету орталығы үрдiсiнiң алға басуын талдай отырып бар сенiмдiлiкпен ХҚКО көрсетiлетiн жылжымайтын мүлiктi тiркеу бойынша қызмет сұранысқа көп қызметтердiң бiрi деп айтуға болады.

Жалпы ақпарат үшiн ХҚКО жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi құжаттар тiзiмiн ұсынамыз:

 

  1. белгiленген нысандағы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;
  2. қызметтi алушының жеке куәлiгiн растайтын құжат (жеке тұлға) (қызметтi алушының сәйкестiгiн растау үшiн түпнұсқа ұсынылады);
  3. қызметтi алушының уәкiлеттi тұлғаның жеке куәлiгi және қызметтi алушының уәкiлеттiлiгiнiң өкiлдiгiнiң растайтын құжат, қызметтi алушының жеке куәлiгiн, құжаттың мәлiмет көрсетумен (егер қызметтi алу үшiн өкiлдiгi жүгiнген жағдайда);
  4. тiркеу объектiсiн растайтын құқықбелгiлеушi және басқа құжаттар;
  5. тiркеу жинақ сомасын бюджетке төлегендiгi растайтын құжат немесе жинақ төлеуден босатылғандығы жөнiндегi растайтын құжат.

Көрсетiлген құжаттардан басқа тiркеу объектiлерiне байланысты басқа құжаттар ұсынылады.

Зейнетке шығу үшiн не қажет?

Зейнетке шығу үшiн не қажет?Қазақстанның тұрғындарында зейнетке шығуды ЗТМО, Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ресiмдеуге мүмкiндiктерi бар. ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызметтi ресiмдеу кезiнде келесi құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлiк (жеке куәлiк, азаматтығы жоқтарға тұру анықтамасы), сонымен қатар оралмандар үшiн — оралмандардың куәлiгi, қызметтi алушылардың тұрғылықты мекенi бойынша тiркелуiн растайтын құжат (тұрғылықты жерiнен анықтама немесе ауыл әкiмiнен анықтама, Байқоңыр қ. тұрғындары үшiн Ресей Федерациясының Байқоңыр қ. тұрғын үй шаруашылығындағы азаматтардың есепте тұру және тiркелуi бойынша бөлiмнен берiлетiн анықтама); зейнетақы және жәрдемақы беру бойынша өкiлеттi органнан банк шотының нөмiрi жөнiнде дерек немесе түзету мекемесiнен бақылау шотының болуы туралы мәлiмет; қамқоршылық (қорғаншылық) жағдайда қамқорлықты растайтын құжат ұсынылады, өтiнiштi берген жағдайда және үшiншi тұлғаларға құжатты берген жағдайда — сенiмхат ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелерi салыстыру үшiн берiледi, содан соң құжаттардың түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Портал арқылы ресiмдеген кезiнде: Қызметтi алушының ЭҚҚ, электронды құжат нысаны бойынша сұраныс қажет. ХҚКО арқылы құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызмет 10 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi, портал арқылы — ЗТМО ақпараттық жүйесiне электрондық сұраныс келiп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайтын уақытта көрсетiледi. Дегенмен, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi iс материалын ресiмдеуге уақыт қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн. «Мемлекеттiк базалық зейнетақыны төлеудi тағайындау» мемлекеттiк қызметi ақысыз көрсетiледi. ХҚКО арқылы құжаттарды тұрғындар дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн тапсыра алады. «Электрондық портал» арқылы зейнетақыны тәулiк бойы ресiмдеуге болады.

Өзiңнiң зейнетақы қорыңды бақыла!

Өзiңнiң зейнетақы қорыңды бақыла!Бiрiңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары инвестициялық кiрiс есебiмен зейнетақы қорының жағдайы жөнiнде ақпаратты электрондық үкiметтiң порталынан ала алады. Бүгiнгi таңда eGov пайдаланушылары кiрiстерi көрсетпей-ақ зейнетақы аударымдары сомасы бар Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталықтарынан (МЗТО) анықтамаларды алу мүмкiндiктерi бар. БҰЗҚ берiлетiн бұл анықтамада салымшының зейнетақы жинақтамасының жағдайы туралы ақпарат, жеке зейнетақы шотындағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы салымдарының түсуi, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылуы, сонымен қатар инвестициялық кiрiс туралы ақпарат бар.

Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясында — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» тарауында — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiнде қол жетiмдi. Қызметке ие болу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет. Қызмет көрсету мерзiмi 30 минуттан аспайды.

Осындай қызмет түрiн жасау азаматтар үшiн өз жинақтары туралы барлық ақпараттарды алуға мүмкiндiк туғызады. Ендi әр салымшы өздерiнiң зейнетақы жинақтарын үнемi бақылап отыра алады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алу

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алуБiлiм жөнiндегi құжатты жоғалттыңыз ба? Қайғырмаңыз. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, сонымен қатар негiзгi орта және жалпы орта бiлiмi туралы телнұсқаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» және «Техникалық және кәсiптiк бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметтерiн алу үшiн сiзге ХҚКО-ға келесi құжаттарды ұсыну қажет: оқу орнының басшысы атына нысан бойынша өтiнiш, мерзiмдiк баспасөз басылымына құжаттың тiркеу нөмiрi және беру күнi көрсетiлген құжаттың жоғалуы туралы хабарламаның көшiрмесi (10 күн мерзiмiнен аспайды), алушының жеке куәлiгi, сонымен қатар, қажет болған кезде: тегiн ауыстырғанын растайтын құжат және жарамсыздыққа келген немесе құжатты толтыру кезiндегi қателерi бар (бар болса) бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасы.

Ал «негiзгi орта, жалпы орта бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» қызметiн рәсiмдеу үшiн сiзге баланың ата-анасының немесе қызмет алушының жеке куәлiгiмен туу туралы куәлiктiң (2008 жылға дейiн туылған жағдайда) көшiрмесi, азаматтың немесе ата-анасының өтiнiшi, егер бала кәмелеттiк жасқа толмаса, сонымен қатар құжаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi жарияланған мерзiмiнен 10 күн өтпеген мерзiмдi баспасөз басылымынан үзiндi.

Барлық үш қызмет тегiн көрсетiледi. ХҚКО-ға аптаның алты күнiнде үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн өтiнiш бiлдiруге болады. Құжаттар пакетiн тапсырғаннан кейiн бiр айдан кейiн сiздiң қолыңызда бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы болады.

«Некеге түсем деушiлерге естелiк»

«Некеге түсем деушiлерге естелiк»Некеге түсем деушiлерге, қазiргi уақытта некеге тiркелу өтiнiмiн беру үшiн АХАТ бару мiндеттi емес. Ғаламтор-ресурсына шығу мүмкiндiгi және электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда, сiз өз бетiңiзше www.egov.kz порталы арқылы некеге тiркелу үшiн Онлайн өтiнiмiн бере аласыз. Өтiнiмдi берудiң бұндай принципi, Сiздiң ХҚКО (алыс өңiрлерде тұратын азаматтар үшiн) бару жолына уақыт пен шығыныңызды үнемдейдi.

Онлайн қызметiн қалай алуға болады некеге тiркелу өтiнiмiн берушiге келесiлер қажет:

 

 

  1. Порталда тiркелу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына көшу.
  2. Өтiнiмдi толтыру. Өтiнiмде жұбайының ЖСН көрсету, және неке тiркелетiн АХАТ бөлiмiн таңдау.
  3. ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба) өтiнiмге қол қою.
  4. Болашақ жұбайыңыздың берген өтiнiмiне растау алу. Өтiнiмге растау 48 сағаттан аспайтын уақытта күтiледi, содан соң жойылады.

Некегетiркелу өтiнiмiн растаушыға келесiлер қажет:

  1. Порталда тiркелу және «Қызметтi алу тарихы» бөлiмiнде қол қоюды күтушi тапсырысын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оны ЭЦҚ (электронды-цифрлық қол) қол қою.
  3. Егер өтiнiм берушiмен қызметке ақы төленбесе, оған ақы төлеу.
  4. ЭЦҚ (электронды-цифрлық қол) өтiнiмге қол қою.

Баспасөз релизi
Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

2015 жылғы 3 желтоқсан
Астана қ.

Баспасөз релизi Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға боладыҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба iске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды беруi ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзiне қарағанда, бұрын аталған қызметтердi азаматтар ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Ендi оларды баламалы негiзде мемлекеттiк орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетедi. Бұл ретте қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ларға дүйсенбiден бастап сенбiге дейiн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкi сағат 20.00 минутке дейiн жүгiнуге болады», — деп қосып өттi Балташева.

Карантиндiк және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзiмдерi — 3 және сәйкесiнше 5 жұмыс күнiн құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнiмдi ауыстыруға карантиндiк сертификат алу үшiн өзiңiзбен бiрге тек қана жеке куәлiгiңiз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшiн, сондай-ақ импортер-елдiң өсiмдiктер карантинi бойынша ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейiк, екi жағдайда да өтiнiмдi толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тiзiмiн http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негiзде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 қызмет көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы — электрондық нысанда көрсетiлдi.

Бiрiңғай байланыс орталығы «1414»

Бiрiңғай байланыс орталығы «1414»2013 жылдың қазан айынан 1-2 топтық мүгедектiгi бар азаматтар мемлекеттiк қызметтердi үйiнде алу мүмкiндiгi бар екендiгiн естерiңiзге саламыз. Ол үшiн бiрыңғай 1414 нөмiрiне қоңырау шалып, өтiнiм беру жеткiлiктi. ХҚКО қызметкерлерi қызметалушымен хабарласып, қызмет алуға қажеттi құжаттар тiзiмiн анықтап, қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдайды.

Мобильдi топ 72 сағат iшiнде үйiне барып қызмет көрсетедi. Қызметалушының келiсiмi бойынша және интернет желiсiне қосылған дербес компьютерi бар болған жағдайда ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызметтердi ЭҮПнан алуды үйретедi. 1414-ке қоңырау шалу (ұялы байланыс операторларының бәрiне) тұрақты телефоннан сондай-ақ, ұялы телефоннан да тегiн. Қазақстандықтар кез келген уақытта мемлекеттiк қызмет көрсету туралы кеңестi ала алады: ББО тәулiк бойы, күнделiктi жұмыс iстейдi.

Мобильдiк ХҚКО

Халықтың бұқара тобына, сонын iшiнде алыстағы елдi-мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қол жетiмдiлiгi бойынша Елбасымен қойылған тапсырманы орындау шеңберiнде бүгiнгi таңда Тайынша ауданы бойынша мобильдiк ХҚКО қызмет етедi, олар 14 елдi мекендi қамтиды. 2015 жылдан бастап алыстағы елдi мекендерге 51 шығу жасалынды. Шығулар арнайы бекiтiлген кестеге сай жүргiзiледi.

Мобильдi ХҚКО-ның шығу кестесiмен tsn.sko.kz ресми сайтында танысуға болады. Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтiк даму Министрлiгi «Зейнетақы беру бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК, Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлiгi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК және «Казпочта» АҚ арасында жасалған 3 жақты меморандумға сәйкес 2015 ж. 16 наурызынан бастап бiрлескен мобильдi ХҚКО шығулары жүзеге асырылуда, берiлген меморандумның мақсаты алыстағы елдi мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Мобильдiк ХҚКО-ның шығулары кезiнде тұрғындарға электронды үкiмет порталының жұмыстары және электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылығын түсiндiру жұмыстарын өткiзедi. Халыққа кеңесшiлiк көмек көрсетiледi. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа жұмыс форматына ауысуы халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бердi, бизнес-үдерiстердiң автоматтандырылуы, барлық мемлекеттiк органдардың дерекқорларының және ақпараттық жүйелерiнiң бiрiктiрiлуiнiң нәтижесiнде бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң үлкен бөлiгi электронды форматқа ауыстырылды, бұл қызмет алу тәртiбiн жайдақтайды.

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз«Connectoin Point» өзiне — өзi қызмет көрсету секторы Қазақстандықтар үшiн ХҚКО-дағы кеңiнен таралған, сұранысы артқан бөлiм болып отыр. Аталған сектордың арқасында заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң маңызды мәселелерiн электронды үкiмет порталының онлайн-режимiнде шешiп алуда. Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы мамандарының айтуынша қызмет көрсету бойынша мекен-жайлық анықтама алу, жылжымайтын мүлкi жоқ екендiгi туралы анықтама алу, зейнетақы қорын есептеу анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама. Арнайы құралдармен және техникалармен жабдықталған орындар қызмет алушыларға қажеттi қызметтерiн ыңғайлы, әрi қысқа мерзiмде элетронды үлгiде алуына мүмкiндiк бередi. Сектор қызметкерлерi электронды үкiмет порталымен жұмыс iстеуге, мемлекеттiк қызмет көрсетудi онлайн арқылы алу қызметтерiне машықтануға үйретедi, онлайн-режим арқылы мәселелердi шешуге байланысты қажеттi барлық сұрақтар бойынша кеңес бередi, ЭСҚ алу тәртiбiн және оның мүмкiндiктерiн көрсетедi, сондай-ақ, мобильдi байланыс құралдары арқылы Мобильдi үкiмет жұмысының артықшылықтарын көрсетедi.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»Жылжымайтын мүлiктi сату күннен күнге өсуде. Жылжымайтын мүлiктi рәсiмдеу маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Тiркеушi орган арқылы қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн алу үшiн, сiзге «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» қызмет түрi бүкiл ХҚКО-да ұсынылуда.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. Қызметтi көрсету мерзiмi: бiр жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi,бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн қалғанда берiледi).

Көрсетiлетiн қызметтi алушы(не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес белгiленгеннысандағы сұрау салу;
  2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн берiледi);
  3. Заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартынмен www.con.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.

Мекенжай анықтамасы

Мекенжай анықтамасыМекенжай анықтамасы Қазақстан тұрғындарының арасында аса үлкен талап етiлетiн электронды қызмет болып қала бередi. Мекен-жайлық анықтаманы сiздер тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, өздерiңiз электронды үкiмет порталынан да ала алатындарыңыз туралы бiз сiздердiң тағы да естерiңiзге салайық деп отырмыз. Бұл үшiн ЭСҚ көмегiмен порталда авторлансаңыз жеткiлiктi. Ал егер сiздiң қолыңызда компьютер немесе ғаламтор болмаған жағдайда, ХҚКО әрқайсысында бар «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторынан қызмет алуыңызға болады. Бұл анықтаманы порталдан тек қана жеке тұлғалар ғана ала алады. Сондай-ақ, 2007 жылдың 13 тамызынан бастап азаматтық хал актiлерiне тiркелген балалардың ата-аналары үшiн онлайн-қызмет қолжетiмдi.

Егер анықтамадағы ақпарат толық емес немесе дәл емес (мекен-жай дұрыс емес немесе тiркеуге отырған күнi көрсетiлмеген) болса ХҚКО келiп, көшi-қон полициясы қызметкерiне мекен-жайлық мәлiметтерге түзету енгiзуге келуi қажет.

Мұрағаттық анықтамаларды алу

Мұрағаттық анықтамаларды алуСiзге еңбек өтiлiн растау керек пе? Алдынғы жұмыс орнынан еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтiк аударылым көлемi туралы ақпарат жинап жүрсiз, ал фирма әлдеқашан жабылып қалған? Бiлiмiңiздi және бiлiктiлiгiңiздi растау қажет пе? Ендi бұлар ғана емес, басқа да мұрағаттық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электрондық үкiмет порталы арқылы алуыңызға болады. Жоғарыда аталғандардан басқа «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметi көмегiмен жасы, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттармен марапатталғаны, ғалым дәрежесi мен атағын беруi, қамау, қоныс аударту және сауықтыру орындарында, экологиялық апат аймағында емдеуде болғаны жөнiнде, күштеп айдап кету және отанына қайта оралу, азаматтық хал актiлерi немесе мүлiктiк құқық туралы мәлiметтер алуға болады.

Қажеттi мұрағаттық құжатты өтiнiш бiлдiргеннен кейiн 15 күннен соң алуға болады, құжаттарды тапсыру күнi бұл мерзiмге кiрмейдi. Мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi рәсiмдеу кезiнде өзiмен бiрге қажет: жеке куәлiк, сонымен қатар сенiмхат, егер басқа тұлға үшiн анықтама алса. Электрондық үкiмет порталы арқылы анықтаманы алу үшiн ЭЦҚ-ның болғаны жеткiлiктi.

Мәлiмет үшiн, жеке және заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу-тегiн.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын анықтау және тағайындау Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн мiндеттi талап болып отыр. Атап айтқанда бұл мемлекеттiк қызмет ауыл тұрғындарына берiледi, себебi бiр мезгелде олардың атауы және саны берiлген жоқ. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. Бұл қызмет заңды және жеке тұлғаларға бiрдей көрсетiледi.

Уақыт мерзiмдерi:

  • 3 жұмыс күнi — мекенжайын анықтау жағдайда;
  • 7 жұмыс күнi — тағайындау, өзгерту немесе жою жағдайда, мүлiктiң орналасқан жерiн «Мекенжай тiркелiмi» ақпарттық жүйесiнде мiндеттi тiркеумен саяхат.

ХҚКО-ға мына құжаттарды берiңiз:

Құқық белгiлеушi құжаттар, жер учаскесiне берiлетiн акт, техникалық паспорт — олардың көшiрмелерi.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. Нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң тiркеу кодымен мекенжайын өзгерту, тағайындау, жою, анықтау бойынша анықтаманы аласыз.

Фото-бейне тiркеу жүйесiмен белгiленген жол жүру ережесiнiң бұзылғаны туралы ақпарат алу

Қызметтi онлайн алу

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және жiберу (ЭЦҚ талап етiлмейдi). Өтiнiмдi толтыру үшiн сiзге мынадай мәлiметтер талап етiледi: көлiк құралының нөмiрi, көлiк құралын тiркеу туралы куәлiктiң нөмiрi (техникалық паспорт), бұзушылық белгiленген, ұсынылған тiзiмнен қаланы таңдау.
  3. Бұзушылықтрдың болуы/болмауы туралы мәлiметтер «Сұранысты табу» түймесiн басқаннан кейiн бiрден пайда болады. Қажеттiлiгi болған жағдайда фото-бейне белгiлеу жүйелерiмен бекiтiлген, бұзылулар туралы алынған ақпаратты басып шығара аласыз.
  4. ЖҚЕ бұзу орын алған жағдайда сiз қарызды онлайн төлей аласыз.

*Онлайн қызметтi Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларының тұрғындары ала алады.

Сервис көмегiмен сiз фото-бейне жүйелермен тiркелген және барлық Қазақстан аумағында орын алған ереже бұзушылықтар үшiн айыппұлдарды қарай аласыз. Бiрақ тек Астана, Шымкент, Қостанай, Петропавл және Алматы қалаларында орын алған айыппұлдарды ғана төлеуге болады.

Порталды пайдаланушылар сондай-ақ ЖПБ қызметшiлерi тiркеген (хаттама бойынша) ЖҚЕ бұзу үшiн айыппұлды сол жерде төлей алады.

Қызмет көрсету нәтижесi

Фото-бейне тiркеу жүйесiмен белгiленген жол жүру ережесiнiң бұзылғаны туралы ақпарат алу.

Қазақстандықтар мемлекеттiк мобильдiк сервистердi көбiрек пайдалануда

Қазақстанда Мобильдiк үкiметтi енгiзу процесi белсендi жалғасуда. Миллионнан аса қазақстандықтар мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың сапалы жаңа деңгейiнiң пайдаланушылары атанды.

Қазақстан халқының мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының мүмкiндiгi кеңеюде. Коммуникацияның жаңа арналарының бiрi қызметтердi алудың мобильдiк форматы болды. Телефондар, смартфондар және планшеттердiң көмегiмен әрбiр қазақстандық мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн ХҚКО арқылы, eGov.kz порталы арқылы немесе мобильдiк қосымша арқылы «Мобильдiк үкiметте» тiркелу қажет, ол Android және iOS операциялық жүйелерiн көшiрiп алу арқылы қолжетiмдi.

Мобильдiк форматтағы мемлекеттiк қызметтер мобильдiк қосымша арқылы және SMS арқылы қолжетiмдi. 414 қысқа нөмiрiне қызметтiң атауымен хабарламаны жiберумен, пайдаланушы ендiгi қазiр техбайқаудан өтудiң мерзiмiн және мемлекеттiк тұрғын үй қоры жүйесiнен тұрғын үйге кезектiң нөмiрiн қарай алады. SMS-сервистер туралы айтқанда, ҚР президентiн сайлау қарсаңында, мобильдiк үкiметтiң пайдаланушыларына сонымен қатар SMS арқылы сайлау учаскесiн iздеу қолжетiмдi болғандығын, осы қызмет сол мерзiмде ҚР азаматтарының арасында ең танымал болып табылғандығын атап өтемiз.

«Мобильдiк Үкiметтiң пайдаланушылары үшiн қазiр 50 аса электрондық қызметтер қолжетiмдi және олардың саны 2016 жылы 100-ге жетедi», — дейдi «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова.

«Бүгiнгi күнi Мобильдiк Үкiметтiң танымал қызметтерiнiң бiрi зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы үзiндi болып табылады. Осындай үзiндiлердi eGov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы 24 мыңға жуығы берiлдi. Екiншi орында — мекенжай анықтамасын алу бойынша қызмет, оны қазақстандықтар 7 мың рет алды. Электрондық қызметтердiң танымалдығы бойынша үштiктiң көсбасшысын Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектi брондау», — деп «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова айтты.

Электрондық үкiметтiң мобильдiк қосымшасында азаматтарға сонымен қатар құжаттардың дайындығы, ЖҚЕ бұзғаны үшiн айыппұлдарды тiркеу туралы, борышкерлер тiзiлiмiне қосу және басқалар туралы хабарлама келетiн «Жеке кабинет» қолжетiмдi. Мобильдiк үкiметтiң ең үздiк сервистерiнiң бiрi электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу мүмкiндiгiмен сим-картаны шығару болып табылады.

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға 1414 Электрондық үкiмет және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерi бойынша қызмет көрсету

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға үйлерiне барып мемлекеттiк қызмет көрсету жобасы пилоттық режимде 2013 жылдың қыркүйектен бастап басталды.

Осы жоба мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға денсаулыққа байланысты ХҚКО келмеуiне байланысты мобильдiк топ жобасы жүргiзiлдi. «Мобильдiк ХҚКО» шақыру үшiн 1414 нөмiрiне хабарласу керек, өзiңiздiң мәлiметтерiн, мемлекеттiк қызмет алу үшiн қандай құжаттар, оның тiзiлiмдерiн бiлуге болады және де өзiңiздiң мәлңмде қалдыру қажет. Өтiнiш қылған азамаматтарға үйлерiне келiп мемлекеттiк қызмет, кеңес беру, электрондық үкiметт туралы барлық хабарлама алуға болады, және электрондық қолтаңба алуға мүмкiндiк туады.

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторының жұмысы туралы

СҚО бойынша ХҚКО РМК филиалының Тайынша бөлiмiнде «Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы» жұмыс iстейдi. Секторыдың мақсаты — тұтынушыларға мемлекеттiк электрондық қызметтi, кезек күтпестен, электрондық үкiмет порталы арқылы өзiне жасап алуға мүмкiндiк беру. Қандайда бiр сұрақтар туындаған кезде, сектордың кеңесшiсiнен көмек сұрауға болады. Порталдағы барлық қызметтердi қолдану үшiн азаматтың электрондық-сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы керек. Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы құрылғалы тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығы артуда. Мамандардан сабақ алған азаматтар, келешекте қажеттi қызметтердi өз компьтерiнен үйден шықпай-ақ алатын дәрежеге жетпек. Оған бiз сенiмдемiз.

Мемлекеттiк қызметтер бойынша бiрыңғай байланыс орталығына ендi тегiн мобильдiк қосымша арқылы хабарласуға болады

Ендi мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес алу үшiн 1414 бiрыңғай байланыс орталығына қазақстандық мамандармен құрастырылған «Phonebooth 2.0» («Телефон күркесi 2.0») арнайы мобильдiк қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

Бұл тәсiлдiң артықшылығы болып ББО Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар шетелден де тегiн хабарласу мүмкiндiгi табылады. Бұл ретте қосымшаның өзi шығарып алу үшiн тегiн және iOS пен Android платформаларындағы құрылғыларды пайдаланушылар үшiн қолжетiмдi (шығарып алу үшiн сiлтемелердi phonebooth2.com сайтынан табуға болады)

«Phonebooth 2.0» жобасының жетекшiсi Қайрат Ахметовтың айтуынша, қосымша әртүрлi call-орталықтарының каталогын қамтиды және пайдаланушы бiрыңғай байланыс орталығын Мемлекеттiк қызметтер санатының бiрiншi жолында табады.

«Дыбыс сапасы телефондағы интернет сапасына байланысты болып келедi. Алайда мысалы Viber-де әңгiмелесушiнiң екеуiнде де желiнiң сапалы сигналының болуы талап етiлсе, бiздiң қосымша үшiн тараптардың бiреуi ғана маңызды. Осылай байланыс орталықтары сапалы желiлер бойынша қосылғаннан кейiн, естiлу мәселелерi туындамайды», — деп атап өттi Ахметов.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарушы директоры Әсел Молдабекова: «Бiздiң басты мақсаттарымыздың бiрi барынша азаматтардың бiрыңғай байланыс орталығына оңай хабарласа алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Аталған қосымша — мемлекеттiк қызметтер бойынша кез келген уақытта ғана емес, сонымен қатар кел келген елден тегiн хабарласып сұрақ қоюдың тағы бiр тиiмдi тәсiлi», — деп толықтырды.

Естерiңiзге сала кетсек, өткенде Бiрыңғай байланыс орталығы ХҚКО арқылы берiлген өтiнiм жағдайын анықтау бойынша жаңа сервис түрiн көрсете бастаған. Жылдың басынан бастап бүгiнгi күнге дейiн 1414 операторлары 1,5 млн. астам консультация жасады.

Нашар көретiн адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады

egov.kz электрондық үкiмет порталында нашар көретiн адамдарға арналған нұсқа қолжетiмдi болды. Нұсқа WCAG 2.0 (Web Content Accessibility Guidelines) халықаралық стандартына сәйкес құрастырылды. Стандартқа сәйкес пайдаланушы сайттағы ақпарат пен интерфейсты толықтай түсiну мен әртүрлi веб-браузерлердi, соның iшiнде мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн арнайы браузерлердi қолдану мүмкiндiгiне ие болу керек.

«Атқарылған жұмыс: кереғарлық — 4.5:1-ден кем емес, мәтiн мен фон түсiн таңдау мүмкiндiгi, жол арасындағы интервал бiр жарым не одан үлкен, параграфтар арасындағы қашықтық жол арасындағы интервалдан бiр жарым есе үлкен, сияқты көрсеткiштер бойынша нәтижелерге жетуге мүмкiндiк бередi. Бұл көрсеткiштер нашар көретiн адамдар үшiн электрондық үкiметтiң 570 астам электрондық қызмет пен сервистерiн қолдануға мүмкiндiк бередi», деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов атап өттi.

Электрондық үкiмет порталында 3 млн. астам пайдаланушы тiркелген және жаңа нұсқаны құру мемлекеттiк қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етудегi келесi қадам болып саналады.

Электрондық үкiмет порталының нашар көретiн адамдарға арналған нұсқасы жайында «Қазақ соқырлар қоғамы» президентi Байболат Әубәкiров ой бөлiстi: «Аталмыш сияқты технологияларды қолдану халықаралық тәжiрибеде кеңiнен таралған және бүкiл әлемде қолданылады. Ендi ол Қазақстанда да қолжетiмдi болды. Мүмкiндiгi шектеулi адамдар күн сайын түрлi қиындықтармен кездесетiнi жасырын емес. Электрондық үкiмет порталының мемлекеттiк қызметтердi ұсыну процесiн барша қауым үшiн бұдан әрi қолжетiмдi ету бастамасы мен қуантады».

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға үйге шығып мемлекеттiк қызмет көрсету жобасы бiрiңғай контактi — 1414 мемлекеттiк орган бүкiл ҚР аумағы бойынша жоба

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға үйге шығып мемлекеттiк қызмет көрсету жобасы пилоттық режимде 2013 жылдың қыркүйек айында кiрiстi. Азаматтар ХҚКО келу мүмкiндiктерi жоқ болғандықтан, осы жоба уйде мемлекеттiк қызмет алуға мүмкiндiк болады, бiрақ регламент бойынша азамат мемлекеттiк қызмет алу үшiн жеке өзi келу керек. ХҚКО мобильдiк тобын шақыру үшiн азаматтар бiрiңғай контактi 1414 номерiне хабарласып өзiнiң мәлiметтерiн, құжаттардың тiзiлiмi және мәлiмдеме қалдыру қажет.

Кейiн мәлiмдеушiге ыңғайлы уақытта ХҚКО қызметкерi үйге қызмет көрсету үшiн шығады. Өтiнiш берушiнiң үйiне ХҚКО қызметкерi құжаттарды қабылдау және беру, мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмдерi туралы кеңес бередi, Электрондық портал арқылы қызмет алу туралы және электрондық қолтаңба беру туралы мәлiмдеме алады.

Электрондық цифрлық қолтаңба мемлекеттiк қызметтерге ыңғайлы қол жетiмдiлiгi

Еgov порталында сiздiң борышкер/борышкер емес екендiгiңiздi тексеруге болады

Электрондық үкiмет порталындағы жаңартылған жеке кабинет пайдаланушыларды борышкерлер тiзiмiне енгенi немесе одан шыққаны туралы хабардар етедi. 2014 жылдың соңына дейiн egov жеке кабинетiне Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелген борышкерлер тiзiмi» мен «Атқару өндiрiстер бойынша борышкерлер тiзiмi» жүйелерi қосылады. Содан кейiн портал автоматты түрде пайдаланушыны бұл ресурстарға енуi немесе бұдан шыққаны туралы хабардар етедi. Борышкер болып алимент немесе жол қозғалысы тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұлдары және коммуналдық қызметтер бойынша қарызы бар адам есептелетiнiн естерiңiзге саламыз. Қара тiзiмге сот өндiрiп алуға қаулы еткен 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар адамдар кiргiзiледi.

Мобилдi үкiмет — бұл халыққа қосымша қызмет беретiн канал

Мобилдi үкiмет — бұл көптеген халық үшiн ыңғайлы тәсiл, жасқа қарамайды, арнайы мәртебе, тұрғылықты жерi бойынша ыңғайлы, ол сондай-ақ жергiлiктi.

Мобилдi үкiмет — бұл планшет, смартфон арқылы халыққа қызмет бередi, сондай-ақ ұлттық телефонда болады.

Бұл үшiн, Мобилдi үкiметтi пайдалану өз телефон нөмiрiне байланысты электронды үкiмет порталына қажеттi есептi жазады. Бұл бүгiнде халыққа қызмет көрсету орталы арқылы немесе egov. kz арқылы жүзеге асырылуда.

Хабарламаны хабарлап алу немесе ескертпе түрде. Мысалы үшiн:

  • ЭҮП мен ХҚКО дайын құжаттарды беру туралы, балабақшаға кезекке қоюды өзгертуге;
  • мемлекеттiк қызметтi алу iркелкi парол болу(ЭҮҚ баламалы);
  • мемлекеттiк қызмет алуда, мобилдi үкiметтiң көмегiмен олар куәләндiрiледi;
  • мемлекеттiк қызметтi алуда SMS-хабарлама.

Бүгiнгi күнде бұл жобаны мобилдi телефоннан 50 мiндеттенген қызметпен алу. Бұл жобаның бiрi болып техникалық мобилдi қолтаңба жобасы, сондай-ақ 2015 жылға жоспар енгiзiлуде. Сонымен қоса, ЭҮҚ арнай байқауда ғана емес сим-картада ала алады.

Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау

Зейнетақыға шығасыз ба және құжаттарды рәсiмдеудi неден бастайтынын бiлмейсiз бе? Ата-анаңыз зейнетақыны рәсiмдеуге көмек көрсетуiңiздi сұрады ма? Бiз сiзге «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау» мемлекеттiк қызметiн алу туралы айтамыз.

Қазақстан тұрғындарында зейнетақыны ЗТМО, Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе «электрондық үкiмет» порталы арқылы рәсiмдеуге мүмкiндiктерi бар.

Мемлекеттiк қызметтi ХҚКО арқылы рәсiмдеу кезiнде нысан бойынша өтiнiш; жеке басын куәландыратын құжатын (жеке куәлiк, шетел азаматының тұруға ықтиярхатын), сонымен қатар оралмандар үшiн-оралмандардың куәлiгiн; қызметалушының тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын); зейнетақы және жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым бөлiмшесiнiң банк шотының не түзеу мекемелерiнiң арнайы шот нөмiрi туралы мәлiметтер; қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалған жағдайда қорғаншылықты (қамқоршылық) тағайындауды растайтын құжат ұсынылады; сенiмхат — үшiншi тұлғамен өтiнiштi және қажеттi құжаттарды тапсыру жағдайда. Құжаттар салыстыру үшiн түпнұсқада және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттар түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Портал арқылы рәсiмдеу кезiнде: қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс.

Құжаттарды ХҚКО арқылы тапсыру кезiнде мемлекеттiк қызмет 10 жұмыс күн iшiнде көрсетiледi, портал арқылы — ЗТМО ақпараттық жүйесiне электрондық сұраныстың түсу сәтiнен бастап 30 минуттен аспайды. Алайда, мемлекеттiк қызмет мерзiмi iстiң материалдарын толық рәсiмдеу қажеттiлiгi жағдайда ұзартылуы мүмкiн.

«Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн тағайындау» мемлекеттiк қызметi тегiн көрсетiледi. Тұрғындар құжаттарды ХҚКО арқылы дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн тапсыра алады. Қызмет алушының қалауымен электрондық кезектi «броньдау» мүмкiн. Зейнетақыны «электрондық үкiмет» порталы арқылы тәулiк бойы ресiмдеуге болады.

Қазiргi кезде азаматтар «Connection point» арқылы Нұр Отан партиясы өкiлдерiне жүгiнулерiне болады

Connection Point — бұл клиенттердiң ХҚКО қызметкерiнiң қызметiн қолданбай, операциялық залда кезектi тоспай, ХҚКО бөлiмдерiнде өзбетiнше электрондық қызметтi ала алатын өзiне-өзi қызмет көрсету секторы. Осындай секторлар ХҚКО 2013 жылдан бастап жұмыс iстей бастады. Қажеттi анықтамалар, оның iшiнде өте сұранысқа ие мекенжай анықтамалары, зейнетақы салымдары туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң бар/жоқ екендiгi жөнiнде және басқа анықтамалардан басқа қызмет алушылар Кредиттiк оқиғаны алуына, Жоғарғы Сотқа өтiнiш берiп, «Нұр Отан» партиясы өкiлдерiнiң жеке қабылдауына жазылуға мүмкiндiктерi бар.

Connection Point мүмкiндiгi арқасында азаматтар онлайн режiмiнде «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауына өтiнiш жiбере алады, клиенттiң қалауынша ХҚКО қызметкерлерi оған тегiн кеңес көмек көрсетедi. Қызмет заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшiн қол жетiмдi.

Салықты уақытында төлеңiздер!

Салықты төлеу мерзiмi жақындады. Егер сiздiң атыңызға ҚР аумағында көлiк тiркелсе. Көлiкке салықты төлеу үшiн иелерiне VIN-код ұсыну қажет — көлiк құралының бiрегей нөмiрi (ағылш. Vehicle identification number, VIN). Көлiк құралының бiрегей коды, 17 символдан тұрады. Жеңiл автокөлiктер үшiн VIN-код кузов нөмiрi, ал жүк көлiктерi үшiн — шасси нөмiрi болып табылады. Мәлiметтер техпаспортта көрсетiлген. Жеке тұлғалардың көлiк салығын Қазақстан Республикасының Электрондық үкiметiнде төлей аласыз. egov.kz торабында.

Көлiкке салықты онлайн төлеу

Порталда авторлану және «Онлайн төлеу» батырмасы бойынша өту.

  1. Өтiнiмде көлiк түрiн, салық органын (автокөлiктi тiркеу орны бойынша) және салық кезеңiн көрсету, сондай-ақ автокөлiк VIN-кодын, салық сомасын көрсету (төлем сомасы дербес есептеледi).
  2. Ұсынылған онлайн төлемдердiң бiрiн таңдау (төменнен қараңыз).
  3. Ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығын растау және төлемдi жүргiзудi жалғастыру.
  4. Төлем картасының мәлiметтерiн енгiзу: нөмiрi, иесiнiң ТАӘ, қолданылу мерзiмi және CV-код (бiрiншi тәсiлдi таңдауда).
  5. Жеке кабинетте («Қызметтердi төлеу тарихы» тарауында) төлем туралы чекпен танысу.
  6. Қажеттiлiгi болған жағдайда сiз басып шығарылған чектi салық төлемiн растау үшiн Салық комитетiнде көрсете аласыз.

Онлайн төлем тәсiлдерi

Сiзге қолайлығына қарай төлемдi ұсынылған нұсқалардың бiрiмен жүргiзе аласыз.

  1. Барлық банктердiң VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus төлем карталарының көмегiмен, American Express тек «Казкоммерцбанк» АҚ клиенттерi үшiн ғана, Altyn «Қазақстан Халық банкi» АҚ клиенттерi үшiн ғана.
  2. Банктердiң есеп-айырысу-касса бөлiмшелерiнде және «Еуразиялық банк» АҚ және «Альянс Банк» АҚ интернет-банкингiнде төлеу.
  3. eGov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы төлеу.

Ескерту: Интернет-транзакцияларын жүргiзу қауiпсiздiгi мақсатында кейбiр банктер төлем карталарына лимиттер немесе қосымша кодтар белгiлейдi. Егер онлайн төлемдi жүзеге асыруда қиындықтар туындаса Банктегi менеджерiңiзге жүгiне аласыз. 1 күн iшiнде 3 транзакциядан артық жасауға болмайды.

Қызмет көрсету нәтижесi

Көлiкке салықты төлеу туралы электрондық чектi алу.

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды әлеуметтiк қорғау

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларды әлеуметтiк қорғау кез-келген мемлекеттiң қызметi болып табылады. Әлеуметтiк қоғамның дәрежесiн растау, оның даму кезеңiн сақтап құтқару немесе басқада олардың бiр жүйесiн жүзеге асыру.

Қазақстанның нақты уақытында ондай тұлғаға көп көңiл бөлу, өз бетiнше қамтамасыз етуге күшi жоққа ескерту. Әрқарай Қазақстан Республикасының әлеуметтiк саясатын дамытуда жұмысқа қабiлетсiз азаматты қолдау, сондай-ақ тiршiлiк әрекетi қайырымдылық жағдайын олар үшiн құру.

Бүгiнгi күнде халыққа қызмет көрсету орталығында 1 мен 2 топ мүгедегi үшiн мемлекеттiк қызметтi үйне барып беру мүмкiндiгi жүзеге асты. Нақты түсiмге тұлғаны әлеуметтiк қолдау мақсатында сервер түсiмi, халыққа қызмет көрсету орталығының нақты шарада болады. «Мобилдi топтың» баруы үшiн мемлекеттiк қызметтi ресiмдеуде, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға 1414 телефонына CaII-орталығына тегiн тапсырыс беру қажеттi. Үйне барып құжат қабылдауда 72 жұмыс сағаты iшiнде жүзеге асырылады, дайын құжаттарды беруде солай өндiрiледi. Нақты кеңес алу үшiн СҚО Аққайың ауданының «Халыққа қызмет көрсет орталығына» мына мекен жайына телефон соғу 8715(32)2-25-86 арқылы толық ақпарат алу мүмкiндiгi бар.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алу әдiстерi

ЭЦҚ алудың 2 әдiсi бар (тегiн):

1. Чипi бар жеке куәлiкке жазу, бұл үшiн:

1) Жақын арадағы ХҚКО-ға жүгiну керек;

2) ХҚКО операторы сiздiң жеке куәлiгiңiздi тексередi және жаңа ЭЦҚ кiлтiн жазып бередi, жол-жөнекей сiзден PIN-код ойлап табуыңызды және арнайы пернетақтаның көмегiмен оны енгiзудi сұрайды. PIN-код үшiн банк карточкаларына арналған кодқа ұқсас 4 санды ойлап табу керек. Жазу процесi небәрi 5-10 минутты алады;

3) ЭЦҚ бар жеке куәлiктi пайдалану үшiн арнайы құрылғы — смарт-карталарға арналған картридер алу керек.

2. ЭЦҚ алуға онлайн-өтiнiм беру және оны дербес компьютерде не флеш-тасымалдағышта сақтау, бұл үшiн:

1) ЭЦҚ алу үшiн www.pki.gov.kz сайтында онлайн-өтiнiм (үйден, кеңседен шықпай және т.б.) не ХҚКО-ның өзiн-өзi қызмет көрсету секторына жүгiну керек болады (http://www.pki.gov.kz/index.php/ru/poluchenie-klyuchej-etsp);

2) ЭЦҚ алу туралы өтiнiштi басып шығару;

3) Онлайн-өтiнiмдi растау үшiн жеке куәлiкпен және өтiнiшпен ХҚКО-ға жүгiну;

4) Онлайн-өтiнiм берiлген компьютерден ЭЦҚ пайдалану, бұл ретте ЭЦҚ кiлтiн алынғыш тасымалдағышқа (флэш-картаға) көшiруге болады.

Электрондық цифрлық қолтаңба — бұл сiздiң жеке қолыңыздың баламасы, оның көмегiмен Сiз тек қана уақытыңызды үнемдеп қоймай, сондай-ақ қажеттi қызметiңiздi үйден шықпастан ала аласыз. ЭЦҚ-ны беру тегiн жүргiзiледi. Қызметтi алу бойынша сұрақтар туындаған кезде, Сiз тәулiк бойы жұмыс iстейтiн 1414 Бiрыңғай байланыс орталығына жүгiне аласыз. Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегiн.

Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сiз:

  • тек облыстың ғана емес, сонымен бiрге республикалық мемлекеттiк органдардың қабылдауларына виртуалды жүгiнулердi жүзеге асыра аласыз;
  • аптасына 7 күн тәулiгiне 24 сағат мемлекеттiк қызметтердi ала аласыз;
  • электрондық саудаларда, аукциондар мен тендерлерде тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң неғұрлым тиiмдi баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз;
  • заманауи негiзде, барынша тиiмдi, аздаған шығындармен ұйымдар және билiк ететiн құрылымдармен Интернет арқылы өзара қарым-қатынас орната аласыз.

Қазақстанның кез келген қаласындағы, облысындағы әрiптестерiңiзбен экономикалық операцияларды қашықтағы режимде жасай отырып, өз бизнесiңiздiң географиясын кеңейте аласыз.

«Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу»

«Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу» мемлекеттiк қызметтi Агенттiк және оның облыстық аумақтық бөлiмшелерi көрсетедi. Өтiнiштердi қабылдау «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы, ХҚКО, көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiну арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштi «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берген сәттен бастап қолхатта көрсетiлген күнi және уақытта.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң нәтижесi тестiлеу әкiмшiсiнiң және оператордың қолы қойылған және мөрмен расталған қағаз жеткiзгiштегi белгiленген үлгiдегi сертификат және шектi мәннен төмен нәтижелерiмен тестiлеуден өткенi туралы анықтама.

Мемлекеттiк қызмет тегiз негiзде көрсетiледы.

Баспасөз релизi
«Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлданды

2015 жылғы 08 қазан
Астана қ.

«Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлдандыҚР Парламентiнiң Мәжiлiсi «ҚР мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жобасын екiншi оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты — мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша бiрыңғай провайдердi құру, халыққа қызметтердi ұсынуды реттейтiн нормаларды заңды түрде бекiту және халықты әлеуметтiк қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бiрыңғай стандарттарын сақтау», — деп ҚР ИДМ вице-министрi Сәкен Сәрсенов атап өттi.

«Қазiргi уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi. Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Қызметтердi iрiктеу үшiн ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететiн барлық мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi. Қызметтердi мемлекеттiк корпорацияға беру шарттарының бiрi оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», — деп қосты ол.

Кәсiпорындарды бiрiктiрген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерiн сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейiн көрсететiн болса, онда мемлекеттiк корпорацияда барлық қызметтер сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейiн көрсетiлетiн болады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеудi жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

Қазiргi уақытта заң жобасы ҚР Парламентi Сенатының қарауына жолданды.

Баспасөз релизi
Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

2015 жылғы 21 қыркүйек
Астана қ.

Аталған анықтаманы алу үшiн азаматтың өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажеттi өтiнiштердi толтыруы тиiс. Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзi келе алмаса, қызметтi алуға жүгiнген өкiлге нотариалды куәландырылған сенiмхат керек.

«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, ендi «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесi туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдiк жоғары оқу орындарының түлектерi кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртiбiмен жүгiне алады және де олардан аталған қызметтi алуға өтiнiм қабылданады», — деп қосып өттi ол.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi Астана тұрғындары үшiн 1 жұмыс күнiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн — күнтiзбелiк 15 күндi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды.

Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.

Балташева сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектiгi бар адамдардың үйiне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшiн оларға 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына жүгiну және қызметтi алу үшiн қолайлы уақытты көрсету керек. Мобильдiк топ 72 сағат iшiнде қызмет көрсету үшiн үйге барады.

Анықтама ретiнде: Бүгiнгi күнi Қазақстанда 191 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.

Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi.

ХҚКО хабарлайды

ХҚКО 1, 2 топ мүгедектiгi бар адамдарға үйiне барып қызмет көрсетудi жүзеге асырылады. Ол үшiн Бiрыңғай байланыс орталығы — 1414 (қоңырау шалу тегiн) қоңырау шалып мемлекеттiк қызметтiң қажеттiлiгi және жеке деректерiн қалдыру қажет. 72 жұмыс сағаты iшiнде ХҚКО қызметкерлерi сiздiң үйiңiзге келiп ХҚКО арқылы көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнен қажеттi мемлекеттiк қызметтi көрсетедi.

«Электрондық үкiмет»

Егер, қазiргi заманның азаматына «Электрондық үкiмет» сөзтiркесi белгiлi болса, ендiгi кезде «Мобильбiк үкiмет» шыға келдi. «Мобильбiк үкiмет» дегенiмiз не? Оның адамға қандай пайдасы бар?

«Мобильдiк үкiмет» — бұл мемлекеттiк қызмет көрсетудiң қосымша каналы. «Мобильдiк үкiмет» арқылы мекен жай анықтамасын, жол ережесiн бұзу үшiн айыппұл төлеу, жинақтау аударымдар туралы анықтама алуға тағы сол сияқты қызметтердi алуға болады.

Мобильдiк үкiмет қызметтi үй телефонынан 414 нөмiрiне смс жолдау арқылы алуға мүмкiндiк бередi. Нақ осы қызметтi смартфон және планшет арқылы egov.kz мобильдiк қосымшаны пайдаланып алуға болады. Осы уақытта «Электрондық үкiмет» порталы арқылы мобильдiк үкiметке қосылу жұмысы iске асырылды. Сол үшiн порталда тiркелгенде ұялы телефонының нөмiрiн көрсету керек. Тiркелгеннен кейiн сiз мұнан былай келесi бiле аласыз:

  • Хабарлау және ескерту сипаттағы хабарлама алу. Мысалы: ХКҚО-да және ЭҮП құжаттардың дайын болу туралы, бала бақшаға кезекке тұру және кезектiн өзгеруiн бiлу туралы, тұрғын үйге тұру кезегiнiң өзгеруiн, құжаттарды айырбастау туралы бiлуге болады. Керек хабарламаларды алу немесе жазылуға «Электрондық үкiмет» порталында пайдаланушының жеке кабинетiнде болады;
  • Мемлекеттiк қызметтi бiркелкi пароль арқылы алуға болады (ЭҚТ-ға балама сияқты);
  • Мемлекеттiк қызметтi мобильдiк қол қою көмегiмен алуға болады;
  • Мемлекеттiк қызметтi смс жолдау арқылы алуға болады.

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторының жұмысы туралы.

СҚО бойынша ХҚКО РМК филиалының Тайынша бөлiмiнде «Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы» жұмыс iстейдi. Секторыдың мақсаты — тұтынушыларға мемлекеттiк электрондық қызметтi, кезек күтпестен, электрондық үкiмет порталы арқылы өзiне жасап алуға мүмкiндiк беру. Қандайда бiр сұрақтар туындаған кезде, сектордың кеңесшiсiнен көмек сұрауға болады. Порталдағы барлық қызметтердi қолдану үшiн азаматтың электрондық-сандық қолтаңбасы (ЭСҚ) болуы керек. Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы құрылғалы тұрғындардың компьютерлiк сауаттылығы артуда. Мамандардан сабақ алған азаматтар, келешекте қажеттi қызметтердi өз компьтерiнен үйден шықпай-ақ алатын дәрежеге жетпек. Оған бiз сенiмдемiз.

Электрондық цифрлық қолтаңба мобильдi болады

2015 жылы қазақстандықтар электрондық цифрлық қолтаңбаны SIM-картаның көмегiмен пайдаланатын болады. «Мобильдi қолтаңба» электрондық қызметтер мен сервистердi ұялы телефонның кез-келген моделi арқылы алуға мүмкiндiк бередi.

Жоғарыда аталған жаңашылдық «Мобильдi үкiметтiң ақпараттық жүйесi.М-GOV құру» жобасы шеңберiнде әзiрленуде. Бүгiнгi күнi iOs және Android операциялық жүйесiн пайдаланушылар үшiн egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы 13 электрондық мемлекеттiк қызметтер қолжетiмдi. Олардың қатарында баспана кезегiне бақылау, коммуналдық қызметтер үшiн төлемақы төлеу, жеке тұлғалардың көлiк салығын төлеу қызметi секiлдi бiрқатар қызметтер бар. Аталған қызметтердi алу үшiн мобильдi қосымшаны пайдаланушылар файлдық ЭЦҚ қолданады.

SIM-картаға жазылған ЭЦҚ ұялы телефонның кез келген түрi арқылы электрондық қызметтердi алуға мүмкiндiк бередi, тек SIM-картаны ғана өзгерту қажет болады. «Мобильдi үкiметтi» құру барысында электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданбай-ақ алуға болатын электрондық қызметтердi SMS пен PUSH көмегi немесе бiр реттiк құпия сөздi қолдану арқылы хабарламалық және алдын ала ескерту сипатында алу мүмкiндiгi қарастырылуда. Бұл дегенiмiз, бiз болашақта мобильдi үкiметтiң мүмкiндiктерi аясында қағаз анықтамалар мен құжаттардан бас тартатын боламыз.

Қазiргi уақытта 2012 жылдан берi файл түрiнде жеке куәлiкке жазыла бастаған электрондық цифрлық қолтаңбаны egov.kz порталына кiру барысында компьютер, ноутбук, планшет және смартфон арқылы қолдануға болады.

Айтып өту керек, 2008 жылдан берi қазақстандықтарға барлығы 4,7 млн. ЭЦҚ берiлген. Қолданыстағы ЭЦҚ саны бүгiнгi күнi 2,35 млн. құрап отыр, оның 90% жеке тұлғаларға берiлген.

Бүгiнгi күнi азаматтар ЭЦҚ көмегiмен мемлекеттiк органдардың виртуалды қабылдауларына өз өтiнiмдерiн жолдап, анықтамалар алуда. Түрлi қызметтер мен рұқсаттарды алуға өтiнiш берiп, тұрғылықты мекен жайы бойынша тiркеуге тұрып, тiркеуден шығуда. Ал, заңды тұлғалар болса ЭЦҚ көмегiмен Интернет арқылы билiк құрылымдарымен, түрлi мекемелермен Қазақстанның кез-келген аймағындағы серiктестерiмен онлайн режимiнде әрiптестiк орнатып, кәсiптерiн кеңейте түсуде.

ЭЦҚ 30-дан астам ақпараттық жүйелерде қолданылады, соның iшiнде «электрондық үкiмет», «электрондық мемлекеттiк сатып алу» порталдарында, «Қазынашылық-клиент» АЖ мен «Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе» және т.б. жүйелерде қолданылады.

ХҚКО-ның қызметкерлерi тұрғылықты мекен-жайына барып мемлекеттiк қызметтi қөрсете алады

ХҚКО-да пилоттық режимде мемлекеттiк қызметтi тұрғылықты мекен-жайына барып көрсетуге бойынша жобасы iске қосылды. Бұл қызметпен 1, 2 топтағы мүгедек адамдар ғана пайдалана алады.

Қазiргi таңда, өз күшiмен орталықтарға қатынаса алмайтындар 1, 2 топтағы мүгедектiгi бар тұлғалар , ХҚКО-ның ұсынатын барлық мемлекеттiк қызметтерiн үйiнен шықпай-ақ, тапсырыс бере алады. Ол үшiн оларға не бары бiрыңғай байланыс орталығына «1414» қоңырау шалып, қажеттi мемлекеттiк қызметтер туралы кеңес немесе өзiне керектi мемлекеттiк қызметке тапсырыс бере алады. Бiрыңғай байланыс орталығы «1414» тапсырысты қабылдағаннан кейiн, азаматтың белгiлеген мекен-жайына жақын орналасқан ХҚКО-на тапсырыс бередi. Тапсырысты қабылдаған ХҚКО, 72 сағат аралығында қызметкерлерi арқылы тапсырыс берген азаматтың тiкелей тұрғылықты мекен-жайына барып, құжаттарын қабылдап, дайын құжатты уақытылы жеткiзедi.

Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорын өзектендiру жалғасуда

Қазiргi уақытта жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдiктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорында азаматтар туралы мәлiметтердi өзектендiру жөнiнде бүкiл елiмiзде кампаниялар жүргiзуде. Олардың қызметкерлерi жергiлiктi тұрғындардың пәтерлерiн аралауда және сәйкессiздiктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәлiметтерiн түзету немесе қайта құжаттандыру үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына жiбередi.

Деректер қорындағы көптеген сәйкессiздiктер оның құрылған сәтiнен орын алған, ол кезде ақпарат жүйеге қағаз тасығыштардан түсiрiлген болатын. Бiреулерi жаңа тұрғылықты жерi бойынша қайта тiркеуден өтпеген, ендi бiреулерi басқа елге көшiп кеткен, бiрақ құжаттарын тапсырмағандықтан, базада есепте тұра берген. Қайтыс болғандардың туыстары қайтыс болу туралы куәлiктi алмағандықтан, деректер қорында тiрi адамдар ретiнде тiркелген жағдайлар да орын алды.

Сондай-ақ, бүгiнгi күнi қолданылу мерзiмi өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткiзiлiп жатқан iс-шаралар аясында:

  • қолданылу мерзiмi өткен жеке куәлiктер;
  • тұрғылықты жерi нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтiн, оның iшiнде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетiлген ескi үлгiдегi жеке куәлiктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.

Айта кетейiк, өзектi деректерi бар ескi үлгiдегi жеке куәлiктердiң болуы және қолданылу мерзiмi өтпеген жаңа үлгiдегi куәлiктер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негiз болып табылмайды.

Алайда, қоллданылу мерзiмi өткен не деректерi ескiрген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшiн ХҚКО-ларға (көшi-қон бөлiмдерiне) жүгiну керектiгiн естерiңiзге саламыз.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметi

Электрондық цифрлық қолтаңба мемлекеттiк қызметтерге ыңғайлы қол жетiмдiлiгi

Неке қиылғаннан кейiн тегiн портал арқылы ауыстыруға болады

Электрондық үкiмет порталында некеге тұрудың актiлiк жазбасы немесе оны бұзу негiзiнде тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеуге өтiнiштi беру қызметi iске қосылды.

eGov.kz арқылы тегiн ауыстыруға Е-өтiнiштi беру үшiн www.egov.kz порталында авторлануы және электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. «Тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгертудi тiркеуге электрондық өтiнiштi беру» қызметi «Онлайн қызметтер бiр тiзiмде» тарауындағы «Отбасы» санатында орналасқан. Форма алаңын толтырғаннан кейiн ТАӘ ауыстыру үшiн негiздi таңдау қажет: некеге тұру немесе бұзу. Одан кейiн өтiнiш электрондық қолтаңбамен куәландырылады.

Үш жұмыс күнi iшiнде пайдаланушы өтiнiштi қабылдау немесе бас тартудың себебiн түсiндiру туралы хабарлама алады. Бұл ретте өтiнiш берушi мемлекеттiк қызметке мемлекеттiк баж салығын төлемейiнше, хабарламаға қолжетiмдiлiк жабық болады.

Е-үкiмет порталы бұны электрондық тәсiлмен жасаудың мүмкiндiгiн бередi: кез келген банктiң төлем картасы немесе «Сбербанк» жеке шотының көмегiмен. Мемлекеттiк баж салығын төлеу сонымен қатар шот-тапсырыс арқылы банкке болады.

Алынған хабарламада уақыты, күнi және АЖАТ бөлiмiнiң мекенжайы көрсетiледi, ол бойынша өтiнiш берушi тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыруды тiркеу және куәлiктi алу үшiн өтуi тиiс.

Мүмкiншiлiктерi шектеулi адамдардың өтiнiмдерi туралы жұмыс

Тайынша ауданы әкiмiнiң ресми сайтында әрдайым мемлекеттiк қызметтердi мүмкiншiлiктерi шектеулi азаматтарға үйде көрсету туралы 1414 нөмiрi арқылы ББО өтiнген «Үйге шығу жасау» жарнамасы орналастырылған.

Сонымен қатар «Мобильдiк ХҚКО» белгiленген селолық округке шығу жасау алдында бұл селолық округтың мүгедектерiне ХҚКО арқылы атқарылатын мемлекеттiк қызметтер туралы телефон шалынады.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Тайынша ауданы бойынша мүмкiншiлiктерi шектеулi азаматтардан 58 өтiнiм жасалды. Барлық өтiнiмдер белгiленген 72 сағатта атқарылды. Үйге шығу жасалып, қызмет көрсеткен уақытта қызметкерлер мүгедектерге қарасты тұлғалармен әдеп ережелерiн ұстанады. Осы уақытқа дейiн шағым түскен жоқ.

Көшi-қон полициясы тобы хабарлайды

Тайынша ауданының IIБ көшi-қон полициясының тобы және халыққа қызмет көрсету орталығы ескi үлгiдегi, мерзiмi 90 жасқа дейiнгi жеке куәлiгi бар азаматтарға жаңа үлгiдегi жеке куәлiктерге ауыстыруды ұсынады.

Жаңа үлгiдегi жеке куәлiктер «электронды үкiмет» қалыптастырудың мемлекеттiк бағдарламасы аясындағы «ҚР халқын құжаттандырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлдi.

Жаңа үлгiдегi жеке куәлiктерде микросхема-чип бар. Онда құжаттың иесi туралы автоматты анықтауға мүмкiндiк беретiн барлық мәлiметтер: ЖСН, заңды мекен-жайы, санды фото жинақталған.

Жаңа үлгiдегi жеке куәлiктер мен паспорттар 10 жыл мерзiмге берiледi. Бұрынғы мiндеттi тәртiппен 25 және 45 жастарда ауыстырылатын, сонымен қатар жаңа тұрғылықты жерге тiркелу бойынша ауыстырылатын нормалар тоқтатылды.

Электронды жеке куәлiктерде заңды мекен-жайлар чипте сақталады және ондағы ақпараттар жаңа мекен-жай бойынша қайта жазылып отырады.

Жаңа үлгiдегi жеке куәлiктердiң дизайны да өзгертiлген. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 23 қазандағы қаулысы бойынша фотобейнелер түрлi-түстi болады, құжаттың түстерi де жақсартылған. Жасанды жеке куәлiктен сақтанудың қосымша жаңа элементтерi енгiзiлдi. Жеке куәлiктiң алдыңғы бетiнiң оң жағына құжат иесiнiң голографикалық бейнесi орналастырылды, ол жасандылықтан жоғары деңгейде қорғайды.

Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш жасағанда жаңа үлгiдегi жеке куәлiктердiң чипiнде электронды қолтаңба болғандықтан, оның иелерiне электронды қызметтердi алу процесi жеңiлдетiледi.

Ескi үлгiдегi жеке куәлiктерiн ауыстырғысы келетiн азаматтар халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш жасаулары қажет. Өздерiмен бiрге жеке куәлiктерiн және егер Қазақстан Республикасы азаматтығының паспорттары бар болса паспорттарын да қоса ала келулерi керек (егер бар болса азаматтарды тiркеу кiтабы). Жаңа жеке куәлiк үшiн мемлекеттiк баж салығы — 396 теңге 40 тиын (Қазпошта комиссиясы — 120 теңге), төлемдер жiберiлетiн КБК — 108125. Консультация алу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына 2-36-89 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Дербес несие есебiн алу

Ендi өз несие тарихыңызды үйден шықпай-ақ www.egov.kz порталы арқылы тексеруге болады. Қызмет алушылар жеке және заңды түлғалар болып табылады.

Қызмет көрсету тегiн, бiрақ қайталап алуда iр күнтiзбелiк жылдың iшiнде 400 теңге. Қызмет көрсету мерзiмi 15 минут.

Қызметтi алу үшiн сiзге порталда авторланып және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту керек. Өтiнiмдi толтырып және ЭЦҚ қол қою қажет (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) өңделген анықтамамен танысу және талап етiлген жерге ұсыну керек.

Қазiргi кезде несиеге тауарлар немесе қызметтердi iске асыратын банкiлер/ұйымдар ең алдымен сiздiң несие алуға арналған өтiнiмiңiздi мақұлдамай тұрып, несиелiк есеп алу үшiн несиелiк бюроға жүгiнедi. Несиелiк есеп — бұл заңды немесе жеке тұлғаның аяқталған және қолданыстағы мiндеттемелерi туралы ақпараты бар, сондай ақ онымен өз мiндеттерiнiң орындалуын көрсететiн құжаты.

Несие есебiн сiз өзiңiзге ғана ала аласыз, сондай-ақ бұрын алынған есептермен осы сiлтеме арқылы танысуға болады.

Қызмет көрсету нәтижесi дербес несиелiк есебiн ұсыну немесе «Алғашқы несиелiк бюросы» ЖШС несиелiк тарихтары деректер базасында ақпараттың болмауы туралы нәтижесiн ұсыну болып табылады.

egov.kz электрондық шлюзi арқылы онлайн төлем

Бүгiнгi күнi елiмiздiң азаматтарына үйде отырып және де ХҚКО-да www.egov.kz электрондық үкiмет шлюзы арқылы онлайн төлемдер жүргiзуге болады:

  • мемлекеттiк баждардың 17 түрi (туу туралы анықтама алу үшiн мемлекеттiк баж алымы, неке қию туралы куәлiк беру үшiн мемлекеттiк баж алым т.б.);
  • салық төлемдерiнiң 4 түрi (жеке тұлғалардың көлiк салығын төлеу, жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлiк салығын төлеу т.б.);
  • коммуналдық қызметтердiң 3 түрi («Қазақтелеком» АҚ байланысының қызметiн төлеу, ұялы байланыс төлемi т.б.);
  • айыппұлдар төлеу (жол қозғалысы ережесiн бұзғаны үшiн айыппұл төлеу, өсiмпұлды, айыппұлды, салық берешегiн төлеу).

Онлайн төлем тәсiлдерi — Сiзге қолайлылығына қарай төлемдi ұсынылған төлем карталары VISA, Visa Electron, Mastercard, Maestro/Cirrus, American Express («Казкоммерцбанк» АҚ клиенттерi үшiн ғана), Altyn («Қазақстан Халық банкi» АҚ клиенттерi үшiн ғана) арқылы жүзеге асыра аласыз.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтаманы қалай алуға болады?

Жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын анықтау және тағайындау Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн мiндеттi талап болып отыр. Атап айтқанда бұл мемлекеттiк қызмет ауыл тұрғындарына берiледi, себебi бiр мезгелде олардың атауы және саны берiлген жоқ. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. Бұл қызмет заңды және жеке тұлғаларға бiрдей көрсетiледi.

Уақыт мерзiмдерi:

  • 3 жұмыс күнi — мекенжайын анықтау жағдайда;
  • 7 жұмыс күнi — тағайындау, өзгерту немесе жою жағдайда, мүлiктiң орналасқан жерiн «Мекенжай тiркелiмi» ақпарттық жүйесiнде мiндеттi тiркеумен саяхат.

ХҚКО-ға мына құжаттарды берiңiз:

Құқық белгiлеушi құжаттар, жер учаскесiне берiлетiн акт, техникалық паспорт — олардың көшiрмелерi.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi. Нәтижесiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң тiркеу кодымен мекенжайын өзгерту, тағайындау, жою, анықтау бойынша анықтаманы аласыз.

Қазақстандықтар мемлекеттiк мобильдiк сервистердi көбiрек пайдалануда

Қазақстанда Мобильдiк үкiметтi енгiзу процесi белсендi жалғасуда. Миллионнан аса қазақстандықтар мемлекеттiк қызметтердi ұсынудың сапалы жаңа деңгейiнiң пайдаланушылары атанды.

Қазақстан халқының мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының мүмкiндiгi кеңеюде. Коммуникацияның жаңа арналарының бiрi қызметтердi алудың мобильдiк форматы болды. Телефондар, смартфондар және планшеттердiң көмегiмен әрбiр қазақстандық мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн ХҚКО арқылы, eGov.kz порталы арқылы немесе мобильдiк қосымша арқылы «Мобильдiк үкiметте» тiркелу қажет, ол Android және iOS операциялық жүйелерiн көшiрiп алу арқылы қолжетiмдi.

Мобильдiк форматтағы мемлекеттiк қызметтер мобильдiк қосымша арқылы және SMS арқылы қолжетiмдi. 414 қысқа нөмiрiне қызметтiң атауымен хабарламаны жiберумен, пайдаланушы ендiгi қазiр техбайқаудан өтудiң мерзiмiн және мемлекеттiк тұрғын үй қоры жүйесiнен тұрғын үйге кезектiң нөмiрiн қарай алады. SMS-сервистер туралы айтқанда, ҚР президентiн сайлау қарсаңында, мобильдiк үкiметтiң пайдаланушыларына сонымен қатар SMS арқылы сайлау учаскесiн iздеу қолжетiмдi болғандығын, осы қызмет сол мерзiмде ҚР азаматтарының арасында ең танымал болып табылғандығын атап өтемiз.

«Мобильдiк Үкiметтiң пайдаланушылары үшiн қазiр 50 аса электрондық қызметтер қолжетiмдi және олардың саны 2016 жылы 100-ге жетедi», — дейдi «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова.

«Бүгiнгi күнi Мобильдiк Үкiметтiң танымал қызметтерiнiң бiрi зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы үзiндi болып табылады. Осындай үзiндiлердi eGov.kz мобильдiк қосымшасы арқылы 24 мыңға жуығы берiлдi. Екiншi орында — мекенжай анықтамасын алу бойынша қызмет, оны қазақстандықтар 7 мың рет алды. Электрондық қызметтердiң танымалдығы бойынша үштiктiң көсбасшысын Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы кезектi брондау», — деп «Мобильдiк үкiмет» жобасының жетекшiсi Гулмира Исабекова айтты.

Электрондық үкiметтiң мобильдiк қосымшасында азаматтарға сонымен қатар құжаттардың дайындығы, ЖҚЕ бұзғаны үшiн айыппұлдарды тiркеу туралы, борышкерлер тiзiлiмiне қосу және басқалар туралы хабарлама келетiн «Жеке кабинет» қолжетiмдi. Мобильдiк үкiметтiң ең үздiк сервистерiнiң бiрi электрондық цифрлық қолтаңбаны жазу мүмкiндiгiмен сим-картаны шығару болып табылады.

Connection Point өзiн-өзiне қызмет көрсету аумағы

СҚО «Халыққа қызмет корсету орталығы» РМК филиалының Тайынша ауданы бойынша бөлiмiнде 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап азаматтардың жайлығына Өзiн-өзiне қызмет көрсету аумағы — Connection Point жұмыс iстеуде, онда қазақстандықтар операторлардың шақыруын күтпестен өздерi электрондық қызметтi ала алады. Электрондық участкiлерде консультанттар жұмыс iстейдi, олар өзiн-өзiне қызмет көрсету аумағы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алғаш рет алған азаматтарға Электрондық үкiмет порталымен жұмыс iстеуге үйретедi.

Электронды үкiмет порталы арқылы www.egov.kz Connection Point аумағында азаматтармен алынатын танымал қызметтердiң iшiнде жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама, мекенжай анықтама және зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу. Сондай-ақ ХҚКО-ның клиентерi өздерi балаларын балабақшаға кезекке қоя алады, тегi мен атын ауыстыруға өтiнiш, неке қиюды тiркеуге өтiнiш бере алады, салық, айыппұл төлей алады және тағы да басқалары. Өзiн-өзiне қызмет көрсету аумағы бұларды жылдам және кезексiз iстеуге мүмкiндiк бередi.

Connection Point — үй жағдайында интернет желiсiне шығу мүмкiндiктерi жоқтарға арнайы құрылған орталық.

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер iске қосылды

Мобильдi үкiметтi қолданудың мүмкiндiктерi мен ыңғайлылығы

Сотқа талапарыз беру

1414-Call орталығы арқылы мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету

Мобильдiк ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерiн көрсетуде

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторының жұмысы туралы

Жылжымайтын мүлiк техпаспортына онлайн төлеу eGov.kz порталында қолжетiмдi болды

Қызметтiң негiзгi қызметi

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын филиалының Тйынша ауданы бойынша бөлiмi халықтан өтiнiштердi қабылдап және дайын құжаттарды беру «бiр терезе» принципi бойынша қызмет көрсетедi. Қызметтiң мәнi:

  1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, шетелдiк жеке және заңды тұлғаларынан, азаматтығы жоқ адамдардан өтiнiштердi қабылдап, рәсiмдеп және дайын құжаттарын беру;
  2. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес берiлген құжаттрадың толық, дұрыс екендiгiн анықтау;
  3. Бөлiмге мәлiмдеушi келген кезде толық ақпарат беру;
  4. Құжаттарды уәкiлеттi органдарға дер кезiнде тапсыру;
  5. Мәлiмдеушiге уәкiлеттi органдардан келген құжаттарду беру;
  6. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес басқа да мiндеттер.

Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттiк мекемесiнiң Тайынша ауданы бойынша бөлiмiнiң азаматтарды қабылдау кестесi

Мемлекеттік орган аталуы Қабылдауды жүргізетін адамнын Т.А.Ә. Қызметі Азаматтарды қабылдайтын күні және уақыты Мемлекеттік органын орналасқан жері Байланыс телефоны
СҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының Тайынша ауданы бойынша бөлімі Кахабаев Мурат Мухамбеткалиевич Бөлім жетекшісі Күнде 09.00-ден 19.00-ге дейін Тайынша қ. Қазақстан Конституциясы к-сі 208 8(71536) 2-36-03

Азаматтарды қабылдау кестесi тоқсан сайын бекiтiледi.

«Шұғыл ХҚКО» 2015 жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс кестесi

№ п/п Селолық округ атауы Шығу саны Шығу күні
3 тоқсан
1 Амандық а/о 
Аймақ а.  
2 22.07.2015 ж. 
29.07.2015 ж.
2 Рощинск а/о 
Макашевка а.
2 23.07.2015 ж. 
30.07.2015 ж.
3 Краснополян а/о 
Красная поляна а.
2 03.08.2015 ж. 
10.08.2015 ж.
4 Чкалов а/о
Петровка а.
2 04.08.2015 ж. 
11.08.2015 ж.
5 Драгомировка а/о 
Драгомировка а.  
2 21.09.2015 ж. 
28.09.2015 ж.
6 Киров а/о 
Ильич а.
2 22.09.2015 ж. 
29.09.2015 ж.

Баспасөз релизі

2015 жылғы 22 мамыр
Астана
қ.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

Баспасөз релизіБұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті іске қосқан бірлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өткендей жарқын болашақта мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында ХҚКО-лардағы сервиске баламалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарлануда. «Биылдың өзінде азаматтар салық қызметтерін қандай да бір кедергілерсіз, ал келесі жылы Ахуалдық орталығымен интеграцияланған Бірыңғай электрондық кезек тәртібімен ала алатын болады. Яғни біз қызмет көрсету барысын электрондық кезек талонын алған сәттен бастап клиенттің дайын құжатты алған сәтіне дейін қадағалай алатын боламыз», — деп айтып өтті ол.

Аталған «пилоттың» шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері 14 салық қызметін ұсынады. Олардың ішінде: Дара кәсіпкерді тіркеу есебіне алу, салық төлеушілерді тіркеу, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар, салық есептілігін кері қайтарып алу және т.б. Қазіргі уақытта ХҚКО инспекторлары апта сайын оқыту семинарлары мен тренингтерінен өтеді.

Айта кетейік, осы іспеттес пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының және Астана қаласы Сарырарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармаларында қолданылды. Енді бұл тәжірибе барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласына таралды.

Қазіргі уақытта облыстық мемлекеттік кірістер органдарына ХҚКО-ның 5 инспекторы, Астана мен Алматы қалаларында — сәйкесінше 10 және 20 қызметкер іссапарға жіберілді.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылады.

Бүгінгі күні республикада 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтындығын еске саламыз, олардың ішінен 9-ы автокөлік иелеріне қызметтер көрсету жөніндегі мамандандырылған ХҚКО.

Ағымдағы жылдың 4 айына Қазақстанның ХҚКО-ларында 13 711 696 қызмет көрсетілген, оның ішінде 10 366 299 — электрондық нысанда ұсынылды.

Баспасөз релизi

2015 жылғы 20 мамыр
Астана қ.

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары
Ахуалдық орталығына қосылды

Қызметтер көрсетудiң сапасын мониторингiлеу үшiн барлық 264 ХҚКО Ахуалдық орталығына қосылды, оның мамандары шынайы уақыт режимiнде қызметкерлердiң жұмысын бақылайды.

Бұл туралы Есiл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барған сапар барысында Астана экономикалық форумының шетелдiк қатысушыларына мәлiмделдi. Қонақтар арасында Электрондық үкiмет басқармасының төрағасы Бахрейна Мухаммед Аль-Каед, Египет электрондық үкiмет басқармасының басшысы Ахмед Камал, Alphaworks.com төрағасы Эрин Глен болды.

«ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша бейнекамералардың айтарлықтай көп саны мамандандырылған ХҚКО-ларда орнатылған.»Мамандандырылған ХҚКО-ларда медкомиссиядан өту, айыппұлдар мен салықтарды жабу, агрегаттарды салыстыру, жүргiзушi куәлiктерiн беруге тестiлеу, автодромда практикалық емтихан тапсыру және т.б. сияқты iлеспе қызметтердiң көрсетiлуiне байланысты барынша көп бейнекамералар орнату қажеттiлiгi бар. Мысалы, Алматыдағы ең iрi мамандандырылған ХҚКО-да 77, Астана мамандандырылған ХҚКО-сында — 68, Талдықорған мамандандырылған ХҚКО-сында — 63 бейнекамера орнатылған», — деп қосып өттi ол.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн мониторингiлеу кезiнде «ХҚКО» интеграцияланған ақпараттық жүйесi маңызды рөл ойнайды, ол ХҚКО қызметкерлерiнiң қызметтер көрсетудiң белгiленген мерзiмдерiн сақтауын бақылауға мүмкiндiк бередi. Егер стандарт бойынша қандай дабiр құжатты алу үшiн 20 минут қажет болса, ал клиент қызметтi белгiленген мерзiмде алмаса, ахуалдық орталығының қызметкерлерi «мерзiмiн кешiктiрудiң» себебiн анықтайды. Егер мерзiмiн кешiктiру ХҚКО қызметкерiнiң кiнәсiнен болса, оған тәртiптiк сипаттағы шаралар қолданылады.

Қызметтi алу уақытын есептеу азаматтың талон алған сәтiнен бастап дайын құжатты алғанға дейiн жүргiзiледi. Ахуалдық орталығының қызметкерлерi клиенттердiң кезек күту уақытын, оларға қызмет көрсету уақытын, берiлген құжаттардың санын, сондай-ақ клиенттердiң ХҚКО инспекторларының жұмыс сапасын бағалау нәтижелерiн тiркейдi.

Бүгiнгi күнi ахуалдық орталығына барлық 264 халыққа қызмет көрсету орталығы, оның iшiнде 9 мамандандырылған ХҚКОқосылған. 2015 жылдың соңына дейiн Ақтөбе және Қостанай қалаларында тағы да екi мамандандырылған ХҚКО-ны қосу жоспарланып отыр, олар да ахуалдық орталығына қосылатын болады.

Баспасөз релизi
Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады

Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады2015 жылдың соңына қарай Ақтөбе қаласында саны бойынша 10-ншы мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады. Мамандандырылған ХҚКО Батыс-2 ауданында салынуда, оның алып отырған учаскесi 4 жарымнан астам гектарды құрайды.

Жаңа мамандандырылған ХҚКО Елбасының автокөлiк құралдарын тiркеу және жүргiзушi куәлiктерiн беру функцияларын ХҚКО қарамағына беру туралы тапсырмасының шеңберiнде салынуда. «ХҚКО» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Руслан Ерғалиевтiң айтуынша орталықтың құрылысы қызуқанды жүрiп жатыр. «2014 жылдың соңында Ақтөбе облысының әкiмдiгi құрылыс компаниясымен шарт жасасты. Қазiргi уақытта учаскенi бөлу жүргiзiлдi, ғимарат орналасатын жер жұмыстары аяқталды, iргетасы қаланды, электр желiлерi жүргiзiлдi, ендi қабырғалары тұрығызылуда», — деп атап өттi ол.

Жаңа орталықта көлiк құралдарын тiркеуге/қайта тiркеуге және жүргiзушi куәлiгiн алуға болады. Бизнес процесстердi автоматтандыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн интеграциялау ақтөбелiктерге жүргiзушi куәлiгiн 2 сағатта алуға мүмкiндiк бередi, дәл осы уақыт автокөлiктi тiркеуге де кетедi.

Мамандандырылған ХҚКО-ның автоматтандырылған автодромында пайдаланылатын заманауи электрондық бақылау жүйесi жүргiзу бойынша емтиханның практикалық бөлiгiн тапсыру кезiнде адами факторды толыққанды жоюға мүмкiндiк беретiндiгiн атап өту керек.

Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментiнiң деректерi бойынша 2014 жылы көлiк құралдарының 44 мыңнан астам бiрлiгi тiркеуден өткен және 22 мыңнан астам ақтөбелiктер жүргiзушi куәлiгiн алған.

Анықтама ретiнде: Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Петропавл қалаларында 9 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде. 2015 жылы мамандандырылған ХҚКО-ларды Ақтөбе және Қостанай қалаларында iске қосу жоспарланып отыр.

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға үйге шығып мемлекеттiк қызмет көрсету жобасы бiрiңғай контактi — 1414 мемлекеттiк орган бүкiл ҚР аумағы бойынша жоба

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға үйге шығып мемлекеттiк қызмет көрсету жобасы пилоттық режимде 2013 жылдың қыркүйек айында кiрiстi. Азаматтар ХҚКО келу мүмкiндiктерi жоқ болғандықтан, осы жоба уйде мемлекеттiк қызмет алуға мүмкiндiк болады, бiрақ регламент бойынша азамат мемлекеттiк қызмет алу үшiн жеке өзi келу керек. ХҚКО мобильдiк тобын шақыру үшiн азаматтар бiрiңғай контактi 1414 номерiне хабарласып өзiнiң мәлiметтерiн, құжаттардың тiзiлiмi және мәлiмдеме қалдыру қажет.

Кейiн мәлiмдеушiге ыңғайлы уақытта ХҚКО қызметкерi үйге қызмет көрсету үшiн шығады. Өтiнiш берушiнiң үйiне ХҚКО қызметкерi құжаттарды қабылдау және беру, мемлекеттiк қызмет көрсету тiзiлiмдерi туралы кеңес бередi, Электрондық портал арқылы қызмет алу туралы және электрондық қолтаңба беру туралы мәлiмдеме алады.

Нашар көретін адамдар eGov порталының арнайы нұсқасын қолдана алады

egov.kz электрондық үкімет порталында нашар көретін адамдарға арналған нұсқа қолжетімді болды. Нұсқа WCAG 2.0 (Web Content Accessibility Guidelines) халықаралық стандартына сәйкес құрастырылды. Стандартқа сәйкес пайдаланушы сайттағы ақпарат пен интерфейсты толықтай түсіну мен әртүрлі веб-браузерлерді, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы браузерлерді қолдану мүмкіндігіне ие болу керек.

«Атқарылған жұмыс: кереғарлық — 4.5:1-ден кем емес, мәтін мен фон түсін таңдау мүмкіндігі, жол арасындағы интервал бір жарым не одан үлкен, параграфтар арасындағы қашықтық жол арасындағы интервалдан бір жарым есе үлкен, сияқты көрсеткіштер бойынша нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіштер нашар көретін адамдар үшін электрондық үкіметтің 570 астам электрондық қызмет пен сервистерін қолдануға мүмкіндік береді», деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Исмағамбетов атап өтті.

Электрондық үкімет порталында 3 млн. астам пайдаланушы тіркелген және жаңа нұсқаны құру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етудегі келесі қадам болып саналады.

Электрондық үкімет порталының нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы жайында «Қазақ соқырлар қоғамы» президенті Байболат Әубәкіров ой бөлісті: «Аталмыш сияқты технологияларды қолдану халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған және бүкіл әлемде қолданылады. Енді ол Қазақстанда да қолжетімді болды. Мүмкіндігі шектеулі адамдар күн сайын түрлі қиындықтармен кездесетіні жасырын емес. Электрондық үкімет порталының мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін барша қауым үшін бұдан әрі қолжетімді ету бастамасы мен қуантады».

Мемлекеттiк қызметтер бойынша бiрыңғай байланыс орталығына ендi тегiн мобильдiк қосымша арқылы хабарласуға болады

Ендi мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес алу үшiн 1414 бiрыңғай байланыс орталығына қазақстандық мамандармен құрастырылған «Phonebooth 2.0» («Телефон күркесi 2.0») арнайы мобильдiк қосымшасы арқылы хабарласуға болады.

Бұл тәсiлдiң артықшылығы болып ББО Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар шетелден де тегiн хабарласу мүмкiндiгi табылады. Бұл ретте қосымшаның өзi шығарып алу үшiн тегiн және iOS пен Android платформаларындағы құрылғыларды пайдаланушылар үшiн қолжетiмдi (шығарып алу үшiн сiлтемелердi phonebooth2.com сайтынан табуға болады)

«Phonebooth 2.0» жобасының жетекшiсi Қайрат Ахметовтың айтуынша, қосымша әртүрлi call-орталықтарының каталогын қамтиды және пайдаланушы бiрыңғай байланыс орталығын Мемлекеттiк қызметтер санатының бiрiншi жолында табады.

«Дыбыс сапасы телефондағы интернет сапасына байланысты болып келедi. Алайда мысалы Viber-де әңгiмелесушiнiң екеуiнде де желiнiң сапалы сигналының болуы талап етiлсе, бiздiң қосымша үшiн тараптардың бiреуi ғана маңызды. Осылай байланыс орталықтары сапалы желiлер бойынша қосылғаннан кейiн, естiлу мәселелерi туындамайды» — деп атап өттi Ахметов.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарушы директоры Әсел Молдабекова: «Бiздiң басты мақсаттарымыздың бiрi барынша азаматтардың бiрыңғай байланыс орталығына оңай хабарласа алу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету болып табылады. Аталған қосымша — мемлекеттiк қызметтер бойынша кез келген уақытта ғана емес, сонымен қатар кел келген елден тегiн хабарласып сұрақ қоюдың тағы бiр тиiмдi тәсiлi» — деп толықтырды.

Естерiңiзге сала кетсек, өткенде Бiрыңғай байланыс орталығы ХҚКО арқылы берiлген өтiнiм жағдайын анықтау бойынша жаңа сервис түрiн көрсете бастаған. Жылдың басынан бастап бүгiнгi күнге дейiн 1414 операторлары 1,5 млн. астам консультация жасады.

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға 1414 Электрондық үкiмет және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметтерi бойынша қызмет көрсету

Мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға үйлерiне барып мемлекеттiк қызмет көрсету жобасы пилоттық режимде 2013 жылдың қыркүйектен бастап басталды.

Осы жоба мүмкiндiктерi шектеулi азаматтарға денсаулыққа байланысты ХҚКО келмеуiне байланысты мобильдiк топ жобасы жүргiзiлдi. «Мобильдiк ХҚКО» шақыру үшiн 1414 нөмiрiне хабарласу керек, өзiңiздiң мәлiметтерiн, мемлекеттiк қызмет алу үшiн қандай құжаттар, оның тiзiлiмдерiн бiлуге болады және де өзiңiздiң мәлңмде қалдыру қажет. Өтiнiш қылған азамаматтарға үйлерiне келiп мемлекеттiк қызмет, кеңес беру, электрондық үкiметт туралы барлық хабарлама алуға болады, және электрондық қолтаңба алуға мүмкiндiк туады.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 20 Kb)

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Zip 19 Kb)

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты (Zip 19 Kb)

Мобильдiк ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерiн көрсетудi бастайды (Zip 14 Kb)

Қазақстандықтар 2014 жылы 19 миллионға жуық мекенжай анықтамасын алды (Zip 11 Kb)

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi (Zip 11 Kb)

1414 — Call орталығы арқылы мүмкiндiктерi шектеулi тұлғаларға қызмет көрсету (Zip 9 Kb)

Заңды тұлғаларды қайта тiркеу және қайта ұйымдастыру қандай жағдайларда қажет? (Zip 13 Kb)

Онлайн тәртiбiнде әртүрлi алкогольдi өнiмнiң нәтижесi және лицензияны сақтап алу (Zip 10 Kb)

Бизнес үшiн барлық рұқсат құжаттары ендi е-форматта (Zip 11 Kb)

Өткен жылы ePay жүйесi арқылы 3 миллиардтан астам теңге өттi (Zip 12 Kb)

Электрондық үкiмет порталы арқылы есепке тұрып, жұмыс табуға болады (Zip 13 Kb)

ХҚКО 1, 2 топ мүгедектiгi бар адамдарға үйiне барып қызмет көрсетудi жүзеге асырылады (Zip 13 Kb)

ХҚКО-ның қызметкерлерi тұрғылықты мекен-жайына барып мемлекеттiк қызметтi қөрсете алады
(Zip 13 Kb)

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторының жұмысы туралы (Zip 13 Kb)

Электрондық үкiмет (Zip 14 Kb)

Мобильдi ХҚКО (Zip 12 Kb)

ХҚКО инспекторлары «Ана үйi» дағдарыс орталықтарында оқыту семинарын өкiздi (Zip 14 Kb)

«ХҚКО» РМК Алматы қаласы бойынша филиалы инспекторлары есту қабiлетi нашар азаматтарға eGov порталында жұмыс iстеуге оқытты (Zip 16 Kb)

Шетелге шығуға тыйым салынғаны және жол ережелерiн бұзғаны үшiн айыппұл туралы хабарламаларды egov арқылы алуға болады (Zip 16 Kb)

Астаналық мамандандырылған ХҚКО-да «шоферлiк комиссия» iске қосылды (Zip 14 Kb)

Электрондық цифрлық қолтаңба мобильдi болады (Zip 18 Kb)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiн апостильдеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (Zip 29 Kb)

«Медициналық қызметке лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (Zip19 Kb)

«Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (Zip 28 Kb)

«Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (Zip16 Kb)

Петропавлда автокөлiк иелерi үшiн мамандандырылған ХҚКО iске қосылды (Zip17 Kb)

Қазақтанның барлық облыстық орталықтарында ХҚО-лар мүгедектерге үй жағдайында қызмет көрсетедi

Қазақтанның барлық облыстық орталықтарында халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚО) мүгедектерге үй жағдайында қызмет көрсетедi деп хабарлайды Қазақстанның көлiк және коммуникация министрлiгiнiң баспасөз қызметi.

«ХҚКО-на өздерi келе алмайтын 1 және 2 категория мүгедектегi азаматтар мемлекеттiк қызметтердi мобильдi ХҚКО үй жағдайындағы жаңа қызметi арқылы алады»,-делiнген хабарламада.

Баспасөз қызметiнiң мәлiметiнше, ХҚКО мобильдi тобын шақыру үшiн азамат Бiртұтас байланыс орталығына 1414 нөмiрi арқылы телефон шалады, өзiнiң деректерiн айтады, қызмет алу үшiн қажет құжаттар тiзiмiн бiледi және сұраныс қалдырады. Содан кейiн сұраныс берушiге ыңғайлы уақыт белгiленiп, ХҚКО қызметкерi қызмет көрсету үшiн жолға шығады.

«Азамат ынтасы бойынша ХҚКҚ қызметкерi электрондық цифрлық қолтаңбаны бередi және электрондық үкiмет арқылы өздiгiнен мемлекеттiк қызметтердi алуға үйретедi», — деп қорытындыланған хабарламада.

Тәжiкстан өкiлдерi электрондық үкiметтi құрудың қазақстандық тәжiрибесiн үйрендi

Тәжiкстан Республикасы мемлекеттiк органдарының өкiлдерi Қазақстандағы «электрондық үкiмет» құру тәжiрибесiн үйрену үшiн Астанаға келдi.

Тәжiкстан делегациясымен кездесу аясында, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкiлдерi «электрондық үкiмет» порталы, электрондық құжат айналымы жүйесi, «Е- лицензиялау» жүйелерi және «e-Learning» жұмысын көрсеттi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы бiрыңғай техникалық саясатын iске асыру жөнiндегi тәжiрибесiмен бөлiстi. Сонымен қатар, астананың қонақтарына Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесi қалай жұмыс iстейтiндiгi туралы айтылды.

Тәжiкстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару институтының ғылым және халықаралық қатынастар жөнiндегi ректордың орынбасары Акмалджон Абдухаликовтың айтуы бойынша, Тәжiкстанда Қазақстандағы сияқты көптеген е-үкiмет қызметiн қамтамасыз ететiн заңнамалық және нормативтiк-құқықтық құжаттар қабылданған, алайда оларды iске асыру механизмi әзiрше дұрыс жолға қойылмаған. Ол: «Қазақстан, бұл жөнiнде айтарлықтай нәтижелерге жеттi және бiз де сiздердiң тәжiрибелерiңiздi қабылдаймыз деп үмiттенемiн», — дедi.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев көршi елдерге электрондық үкiметтi құруда және дамытуда әдiстемелiк көмек көрсетуге дайын екендiгiн және бұдан әрi де көмектесетiндiгiн айтты.

Мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға үйлерiне шығу

Өзiнiң денсаулығына байланысты ХҚКО-на келе алмайтын мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мемлекеттiк қызмет көрсету, оларға мемлекеттiк қызмет алу үшiн, үйлерiне шығып қызмет көрсету қарастырылған. Ол үшiн осындай азаматтар 1414 нөмерiне бiрiккен анықтамалык-орталыққа телефон шалып өзi жөнiнде мәлiметтер және өтiнiш бередi. Осыдан соң арыз берушiге ыңгайлы уақыт пен мерзiм анықталып. ХҚКО-ның мобильдiк тобы шығып. Үйiнде қызмет көрсетедi. Арыз берушi азаматтардың үйiне мобильдiк топ шыға отырып, оларға құжаттарды қабылдау және тапсыру, ХҚКО-да мамлекеттiк қызметтер тыралы кеңестер, оның тiлеуiне байланысты электрондық портал арқылы мемлекеттiк қызметтердi қалай алуға болатыны жайлы оқытып, үйретiп бередi.

eGov өз пайдаланушылары арасында викторина өткiзедi

Мереке қарсаңында Қазақстанның egov.kz электрондық үкiмет порталы өз пайдаланушылары арасында http://know-egov.kz сайтындағы онлайн-викторинада құнды сыйлықтар ұтыс ойынын өткiзедi.

Викторина шарттарына сәйкес қатысушы ҚР әрбiр азаматы бастан кешiруге мүмкiн болатын түрлi өмiрлiк жағдайларын суреттейтiн сұрақтары бар тесттен өтуi қажет. Пайдаланушы мақсаты — викторинадан өтiп, барлық сұрақтарға дұрыс жауап беру. Викторинадан өту қорытындысы бойынша пайдаланушы суперойынға қатысуға құқығын алады.

Суперойынға қатысу үшiн «мекенжай анықтамасын» алуға өтiнiш беру, «зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» немесе «айыппұлдарды тексеру» туралы құжат* нөмiрiн және қатысушы ЖСН енгiзу қажет. Жүктелген файлдарды тексергеннен кейiн басты жүлде мен кепiлденген жүлде — суперойын алғашқы 200 қатысушысына телефонға 500 бiрлiк салу ойнатылады.

Викторина 2014 жылдың 2 мен 11 желтоқсан аралығында өткiзiледi. Викторинаға ҚР 16 жасқа толған азаматтары қатыса алады.

Толығырақ ақпаратты викторина табуға болады.

«Ұлттық ақпараттық технология» Акционерлiк қоғамы Бiрыңғай байланыс-орталығының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны филиалдарымен мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың үйiне шығумен мемлекеттiк қызметтер көрсету сұрақтары бойынша өзара әрекетi регламентi

Фото-бейне тiркеу жүйесiмен белгiленген жол жүру ережесiнiң бұзылғаны туралы ақпарат алу

Мүгедектерге арналған әлеуметтiк көмек

Елiмiздiң барлық ХҚКО-ларында Connection Point өзiне-өзi қызмет көрсету секторлары ашылды

Еgov порталында сiздiң борышкер/борышкер емес екендiгiңiздi тексеруге болады

Мәжiлiс депутаттарына цифрлық теңсiздiкдi жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды

Автокөлiк иелерi мамандандырылған ХҚКО-ларда автомобильдерi үшiн «әдемi» нөмiрлер ала алатын болады

Мүмкiндiгi шектеулi тұлғағаларға қатысты әдеп ережесi

Банктер клиенттiң сенiмдiлiгiн egov арқылы тексере алады

Электрондық үкiмет порталында заңды тұлғаны жабуға болады

Мұрағат анықтамасын қалай алуға болады

Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша анықтама — 5 минутта!

Электрондық үкiмет порталы 2015 жылға қарай жаңа 20 электрондық қызметтi ұсынады

Болашақ оқушылардың ата-аналары мекенжай анықтамасын egov.kz арқылы ала алады

Халыққа қызмет көрсету орталығындағы «Элекрондық үкiмет» порталы арқылы ЖҚЕ айыппұл төлеу

ХҚКО хабарлайды

Тайынша ауданының барлық тұрғандарына қазiргi кезде ХҚКО өздiгiмен бара алмайтын мүмкiндiктерi шектеулi 1, 2 тобына жататын мүгедектердiң бар азаматтарға өтiнiм беру қызметi барын мәлiмдеймiз.

Осы қызмет келесi түрде жүзеге асырылады:

  1. Бiрiншiден, өтiнiш берушi ХҚКО арқылы көрсетiлетiн кез-келген мемлекеттiк қызметтi алуға Бiрыңғай байланыс-орталығына өтiнiм беруi керек. Өтiнiмдi 1414 нөмiрiне тегiн қоңырау шалып бересiз, оператор сiздiң өтiнiмiздi тiркейдi, өтiнiш берушiнiң барлық мекен-жайлық деректерiн бiлiп алады.
  2. Ары қарай Саll-орталық операторы ХҚКО қызметкерлерiне электрондық пошта арқылы дереу түскен өтiнiм туралы хабарлайды.
  3. ХҚКО жауапты қызметкерi өтiнiш берушiмен байланысып, қажеттi мемлекеттiк қызметтi алуға қажет құжаттар тiзiмiн анықтайды және салыстырады, өтiнiш берушiге баруға қолайлы уақытты белгiлейдi.
  4. ХҚКО мобильдiк топ қызметкерлерi 72 жұмыс сағаты iшiнде өтiнiш берушiнiң үйiне құжаттарды қабылдау және беру үшiн шығады, қажет болғанда ХҚКО көрсететiн мемлекеттiк қызметтер бойынша кеңес ұсынады.

1, 2 санаттағы мүгедектiгi бар азаматтар үшiн үйге шығумен мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiмдi кез-келген уақытта беруге болады — Call-орталық тәулiк бойы 24 сағат демалыссыз және мерекесiз жұмыс iстейдi. Бiр де бiр қонырау жауапсыз қалмайды.

Мемлекеттік қызметтердің тізілімі

Мақаланың шыққан күні: 29.09.2017 09:50

Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.08.2019 12:32

СҚО Тайынша ауданының әкiмi
Турков Иван Иванович

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+